Контрацепция левоноргистрел



бет1/2
Дата12.06.2023
өлшемі130,91 Kb.
#100711
  1   2

1.29 жасар әйелдің жүктілігінің қауіптілігі кезінде, дюфастон тағайындалды. Дюфастонды екі апта пайдаланғаннан кейін, теріде қышынулар, трансаминаз көрсеткішінің жоғарылауы (АЛТ – 885 ед/л, АСТ – 447 ед/л) препаратты қабылдауды доғарғаннан кейін байқалды. Босанғаннан кейін қандай контрацепцияның қолдануға ұсыныс бересіз?

Контрацепция левоноргистрел


Контрацепция мини-пили
Контрацепция дезагистрел
Контрацепция барьер
Контрацепция депо-провера

2.Бойжеткен қыз, 25 жаста. Шағымдары: жыныс еріндері аймағында солқылдап ауыру, жүру кезінде қолайсыздық тудырады, дене температурасының 37 С дейін жоғарлау, қалтырау. Анамнезден: жыныс партнерын алмастырумен байланыстырады. Қарау барысында: оң жақ жыныс еріннің гиперемиясы мен ісінуі анықталған. Пальпация кезінде: оң жақ жыныс ерінде ұстағанда ыстық, өлшемі 3х5 см болып келген құрылым анықталған. Болжамды диагнозды атағыз:


жіті вульвит


парауретральді киста
үлкен жыныс еріндерінің фурункулезы
бартолинді безінің абцессі
жіті вагинит

3.Әйел 74 жаста, бір сағаттан астам уақытқа созылатын, изокет-спрейге басылмайтын төс артындағы ауру сезіміне, жүректің қағуына және жүрек соғуының жиілеуіне, ентігуге шағымданады ЭКГ: жүрекшелік , ҚСЖ 140 рет мин. STV2-V4 депрессиясы. Пароксизмальды аритмияны жоюға аталған препараттардың қайсысын тағайындаған ЕҢ тиімді?


Пропранолол
Дигоксин
Лидокаин
Амиодарон
Верапамил

4.Созылмалы ревматикалық жүрек ауруымен ауыратын 43жастағы ер адам тыныштық кезіндегі айқын ентігуге, жүрек қағуына, әлсіздікке, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Анамнезінде: 18 жасында ревматикалық жүрек ақауы, сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің стенозы анықталған. ЭхоКГ- лақтыру фракциясы 38%, ЖСЖ 118 мин, АҚҚ 100/70 мм с.б. Аталған препараттардың қайсысын тағайындаған ЕҢ тиімді?


Осмотикалық диуретиктерді
Ілмектік диуретиктерді
ҚҚСД (НПВС)
Кальци антагонистын
Стероидтік препараттар
5.Ер кісі 34 жаста, физикалық жүктемемен байланыссыз жүрек аймағындағы ауру сезіміне, ентігуге, жүректің қағуына, аяқтарындағы ісінуге шағымданады. Анамнезінде ұзақ уақыт бойы алкогольдік ішімдіктер ішкен. Аптасына 2 - 3 рет 500-700 г ішімдік ішеді. Қарап тексергенде жүрек жағынан өзгерістер анықталған. Жүректің шекарасы солға ығысқан, ЭКГ – жүректің электрлік өсі қалыпты, РQ - 0,28, кеуделік әкетпелерінде SТ сегменті төмендеген , V4- V6 әкетпелерінде Т тісшесі екі фазалы. ЭхоКГ: сол миокардтың сол жақ қарыншасының жиырылу қасиетінің төмендеуі анықталды. Қандай диагноздың анықталуы ЕҢ мүмкін?
Миокардит
Идиопатиялық гипертропиялық кардиомиопатия
Алкогольды кардиомиопатия
Жүректің ишемиялық ауруы
Жүрек ақауы

6.Науқас Р., 57 жаста, стенокардиға байланысты кардиологтың бақылауында, статиндер, аспирин қабылдайды. Зертханалық талдауда келесі көрсеткіштер: холестерин 5,5 ммоль/л, ЛПНП 2,0 ммоль/л, ЛПВП 1,0 ммоль/л, креатинин 90 ммоль/л, несепнәр 3,0 ммоль/л, зәр қышқылы 410 мкмоль/л, АЛТ 35 бірл/л, АСТ 36 бірл / л. Емдеу схемасына қандай препаратты қосқан дұрыс:


амлодипин
периндоприл
аллопуринол
амиодарон
пропафенон

7.Әйел 22 жаста. Жүктілік 35-36 апта. Тері қышымасы мазасын алады, АЛТ және АСТ жоғарылауда - 168 МЕ, 148 МЕ. Билирубин - 11.2 мкмоль/л, СФ - 520 бірлік. УДЗ-де гестация мерзімінен 2 апталық ұрықтың құрсақішілік дамуының кешеуілдеуі анықталған. Қандай препаратты өз уақытында тағайындау жүктілік асқынуының даму қатерін азайтар еді?


адеметионин
лактулоза
менадион
цитиризин
урсодезоксихол қышқылы

8.Ер адам 47 жаста. Аптасына 3-4 рет ұйқыға жатқаннан кейін қылғына жөтелу және ысқырықты қиналып дем алу, төс артының ауырсынуы мен күйдіру сезімі, қышқылды кекіру пайда болады. Әдетте ұйқыға дейін 1-1,5 сағат бұрын кешкі асын ішеді. Спирография: ОФВ1 - 65%, сальбутамолдан кейін - 78%. Емдеу әрекеті қандай?


Сальбутамол и монтелукаст
Омепразол, фенотерол, будесонид
Ранитидин, итоприд и беродуал
Пантопразол, домперидон және спирива
Цитиризин, ипратропиум бромид

9.Қабылдауында 23 жастағы пациент, шағымдары: 2 айдан бері мойын лимфа түйіндерінің үлкеюі. Температурасы қалыпты, инфекция белгілері жоқ. Алдыңғы және артқы лимфа түйіндері 4 см дейін үлкейген, ауырмайды, тығыз консистенция. Қанның жалпы талдауы өзгеріссіз. Диагностикалық тексерудің келесі қадамын таңдаңыз:


Көкірек органдарын рентгенге түсіру
ішкі құрылыс органдарын УДЗ
лимфа түйіндерінің биопсиясы
қанның иммунофенотиптенуі
инфекцияға ИФА

10.Науқас 65 жаста, сол аяқтың терең веналарының тромбозымен, варфаринмен ұзақ уақыт ем ұсынылған. Варфарин мөлшерін коррекциялау үшін коагулограмма көрсеткішін көрсетіңіз:


МНО
ПТИ
АПТВ
D-димер
РФМК

11.32 жасар ер адам пульмонология бөлімшесіне қалтырау мен (дене температурасы 38,6 С градус), көп мөлшердегі ірінді қақырықпен (тәулігіне 2/3 стақанға дейін) кейде қан жолақтарымен жөтелге, физикалық жүктемеде ентігу, айқын шаршағыштыққа шағымданып стационардың пульмонология бөлімшесіне түсті. Балалық шақта жиі бронхиттер. Кеуде торының КТ-да көлденең кесінділерде "жүзік" симптомы, бойлық кесінділерді "трамвай жолы" симптомы. Бронхоскопия жургізгенде іріңмен қоршалған бронх саңылауында опалесценттік ауа көпіршіктер. Қақырықтың жалпы анализінде: түсі сары, іріңді, лейкоциттер көп мөлшерде. Сіздің диагнозыңыз?


Бронхоэктаз ауруы
Өкпе ісігі
Өкпенің созылмалы абсцессі
Өкпенің поликистозы
Созылмалы бронхит

12.63 жастағы науқас жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, бас айналуға шағымданды. Анамнезінен жиі естен тану, объективті: есі анық, бозарған, АҚ 100/70 мм с.б. Жүрек соғу жиілігі 45 мин. ЭКГ келесі суретте көрсетілген (суретті қараңыз). Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы науқасты госпитализацияға дейінгі кезеңде жүргізуде басымдыққа ие?


лидокаин
верапамил
дигоксин
атропин
новокаинамид

13.63 жастағы науқас жабық бұрышты глаукома және 2 дәрежелі гипертензиямен ауырады. Осы науқасқа қандай кластағы препараттар қарсы көрсетілімді?


Нитраттар
В-блокаторлар
АПФ ингибиторлары
Диуретиктер
α-адреноблокаторлар

14.18 жастағы жасөспірім бала тамақ ішкеннен кейін 1-1,5 сағаттан соң қыжылға, қышқыл кекіруге, іш қатуға, тамақ ішкеннен кейін эпигастриалды аймағындағы жайсыздыққа шағымданады, симптомдары біраз уақытқа басылады. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрий аймағында сезімтал. Қан анализі: эритроциттер 4,3х1012/л, гемоглобин 145 г/л, лейкоциттер 5,2х109/л, таяқшаядорлі 10%, сегменттелген 62%, лимфоциттер 23%, моноциттер 5%, ЭТЖ 8 мм/сағ. Клиникалық хаттамаға сәйкес емдеуде төменде көрсетілген қай препарат ЕҢ тиімді болуы мүмкін?


лоратидин
омепразол
панзинорм
ренни
хилак форте

15.Науқас М., 63 жаста, 3 жыл бұрын болған инфекциялық миокардиттен кейін пайда болған есін жоғалтумен ауыр бас айналудың кенет ұстамаларына шағымданады. Соңғы кездері ұстамасының айына 2-3 ретке дейін күшеюін байқаған. АҚ 110/70 мм с.б.б., пульс 57 соқ/мин 1 мин. ЭКГ-дағы суретті қараңыз. Бұл науқасқа қандай ем тиімді?


Кальций антагонистерін үздіксіз қабылдау
Бета-блокаторларды үздіксіз қабылдау
М-антихолинергиктерді үнемі қабылдау
Установление искусственного водителя ритма
Коронарлық артерия шунттауын жүргізу

16.45 жастағы науқаста ксифоидты процестің локализациясымен, кеуде қуысы мен қолдың сол жартысына сәулеленумен жану сипатындағы кеудедегі ауырсыну байқалды. Сұрастыру кезінде науқас ауырсыну жағдайы жатубарысында пайда болады және тік күйге ауысқан кезде жоғалады немесе әлсірейді. Қандай патология туралы ойлану керек?


жедел коронарлық синдром
перикардиттің ауырсыну синдромы
диафрагманың өңеш саңылауының грыжасы
плевритпен ауырсыну синдромы
қабырға аралық невралгияның ауырсыну синдромы

17.Науқас Е., 70 жаста, жүрек қызметінің бұзылысына, жүрек соғуына, тез шаршағыштыққа, шамалы күш түскенде ентігуге, ісінуге, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Мойын тамырлары ісінген. Жүрек импульсі кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялық, ЖСЖ минутына 100. Өкпесінде везикулярлы тыныс әлсіреген, төменгі бөліктерде екі жақтан естілмейтін ылғалды сырылдар байқалады. Бауыры ұлғайған, тығыз, орташа ауырсынады, беті тегіс, шеті сүйір. ЭКГ-да: тістердің төмен кернеуі, жүрекшелердің фибрилляциясы, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, реполяризация бұзылыстары. NYHA (Нью-Йорк жүрек қауымдастығы) бойынша ХНК классификациясының сатысын көрсетіңіз.


ФКI
ФК II
ФК III
ФК IV
ФК 0

18.60 жастағы науқаста кенеттен жүрек соғысы минутына 160-қа дейін соғып, оны дәрігер каротидты синусқа массаж жасау арқылы тоқтатты. Бұл қандай жүрек ырғағының бұзылуына байланысты болды (суретті қараңыз):


синусты тахикардия
жүрекшелердің пароксизмальды фибрилляциясы
жүрекшелердің пароксизмальды тербелісі
ароксизмальды қарынша үсті тахикардия
пароксизмальды қарыншалық тахикардия
19.Науқас 62 жаста, түнгі кеуде қуысының қысатын сипаттағы ауырсынуына, жыл бойы айына 1-2 рет сол жақ жауырын астына созылыңқы ауырсынуға шағымданды. Нитроглицерин қабылдағаннан кейін жарты сағат ішінде басылатындығын айтты. Соғу кезінде Холтер бақылауымен V2-V5 сымдарындағы ST 8 мм-ге көтеріледі. Келесі күні оқшауланған жерде ST. Науқаста қандай патология бар?
тұрақты стенокардия ФК IV
миокард инфарктісі
ишемиялық миокард дистрофиясы
стенокардия нұсқасы
прогрессивті стенокардия

20. 60 жастағы науқас кеудедегі күйдіру сезіміне, арқаға, иық аралық аймағына сәулеленуге, тамақтың регургитациясына, физикалық жүктемеде күшейетініне шағымданады. Анамнезінен: өзін 6 жылдан бері аурумын деп есептейді. Бұл шиеленісу физикалық белсенділікке байланысты. Объективті: терісі қалыпты түсті, тері асты май қабаты шамадан тыс дамыған. Жүрек тондары тұйық, ырғақты. АҚ 130/90, пульс 68 рет. мин. Іші орташа ісінген, ауырсынусыз. Верификация үшін науқасқа қандай зерттеулер қажет?


ЭхоКГ, ЭКГ, велоэргометрия
ФГДС, РН –метрия, ЭхоКГ
Холтер-мониторирование ЭКГ
ФГДС, ЭКГ, велоэргометрия
ЭКГ, велоэргометрия, РН –метрия

21.Науқас К., 55 жаста, 10 жылдан астам созылмалы обструктивті бронхитпен Д есепте тұрады, соңғы 3 жылда АҚ 170/90 мм сын.бағ. дейін көтерілуі тіркелген. Осы науқаста артериялық қысымды түзету үшін қандай топтағы препараттары қарсы көрсетілімді?


диуретиктер
АПФ ингибиторлары
нитраттар
кальций антагонистері
β-адреноблокаторлары

22.Әйел, 47 жаста. Шағымдары қан жолақтары бар жөтелге, ентігуге, кеуденің оң жақ жартысындағы ауру сезіміне, температурасы 39С дейін. Объективті: тыныс алу жиілігі минутына 30. Оң жақта перкуторлы дыбыс VIII қабырғадан X қабырғаға дейін иық сызығы бойымен қысқарған, күңгірттікке айналады, әлсіреген тыныс фонында құрғақ және ылғалды сырылдар, сол жақта қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Рентгенограммада оң жақ өкпенің VIII және IX сегменттерінде контуры анық, диаметрі 4х3 см инфильтративті көлеңке байқалады, синус сұйықтыққа толған. Алдын ала диагноз?


Өкпе туберкулезі
Өкпе абсцессі
Өкпенің саркоидозы
Өкпе ісігі
Фиброзды альвеолит

23.25 жасар әйел бастың шаншып ауруына, жүрек қағуына, қатты тершеңдікке, АҚ 200/110 мм сын.бағ. дейін қысқа мерзімді көтерілуіне, жиі зәр шығаруға шағымданады. Бір күн бұрын көлденең күйден тік күйге ауысқан кезде кенет есін жоғалтқан. Объективті: тамақтануы жоғарылаған, қысым 145/95 мм с.б.б. екі қолында пульс 90 минутына, жүрек тондары тұйық, ырғақты. УДЗ-де: бүйрек үсті бездерінің гиперплазиясы. Қандай препаратты тағайындаған тиімді?


Лозартан
Верапамил
пириндоприл
атенолол
дилтиазем

24.Науқас Л., 32 жаста, физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, жүрек аймағындағы, бұғана аралық аймағындағы ауру сезіміне мазалайды.Сұрастыру барысында ревматизммен ауырады. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, 1 тон жоғарылаған, ұшында диастолалық шу, бөдене ритмі, жүрекшелер фибрилляциясы. R-графиясы: контрастты өңеш шағын радиус доғасында ауытқиды. ЭКГ: Р – митральді, оң жақ қарынша гипертрофиясы. Қандай диагноз қояр едіңіз?


митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі
аорталық қақпақшаның жеткіліксіздігі
митральды қақпақшаның пролапсы
сол жақ атриовентрикулярлық тесіктің стенозы
аорта стенозы

25.16 жастағы бала артық салмаққа (88 кг), қайталанатын фурункулезге, жіті респираторлы вирустық инфекцияларға жиі шағымданды. Мамасы жағынан әжесі 2 типті қант диабетімен ауырады. Глюкозаға төзімділік сынамасын жүргізген кезде қан плазмасындағы гликемия деңгейінің келесі нәтижелері анықталды: аш қарынға – 5,5 ммоль/л, 1 сағаттан кейін – 9,7 ммоль/л, 2 сағаттан кейін – 7,8 ммоль/л. Зәрде қант немесе ацетон жоқ. Қант диабетін анықтауға бола ма?


Иә, глюкозаға төзімділіктің бұзылуы бар, емдеу;
Иә, бір сағатта глюкозаның жоғарылауы байқалады, ауруханаға жатқызу;
Жоқ, толеранттылықтың бұзылуы; 2 типті қант диабеті үшін қауіп тобы
Жоқ, глюкозаға төзімділік сынағы қалыпты
Иә, семіздік және тұқым қуалаушылық диагнозды растайды;

26.Науқас 63 жаста тез шаршағыштық, аз ғана физикалық жүктемеде ентігу, кеуде тұсының бүріп ауру симптомына шағымданды. 6 минуттық жүру тесті үшін ФК II ХСН сәйкес қандай қашықтықты қажет етеді?


301 – 425 м
301 – 445 м
425 - 500 м
151 – 300 м
426 – 500 м

27.Науқас 48 жаста, 170/100 мм рт.ст.жоғары артериялық қысымға. Тексеру барысында бронхиалды астма ауруымен 20 жыл бойы тізімде тұрады, преднизолон қабылдайды. Қарау кезінде-беті ай тәрізді, денесінде артық салмақ, бұлшықеттің атрофиясы, остеопороз көрінісі байқалады. Төменде көрсетілгендердің қайсысы артериялық қысымның көтерілуіне әсер етеді?


Иценко-Кушинга синдромы
Преднизолон емінен кейін зет алмасу процесінің бұзылысы
Гипертензияның тыныс алу жеткіліксіздігіне өтуі
ГБ фонындағы II типті гипертонический криз
Бронхиалды астманың қабынуы

28. ауқас 60 жаста, қол сүйегінің ауруына, буындарының деформациясына, түске дейінге ауырсынуға, әлсіздікке шағымданды. Тексеру кезінде: лакунарлы баспадан кейін өзін 15 жыл ауру санайды. Бақылау кезінде: буын сүйектері бұзылған, пальпация кезінде аздаған ауырсыну бар. Шынтақ сүйегінің қысымы. Бұлшықет күші 3-4 бал. Сүйекті рентгенге түсіргенде ///. Жалпы қан анализінде: СОЭ 43 мм/ч, қандағы лейкоцит 9,0 х109 /л, қан сарысуындағы зәр қышқылы 240 мкмоль/л, СРБ 3 мг/л,антистрептолизин "O" 70 МЕ/л, ревматоидты фактор (РФ) - 90 ЕД/л , АЦЦП – до 859 Ед/мл. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз?


Ревматоидты артрит
Ревматикалық лихорадка
Остеоартрит
Псориатическалық артрит
Подагра

29.Науқас К., 54 жаста, тамақ ішкеннен кейін 25-30 минуттан соң пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, ауамен кекіруге, соңғы айда дене салмағының 3 кг-ға төмендеуіне шағымданады. Анамнезінен: аурудың алғашқы белгілері үш жыл бұрын күзде пайда болған (эпигастрий аймағында ауырсыну тамақ ішкеннен кейін 30-40 минуттан кейін пайда болды, ол өз бетінше но-шпу мен алмагель қабылдады, қысқа мерзімді әсері бар), тексерілмеді, ауырсынудың пайда болуының маусымдылығына назар аударды (көктем және күз).Қарап тексергенде: терісі бозғылт, таза. Іші жұмсақ, эпигастрийдегі бұлшықеттердің орташа кернеуі, эпигастрий аймағында жергілікті ауырсыну. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Қан анализінде: Нв – 118 г/л, эритроциттер 4,0*10 ^ 12/л, түстік көрсеткіш 0,85, ЭТЖ 15 мм/сағ. ЭГД: өңеш өзгермеген, кардия толығымен жабылған. Асқазан ауамен жақсы түзетілген. Кіші қисықтықта көлемі 6х8 мм, шеттері ісінген, қабынған ойық жара бар. Ойық жараның түбінде ұйыған қан бар. Он екі елі ішектің пиязы өзгермеген. Ойық жараның шеттерінен шырышты қабықтың биопсиясы алынды.


Асқазан жарасының ауруы
Гастритпен ассоцирленген созылмалы антральды H.pylori
ДПК асқазан аурруы
Асқазанның аденокарциономасы
Функциональды (жаралы емес) диспепсия

30.Науқас 54 жаста. Шағымдары төс сүйегінің артындағы қатты күйдірілген ауру сезімі, 25 минут бойы байқалады. Ортопноэ позициясы, тыныс алу жиілігі минутына 30-32. Өкпе аускультациясында: барлық өкпе өрістерінде ылғалды сырылдар. ЭКГ-да: II, III өзекшелерде ST сегментінің 4-5 мм дейін көтерілуі. AVF. Киллип бойынша жедел жүрек жеткіліксіздігінің класын анықтаңыз


IV
V
II
III
I

31.Науқас М., 42 жаста, төс сүйегінің артында, сол жақ иыққа, төменгі жаққа, жауырын астына таралатын ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: ісінбеген, жүрек аускультациясы – ритмі дұрыс, жүрек тондары тұйықталған, пульс – 92 рет минутына, АҚ – 110/80 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V4 сегментінің көтерілуі. Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін ең маңызды диагностикалық болып табылады?


Коронарография
Велоэргометрия
Вентрикулография
Эхокардиография
Позитронно-эмиссионная томография

32.Науқас Н., 60 жаста, қолдарындағы сыздап ауыратын ауруға, буындардың деформациясына, түскі асқа дейінгі қимылдардың қатаюына, әлсіздікке шағымданады. Ауру анамнезінен: 15 жыл бойы лакунарлы тонзиллиттен кейін өзін аурумын деп санайды. Қарап тексергенде: қол буындары деформацияланған, пальпацияда орташа ауырсыну. Ульнардың ауытқуы. Бұлшықет күші 3-4 ұпай. Қолдың рентгенографиясында білезік буынының ұсталуымен, периартикулярлық остеопорозбен, буын кеңістігінің тарылуымен. Қан анализінде: ЭТЖ 43 мм/сағ, қанда лейкоциттер 9,0 х109/л, қан сарысуында зәр қышқылы 240 мкмоль/л, СРП 3 мг/л, антистрептолизин «О» 70 ХБ/л, ревматоидты фактор (РФ) - 90 U / л, ACCP - 859 U / мл дейін. Бұл науқасты емдеуде қандай препарат «алтын стандарт» болып табылады


Мелоксикам
Сульфасалазин
Азатиоприн
Метотрексат
Диклофенак

33. 18 жастағы науқас учаскелік дәрігерге бел аймағындағы ауру сезіміне, жиі зәр шығаруға, қалтырауға шағымдарымен жүгінді. Анамнезінен: ЖРВИ жиі ауыратыны белгілі. Шамамен 5 жыл іштің төменгі бөлігінде мезгіл-мезгіл ауырсынуды байқайды, осы фонда субфебрильді температура бар; кейде зәр шығару кезінде ауырсыну байқалады. Қарап тексергенде: температурасы 37,8°С. Перифериялық ісінулер жоқ. L / түйіндер үлкеймеген. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. NPV минутына 19. Жүрек тондары анық, ырғақты. Жүрек соғу жиілігі - минутына 78.АҚ 110/70 мм.сын.бағ Іші жұмсақ, барлық бөлімшелерде пальпацияда ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Эфлюраж симптомы сол жақта оң. Зәр шығару тәулігіне 8 ретке дейін, түнде – 3 рет, ауырсынады. Төмендегілердің қайсысы осы науқасты басқарудағы келесі қадам болып табылады?


Зертханалық құралдармен тексеріс жүргізу
медикаментозды ем қабылдау
арнайы мамандарға қарату
хирургиялық жолды тағайындау
медициналық емес емді тағайындау

34.Науқас К., 54 жаста, тамақ ішкеннен кейін 25-30 минуттан кейін пайда болатын іштің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезіміне, ауамен кекіруге, соңғы айда 3 кг салмақ жоғалтуға шағымданады. Анамнезінен: өз бетінше но-шпу қабылдаған, қысқа мерзімді әсері бар, зерттелмеген. Қарап тексергенде: терісі бозғылт, таза. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында жергілікті ауырсыну. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған.ЭГД: өңеш өзгермеген, кардия толығымен жабылған. Кіші қисықтықта көлемі 6х8 мм, шеттері ісінген, қабынған ойық жара бар. Ойық жараның түбінде ұйыған қан бар. Он екі елі ішектің пиязы өзгермеген. Helicobacter pylori +++ үшін талдау. Үш компонентті бірінші қатардағы терапия схемасына кіретін препараттарды атаңыз


ИПП +амоксициллин +кларитромицин
ИПП +амоксициллин +нитроимидазол
ИПП +амоксициллин +фторхинолон
ИПП +амоксициллин + висмута трикалиядицитрат
ИПП +амоксициллин +тетрациклин
Қабылдау бөліміне айқын ентігуге, жүрек қағысына шағымданып науқас түсті. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің ажырату диагностикасында қай зертханалық маркер көмектеседі?

қан сарысуындағы милық натрийуретикалық пептидтің мөлшері


қан сарысуындағы натрийдің мөлшері
қан сарысуындағы креатинин мөлшері
қан сарысуындағы бауыр сынамаларының мөлшері
қан сарысуындағы тропонин мөлшері

35. Науқас 40 жаста, оң жақ иық аймағының ауырсыну сезіміне шағымданады. Қабылдауға келгеннен 1 сағат алдын далада аяғы тайып, оң жақ иығын қатты жерге соғып алған. Қарау барысында: оң жақ қолының еріксіз орналасуы, оң жақ иығы аймағында ісіну байқалады, деформация, пальпация кезінде аурады, қозғалу кезінде ауырсыну сезімі ұлғайя түседі. Сүйек фрагменттерінің крепитациясы айқындалған. Аталған препараттардың қайсысы амбулаторлық деңгейде қолданылады?


Кетопрофен


Тримеперидин
Трамадол
Ванкомицин
Метотрексат

36. 60 жастағы ер адамға қызы оның мінез-құлқындағы қиындықтарға шағымданады. Екі жыл ішінде қақтығыстар, реніштер болған, белсенділік төмендеген, бағыт-бағдары, уақыт бағдары бұзылды, өзінің аты мен мекен-жайын айта алмайды. Гигиена дағдыларын елемейді, дәрет кетуін байқамайды. Ол үнемі бақылау мен қамқорлықты қажет етеді. Қандай бұзылыс ЕҢ ықтимал?


Альцгеймер ауруы


қарттық шизофрения
органикалық зақымдану салдарынан деменция
тұлғалық бұзылыс
ақыл-ой кемістігі

37. Туылғанына 10 күн болған нәресте «гипоксия-жарақатты генезді перинаталды энцефалопатия» диагнозымен неонатальды бөлімге түсті. Оң жақ төбе аймақта ісік тәрізді өсіндінің болуы байқалды. Пальпацияда ауырсыну жоқ, жұмсақ-серпімді консистенциялы, өсінді перифериясында сақина тәрізді тығыздауыш бар. Қандай өсінді ЕҢ ықтимал?


сүйекасты гематома
краниофарингома
кефалогематома
фурункул
бас миы грыжасы

38. Ер адам 25 жаста, бетінің сол жақ бөлімінде ұстама тәрізді ауырсынулардың пайда болғанын айтады. Ауырсыну сезімі күйгендей кенеттен басталады, ұстама ұзақтылығы 1 минут. Ауырсыну оң еріннің жоғарғы жағынан басталып, шайнау, жуынған, қырынған кезде өршей түседі. Ауырсыну оң жақ беттің қызарумен, көзден жас ағумен қоса жүреді. Болжамды диагоз:


Үштік нервтің невралгиясы


Бет нервінің нейропатиясы
Әкетуші нервтіің нейропатиясы
Блоктаушы нервтің нейропатиясы
Тіл-жұтқыншақ нервтің невралгиясы

39. 8 жастағы баланы стационарға ауыр жағдайда жеткізді, анасының айтуы бойынша бала тізе, шынтақ және иық буындарының ауыруына шағымданады, одан кейін бөртпелер, 39,8 градусқа дейін қызба пайда болды. Анамнезінен: жедел ауырды, 2 апта алдын артралгия пайда болды, мойын аймағындағы лимфа түйіндері ұлғайды, кешеден бері бөртпелер мен қызба пайда болды. Қарап тексергенде: "бүлдірген тәрізді" тіл (сурет), конъюктиваның гиперемиясы, ерінің құрғауы және гиперемиясы, кеуде де және аяғында полиморфты бөртпелер, мойын артқы лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Табанында ісіну. Объективті: жүрек шекарасы үлкейген, тондар тұйықталған, ұшында систолалық шу. ЖҚА: Hb – 115 г/л, лейкоциттер – 12 х109/л, тромбоциттер – 410х109 /л, ЭТЖ – 42 мм/сағ. СРБ – 32 мг/мл, АНА – теріс, АСЛ-О – 100 МЕ/л. ЭКГ: ишемия белгілері. Қандай диагноз болуы мүмкін?


геморрагиялық васкулит
жүйелі қызы жегі
Кавасаки ауруы
жедел қызы жегі
түйінді приартерит

40. АИТВ жұқтырған ананың 1 жасар баласы профилактикалық емделуде. ОПВ және КПК ревакцинациясына бару. Отбасылық дәрігердің осы баланы вакцинациялауға қатысты тактикасы:


Жалпы қабылданған күнтізбеге сәйкес вакцинация жасаңыз
Тұрақты медициналық құжат рәсімдеу. ОПВ, КПК бас тарту
Жеке күнтізбеге сәйкес вакцинация жасаңыз
Жұмсақ әдіспен, ИПВ, КПК егу
Уақытша медициналық құжат рәсімдеу. 1 жылға бас тарту

41. Жүкті әйел 3 сағат бойы мазалаған ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрігзі ауырсынуға шағымданып перзентханаға түсті.Жүктілік мерзімі 37 апта.Обьективті:жатыр тонуста.Әрбір 20 минут сайын,15 секундтқа созылатын толғақ анықталған.Жатыр мойны тегістелген.2 саусаққа ашылған.Осы жүкті әйелде босанудың қандай кезеңі?


Патологиялық прелиминарлы кезең
Босанудың бірінші кезеңі
Босанудың үшінші кезеңі
Босанудың екінші кезеңі
Уақытынан бұрын босану

42. Жедел коронарлық синдромға күдікті науқасты емдеуді, төмендегілердің барлығын қолданудан бастау қажет, мынадан басқасын :


конкорды
нитраттарды
нифедипинді
гепаринді
аспиринді

43. 46 - жастағы ер адам, көшеде келе жатып, кенеттен эпигастрий аймағында ауыру, лоқсу сезініп, екі рет құсқан. Таңертең кеше кешке дайындалған тағамды қабылдаған. Науқасты инфекциялық ауруханаға жеткізген. Объективті: жағдайы орташа, тері жабындысы бозғылт. Жүрек үндері тұйық, сирек экстрасистолалар. ЖЖЖ - 98 рет мин. АҚ - 90/60 мм. с.б.б. Ішті сипағанда эпигастрийде аздаған ауыру сезімі байқалады. Асқазанды жуғаннан кейін ауыру төс артына ауысып, жағдайы кенеттен ауырлаған. ЭКГ: II, III, aVF әкетулерінде QS. Осы әкетулерде ST монофазды қисық түрінде.


Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

сальмонеллездің


жедел гастриттің
миокард инфарктысының
жедел панкреатиттің
тағамдық токсикалық инфекцияның

44. 54 - жастағы ер адам, наркотикалық аналгетиктерге жойылмайтын төс артындағы басып ауыру, іштегі айқын қатты ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет мин. АҚ - 90/60 мм с.б.б. Сипағанда іштің жоғарғы бөлігінде аздап ауыру байқалады. Эпигастрий аймағында құрсақ аортасының үстінен функциональдық систолалық шуыл естіледі. Нәжіс болған, жел шығады. ЭКГ: алдыңғы-перделік аймақтың тыртықтық өзгерісі. Қанда: лейк – 22 мың,т/я – 16, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Холестерин – 8,6 мкмоль/л, фибриноген – 6,2 г/л.. Бірнеше сағаттан кейін құрсақтың тітіркену синдромымен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.


Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуыбарынша мүмкін?
панкреонекроздың
бауырасты абсцесс
ішектің жедел түйілуі
құрсақ аортасы аневризмінің жыртылуы
мезентериальды артерияның жедел тромбозы

45. 53 - жастағы әйел, жүрек тұсының қысып ауыруы, ентігу, жүрек соғуы, шаршау және бас ауыруына шағымданады. Ауыру эмоциялық жүктемеден кейін күшейеді, тыныштықта басылмайды, нитроглицерин қабылдау көмектеспейді. Жатыр миомасымен операция жасатқан. Объективті: беті қызарған, ашушаң, эмоциональды лабильді, ТЖ - 20 рет мин., ЖЖЖ –100 рет мин., АҚ - 155/75 мм с.б.б. ЭКГ: тахикардия, V1-V4әкетулеріндеТ-тісшесі теріс. Гормондарды тексергенде эстрогендер деңгейінің төмендегені анықталған.


Төмендегі диагноздардың қайсысы барынша мүмкін:

эндокринді генезді кардиомиопатия


артериальды гипертензиясы
Q тісшесіз миокард инфарктісі
нейроциркуляторлық дистониясы
бірінші рет пайда болған стенокардия

46. Қандай метаболикалық кардиопатияға негізгі зат алмасудың төмендеуі, терінің құрғауы, брадикардия, ТТГ жоғарлауы барынша тән?


гипотиреоидтық


алкогольдік
анемиялық
гипертиреоидтық
климактериялық

47. 26 - жастағы ер адам, тұмаумен ауырғаннан кейін екі аптадан соң ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі мен дене қызуының жоғарлағанын байқаған. Қарап тексергенде: ортопноэ, балтырлары ісінген. Өкпесінде іркілмелі, ылғалды сырылдар, ТЖ - 32 рет мин. Кардиомегалия. Жүрек үндері бәсең, жүрек ұшында III тон, систолалық шуыл естіледі, жыпылықтаушы аритмия. ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ - 100/60 мм.с.б.б. Бауыры 3 см ұлғайған. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, кардиоспецификалық ферменттер ұлғайған. ЭКГ- АВ-блокадасының І дәрежесі, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ- сол жақ қарынша қуысының ұлғаюы, айдау фракциясы - 40%.


Сіздің диагнозыңыз?

ревматизмдік емес миокардит


жалқық (выпотной) перикардит
инфекциалық эндокардит
жүйелі қызыл жегі
ревматизмдік жүрек ақауы

48. Жүрек өткізгіштігі мен ырғағының бұзылуы, кенеттен пайда болған тромбоэмболия, іркілмелі жүрек жетіспеушілікті кардиомегалия, мынаған барынша тән:


дилатациялық кардиомиопатияға


ревматизмдік емес кардиомиопатияға
гипертиреоидтық кардиомиопатияға
климактериялық кардиомиопатияға
гипертрофиялық кардиомиопатияға

49. Берілген бес белгінің ішінде төртеуі қандай ауруға жатуы барынша мүмкін екенін көрсетіңіз:1. Ауыру сезімі. 2. Үйкеліс шуы. 3. Парадоксальді пульс. 4. Қарынша аралық перденің гипертрофиясы. 5. Стандартты шықпаларда ST- сегментінің элевациясы:


перикардитке


плевритке
миокард инфарктысына
өкпе артериясының тромбоэмболиясына
гипертрофиялық кардиомиопатиясына

50. Жыпылықтаушы аритмиямен асқынған дилатациялық кардиомиопатиямен ауыратын науқастарды варфаринмен емдегенде бақылау жүргізілуі міндетті:


халықаралық қалыптастырылған қатынасты


белсендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт
қанның ұю уақытын
қанағу ұзақтығын
III антитромбинді

51. Туа біткен жүрек ақауларын анықтауға төмендегі зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті?


эхокардиография


өңештік электростимуляция
селективті коронарография
электрокардиография
фонокардиография

52. 80 жастағы әйел, төс артындағы басып ауыру, баспалдақтың 1 жартысына көтерілгендегі ентігу мен жүрек тұсындағы аритмияға шағымданады. Миокард инфарктысы болған. Объективті: өкпесінде іркілмелі сырылдар, ЖЖЖ-106 рет мин. АҚ - 170/100 мм с.б. Тропонин Т – теріс, холестерин - 6,2 ммоль/л. ЭКГ: сол жақ қарыншаның алдыңғы, перде аралық, ұшы және бүйір қабырғасының тыртықты өзгерісі. ЭхоКГ: шығару фракциясы - 49,6%. Сол жақ қарыншаның алдыңғы, пердеаралық, ұшы және бүйір қабырғасында гипокинезия зонасы анықталған.


Созылмалы қан айналым жетіспеушілігін дәлелдейтін белгілерге жатуы барынша мүмкін:

Іркілмелі ылғалды сырылдар


Жүрек тұсындағы ырғақ бұзылысы
Төс артындағы басып ауыру
ЭКГ –де тыртықтық өзгеріс
ЭхоКГ-да гипокинезия аймағы

53. Коронароангиографияны тағайындау мынада барынша тиімді:


ЖИА үдемелілігі


СЖШ декомпенсациясы
Жүрек ырғағының бұзылысы
тұрақты стенокардияның I - II ФК
тұрақты стенокардияның III—IV ФК

54. 50 - жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Науқас төс артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 90/60 мм с.б.б. ЭКГ: коронарлы қан айналымның жедел бұзылысы. Ұстамалы қарынша үстілік тахикардия. Жедел жәрдем бригадасы ырғақты қалпына келтіру үшін изоптин, кордарон енгізген, ырғақ қалпына келмеген.


Жүрек ырғағын шұғыл қалпына келтіру мақсатында жасау барынша тиімді:

электрлік кардиоверсияны


аблацияны
реваскуляризацияны
электрокардиостимуляцияны
жүрекшелердің өңеш арқылы электростимуляциясын
55. 67 - жастағы ер адам, төс артындағы басып, күйдіріп ауыру сезіміне шағымданады. ЖИА мен ауырғанына 10 жыл болған. Миокард инфарктысы болған. 
Төмендегі тәсілдердің қайсысы барынша тиімді? 

шұғыл ауруханаға жатқызу


үйдегі аурухана
күндізгі аурухана
жоспармен ауруханаға жатқызу
емханалық жағдайда тексеру

56. 64 - жастағы ер адам, тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артындағы қысып ауыруға шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді.


Қандай зерттеуді БІРІНШІ кезекте жүргізген барынша тиімді?

ЭКГ, тропонин Т-ны


Tl201сцинтиграфияны
эхокг добутаминмен
ЭКГ физикалық күштемемен
тәуліктік ЭКГ мониторлауды

57. 62 - жастағы ер адам, реанимациялық бөлімге сол қолға берілетін төс артының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсең, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 98 рет мин. АҚ – 110/70 мм с.б.б. Бауыр қабырға доғасында. Ісіну жоқ. ЭКГ: V2-V4 шықпаларында ST сегментініңэлевациясы.


Емдеу жоспарына төмендегілердің барлығын қосқан тиімді, мынадан басқасын:

жүрек гликозидтерін


нитраттарды
дезагреганттарды
тромболитиктерді
антикоагулянттарды

58. 25 жастағы әйел,жүйелі қызыл жегімен 70 мг/тәу преднизолон алады. Әйелде жалқық перикардит, асцит, плевра қуысында жалқық пайда болды. Метилпреднизолонмен және циклофосфанмен пульс-терапия, плазмаферез жүргізуге қарамастан пациент плеврасында жалқық сақталады, плевралық сұйықтың анализі – лейкоциттер 10 000/мл, лимфоциттер – 65%.


Бұл жағдайда төменде көрсетілген емдеу тәсілінің қайсысы барынша тиімді?

туберкулезге қарсы терапия


кең спектрлі антибиотиктерді қосу
метилпреднизолонмен пульс-терапия
преднизолонды тоқтатып,азатиоприн және метотрексат тағайындау
преднизолонды тоқтатып, дексаметазонды азатиопринмен қосып тағайындау

59. 56 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін кеуде артындағы ауырсыну мен қыжылдауға шағымданады; ауырсыну қатты еңкейгенде және қатты қысатын белдік таққанда пайда болады.


Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының


кардия ахалазиясының
өңеш дискинезиясының
өңештің пептикалық жарасының
көкеттің өңештік тесігінің жарығының

60. 64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Соңғы 3-4 айда тамақтанумен байланысты ұстама тәрізді ауырсыну сипатты тұйыққа ауысқан. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады.


асқазанның жаралы қатерлі ісігінің


асқазан полипінің
Менетрие ауруының
асқазан ойық жарасының
асқазан ойық жарасының пенетрациясының

61. 66 жастағы әйел, майлы тағам жегеннен кейін пайда болып, жүрек аймағына берілетін оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Обьективті: дене қызуы 38,2º С, сипағанда өт қабы тұсында ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Қанда лейкоциттер - 9,8 мың. ЭТЖ - 18 мм/сағ. Өтті зерттеуде: барлық порцияларда шырыш және лейкоциттер. 


созылмалы өт-тасты емес холециститтің өршуі


жедел холециститтің
жедел аппендициттің
созылмалы дуодениттің өршуі
12-елі ішектің ойық жара ауруының өршуі

62. 35 - жастағы әйел, стресстен кейін тершеңдік, мазасыздық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтары қалтырайды. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған, 2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Холестерин - 7,0 ммоль/л. 


Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы?

Т3, Т4, тиреотропты гормондарды зерттеу


ЭХОКГ
АҚ тәуліктік мониторингі
қалқанша безінің пункциясы
гликозилирленген гемоглобинді зерттеу

63. 47 - жастағы әйел, седативті тұндырмаларды немесе валидолды қолданғаннан кейін басылатын жүрек аймағының қысып ауыруы, тершеңдік, бетінің гиперемиясымен қосарласатын жиі қызу сезімін байқаған. Науқаста 6 ай бойы аменорея. Объективті: тері жабындылары ылғалды, гиперемияланған. ЖЖЖ - 102 рет минутына. АҚҚ -145/85 мм.с.б.б. Анаприлиндік сынама оң. Қынап жағындысы атрофияланған.


Төмендегі диагноздың қайсысының болуы мүмкін:

патологиялық климакстың 3 сатысының


тиреотоксикоздың
артериальді гипертензияның
НЦД гипертониялық түрі
ЖИА. Күштемелі стенокардияның 3 ФК.

64. 60 жастағы ер адам нитроглицерин қабылдауына басылмайтын, ұзақтығы 20 минуттан асатын кеуде артындағы қысқан тәрізді ауру сезімі шағымдарымен ауруханаға жатқызылды. Тексергенде жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, АҚ –100/70 мм сб. б. Тропонин Т – 4,0 нг/мл. ЭКГ- комплекс QS I, aVL, V1-3 комплекс QS .


Берілген клиникалық жағдайда кеудедегі ауру сезімінің пайда болу себебі қандай?
Миокард инфаркты
Үдемелі стенокардия
Жұқпалы эндокардит 
Аорта аневризмасының сылынуы
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

65. 4 жыл ішінде ЖИА зардап шегетін, кезеңді түрде нитраттарды және үнемі дезагрегант және β-блокатор қабылдайтын 62 жасар әйел әдеттегідей жүктеме әсерінен стенокардия ұстамаларының ұзақтығының ұзаруы және жиеленуіне шағымданады. ЭКГ STV1-V3 депрессиясы анықталды.


Берілген клиникалық жағдайда кеудедегі ауру сезімінің пайда болу себебі қандай?
Үдемелі стенокардия
Миокардит
Миокард инфаркты
Вазоспастикалық стенокардия
Гипертрофиялық кардиомиопатия

66. 26 жастағы жүйті әйел жүктіліктің 28-аптасында әйелдер консультациясының дәрігеріне әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде созылмалы аурулар, жарақаттар мен операциялар жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтары шамалы ісінген. Дене қызуы 36,5°С, пульс минутына 80 соққы, АҚ 140/90 мм с.б. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы минутына 145-148, анық, ырғақты. Жатыры қозымсыз. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ. Қанның жалпы талдамасында гемоглобин 123 г/л. Несептің бір реттік порциясында белок іздері. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:


АҚ мен несептегі белокты қадағалап, амбулаториялық бақылау
терапия бөлімшесіне жатқызу
2-деңгейлі перзентханаға жатқызу
3-деңгейлі перзентханаға жатқызу
акушерия және гинекология ҒЗИ жатқызу

67. Жүкті А., 29 жаста, УДЗ мәліметі бойынша - монохориальдық моноамниондық егіз, жүктілік бойынша консультация-диагностикалық бөлімшеге қаралады. 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №18 "Көп ұрықты жүктілік" диагностика және емдеу клиникалық хаттамасына сәйкес оған жүктіліктің қай мерзімінде жоспарлы кесарь тілігін жасау көрсетілген?


жүктіліктің 31-32 аптасында
жүктіліктің 33-34 аптасында
жүктіліктің 35-36 аптасында
жүктіліктің 37-38 аптасында
жүктіліктің 39-40 аптасында

68. 24 жасар жүкті әйел жүктіліктің 30 апталық мерзімінде әйелдер консультациясының қабылдауына келгенде алғаш рет АҚ 150/90 мм с.б. Көтерілді. Шағымы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Ісінбеген. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:


допегит таблеткасын ішуге беру
нифедепин таблеткасын ішуге беру
күкірт қышқылды магнезияның бастапқы мөлшерін салу
артериялық қысымды қайта өлшеу
перзентханаға жатқызу

69. Науқас К. 75 жаста, ауа жетпеуге, тұншығуға, көпірікті қақырықпен жөтелге шағымданады. Ауруы психоэмоциональді күштемеден кейін кенет басталды. Анамнезінде - ЖИА. Қарап тексергеде: жағдайы ауыр, ортопноэ, бүлкілдемелі тыныс. ТЖ – 28 рет 1 минутта. Өкпесінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсең, ырғағы дұрыс, ЖСЖ – 110 рет 1 минутта, АҚ – 100/70 мм сн.бғ. ЭКГ-да V1-V– QR әкетулерде ST доға тәрізді көтерілген және Т тісшесімен бірігіп кеткен.


Осы науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?
өкпенің альвеолярлы ісінуі
кардиогенді шок
инфарктты пневмония
қарыншааралық перденің жарылуы
жүрек аневризмасы

70. Ер адам 42 жасар, бірнеше күн алкогольді ішімділіктен кейін клиникаға келіп түсті. Көп жылдар бойы алкогольді көп мөлшерде қабылдайды. Нитроглицеринге қоймайтын жүрек ұшындағы тұйық, сыздап ауыратынына шағымданады, ауа жетіспеу сезімі, жүрегі қағады, аяқ-қолы мұздайды. ЭКГ: синустық ритм, қарыншалық полифокусты экстрасистоламен жиі үзілуі байқалады. Нақты диагнозды таңдаңыз?


Алкогольді кардиомиопатия
ИБС, үдемелі стенокардия
ИБС, миокард инфарктысы
Идиопатиялық дилатациялық кардиомиопатия
Гипертрофиялық кардиомиопатия

71. 18 - жасар қыз бала, физикалық жүктеме кезінде ентігу мен тез шаршауға шағымданады. Анамнезінде: жиі бронх-өкпелек инфекциялар. Қарап тексергенде: тері жабындысының бозаруы, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, эпицентрі сол жақтағы төс шетінде төртінші қабырға аралығында орналасқан дөрекі пансистолалық шуыл, өкпе артериясы үстінде екінші үннің акценті. ЭхоКГ–сол жақ қарыншадан оң жақ қарыншаға шунт анықталады.


Ақаудың негізгі асқынуларына барлығы жатады, мынадан басқасы:

аортаның стенозы


инфекциялық эндокардит
өкпе артериясының тромбоэмболиясы
солжақ қарыншаның жетімсіздігі
үлкен қанайналымдағы эмболиялар

72. Дене салмағы артық 50 жастағы әйелде ашқарындағы гликемия деңгейі 2 рет 6,9 және 7,2 дейін жоғарылағаны байқалған.


Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

2 типті қант диабетінің


семіздіктің
1 типті қант диабетінің
ашқарындағы гликемияның бұзылысы
глюкозға толеранттылықтың бұзылысы

73. 11 айлық нәресте ауруханаға мынадай шағымдармен келіп түсті:физикалық дамуы артта қалған ( салмағы7 кг), ентігу, физикалық жүктемеден кейін ернінің көгеруі, емізгенде тез шаршайды. Обьективті: тері жабындыларының цианозы, перифериялық цианоз, «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» симптомы, перкуторлы жүректің сол шекарасы - сол ортаңғы бұғана сызығымен, оң- оң төс жиегі бойымен, жоғарғы- II қабырғааралық. Жүрек тондары анық, ЖСЖ 140 рет минутына, ТЖ 40 рет минутына. Төстің сол жағында дөрекі систолалық шу естіледі, сол II қабырғааралықта II тон бәсеңдеген.


Берілген клиникалық жағдайға ықтимал диагнозды таңдаңыз?
Фалло тетрадасы
Аорта саңылауының стенозы
Біріншілік өкпелік гипертензия
пневмоцисті пневмониясы
Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі 

74. 8 апталық мерзімі бар жүкті әйелде айқын ентігу, аяғында ісінулер және жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Науқас ЭХОКГ жіберілді, онда жүрек қуыстарының айқын кеңеюі және ЛФ 38% төмендеуі анықталды.


ықтимал диагнозды таңдаңыз
Дилатациялық кардиомиопатия
Гипертрофиялық кардиомиопатия
Жүктілер Гестозы
ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II
Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі 

75. Науқас 65 жаста.Темекіні көп шегеді.Шағымы:ентігу,ұстамалы жөтел,қақырық әрең бөлінеді,жүрек тұсында ауру сезімі иррадация жоқ және оттегі ингалясясында азайады. Объективті: жүректің оң жақ шекарасы кеңкйген,өкпе артериясында II тон акценті және бөлінген.Комплексті терапияға қандай препарат тобы қажет?


кальции каналы антагонисті


β2-адреноблокатор 
жүрек гликозиды
Диуретиктер
АПФ ингибиторы

76. 46 жастағы әйел адамда дене қызуы 38°С көтерілді, жүрек аймағындағы сыздап ауру сезімі, көз астындағы ісінулер, жағымсыз иіспен жабыспақ тер пайда болған. 2 апта бұрын стрептококкты инфекцияны өткерген. Объективті: «барабан таяқшалары» тәрізді саусақтар мен «сағат әйнектері» тәрізді тырнақтар. Конъюнктиваның ауыспалы аймағында Лукин дақтары. ЖСЖ-100 рет 1 мин, Аускультативті: II қабырға аралықта оң жағында және Боткин нүктесінде диастолалық шу естіледі. ЭхоКГ: аортальды клапанның жармаларында 1,5 мм қозғалмалы вегетациялар, сол қарынша гипертрофиясы.


Келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған барынша тиімдірек?

Антибиотиктер


Нитраттар
Метаболиктер
Антиоксиданттар
Антикоагулянттар

77. 37 - жастағы әйел бел аймағындағы ауыру сезімі, несеп шығуының жиілеуі мазалайды. 5 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауыру сезімі, қызба, дизурия мазалағын. Объективті: дене қызуы 37°С. Бел аймағын ұрғылау белгісі екі жақтада оң. Қанда: лейкоциттер - 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған, эритроциттер – сілтіленген және өзгермеген к/а 3-5. Нечипоренко сынамасында: эритроциттер - 1 мың, лейкоциттер - 20 мың, сафронинмен бояғанда Штернгеймер-Мальбин клеткалары анықталады.


Төменде келтірілген аурурадың қайсысының болуы мүмкін?

пиелонефрит


бүйрек рагы
бүйрек амилоиидозы
бүйрек поликистозы
гломерулонефрит

78. 16 жасар жасөспірімде профилактикалық қарау кезінде артериальды қысымның 170/110 мм. сб. б. жоғарылауы анықталды, оң жақ бүйрек артериясы аймағында систолалық шу естіледі. Зәр талдауы : белок іздері, лейкоциттер 0-2 к/а, эритроциттер 0-1 к/а.


Берілген клиникалық жағдайда артериальды гипертензияның себебін анықтау үшін оңтайлы зерттеу әдісін таңдаңыз?
Бүйрек қантамырларының УДДГ
Бүйрек УДЗ
КТМ (ОГК) рентгенографиясы
Тәуліктік протеинурия
АҚ тәуліктік мониторлау

79. 14 айлық қыздың анасы қызының синкопе эпизодтарының бар болуына шағымданады. Анасының айтуы бойынша қызы қатты жылағанда көгеріп, «жылауға кетеді»,апное пайда болып, кейде тырысулары болатын қысқа уақытқа естен тануы пайда болады. Ұстамалардан кейін қыздың жағдайы жақсарады. Апное және синкопе кезінде Холтермен тексергенде брадикардия анықталды. Ашнер-Данини окуло-кардиальды рефлексін жүргізгенде балада үш секундқа созылатын паузаға алып келеді. 


Суреттелген синкопальды жағдайдың барынша пайда болу генезі қандай?

Вазовагальды


Катехолэргиялық
Ортостатикалық
Метаболикалық
Психогенді

80. 12 жасар қыз жылына 2-ден 4 ретке дейін болатын естен тануға шағымданады. Естен танудан бұрын қыз әлсіздік, көздің қарауытуын сезеді. Естен тану көбіне тар бөлмеде болғанда, қан көргеннен кейін, ұзақ уақыт ортостаз болғанда пайда болады. Нашатырлы спирт иіскегеннен кейін немесе өздігінен өзіне өзі келеді. Кейде отырып қалса естен тануын алдын алуы мүмкін. Стандартты ЭКГ және холтерлік мониторлеу кезінде синусты брадикардия анықталды.


Науқаста естен танудың генезі қандай?

Аралас
Аритмогенді


Вазодепрессорлы
Кардиоингибиторлы
Цереброваскулярлы

81. Науқас 45 жаста, шағымдары: қабыршақтанатын папула тәрізді терідегі бөртпелер. Бірнеше жылдар бойы ауырады, ұзақ уақыт антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер, В тобының витаминдерін қабылдаған. Қарау кезінде: теріде шекаралары бар, қызғылт түсті, қалыңдауға бейім, тегіс қабынған папулалар, папулардың үстінде құрғақ, майда, ақшыл түсті қабыршақтар бар.


Төменде аталған диагноздардын қайсысы БАРЫНША ықтимал?
Псориаз
Витилиго
Аутоиммунды гепатит
Біріншілік билиарлы цирроз
Аутоиммунды нейтропения

82. Жүктіліктің 32-аптасындағы әйел әйелдер консультациясының дәрігеріне эпигастри аймағының ауыратынына шағымданып келді. Жайылған ісінулер байқалады. АҚ – 160/90 мм с.б., 165/90 мм с.б., несептің бірреттік порциясындағы белок 3,6 г/л. Барынша негізделген тәсіл:


допегит таблеткасын беру
нифедепин таблеткасын беру
магнии сульфатының бастапқы мөлшерін салу
нормодепин ішкізу
диуретиктер салу

83. Қайтадан жүкті, босанатын мерзімі жеткен 30 жасар әйел әйелдер консультациясы дәрігерінің қабылдауында отырғанда кенеттен ішінің ауырғанына шағымданды және жыныстық жолдарынан 250,0 мл көлемінде қан кетті, қан кету әлі де жалғасуда. Сонымен қатар жалпы әлсіздік, ентігу пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚ 90/60 мм с. б., тамыр соғысы минутына - 96 рет. Жатыры гипертонуста, оңжақ түтік бұрышын ауырсынады. Іштегі нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Бұл жағдайда берілген нұсқалардың қайсысын бірінші кезекте орындау керек?


ұрықтың КТГ
кіші жамбас УДЗ
айнамен тексеріп қарау
іншек арқылы тексеру
жедел жәрдем бригадасын шақыру

84. Жүкті А., 23 жаста, консультация-диагностика қызметіне жүктілікті медикаментпен үзу мақсатында келді. Гинекологиялық және соматикалық тұрғыдан дені сау. Етеккірі 42 күн кешіккен. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №36 "Медициналық аборт" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес медикаментпен аборт жасағанға дейін қандай негізгі диагностикалық шара тағайындау керек?


RW-ға қан тапсыру
АИТВ-ға қан тапсыру
хламидия, тазалық дәрежесін анықтауға сүртінді тапсыру
кеуде ағзаларын флюрографиядан өткізу
қанның клиникалық талдамасы
85. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №36 "Медициналық аборт" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес етеккір кешіккен соң қанша уақытқа дейін амбулатория-емханалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда жүктілікті медикаментпен жасанды түрде үзуге болады?
етеккір кешіккен соң 21 күнге дейін
етеккір кешіккен соң 42 күнге дейін
етеккір кешіккен соң 50 күнге дейін
етеккір кешіккен соң 63 күнге дейін
етеккір кешіккен соң 70 күнге дейін

86. Перзентханаға жүктілік мерзімі 37 апталық әйел қағанақ суының босанғанға дейін кетуіне байланысты түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ В 120/80 мм.с.б. Пульс минутына 78 соққы. Дене қызуы 36,5С. Жатыры қозбаған. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 136. Жыныстық жолдарынан шамалы мөлшерде, иіссіз ашық түсті қағанақ суы тамшылауда. Қолданылатын акушерлік тәсілді атаңыз:


босану токолизін өткізу
24 сағат қадағалау
жылдам антибиотикотерапияны бастау
босану индукциясын бастау
дексаметазонмен іштегі нәресте ТБС (тыныстық бұзылу синдромы) профилактика жүргізу

87. Екінші рет аяғы ауыр М. 26 жаста, жүктілік мерзімі 38 апта және 4 күн. Іштегі нәресте басымен жатыр, болжалды салмағы 4000,0 гр. 2016 жылғы 9 маусымдағы №4 "Іштегі нәресте ірі болғанда босандыру (макросомия)" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес қандай жағдайда оған босану кезінде шұғыл кесарь тілігін жасау ұсынылады?


нәресте жамбасымен келгенде
жалпы біркелкі тарылған жамбаста
жатырдың даму ақауында
босану прогресі қанағаттанарлықсыз болғанда
экстрагенитали патологиясы болғанда (компенсацияланған)

88. Гинекология бөлімшесіне 26 жастағы әйел түсті, ішінің төменгі жағының қатты ауыратынына, дене қызуы 38,5С-қа дейін көтерілгеніне, жүрегі алып, құсатынына, жыныстық жолдарынан іріңді бөлінді шығатынына шағымданады. Анамнезінен: ілкі бедеулік, 10 күн бұрын гистероскопия жасалған. Тері жамылғысы бозғылт. АҚ 90/60 мм.с.б. Пульс минутына 90. Іші ісінген, төменгі жағы ауырады. Ішперденің тітіркену симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойнағының сілемейі қызарған, сірнелі-ірің тәрізді шығынды. PV: жатыры кішкентай, ауыратындықтан қосалқыларын палльпациялау мүмкін емес, жатырдың оңжағында және солжағында жиегі анық емес, қозғалмайтын түзілім сезіледі, қамыр тәрізді консистенциялы. Күмбезі терең, ауырсындырады. Қан талдамасы: гемоглобин – 102 г/л, эритроциттер – 3,3×1012/л, лейкоциттер – 20,6×109/л. СОЭ 40 мм/с. УДЗ – жатыр артындағы кеңістікте сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінде сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінің қабырғасы қалыңдаған. Ықтимал диагноз:


жатырдан тыс жүктілік
жіті аппенидицит
анабез ұшының бұратылуы
жіті сальпингоофорит
жіті эндометрит

89. Пациент 27 жаста, оңжақ үлкен сарпайдың жапсары аймағының ауыратынына және дене қызуының 39,0 С-қа көтерілгеніне, жүргенде ауырсынады. Объективті: үлкен сарпайдың оңжақ жапсары ісінген, ауырсынады, қызарған, пальпациялағанда жұмсарған аймақтар бар. Ықтимал диагноз:


бартолини безінің жылауығы (киста)
сарпай аймағының гематомасы
бартолини безінің абсцесі
сарпайдың үлкен жапсарының фурункулезі
парауретралық жылауық

90. Пациент А., 27 жаста. 2 күннен бері ішінің оңжақ бөлігінің ауыратынына, әлсіздікке, басы айналатынына шағымданады. Ауырсыну тікішекке беріледі. 23 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскен, бір рет жүкті болған, бірақ түсік түсіп қалған. Соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын келген. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, температура 37,2 °С, пульс минутына 84 соққы, АҚ 110/70, 105/70 мм с. б. Іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөліктері, әсіресе оңжағы ауырады. Іншекті бимануальды (қолмен) тексергенде: жатыры шамалы үлкейген, ығысуы бірден ауыртады. Жатырдың солжақ қосалқысы анықталмады. Жатырдың оңжағында контуры айқын емес, қамыр консистенциялы, ісік тәрізді түзілім пальпацияланады. Шығындылар аз, қара қоңыр түсті. УДЗ-да жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы көрінбейді, жатырдың оңжағында тығыз, эхогенді, сақина тәрізді формалы түзілім анықталды. 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №18 "Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес ультрадыбыспен зерттеу негізінде жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы жоқ болғанда, қан сарысуындағы адамның хориондық гонадотропинінің қандай мөлшері жатырдан тыс жүктілікті нақтылайды?


500 МЕ/мл
700 МЕ/мл
800 МЕ/мл
900 МЕ/мл
1000 МЕ/мл жоғары болса

91. 29 жастағы пациент етеккірінің тұрақсыздығына, 9 айға дейін кешігетініне, 7 жылдан бері салдарлық бедеулікке шағымданады. Анамнезінде 1 рет босанған. Объективті: II дәрежелі семіздік, босанғаннан кейін басталған, нормостениялық тип, салдарлық жыныстық белгілері дұрыс дамыған. Миыны КТ жасалды: гипофиздің микроаденомасы. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеруді жүргізген дұрыс:


гонадотропиндер деңгейін анықтау
рилизинг-гормондармен сынама
пролактин деңгейін анықтау
ТТГ деңгейін анықтау
АКТГ деңгейін анықтау

92. 16 жастағы қыз етеккірінің келмеуіне байланысты келді. 15 жасынан бастап ай сайын ішінің төменгі жағы ауырады, бір апта бұрын ішінде ісікті анықтаған. Тексеріп қарағанда: бойы 160 см, салмағы 50 кг, салдарлық жыныстық белгілері жақсы дамыған. Ішін пальпациялағанда ісік тәрізді түзілім анықталады, жоғарғы шеті қасағадан 4 см жоғары. Сыртқы жыныстық ағзалары әйел типі бойынша дамыған, іншекке кіреберісте көгіс тартқан томпаю бар. Ректоабдоминальдық тексергенде кіші жамбас қуысында өлшемі жүктіліктің 16-17 аптасына сәйкес келетін түзілім анықталды, қосалқылары анықталмады. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:


жатыр қуысын қырнау
сарпайдың жапсарын кесу
қыздық пердені кесу
диагностикалық лапароскопия
диагностикалық гистероскопия

93. 29 жастағы пациент етеккірінің тұрақты түрде келмейтініне, әлсіздікке, терісінің құрғақтығына және шашының түсетініне шағымданады. Қозғалысы мен сөйлеуі баяу. Беті, әсіресе көзінің айналасы ісінген. Терісі сарғыш реңкті бозғылт, шынтақтары қабыршақтанған. Шашының түсі көмескі, құрғақ және сынғыш, қатты түседі. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеру әдісін жүргізген дұрыс:


гонадотропиндердің деңгейін анықтау
рилизинг-гормондармен сынама
пролактин деңгейін анықтау
ТТГ деңгейін анықтау
АКТГ деңгейін анықтау

94. 34 жастағы әйел оңжақ емшегінде бұршақ дәні мөлшеріндей ісік тәрізді түзілімнің пайда болғанына шағымданады. Тексеріп қарағанда: солжақ емшегінде өзгеріс жоқ, оңжақ емшегінде жоғарғы сыртқы квадрантта дөңгелек формалы, тегіс, серпімді консистенциялы, жылжымалы, теріге жабыспаған, диаметрі 2 см-ге дейін, пальпациялағанда ауырсындырмайтын түзілім анықталды. Барынша негізделген емдеу тәсілі:


қабынуға қарсы терапия
гормондық жақпамайларды сыртқа қолдану
гормондық препараттарды қолдану
емшекті алып тастау
емшекті бөліктік резекциялау

95. Қайта аяғы ауыр 36 жастағы әйел, жүктілігіне 38 апта, ішінің төменгі жағының сұққылап ауыратынына, шаншитынына шағымданады. Анамнезінде 2 рет кесарь тілігі операциясы жасалған. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульс минутына 76 соққы. АҚ 110/70 мм с.б. Жатыры қозымсыз. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, минутына 136 соққы. Пальпация кезінде жатырдағы болжалды тыртық аймағында ауырсыну күшейеді. Жатыр моойнағы Бишоп межесі бойынша 9 балл. Нәресте басымен келген. Мүйіс қолжетімсіз. Шығынды сілемейлі. Қандай диагноз болуы мүмкін:


жалған толғақ
босанудың I кезеңі
плацентаның мерзімінен бұрын ажыратылуы
жатырдың тыртық бойынша жыртылу қаупі
жатырдың тыртық бойынша жыртылуы

96. Босанудың I кезеңі. Басы кіші жамбасқа кірер жерде. Жатыр мойнағы 4 см ашылған. Ұрық көпіршігі бүтін. Солжақта ішкі аңқаның кеңістігінің үшінші бөлігін плаценталық тін алып жатыр. Аздап қан кетуде. Барынша ықтимал диагноз:


плацентаның толық алда жатуы
плацентаның жартылай алда жатуы
төмен орналасқан плацентаның ажырауы
қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы
төмен плацентация

97. 23 жастағы жүкті әйел жүктілік мерзімі 28 апта, дәрігерге кіші дәретке жиі шығатынына, дене қызуы 37,5°С-қа дейін көтерілетініне,оңжақ бел аймағында ауырсыну пайда болып, шап аймағына берілетініне шағымданып келді. Соматикалық дені сау. АҚ 110/65 мм с. б., пульс минутына 90 соққы. Шаншу симптомы оңжақта оң. Қанның жалпы талдамасы: аз мөлшерде лейкоцитоз, СОЭ жылдамдатылған. Несептің жалпы талдамасы – лейкоцитурия, бактерии++. Болжалды диагноз:


гестациялық пиелонефрит.
несептас ауруы
уросепсис
жіті пиелонефрит
жіті цистит

98. Қайта аяғы ауыр 29 жастағы әйел жүктіліктің 37 аптасында патология бөлімшесіне ішінің төменгі жағының тартып ауыратынына шағымданып түсті. Анамнезінен соматикалық патология жоқ. Алдыңғы жүктілігінде салмағы 4500 г нәресте босанған. АҚ 110/70 мм с. б., пульс минутына 82 соққы. ДМИ - 35 кг/м2. Жатыры қозымсыз. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Іштегі нәрестенің болжалды салмағы 4200 г. Жыныстық жолдарынан патологиялық шығынды бөлінбейді. Жатыр мойнағы Бишоп межесі бойынша 7-8 балл. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша тексеру жүргізген дұрыс:


кіші жамбас ағзаларын УДЗ
ішперде қуысы ағзаларын УДЗ
қандағы жалпы белокты анықтау
қан құрамындағы гемоглобинді анықтау
ашқарынға глюкозаны анықтау

99. 6 жастағы қыз сыртқы жыныстық ағзалары аймағы қышитынына, кіші дәретке шыққан соң ашитынына шағымданады. Тексеріп қарағанда сарпайдың кіші жапсары кейбір тұстарында сұр немесе ақ жұқа пленкамен жабысқан. Ем жүргізілмесе бұл аурудан қандай асқыну туындауы мүмкін. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:


антибактериялық терапия
вирусқа қарсы терапия
иммунитетті модуляциялайтын терапия
гормондық терапия
жыныстық ағзалар гигиенасы

100. Босанушы 20 жаста, жүктіліктің 37-аптасында шала туылу белгілерімен ұл баланы дүниеге әкелді. Апгар межесі бойынша баға 7-8 балл. Тексерген кезде солжақ өкпенің бір бөлігінің гипоплазиясы анықталды. Тамақтандырудың қандай тәсілі барынша оңтайлы (дұрыс):


тек қана емізу
көбінесе емізу керек
балаларға арналған құрғақ қоспалар
емшек сүтін сауып қасықпен беру
емшек сүтін сауып зонд арқылы беру
101. 30 жастағы әйел, жүктілік 22 апта. Артериялық гипертензиядан зардап шегеді. Жүктілердегі АГ емдеу кезінде артериялық қысым деңгейінің қай көрсеткіштері оңтайлы диапазон болып табылады?
систолалық АҚ көрсеткіштері 130-140 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 80-90 мм сын.б.б.
систолалық АҚ көрсеткіштері 120-125 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 80-90 мм сын.б.б.
систолалық АҚ көрсеткіштері 110-120 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 70-85 мм сын.б.б.
систолалық АҚ көрсеткіштері 110-125 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 60-90 мм сын.б.б.
систолалық АҚ көрсеткіштері 100-110 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 65-85 мм сын.б.б.

102. 39 жасар әйел 5 ай бойы мазалайтын ауырсынатын ауыр етеккірлерге шағымданып дәрігерге жүгінді. Бұрын етекккір қалыпты болған және 28 күндік аралықпен жүріп, 3 күн жалғасқан. Қазір 7-8 күн жалғасады, көп мөлшерде, ұйындылармен. Кіші жамбас қуысы ағзаларын зерттеуде - жатыр енжар, біртекті үлкейген,жүктіліктің 8 аптасына сәйкес. Жүктілікке зәр тесті теріс. Науқас жағдайының себебі не болуы мүмкін?


жатыр полипі
эндометрий карциномасы
эндометрий тінінің аномальды қалыңдауы
жатыр қабырғасында эндометриальды тін
миометрийдің қатерсіз ісігі

103. Босанғаннан үш апта өткен соң, 28 жастағы әйел дәрігерге қаралу үшін барған. Анамнезде - босанғаннан 2 күн өткен соң оған «босанғаннан кейінгі эндометрит» диагнозы қойылды, оған ем ретінде 2 күн антибиотиктер т/і тағайындалған. Емшекпен емізу кезінде оның ауырсынуы мен ісінуі басталды, жиі емізу және жылы компрессті қолдану салдарынан симптомдар төмендеді. Медициналық тексеруде ешқандай ауытқулар жоқ. Науқас контрацепцияның сенімді әдісіне қызығушылық танытады. Науқасқа контрацепцияны қабылдау үшін не ұсыну керек?


Жатырішілік спираль
спермицид
эстрогенді бұласыр
базальды дене температурасы әдісі
тек прогестин бар ұрықтануға қарсы таблеткалар

104. 26 жастағы жүкті әйел қынаптан қан кету және іштің төменгі жағының ауырсыуы салдарынан келді. Соңғы 4 аптада науқаста жүрек айну мен шаршау болды. Соңғы етеккір 9 апта бұрын болған. Өмірлік көрсеткіштер қалыпты. Жатыр жүктіліктің 9 аптасына сәйкес келеді. Жүктілік сынағы оң. ᵦ-АХГ деңгейі - 108 00 ХБ/л. Трансвагинальды ультрадыбыс ұрықтың анық емес, аморфты бөліктерін және көптеген кисталық кеңістігі бар үлкен плацента көрсетеді. Бұл жағдайдың ықтимал себебі неде?


Ұрықжолдастың ажырауы
Өздігінен түсік
Жартылай молярлы жүктілік (ішінара көпіршікті ену)
Хориокарцинома
Толық молярлық жүктілік (толық көпіршікті ену)

105. Жүйелі қызыл жегімен ауыратын ер адамға метилпреднизолонмен пульс терапия жүргізу қажет.


Препараттың қандай мөлшері тиімді:

60 мг
120 мг


250 мг
1000 мг
5000 мг

106. 26 жастағы әйелді вирусты инфекциядан кейін ірі буындарындағы ауыру сезімі, субфебрилитет, бас ауыруы, бас айналуы, көз көру өткірлігінің төмендеуі, жүдеу мазалайды. Объективті: жүрек шекараларының солға ұлғаюы, жүрек негізінде мойынның тамырларына берілетін систолалық шуыл. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульсацияның күрт әлсіреуі байқалады. Бұл жерде АҚ анықталмайды.


Көрсетілген препаратардың қайсысын тағайындау тиімді:
преднизолонды
азатиопринді
индометацинді
циклофосфанды
экстенциллинді

107. 45 жастағы ер адам сол жақ тізе буынының және оң өкшенің ісінуі мен ауыру сезіміне шағымданады. 1 ай бұрын жедел дизентериядан емделген. Объективті: сол жақ тізе буыны және оң өкше аймғы деформацияланған, терісі гиперемиялаған. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн., лейкоциттер - 11 мың, ЭТЖ- 26 мм/сағ.


Берілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін:
реактивті артриттің
сепсистік артриттің
ревматоидты артриттің
подагралық артриттің
ревматикалық қызбаның

108. Қандай препарат фиброзға қарсы әсер етуі мүмкін:


D-пеницилламиннің
делагилдің
кризанолдың
преднизолонның
диметилсульфоксидтің

109. Креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы мынаған тән:


дерматомиозитке
ревматоидты артритке
жүйелі склеродермияға
түйінді периартериитке
жүйелі қызыл жегіге

110. Нейтропения, гепатоспленомегалия, буындардың ауыр зақымдалуы, васкулит, өкпе фиброзы, инфекциялық асқынулардың жоғары қауіпі бар симптомокомплекс тән


Фелти синдромы
Вегенер Гранулематозы
ересектердегі Стилл синдромы
жедел ревматикалық қызба
дәнекер тіннің аралас ауруы
111. Ер адам 36 жаста, травматолог, зерттеуде ЖҚА: Эр - 3,5х1012/л, гемоглобин – 119 г/л, Тр – 180х109/л, Л – 4,2х109/л, ЭТЖ – 14 мм/час. Биохимия: билирубин – 24,6 мкмоль/л, тікелей емес – 18 мкмоль/л, АЛТ –1,89 ммоль/л, АСТ – 1,14 ммоль/л. HBsAg – теріс, a-HCV - оң; a-HBs - оң, a-HBcoreIgM – теріс, a-HBVcoreIgG-теріс, HBeAg - теріс, a-HBe- теріс, anti-HCV IgM - оң, anti-HCV IgG - оң, anti-HDV – теріс.
Келесі диагностикалау этабында қандай зерттеулер жүргізу міндетті?
ПЦР HCV РНК
HCV генотипі
ПЦР HBV ДНК
ПЦР HDV ДНК
Бауыр биопсиясы

112. Патогенді анықтағанша ауруханадан тыс пневмонияның тиімді антибактериалды емі үшін тағайындаған дұрыс:


Ровамицин
Гентамицин
Тетрациклин
Бисептол
Кефзол

113. Егде жастағы ер адам созылмалы маскүнемдік және ӨСОА ауырады, қиын бөлінетін тұтқыр күйік ет иісті қақырықты жөтелге шағымданады түрі қара желе түсті. Об-ті: айқын интоксикация, ентігу, өкпесінде аздаған сырылдар. Рентгенде «жайылған ара ұясы тәрізді өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Қай қоздырғыш болуы мүмкін:


Клебсиелла
Хламидиялар
Микоплазма
Тұмау вирусы
Ішек таяқшасы

114. Аурудың жедел ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы-төменгі бөлімінде интенсивтілігі орташа көлеңкелер, тез оң динамика тән:


Ошақты пневмонияға
Саркоидозға
Пневмокониозға
Милиарлы туберкулезге
Инфильтративті туберкулезге

115. 25 жастағы науқаста идиопатиялық оң жақты плеврит, экссудаттың клеткалық құрамын талдауда лимфоциттер анықталды. Қай тактика дұрыс:


Интраплевралды кең спектрлі антибиотиктерді енгізу
Туберкулезге қарсы арнайы ем тағайындау
Кең спектрлі антибиотиктерді тағайындау
Екі антибиотикті тағайындау
Плевралды қуысты дренаждау

116. 23 жастағы ер адам үйге дәрігерді шақырып, 4 күн бойы дене қызуының 38*С көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезі: ауруын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТАЖ 20 рет/мин., жауырынның оң жақ төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошақтары, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы науқасқа ем тағайындаңыз:


Азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн
Макропен 0,2 х 3 р/к ішке 5 күн
Эритромицин 0,25мг 2 табл. х 4 р/к 7 күн
Тетрациклин 0,25 х 4 р/к ішке 10 күн
Цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн

117. ДДҰ сарапшылары (1999ж) берген жіктемеге сәйкес артериальды гипертонияның І дәрежесіне қайсысы жатады:


140/95
125/85
135/85
145/105
- 160/85

118. 50 жастағы науқас медициналық тексеруден өту үшін дәрігерге келген. Шағымы жоқ. Қарағанда: АҚҚ 160/100 мм.с.б., ЖСЖ минутына 72 рет,ырғағы дұрыс,жүрек ұшы соққысы күшейген,дене қызуы қалыпты.Көз түбі тамырларын тексергенде артериалардың тарылуы мен тамыр суретінің иірімделуін анықтаған,кеуде қуысы өзгеріссіз.ЭКГ-де: сол қарынша гипертрофияланған.Электролиттер мен креатинин анализінде өзгерістер жоқ. Сіздің әрекетіңіз:


Гипотензивті ем тағайындау, симптоматиялық гипертонияны жоққа шығару


Тексеру үшін стационарға жолдама беру
Тез арада гипотензивті дәрі беру
«Гипертония ауруы» диагнозын қойып,гипотензивті ем тағайындау.
Үш күн ішінде АҚҚ өлшеу, сосын науқасты бақылау

119. 32 жастағы науқас төс артындағы ешқайда таралмайтын,отырғанда азаятын,басып ауырсынуға, субфебрилді температураға шағымданады. Өзі ауруды суық тиюмен байланыстырады. Төмендегі берілгендердің қайсысы осы ауруға тән:


ST барлық әкетулерде изо сызықтан жоғары ығысқан
Қанда нейтрофильді лейкоцитоз
АСГ мен ЛДГ қалыпты мөлшерде
Қанда холестерин мөлшері жоғары
Жедел фазалық көрсеткіштері жоғары

120. Жүректің қандай ырғағының бұзылуын өңеш арқылы жүрек стимуляциясы тиімді басады:


Атриовентрикулярлы жүрек блокадасы II дәреже
Жүрекше жыбырын
Қарыншалық экстрасистолияны
Қарыншалық тахикардияны
Синусты тахикардияны

121. 48 жастағы науқас отбасылық дәрігерге таңертеңнен аузындағы ащы сезімге, әлсіздікке, делсалдыққа, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, оң жақ қабырға астындағы тартып ауырсынуға шағымданып келді. Обьективті қарағанда Кер белгісі оң және оң жақ қабырға асты аймағындағы алдыңғы іш қабырғасының резистенттілігі. Осы клиника қай диагнозға сәйкес:


Созылмалы калькулезді емес холецистит,өршу кезеңі,өт шығару жолдарының дискинезиясы,гипокинетикалық түрі бойынша
Өт шығару жолдарының дискинезиясы,гиперкинетикалық түрі бойынша
Өт шығару жолдарының дискинезиясы,гипокинетикалық түрі бойынша
Созылмалы калькулезді емес холецистит,өршу кезеңі,өт шығару жолдарының дискинезиясы,гиперкинетикалық түрі бойынша
Созылмалы калькулезді холецистит,өршу кезеңі

122. Ішектің диспепсия белгілері бар 28 жастағы науқаста ректороманоскопия жүргізгенде келесі көріністер анықталды. Шырышты қабат ісінуінен ішек өзегі тарылған,шырышты қабат гиперемияланған, эрозияланған, кей жерлерінде қан кетулер, диаметрі 0,6 см дейін жаралар анықталады. Бұл науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз:


Инфекциялық бөлімге шұғыл госитализациялау
Хирургиялық бөлімге шұғыл госпитализациялау
Гастроэнтерологиялық бөлімге шұғыл госпитализациялау
5-10 күн бойы тәулігіне 4 рет 0,1г фурозолидон тағайындап үйде бақылау
Күндізгі стационар жағдайында 1-3 г/тәул. Сульфасалазин мен Д 40 мг/тәул. преднизолонды қосып микроклизма жасап емдеу.

123. 28 жастағы әйелде плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Берілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін


құрғақ плевриттің
плевра эмпиемасының
жедел пневмонияның
экссудативті плевриттің
бронхоэктаз ауруының

124. Нитраттарды көк тамырға енгізу көрсеткішіне төмендегілердің барлығы жатады,мынадан БАСҚАСЫ


тұрақты стенокардия
тұрақсыз стенокардия
жедел миокард инфаркты
вазоспастикалық стенокардия
жедел солжақ қарыншаның жеткіліксіздігі

125. 65 - жастағы ер адам, сол қолға берілетін, төс артындағы ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. ЖСЖ – 92 рет мин. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: v2-v4 әкетулеріндегі ST сегментінің элевациясы


Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау тиімді?
ӨАЭС (ЧПЭС)
вентрикулография
коронарография
миокард сцинтиграфиясы
позитронды-эмиссионды томография

126. 53 - жастағы әйел, жүрек тұсының қысып ауыруы, ентігу, жүрек соғуы, шаршау және бас ауыруына шағымданады. Ауыру эмоциялық жүктемеден кейін күшейеді, тыныштықта басылмайды, нитроглицерин қабылдау көмектеспейді. Жатыр миомасымен операция жасатқан. Объективті: беті қызарған, ашушаң, эмоциональды лабильді, ТЖ - 20 рет мин., ЖЖЖ –100 рет мин., АҚ - 155/75 мм с.б.б. ЭКГ: тахикардия, V1-V4әкетулеріндеТ-тісшесі теріс. Гормондарды тексергенде эстрогендер деңгейінің төмендегені анықталған.


Төмендегі диагноздардың қайсысы барынша мүмкін:
эндокринді генезді кардиомиопатия
артериальды гипертензиясы
Q тісшесіз миокард инфарктісі
нейроциркуляторлық дистониясы
бірінші рет пайда болған стенокардия

127. Бойжеткен қыз, 17 жаста. Шағымдары: дене температурасының 37 С дейін жоғарлауы, қалжырау, тәбеттің төмендеуі, дәмнің бұрмалануы, іштің төменгі бөлімдерінің сыздап ауруы. Анамнезден: Менархе 14 жастан, mensis 5 күннен 28 тәулік сайын, орташа көлемде, ауырсынумен қатар жүреді. Жыныстық өмірді 16 жастан бастаған. Қарау барысында: тіл беткейі ақ қақпен қапталған, алақандары ылғалды, тері жабындылары мен шырышты қабықшалары бозарған. Жүрек дыбыстары бәсең, АҚ - 80/60 мм.с.б. ЖЖЖ (ЧСС) - минутына 96 соғыс, пульстың толығуы нашар. Сүт бездері доңғалақ, ісінген, пальпация кезінде сезімтал. Іші кішкене ісінген, жұмсақ, төменгі оң жақты пальпациялау кезінде ауырсыну байқалады. айнамен қарағанда: қынап кіреберісінің, шырышты қабағының және жатыр мойнының цианозы. Бимануальды зерттеу кезінде: жатыр көлемі ұлғайған және жұмсарған. Жатыр қосалқылары аймағының оң жағында ісік тәрізді тығыз консистенциялы құрылым пальпацияланады, зерттеу барысында ауырсынады, қозғалмалы. Артқы күмбез тығыздалған, ауырсынады. Несепте βХГЧ анықтау әдісі - оң.


оң жақ сальпингоофарит
толық емес түсік
жатыр миомасы
жатырдан тыс жүктілік
жіті аппендицит

128. Жүкті әйел, гестация мерзімі 12 апта. Шағымдары: бел аймағындағы ауру сезімі, жиіленген кіші дәрет, дене температурасының 39,0 с дейін жоғарлауы, әлсіздік. ЖҚА (ОАК):Лейк- 8,9х109/л, СОЭ 36 мм/сағ, мочевина 4,3 ммоль/л, креатинин 72,6 мкмоль/л, жалпы ақуыз 46 г/л. СКФ 92 мл/мин/1,73м2. ЖНА (ОАМ): удельный вес – 1009, ақуыз – 0,5, лейкоциттер – 20-25 көру аймағында, шырыш, жалпақ эпителий жасушалары, бактерии +++. Бүйректің УДЗ: тостақан-түбек жүйесінің тығыздалуы мен деформациясы. ЭХО: микронефролитиаз белгілері. Нечипоренко бойынша несеп сараптамасы: эритроциттер 1000 бірл/мл, лейкоциттер 3000 бірл/мл, цилиндрлер 30 бірл/мл. антибактериалды терапия өткізу үшін таңдау препараты болып табылады:


Пенициллиндер
Фторхинолондар
Макролидтер
Сульфаниламидтер
Имипенемдер

129. Жүкті әйел, 25 жаста, гестация мерзімі 5-6 апта. Шағымдары: дәбеттің жоқтығы, жүрегі айну, тамақ тұтынуға байланыссыз тәулігіне 6 дан 10 ретке дейін құсу, 1,5 апта ішінде 1,5 кг салмақ тастау. Бірінші жүктілік. Жалпы жағдайы орташа дәрежелі. Дене температурасы 37 С. Пульс минутына 100 соққы, ырғақты, толығу мен кернеуі қанағаттандырылған. АҚ 100/60 мм с . б. Тәуліктік диурез 850 мл. ЖНА (ОАМ): күңгірт-қоңыр түсті, мөлшері 80 мл, Кетондық денелер ++. Құрсақ қуысы УДЗ: жатыр денесі anteflexio, өлшемдері 72х86х73 мм. Жатыр қуысында өлшемі СВД 9 мм болып келген бір ұрық жұмыртқасы көрінеді, бұл 5 аптаға сәйкес келеді. Сарыуыз қапшығы 3 мм СБ(+). Миометрия тонусы қалыпты. Жіктелуге байланысты болжамды диагнозды атаңыз:


Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жүкті әйелдің құсу дәрежесі орташа
Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жүкті әйелдің құсу дәрежесі жеңіл
Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жүкті әйелдің құсу дәрежесі ауыр
Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жүкті әйелдің құсу дәрежесі өте ауыр
Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жүкті әйелдің құсу дәрежесі ауыр бірқалыпты

130. Жүкті әйел И., 27 жаста, жүктіліктің 33-34 аптасында. Шағымдары: аяғының табаны мен балдыр аймағының ісінуі. Бірінші жүктілік. Созылмалы пиелонефрит диагнозымен нефрологтың Д есебінде тұр. Салмақ қосу 14 кг құрады, соңғы аптады - 1,0 кг. Жалпы жағдайы қанағаттандырылған. Тері жабындыларымен көзге көрінетін шырышты қабықшалары реңі әдеттегідей. Пульс минутына 64 соққы, толығу мен кернеу қанағат жағдайда. АҚ 120/80 және 115/80 мм.с.б. Жатыр тонусы қалыпты жағдайда. Нәресте тігінен орналасқан, басымен жатырға қарай жатыр, кіші жамбас кіреберісі қозғалмалы. Нәресте тондары анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Аяқтары ісінген. Несеп сараптамасында: түсі ашық сары, мөлшері 150 мл, мөлдір, салмағы 1014., ақуыз - жоқ, глюкоза - жоқ, эпителий - 1-2, Лейкоциттер - бірлік, Эритроциттер - жоқ, Бактериялар - жоқ.


Жүктіліктің 33-34 аптасы. Ісіну жүктіліктің салдарынан.
Жүктіліктің 33-34 аптасы. Созылмалы веноздық жетіспеушілік.
Жүктіліктің 33-34 аптасы. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі.
Жүктіліктің 33-34 аптасы. Лимфостаз.
Жүктіліктің 33-34 аптасы. Нефротикалық ісіну.

131. Жүкті әйел И., 27 жаста, жүктіліктің 33-34 аптасында. Шағымдары: аяғының табаны мен балдыр аймағының ісінуі. Бірінші жүктілік. Созылмалы пиелонефрит диагнозымен нефрологтың Д есебінде тұр. Салмақ қосу 14 кг құрады, соңғы аптады - 1,0 кг. Жалпы жағдайы қанағаттандырылған. Тері жабындыларымен көзге көрінетін шырышты қабықшалары реңі әдеттегідей. Пульс минутына 64 соққы, толығу мен кернеу қанағат жағдайда. АҚ 120/80 және 115/80 мм.с.б. Жатыр тонусы қалыпты жағдайда. Нәресте тігінен орналасқан, басымен жатырға қарай жатыр, кіші жамбас кіреберісі қозғалмалы. Нәресте тондары анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Аяқтары ісінген. Несеп сараптамасында: түсі ашық сары, мөлшері 150 мл, мөлдір, салмағы 1014., ақуыз - жоқ, глюкоза - жоқ, эпителий - 1-2, Лейкоциттер - бірлік, Эритроциттер - жоқ, Бактериялар - жоқ. Аталған науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз?


Стационарға жедел түрде госпитализациялау
Күндізгі стационарға Госпитализация
Амбулаторлы емделу
Динамикалық бақылау
Емдік-сақтау тәртібі

132. Жүкті әйел 28 жаста, гестация мерзімі 35 апта. Анамнезден: осы жүктілік - 2ші, 1-ші жүктілік қалыпты өткен, тірі баланы босанумен аяқталған. Қарау барысында жүктіліктің 34 аптасында іштің көлдеңнен-сопақша пішіні анықталған, жатыр түбі төмен орналасқан. Сыртқы акушерлік қарау және қынаптық зерттеу барысында нәрестенің орналасу бағыты анықталмаған. Аускультация кезінде нәрестенің жүрек қағысы кіндік маңында естіледі. Осы сәттегі қарау барысында іштің көлдеңнен-сопақша пішіні және жатыр түбінің төмен орналасуы сақталған. Сыртқы акушерлік қарау және қынаптық зерттеу барысында нәрестенің орналасу бағыты анықталмаған. Аталғандардың ішінен қайсысын істеу қажет?


37-38 аптасында босану стационарына жолдау
амбулаторлық кезеңде нәрестені сыртқы айналдыру жасау
Босанғанға дейін аптасына 2 рет бақылау
жедел кесар тілігін жасауға жолдау
Эмбриотомия

133. Жүкті әйел, 32 де, жүктіліктің 24 аптасы. Шүйде аймағындағы бастың ауру сезіміне, бас айналуына шағымданады. Анамнезден: бас ауруы 1,5 апта бойы мазалайды, дәрілік заттарды қолданған жоқ. Д есепте тұрған жоқ. Қарау барысында: тері және көзге көрінетін шырышты қабаттар қалыпты реңді, АҚ екі қолда да 160/100 мм.с.б. басқа жүйелер мен органдар бойынша өзгерістер жоқ. Көрсетілген препараттардың ішінен қайсысы таңдау препараты болып табылады:


Метилдопа
Метопролол
Каптоприл
Верапамил
Небивалол

134. Жүкті әйел 35 жаста, гестация мерзімі 5-6 апта. ДМИ (ИМТ)=27 кг/м2. Анамнезден: Б -2, Р-1, А-0. 3 жыл бұрын, тірі туылған, ай-күні толық, салмағы 4 кг артық баланы босанған. Қай мерзімде гликемияны анықтау қажет?


тіркеуге алған жағдайда және 16 аптада
тіркеуге алған жағдайда және 38 аптада
тіркеуге алған жағдайда және 28 аптада
тіркеуге алған жағдайда және 34 аптада
тіркеуге алған жағдайда және 30 аптада

135.Әйел адам, 47 жаста жалпы практика дәрігеріне жүктеме салдарынан пайда болған жүрек маңында сипатты анықталмаған шаншыған ауру сезіміне, эпигастр аймағында ауру сезіміне, ашушаңдыққа, жылауық сезіміне шағымданды. Анамнезінде: жиі қайталанатын салқын тию аурулары. Соңғы уақытта тез шаршап, шаш пен тырнақтың сынғышты байқалады. Объективті: құрғақ тері, шырышты қабықшаларының бозаруы. Жүрек ұшында әлсіз систолалық шу. Қан анализі: гемоглобин 100 г/л. Гинеколог қарау бойынша: жатыр фибромиомасы 6-7 апта. Науқастың жағдайының түсіндіріледі:


Гипотиреозбен.
Меноррагия нәтижесіндегі анемиямен.
Климакспен
Иммунодефицитпен.
Миокардитпен.
136. 23 жастағы жүкті әйелде 18 аптадан бастап хламидиоз анықталған. Аталған препараттардың ішінде қайсысын пероральді тағайындау қажет?
Тетрациклин.
Далацин.
Метациклин.
Эритромицин.
Ампициллин.

137. Науқас 25 жаста. Өмір анамнезінде - опиоидты есірткілік заттарды бір жылдан бері қолданған. Дене температурасының 39°С жоғарылауы, қалшылдау, болмашы физикалық күш түскенде болатын ентікпе, тәбетінің болмауы шағымдарымен түскен. Бір айдан бері өзін ауру санайды. Қарау кезінде: терісі сарғайған, солғын тартқан, аяқтарында петехиалды бөртпелер. Өкпесінде - аздаған шамада ылғалды сырылдар. Жүрек тондары дыбыссыз, үш жармалы клапан проекциясында систолалық шу, ЖЖЖ минутына 106 рет, АҚ -120/40 мм сынап бағаны. Бауыры қабырға доғасынан 5 см-ге шығып тұр, пальпацияда ауырады. Сирақтарының ісінуі. Қандай ауру туралы ойлауға болады?


Миокардит
Пневмония
Жұқпалы эндокардит
Бауыр циррозы
Ревмокардит

138. Қабылдау бөліміне айқын ентігуге, жүрек қағысына шағымданып науқас түсті. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің ажырату диагностикасында қай зертханалық маркер көмектеседі?


қан сарысуындағы натрийдің мөлшері
қан сарысуындағы креатинин мөлшері
қан сарысуындағы бауыр сынамаларының мөлшері
қан сарысуындағы милық натрийуретикалық пептидтің мөлшері
қан сарысуындағы тропонин мөлшері

139. Ер адам 52 жаста, Д есепте тұрады, диагнозы: кернеулі стенокардия . Кардиологқа стенокардиялық ұстамалардың жиілеуіне, нитраттардың тиімділігінің төмендеуіне, физикалық жүктемеге төзімділіктің төмендеуіне шағымданды. Ықтимал диагнозды көрсетіңіз:


алғаш туындаған стенокардия
үдемелі стенокардия
вазоспазмдық стенокардия
кернеулі стенокардия
Инфаркт миокарда

140. 52 жастағы емделуші миокард инфарктіне байланысты қалалық ауруханада жатыр, 10 -тәулікте кеудесі қатты ауырып, ентігу пайда болды. Объективті тексеру кезінде: цианоз, аяқтарының веналары варикозды кеңейген. АҚ – 90/60 мм.сын. бағ.ЭКГ-да: ІІ, ІІІ, avF өткірұштыжалғамы және V1, 2 - ші екі фазалыжалғам; v5,6-шы амплитудасымен s ұлғаюы; жүректің электр осінің оңға бұрылуы. Бұл пациентте орын алған ықтимал проблема қандай?


вазоспазмдық стенокардия
жіті миокардит
бронх демікпесі ұстамасы
миокард инфаркті, өкпенің ісінуімен асқынған
тромбоэмболия

141. 68 жастағы әйел АҚҚ жоғарлауына байланыста емханаға кардиологқа келді. ЭКГ: Q = R тісшесінің 1/3 , ұзақтығы 0,03 жоғары III, AVFтіркемелерінде, ST изолинияда, Т тісшесі оң . ЭКГ-ға ЕҢ тән қорытынды:


артқы қабырғадағы ишемия
алдыңғы-бүйірлік қабырғадағы тыртықтық өзгерістер
алдыңғы-диафрагмальды қабырғадағы инфаркт, жедел сатысы
артқы-диафрагмальды қабырғадағы тыртықтық өзгерістер
артқы қабырғаның трансмуральды инфаркты

142. 45 жастағы ер адам жедел пайда болған тыныс алуының қиынға түскеніне шағымданып клиникаға түседі. Анамнезінен: 3 жыл бойы өкпе эмфиземасына байланысты пульмонологқа қаралады. Түнгі 2 -ге дейін өзін жақсы сезінген, айқын ентігуден оянды, кейін қызғылт қақырықты жөтел пайда болды. Объективті тексеру кезінде: ТҚЖ - минутына 30, АҚ-180/100 мм. с.б. Пульс минутына 100. Дененің температурасы - 37,5 С. Өкпеде екі жағынан да жауырынның деңгейіне дейін ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ұшарбасында ат шабысты ырғақ. ЭКГ-тахикардияда, ЖЖЖ 100 мин. Рентген-зерттеу мәліметтері бойынша: жүректің ұлғаюы және альвеолалық суреттің екіжақты күшеюі. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз


өкпе артериясының тромбоэмболиясы
өкпенің жіті кардиогенді ісінуі
гипертониялық криз
ересектердің респираторлық дистресс-синдромы
екіжақты пневмония

143. Ер адам К., 30жаста, келесі симптомдар анықталды: тұрақты жоғары артериальдік гипертензия, шүйде аймағындағы таңғы бас ауруы, жүрек қағуы, көздің көруінің нашарлауы- көз түбі ангиоретинопатиясының IV дәрежесі, эпигастрии аймағында систолалық шудың естілуі. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?


аорта коарктациясы
аорта аневризмасы
құрсақ аортасының атеросклерозы
созылмалы гломерулонефрит
түйінді полиартериит

144. Ер адам 49 жаста. Бір жыл бұрын тұтас гастрэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін азапты қыжылдау науқастың мазасын алады. Осы көрініске қандай препарат көмектесе алады?


омепразол
рамепразол
мизопростол
итоприд
ранитидин

145. Әйел 42 жаста. Шағымдары: кіндік айналасы аймағында толғақтәрізді ауырсыну, ботқа тәрізді үлкен дәреті өте көп, шырыш араласқан, тәулігіне 7-8 рет, оң қабьрға астының ауырлығы, аяқтарында ауық-ауық бөртпелер шығады, терісі қышиды (әсіресе түнде), әлсіздік, есте сақтауы нашарлаған, ұйқысы нашарлаған, түнгі қорқыныштар, тәбеті нашарлаған. Түйінді эритема. Іші жұмсақ, пальпацияда кіндік айналасы аймағы ауырсынады, оң қабырға асты аймағы біршама ауырсынады. Курлов бойынша бауыры 12-10-9см. Беткейі аздап бұдырлы, шеттері тегіс емес. Қандай тексеру диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді?


Құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы
Құрсақ қуысы ағзаларына КТ
Колоноскопия биопсиямен бірге
Ректороманоскопия
Ирригоскопия

146. 46 жастағы ер адамда жаралы-некротикалық стоматиттің, саңырауқұлақты этиологиялы эзофагиттің жиі өршуі, тәбеттің төмендеуі, жарты жылда 7 кг-ға арықтауы анықталады. Қарау кезінде астенизация, жақасты, мойын лимфа түйіндерінің 1-1,5 см дейін ұлғаюы назар аудартады, лимфа түйіндері эластикалық, ауырсынусыз, қоршаған тіндермен жабыспаған. Тілі ылғалды, ақ өңезбен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан +2 см шығып тұрады, эластикалық, ауырсынусыз. Үлкен дәреті ботқа тәрізді, тәулігіне 1-2 рет, патологиялық қоспасыз. Қанның жалпы анализі: гемоглобин 112 г/л, эритроциттер 3,8х1012/л, лейкоциттер - 3,7х109/л, э - 2%, п - 4%, с/я - 54%, м - 6%, л - 34%. ЭТЖ - 26 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі өзгеріссіз. Диагнозды нақтылау үшін келесі қадам қандай болуы қажет?


гепатодуоденальды аймақтың УДЗ
ЭГДС
копроскопия
колоноскопия
АИВ - на анализ
147. 46 жастағы ер адам шөлдей беретіндігін, кіші дәретке жиі баратындығын, әлсірейтіндігін, жүдеп кеткендігін айтып шағымданады. 3 жыл бұрын медициналық тексеру кезінде қанынан қант анықталды – 7,5 ммоль/л. 500 мг метформин және диета тағайындалды. Бойы 176 см, салмағы 72 кг. Гликемииялық профилі: ашқарында – 12,4 ммоль/л, күні бойы 18 ммоль/л. Диабет компенсациясын диагностикалау үшін ақпаратты қайсысын анықтау ең көп ақпарат береді?
шумақшалық фильтрация жылдамдығын
гликогемоглобинді
липид спектрін
несептегі глюкозаны
С-пептидті
148. 27 жастағы әйел шөл қысатындығын, диурезі жиілегендігін, салмақ тастағанын айтып шағымданады. Бұрын гриппен ауырғаннан кейін ауырып қалған. Гликемия деңгейі 22,3 ммоль/л. Кетонурия+++. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?
бүйрек глюкозуриясы
1-типті қантты диабет
2-типті қантты диабет
стресстік гипергликемия
қантты диабеттің басқа спецификалы типтері (инфекциялар)

149. Д.есімді, 22 жастағы науқас І дәрежелі семіздікпен ауырады (ДМИ – 33 кг/м2), қантты диабет бойынша тұқым қуалайды (әкесі). Ата-анасы толық. Шөл қысатындығын және полиурия пайда болғандығын айтып шағымданады. Тексергенде ашқарындағы гликемия 7,2 ммоль/л, тамақ ішкеннен 2 сағаттан кейін 11,5 ммоль/л құрайды. Науқасты емдеудің ең орынды тәсілі?


оральдық глюкозотолеранттық тестіні тағайыедау
1 айдан кейін көмірсу алмасуынын бақылау зертеу
2-типті қантты диабетті диагностикалау, гликлазид тағайындау
2-типті қантты диабетті диагностикалау, метформин тағайындау
1200 ккал/тәу құрайтын №9 диеталық үстелді тағайындау және 1айдан кейін бақылау

150. 1 айлық қыз бала педиатрмен эндокринологқа жіберілді. Бала 1-ші жүктіліктен, 41 аптада 4100 г салмақпен, 54 см бойымен туылды, физиологиялық босану. Туылғаннан бастап емізулі. Соңғы кезде емуі солғын, кеудеде тез ұйықтап қалады, қыз бала тыныш, жақсы және көп ұйықтайды. Объективті: дене салмағы - 4800 г, бойы - 57 см. Қарау кезінде мазасыз, дауыс тембрі төмен. Тері жабындары таза, иктериялық реңкі бар, құрғақ. Бетінің домбыққандығы, жалпақ ершік тәрізді кеңсірік, көздерінің гипертелоризмі, құлақ қалқандарының төмен орналасуы анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ минутына 100 соққы. Ішінің көлемі ұлғайған, кіндік жарығы, бұлшықет гипотониясы анықталады. Үлкен дәреті тәулігіне 1 рет, ботқа тәрізді. Сыртқы жыныс ағзалары әйел жынысы түрінде қалыптасқан. Алдын ала диагноз қойыңыз:


туа біткен гипотиреоз
паратрофия
Даун ауруы
аутиоммунды тиреоидит
жүре пайда болған гипотиреоз

151. 50 жастағы ер адам толып кеткендігін, әлсіздік пайда болғандығын айтып шағымданады. Тексергенде: ДМИ 32 кг/м2. Зерттеу жұргізгенде:гликемия 10 ммоль/л, гликогемоглобин 8,4%. Патогенездік терапия ең ықтимал мақсаты?


ішекте глюкозаны сіңірудің нашарлауы
эксогендік инсулин әсерін потенциялау
инсулин рецепторлары сезімталдығының азаюы
Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларының функциясын стимуляциялау
перифериялық тіндердің инсулинге сезімталдығының артуы
152. Геморрагиялық чиндромы бар науқасқа коагулограмма тағайындалды. Қан ұю механизмінің сыртқы белсенділігін бағалайтын көрсеткішті көрсетіңіз:
D димерлер
АЧТВ
фибриноген
тромбиндік уақыт
протромбиндік уақыт

153. Науқас 35 жаста, бас айналуына, әлсіздікке, ентігуге, жүктеме кезінде жүрек қағысына, тырнақтарының сынғыштығына шағымданады. Етеккірі 15 жастан бастап, 3-4 күн, ырғақты. Соңғы 6 айда етеккір циклінің бұзылуы (айына 2 рет), мол, ұйындылармен,6 күнге дейін. Жүктілік -7, босану-5. Терісі бозарғна, ісінулер жоқ. ЖЖЖ 82 соққы/мин, АҚ 11/70 мм.с.б.б.. Қанда гемоглобин 65 г/л, ТК 0,66, тромбоциттер- 350х109/л, лейк-10,1х109/л, сегм-61%, эоз-2%, баз-0%, мон-5%, лимф-32%, ЭТЖ 22 мм/с. Темір алмасу көрсеткіштерін тексеруге жіберілген. Осы жағдайда күтілетін нәтижелердің таңдаңыз:


ферритин төмендеген, НТЖ жоғарлаған
ферритин қалыпты, НТЖ төмендеген
ферритин төмендеген, ОЖСС жоғарлаған
ферритин жоғарлаған, НТЖ жоғарлаған
ферритин жоғарлаған, ОЖСС төмендеген

154. Пациент 30 жаста, күдік: теміржетіспеушілік қаназдығы/анемиясы. Теміржетіспеушілік қаназдығына/анемиясына тән қанның жалпы талдауы нәтижесін таңдаңыз:


ЦП, МСН қалыпты, MCV үлкейген
ЦП, МСН қалыпты, MCV қалыпты
ЦП, МСН төмен, MCV үлкейген
ЦП, МСН төмен, MCV үлкейген
ЦП, МСН төмен, MCV төмен
155. 56 жасар ер адам ауыр дәрежелі ауруханадан тыс пневмониямен стационарлы ем қабылдап жатыр. Анамнезінен: ауру алкогоді мастану кезінде суықтап қалғанынан соң дамыды. Жүргізілген емнің нәтижесі 2 тәуләктен бастап интоксикациялық белгілердің азаюымен байқала бастады. Бірақ емнің 6 тәулігіне науқастың дене температурасы қайта 39,5С градусқа жоғарылады, іріңді қақырықтың бөлінуімен жөтел үдее түсті, қақырық мөлшері тәулігіне 100мл-ге дейін жоғарылады, қақырықтың жағымсыз иісі пайда болды, кеуде торының ауырсынуы пайда болды. Өкпеде әртүрлі колибрлі ылғалды сырылдар. ТАЖ минутын 24 рет, SaO2 88%. Кеуде торының рентгенграммасын қайталағанда тура проекцияда бірнеше горизонталді деңгейлері бар үлкен қуыс, қабырғалары бұрыс, сыртқы жиектері біркелкі емес қалыңдаған, ішкі жиегі толқынды. Диагноз қойыңыз?
Экссудативті плеврит
Өкпе гангренасы
Абсцесс легкого
Бронхоэктаздық ауру
Плевра эмпиемасы
156. 42 жасар ер адам стационардың пульмонология бөлімшесіне оң жақ кеуде торындағы ауырлыққа, дема алудың қиындығымен ентігуге, құрғақ жөтел, дене температурасының 38,5С градусқа жоғарылауына шағымданып түсті. 10 күннен аса ауырады, ауруын суықтанумен байланыстырады. Оң жақты төменгі бөлікті пневмония бойынша амбулаторлы ем қабылдаған, жөтелдің азаюымен температураның төмендеуімен әлсіз оң динамика байқалған. Бірақ 3 күн бұрын ң жақ кеуде торында ауырлық пен ентігудің күшеюі пайда болды. Объективті: тыныс алу актінде кеуде торының оң жақ бөлігі қалысады, қабырға аралықтары тегістелген, оң жақ жауырын бұрышы астында дауыс дірілі әлсіреген, бронхофония, перкуторлы тұйық дыбыс, везикулярты тыныстың әлсіреуі. Кеуде торының шолу рентгенграммасында оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің гомогенді қараюы. Диагноз қойыңыз:
Оң жақты плевра эмпиемасы
Оң жақты құрғақ плеврит
Оң жақты экссудативті плеврит
Оң жақ өкпенің ателектазы
Оң жақ өкпенің абсцессі
157. Науқас К. 42 жаста, 20 жыл бойы тәулігіне 1 қорап шылым шегеді. Көп мөлшерде "толған ауыз" іріңді қақырықтың бөлінуімен, кейде қақырықта қан жолақтары болуымен жөтелге шағымданады. Анамнезінен: балалық шақта жиі бронхиттер, соңғы 2 жыл ішінде үш рет ауруханадан тыс оң жақ өкпе пневмониясы бойынша емделген. Аускультация кезінде жауырын аралықта ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Диагнозды верификациялау үшін науқасқа қандай зеттеу әдісін жүргізу керек?
Бронхоскопия
Спирография
Компьютерлік томография
Сцинтиграфия
Ангиография
158. Анамнезінде қант диабеті бар, 1 апта бұрын стационарда ауыр пневнония бойынша 2 курс комбинирленген антибактериалді ем қабылдауды аяқтаған науқаста ауыз қуысында ақ жабынның пайда болуы, субфебрилді дене температурасы, науқасытың кеуде торының КТ-да "қар үлпектері" күйіндегі өкпенің екі жақты инфильтративті зақымдалуы қандай аурудың дамуы тұралы болжайды.
Өкпе эхинококкозы
Өкпе кандидомикозы
Өкпе актиномикозы
Өкпе аспергилезі
Өкпе туберкулезі

159. Ер адам 57 жаста, анамнезінде ИБС. Тұрақты стенокардия. Антигипертензивті терапия алады. SCORE шкаласы бойынша 10 жылдық риск ≥10%. ҚР ДСМ 03.10.2019 ж. "артериялық гипертензия" хаттамасына сәйкес САҚ (УД - IA) қай деңгейге дейін төмендету қажет?


Төзімділігі жақсы болса САҚ ≤140 мм.с.б.б мақсатты деңгейіне дейін түсіру қажет, бірақ <120 мм.с.б.б-дан төмен емес
Төзімділігі жақсы болса САҚ ≤135 мм.с.б.б мақсатты деңгейіне дейін түсіру қажет, бірақ <120 мм.с.б.б-дан төмен емес
Төзімділігі жақсы болса САҚ ≤120 мм.с.б.б мақсатты деңгейіне дейін түсіру қажет, бірақ <120 мм.с.б.б-дан төмен емес
Төзімділігі жақсы болса САҚ ≤130 мм.с.б.б мақсатты деңгейіне дейін түсіру қажет, бірақ <120 мм.с.б.б-дан төмен емес
Төзімділігі жақсы болса САҚ ≤125 мм.с.б.б мақсатты деңгейіне дейін түсіру қажет, бірақ <120 мм.с.б.б-дан төмен емес
160. Ер адам 62 жаста, анамнезінде инсульт, қант диабеті бар. SCORE шкаласы бойынша 10 жылдық риск - ≥10%. Антигипертензивті терапияны қабылдайды. Ауруды басқару бағдарламасына қатысады. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ережелері мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына қосылу ережелеріне» сәйкес (2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрық) сәйкес осы науқасқа БМСК дәрігерлік тексеруден өту жиілігі қандай?
3 айда 1 рет
1 айда 1 рет
2 айда 1 рет
6 айда 1 рет
12 айда 1 рет

161. 53 жастағы әйел, анамнезінде асқазан жарасы. Артериялық гипертензия бойынша антигипертензивті ем қабылдайды. Ауруларды басқару бағдарламасына қатысады. 10 жылдық SCORE көрсеткіші - ≥1-ден <5% дейін.«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ережелері мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына қосылу ережелеріне» сәйкес (2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрық) сәйкес осы науқасқа БМСК дәрігерлік тексеруден өту жиілігі қандай?


3 айда 1 рет
1 айда 1 рет
2 айда 1 рет
6 айда 1 рет
12 айда 1 рет
162. 57 жасар ер адам артериялық гипертензиямен ауырады. Антигипертензивті терапияны қабылдайлы. Дәрігер қарауында алкоголь қабылдау бойынша сұрақ қойды. Ерлер үшін алкоголь қабылдау бойынша ұсынылатын шектеуді көрсетіңіз (УД – IA):
16 Б*/аптасынан кем
14 Б*/аптасынан кем
18 Б*/аптасынан кем
20 Б*/аптасынан кем
22 Б*/аптасынан кем
163. Ер адам 22 жаста, профтексерісте қан қысымы екі қолында 145/80 мм с.б.б. Барлық өмірлік көрсеткіштер қалыпты. Қандай тактика ең тиімді?
салауатты өмір салтын ұстану
1 саты (бастапқы терапия) - Қос комбинация
2 саты-үштік комбинация
3 саты — үштік комбинация + спиронолактон немесе басқа препарат
монотерапия
164. 21 жасар студент 2 күн бойы жалғасқан эпигастрий аймағындағы ауырсыну және құсу бойынша жүгінді. Анамнезінде: атопиялық дерматит және Хашимото тиреоидиті, левотироксин қабылдайды. Ешқандай екпелер қабалдамаған. Демалыс күндері 1-2 сыра ішеді және кейде марихуана шегеді. Дене температурасы 36,3С, пульс 95соқ/мин, ТАЖ 16 рет/мин, АҚ 130/80 мм сын.б.б. Іші үрленген, пальпацияда эпигастрия аймағы ауырсынады, Hb – 152 г/л. Науқас жағдайын бағалауда қай кезекті қадам анағұрлым орынды?
Тер бөлінуге тест жүргізу
Шошқа тұмауы IgM-ге сарысулық титрді өлшеу
Эзофагогастродуоденоскопияны орындау
Науқастың бойлық қалпында іш қуысының рентгенін жүргізу
Қан сарысуындағы липидтер деңгейін анықтау

165. 2 жастағы қант диабеті бар 79 жастағы ер адам. Валсартан 80 мг + гидрохлоротиазид 12,5 мг қабылдайды. ҚР ДСМ 03.10.2019 ж. "артериялық гипертензия" хаттамасына сәйкес антигипертензивті емді жақсы жаққан жағдайда САҚ (УД - IA) деңгейін қай нысаналы деңгейге дейін төмендету ұсынылады?


110-119 мм с.б.б.
120-129 мм с.б.б.
130-139 мм с.б.б.
140-149 мм с.б.б.
150-159 мм с.б.б.

166. Бұрын сау 28 жастағы ер адам 2 күн бойы бас айналу мен жүрек соғуына шағымданып келген. Симптомдар басталғанға дейін ол көп алкоголь ішкен кешке қатысқан. ЭКГ-да тар QRS кешендерімен және Р-толқындарсыз тұрақты емес ырғақ. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?


Синус түйінінің әлсіздік синдромы
Қарыншалық фибрилляция
Гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия
Созылған кардиомиопатия
Жыпылықтаушы аритмия

167. 42 жастағы әйел қабылдауда. Оған 2 ай бұрын астма диагнозы қойылған. Ол сальбутамолды қабылдайды және беклометазон қабылдайды, бірақ оны түнде төсекте жатқанда жөтел мазалайды. Соңғы 2 апта ішінде оны кеудедегі ауырсыыну сезімі мазалап жүр. Бойы - 158 см, салмағы - 75 кг, ДСИ - 30 кг/м2. Оның дауысы қарлыққан және тексеру кезінде тамағын көп шаяды. Өкпесі таза. ФДК1 толығынан 78%. Ауруды емдеудің келесі қадамы қандай?


Эхокардиограмма тағайындау
Сальметерол ингалятор қосу
Преднизолонды қосу
IgE Тексеру
Протонды помпа тежегішін қосу

168. 67 жастағы науқас төс артындағы қысып ауыру сезіміне шағымданып кеңесіне келді. 2 жыл бойы ЖИА-мен ауырады. Соңғы аптада ауыру сезімінің жиіленуінен, қарқындылығының ұлғаюынан науқастың жағдайы нашарлаған. ЭКГ тағайындалды. Электрокардиограммада не ЕҢ анықталуы мүмкін?


ST сегментінің ишемиялық ығысуы
Жүректің сол бөлігінің жүктемесі
Сол қарыншаның гипертрофиясы
Т тісшесінің инверсиясы
Тахикардия

169. 52 жастағы ер адам бір баспалдаққа көтерілгенде және 150-200 м жүргеннен кейін пайда болып, сол қолға иррадияцияланатын және нитроглицерин қабылдағанда басылатын төс артындағы күйдіріп ауру сезіміне шағымданады. Объективті: Аускультациясында жүрек тондары бәсеңдеген , ритмі бірен саран экстрасистоламен үзіледі. ЭКГ де : сол қарынша гипертрофиясы . Стандартты терапия тағайындалғаннан соң бір айдан кейін стенокардия ұстамасы толық жойылды. Физикалық жүктемеге толеренттылықтың өзгерісін анықтау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған ЕҢ дұрыс ?


Сцинтиграфия
Рентгенография
Стресс - эхокардиография
Коронарография
Электрокардиография

170. 64 жастағы науқас , бір ай бұрын трансмуральді миокард инфарктін өткерген. Дәрі дәрмектік ем қабылдап жатыр (бета-блокаторлар, аспирин, АПФ ингибиторлары, нитраттар, статиндер). Осы фонда бір айдан кейін стенокардия ұстамалары қайта пайда болды, науқас нитраттардың мөлшерін көтерді (кардикет 60 мг/тәу), бірақ әсері қысқа уақытқа және әлсіз болды. Осы науқасты жүргізудің ЕҢ дұрыс тактикасы:


антиангинальді терапияны күшейту , кальцый антоганисттерін қосу.
уақытша нитраттарды аластату (толеранттылықтың даму қаупі)
антиоксидантты әсерімен дәрілерді емге қосу
реваскуляризация тәсілін шешу үшін коронарографияға жіберу
консервативті емдеу курсын қабылдау үшін госпитализациялау

171. Ұзақ уақыт артериальді гипертензия, қант диабетімен ауыратын, бір жыл бұрын жайылған трансмуральді миокард инфарктысын өткерген 72 жастағы әйел кеуде артындағы басып ауыру сезіміне, ентігуге шағымданып келді. Қарағанда өкпесінде іркілісті сырылдар. Дәлелді медицинаның қағидаларына сай көрсетілген дәрілердің қайсысын науқастың емдеу жоспарына қосқан ЕҢ тиімді?


Доксасозин
Анаприлин
Нифедипин
Корглюкон
Карведилол
172. Бұрын инфаркт миокардын өткерген 60 жастағы ер адам ентігу және түнде болатын тұншығу ұстамаларына шағымданып ауруханаға жатқызылды. Тәуліктік ЭКГ мониторлауда миокардтың ауыру сезімсіз ишемия эпизодтары, қарыншалық пароксизмальды тахикардия анықталды. Науқаста ЕҢ жиі дамитын асқыну?
Синкопе
Қарыншалық фибрилляцияға
Жүрекшелердің фибрилляцияға
Жүрекшелер дірілі
Жүрекшелік тахикардия

173. Қандай метаболикалық кардиопатияға негізгі зат алмасудың төмендеуі, терінің құрғауы, брадикардия, ТТГ жоғарлауы тән?


гипотиреоидтық


алкогольдік
анемиялық
гипертиреоидтық
климактериялық

174. 26 - жастағы ер адам, тұмаумен ауырғаннан кейін екі аптадан соң ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі мен дене қызуының жоғарлағанын байқаған. Қарап тексергенде: ортопноэ, балтырлары ісінген. Өкпесінде іркілмелі, ылғалды сырылдар, ТЖ - 32 рет мин. Кардиомегалия. Жүрек үндері бәсең, жүрек ұшында III тон, систолалық шуыл естіледі, жыпылықтаушы аритмия. ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ - 100/60 мм.с.б.б. Бауыры 3 см ұлғайған. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, кардиоспецификалық ферменттер ұлғайған. ЭКГ- АВ-блокадасының І дәрежесі, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ- сол жақ қарынша қуысының ұлғаюы, айдау фракциясы - 40%.


Сіздің диагнозыңыз?

ревматизмдік емес миокардит


жалқық (выпотной) перикардит
инфекциалық эндокардит
жүйелі қызыл жегі
ревматизмдік жүрек ақауы

175. Созылмалы алкоголизммен ауыратын 54 жастағы ер адамды жүрек тұсында ұзақ сыздаған ауыру сезімі, жүктемеде ентігу, жүрек ырғағының бұзылыстары, аяқтарындағы ісінулер мазалайды. Объективті: ТАЖ – 32/мин, өкпесінде майда көпіршікті сырылдар. Жүрек үндері тұйықталған, аритмиялық, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ 50/мин. АД - 90/60 мм сб.б. ЭКГда: АВ – бөгеме I дәрежесі, политопты қарыншалық экстрасистолалар.


Көрсетілген медикаментозды емес тағайындаулардың қайсысы емдеу соңына нәтижелі әсер етеді

алкоголдан бас тарту


тәулігіне 1,0-2,0 дейін сұйықтықты шектеу
калий және магний ем дәмін тағайындау
физикалық жүктемені шектеу
тұзды шектеу

176. 42 жастағы ер адам алдыңғы жайылған Q-миокард инфарктын өткерді. Ауыру сезімін басқаннан кейін төсек режимін және дәрігер нұсқауларын сақтамады. Қарап тексергенде: анық прекардиальді пульсация IV сол жақ қабырға аралықтан анық естіледі, «суып қалған ЭКГ», сол қарыншаның ішкі контурының тұрақты систолалық және диастолалық деформациясы анықталды.


Осы клиникалық көрініс қандай жағдайға тән?

сол қарыншаның нағыз аневризмасы


миокард дискинезиясы 
миокард гипокинезиясы
сол қарынша дилатациясы
сол қарыншаның динамиялық аневризмасы

177. Инфаркт миокардын өткерген 68 жастағы ер адам аздаған физикалық күштемеде және тыныштық жағдайда пайда болатын төс артындағы басып ауыратын сезімге, ентігуге шағымданады. Об-ті: ЖСЖ – 62 рет мин. АҚ – 110/60 мм с.б. ЭКГ-да – созылмалы коронарлы жетіспеушілік белгілері. Тропонин I - 0 нг/мл.


Көрсетілген препараттардың қайсысын антиангинальді мақсатпен тағайындау оптимальді

Кардикетті


Изоптинді
Кетоналды
Аспиринді
Аналгинді

178. Атеросклероз бойынша қауіп тобына кіретін 42 жастағы ер адамда ең алғаш рет аналгетиктермен басылатын төс артында қысқан тәрізді қарқынды ауру сезімі пайда болды. ЭКГ: Миокардтың алдыңғы қабырғасының ишемия белгілері, сол қарыншаның гипертрофиясы. Коронароангиографияда сол коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық бұтағының 85% стенозы анықталды.


Емдік тактиканың ең қолайлысын таңдап алыңыз:

Стенттеу
Трансплантация 


Баллонды ангиопластика
Аорто-коронарлы шунттау
Маммарлы-коронарлы шунттау

179. 56 жастағы әйел күндіз дайындалған тамақты қолдануымен байланыстыратын кенетен эпигастрийдегі ауырсыну мен жүрек айнуына шағымданады. Өздігімен асқазанын жуып, одан кейін жағдайының тіпті нашарлауын байқаған. Об-ті: жағдайы ауыр, терісі бозғылт, суық терімен қапталған. Жүрек тондары тұйықталған, бірлі-жарым экстрасистолиялар. ЖСЖ – 118 рет мин. АҚҚ-80/60мм с.б.б. Ішінің пальпациясында эпигастрий аймағы керілген. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF монофазды қисық.


Көрсетілген диагноздардың қайсысы мүмкін?
Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты . Кардиогенді шок. 
Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты. Экстрасистолия I топ. Лаун бойынша.
Q тісшелі алдыңғы-қалқалық миокард инфаркты. Рефлекторлы гипотензия. 
Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты. Гиповолемиялық шок.
Q тісшелі артқы-бүйірлі миокард инфаркты. Кардиогенді шок. 

180. 49 жастағы ер адам бірнеше жылдар бойы тамақтанған кейін және ауыр көтерген кезде, горизонтальды қалыпта күшейетін, кекіруден кейін азаятын, семсер тәрізді өсінді аймағындағы ауырсыну мен қыжылға шағымданады. Рентгенде өңештің абдоминальды бөлігінің, асқазанның кардиальды және фундальды бөліктерінің кеуде торшасына ығысуы анықталады. Кенеттен науқаста кеуде артында айқын ауыру сезімі, қан аралас құсық пайда болды.


Қандай емдеу тәсілі тиімді?

оперативті ем


химиотерапия
сәулелік терапия
консервативті ем
санаторлы курорттық ем

181. Науқас А, 58 жаста, артериалық қысымның (АҚ) 180/100 мм.с.б. дейін жоғарлануына, бас ауруына, басайналу, құлақтағы шуға шағымданады. Артериялық гипертензиямен 4 жыл шамасында ауырады. Тұқым қуалаушылық: анасында артериялық гипертензия мен қант диабет, әпкесінде артериялық гипертензия, семіздік >100 кг. Аз қозғалыстағы өмір салтын ұстанады, емдәм қолданбайды. Дене салмағы 76 кг, бойы 158 см, дене массасының индексі (ДСИ) 30,44 кг/м². бел шеңбері 102 см, жаңбас шеңбері 102 см, бел шеңберінің жаңбас шеңберіне қатынасы -1 тең. Осы жағдайда қандай антигипертензиялық препараттарды тағайдау қажет?


АПФ ингибиторлары
Бета – блокаторлар
Диуретиктер
орталық әсері бар препараттар
Симпатолитиктер

182. Науқас А, 55 жаста, ртериалық қысымның (АҚ) 160/100 мм.с.б. дейін жоғарлануына, бас ауруына, басайналу, құлақтағы шуға шағымданады. Артериялық гипертензиямен 10 жыл шамасында ауырады. Тұқым қуалаушылық: әпкесінде қантты диабет, семіздік >100 кг. Аз қозғалыстағы өмір салтын ұстанады, емдәм қолданбайды. Дене салмағы 76 кг, бойы 158 см, дене массасының индексі (ДСИ) 30,44 кг/м², бел шеңбері 102 см, жаңбас шеңберіне 102 см, бел шеңберінің жаңбас шеңберіне қатынасы - 1. Науқастың ДМИ-і семіздіктің жіктелуі бойынша (ДСҰ, 1977) қандай дәрежесіне сәйкес келеді?


семіздіктің 1-ші дәрежесіне
семіздіктің 2-ші дәрежесіне
семіздіктің 3-ші дәрежесіне
дене массасы қалыпты
дене массасы артық

183. Жалпы практика дәрігеріне 34 жастағы пациент бастың ауруы, ашушаңдық, шөлдеу шағымджарымен қабылдауға келді. Анамнезінде: бедеулік. Объективті: дене массасының индексі 30, гипертрихоз, іш пен арқада жолақтар, АҚ 164/98 мм.с.б. Қосымша диагностикалық зерттеу нәтижесінде битемпоральді гемианопсия анықталды, плазмадағы глюкоза 7,8 ммоль/л. Аталған симптомдар жиынтығы қандай ауру туралы ой келеді?


Штейн—Левенталь синдромы.
Қантты диабет
Гипофиз аденомасы.
II дәрежелі артериалды гипертензия
Асқынуы бар II-дәрежелі семіздік
184. 15 жастағы жас өспірім көп мқлшерде құсу, іштің ауруына шағыммен жалпы практика дәрігері шақыруға келген. Бір апта бұрын тамақ ауруымен (ангина) ауырған. Бірнеше күн бойы әжесінің айтуымен аспирин қабылдаған. Бірнеше сағат бұрын 2 шыны қою кофе ішіп, жалпы әлсіздік, бас ауналу, "көз алдында шіркей" байқаған. Жақын күндері көп мөлшерде майлы тағамдар (қуырылған тауық еті мен шоколад қосылған торт) жеген. Құсық "кофе қоюы" типті, құрамында жақында желінген тағам бөлшектері бар. Пациент бозарған, ЧСС 100соққы/мин, әлсіз толығу, АҚ 100/50 мм.с.б. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастр аймағы ауырады. Соңғы күндері үлкен дәрет жоқ. Болжамды диагноз:
Тағамдық токсикоинфекция.
Жіті панкреатит.
Мэллори—Вейсс синдромы.
Аллергиялық энтероколит.
Эрозиялық гастрит
185. Миокард инфаркттің 20-шы тәулігінде науқастың кеуде аймағында ауру сезімі пайда болды, дене температурсы жоғарлап, перикард үкелісінің шуы естіледі, қанның клиникалық анализінде - ЭТЖ жоғарлаған. Болжамды диагноз:
Миокард инфарктының рецидиві.
Идиопатиялық перикардит.
Дресслердің постинфаркт синдромы.
Разрыв миокардтың жыртылуы.
Миокард аневризмасы.
186. Бірнеше ай бұрын миокард инфаркті болған 75 жастағы науқаста ентікпе, балдыр мен табандарының ісінуі, әлсіздік пайда болған. Өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды сырылдар естіледі. Қан анализінде: Hb 155 г/л. ЭКГ - синустық тахикардия және алдыңғы қабырғасы және қалқа аймағында ошақты өзгерістер. Науқаста болуы мүмкін:
Ошақты пневмония.
Іркілді жүрек жетіспеушілігі
Созылмалы обструктивті бронхиттің асқынуы
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Миокардиодистрофия.
187. Әйел адам 35 жаста, шылым шегеді, дене массасы индексі 32, бір жылдан астам оральді контрацептивтер қолданады, ентікпеге шағымданады, дене температурасы 37,5 С дейін жоғарлап, жөтел кезінде қан қоспасы бар қақырық бөлінеді, сол жақ кеуде аймағы ауырады. Үшінші күн ауырып жатыр. Науқаста қандай ауру пайда дамыды?
Созылмалы бронхиттің асқынуы.
Бронхтың аденокарциномасы.
Бронхоэктаздық ауру.
Тұрақсыз стенокардия.
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы.

188. Пациент 24 жаста, жалпы әлсіздік, дене температурасының 38,6 С дейін жоғарлауы, бас ауруы, мойын қозғалысының шектелуі, арқа ауруы, жүрек айну, құсу, тамағының ауруына шағымдармен жүгінген. Симптомдар 2 күн бұрын, бақшада пайда болған. Барлық денесінде шекаралары анық емес, қызыл дақтар түрінде бөртпе бар. Қарау барысында: жағдайы орташа дәрежелі, мойындық лимфа түйіндері ұлғайған, ұлғайған көкбауыр пальпацияланады, жұтқыншағы геперемияланған, шүйде бұлшықеттері тырысып тұр. Сіздің болжамды диагнозыңыз:


ЖРВИ (ОРВИ).
Шығу тегі белгісіз сепсис.
Лайм ауруы.
Вирусты менингит.
Аллергиялық реакция

189. Бехтерев ауруының лабораториялық диагностикасы кезінде клиникалық болжамның шешуші растамасы болып табылады:


ЭТЖ ұзақмерзімді жоғарлауы
Гипохромды анемия
Қан сарысуында глабулин фракцияларының және С-РБ жоғарлауы
HLA 27 антиденелердің анықталуы
Лизосомды ферменттер белсенділігінің жоғарлауы.

190. 35 жастағы әйел адам, жалпы практика дәрігерге ұзақтылығы 5-10 мин кеуде қуысында эпизодтты түрде пайда болған ауру сезіміне шағымданған. Ауру сезімі тыныштықта да, физикалық жүктеме кезінде де пайда болады, ауру сезімі ешқайда иррадиация бермейді. АҚ бұрын жоғарламаған. Отбасының 50 мен 56 жастағы 2 мүшесі жүрек ауруларынан көз жұмған. қарау барысында - науқастың жағдайы қанағаттандырылған, АҚ 120/70 мм.с.б., ЧСС 70 соққы/мин. Жүректің жоғарғы соққысы ұлғаюы, кеуденің сол жақ бойымен систолалық шу естіледі, әсіресе тұрған кезде шу қарқыны жоғарлайды. ЭКГ-да: ST және T спецификалық емес өзгеруі. Болжамды диагноз: Функционалды шу, вегето-тамырлы дистония.


Аортальды стеноз.
Гипертрофиялық кардиомиопатия.
Митральді стеноз.
Өкпе артериясының стенозы

191. Жүрекшелік пароксизмальді тахикардияны тоқтатудың әсерлі препаратын таңдаңыз;


Новокаинамид.
Жүрек гликозидтері.
Верапамил.
В-адреноблокаторлар.
Лидокаин.

192. Жас әйел адамда профилактикалық қарау барысында АҚ 160/90 мм.с.б. дейін жоғарлауы анықталған. Қайталанатын бас ауруларына шағымданады. Несеп сараптамасында патологиялар анықталмаған. ЭКГ да: ST сегментінің спецификалық емес өзгеруі. 10 жыл бойы оральдік контрацептивтерді қолданып келеді. АҚ жоғарлауына себеп болған:


Артериялық гипертензия.
Оральдік контрацептивтерді қолдану
Нейроциркуляторлы дистония.
Әсер көрсетпеген оральдік контрацептивтердің салдарына пайда болған жүктілік
Электролитті бұзылыстар

193. Ер адам 65 жаста, кенеттен пайда болған ауру сезімі мен оң аяғының парастезиясы бойынша жалпы практика дәрігерін шақыртқан. Объективті қарау кезінде оң жіліншік пен аяқ басы бозарған, аяқты көтерген кезде бозару ұлғаяды. Аяқ басының сыртқы артериясының соғуы байқалмайды. Бұл симптомдар немен байланысты:


Беткейлік тромбофлебитпен.
Омыртқа жотасының бел аймағының жарығымен (грыжа)
Артериальді окклюзиямен
Жіліншіктің терең веналарының жеткіліксіздігімен
Шеткері нейропатиямен

194. Әйел адам 43 жаста, ішқату шағымдарымен жалпы практика дәрігеріне жүгінген. Оның өздігінен үлкен дәретке отыруы болмайды. Сұрастыру барысында аяқ-қолдарының тоңғақтығы, шаршағыштық, шашының түсуі анықталды. Програмист болып жұмыс жасайды, ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отырады екен. Қарау барысында терісі мен шырышты қабықшаларының құрғақтығы анықталды. Жүрек тондары көмескі (глухие). АҚ 110/70 мм.с.б. Іші жұмсақ, іш пальпациясы кезінде нәжіс массаларына толы, тығыз сигма тәрізді ішек анықталады. Аталған науқас үшін ең ақпаратты диагностикалық тестті таңдаңыз:


Фиброгастроскопия.
Қалқанша без гормондарын анықтау
Фиброколоноскопия.
Копрограмма.
Іш қуысының УДЗ

195. Ер адам 45 жаста, жалпы практика дәрігерге жиі қайталанатын, көп мөлшердегі іштің өтуіне, қатты әлсіздік пен шөлдеуге шағымданған. Өзін таңатқалы нашар сезінуде. Кеше кешкісін қатты әлсіздіктің салдарынан жұмыстан ерте кеткен. Сонымен қатар тұзды тағымды жеуге ынтазарлы. Қарау барысында сөйлегені баяу, терісі құрғақ, АҚ 90/50 мм.с.б. Терісі бозарған, алайда қатпарларда қатты күнге күйген іспетті көрінеді. Анамнезінен: өкпе туберкулезы, тубдиспансерде бірнеше жылдар бойы есепте тұрған, ауру формасын білмейді. Болжамды диагноз:


Жіті гастроэнтерит.
Аддисон ауруы.
Туберкулезды илеотифлит.
Тырысқақ (холера)
Тітіркенген ішек синдромы

196. Науқас 60 жаста, вирусты респираторлы инфекция салдарынан айқын нефротикалық синдром дамыған. Жан-жақты зерттеу (эндоскопия, УДЗ және рентген) барысында ісік аурулары анықталмаған. Ұзақ уақыт бойы II типті қантты диабетпен ауырып келеді, маннинил қабылдайды. Нефротикалық синдромның генезін анықтайтын зерттеу әдісі:


Қызылиек шырышты қабатының биопсиясы
Несептің микроскопиясы, несеп егу
Радиоизотопты рентгенография.
Стернальді пункция.
Бүйрек биопсиясы.

197. Науқаста бронхоэктаз, созылмалы ринит, синусит және ішкі ағзалардың жартылай кері орналасу симптомдары бар. Болжамды диагноз:


Өкпе артериясының гипоплазиясы
Өкпе бөлігінің поликистозы.
Вильямс—Кэмпбелл синдромы.
Картагенер синдромы.
Мунье—Кун синдромы

198. Қалқанша безінің субтотальді резекция отасынан кейін науқастың аяқ-қолдарының қалтырауы, Хвостек симптомы, Труссо симптомы пайда болды. Науқаста қандай асқынулар пайда болды?


Гипотиреоз.
Тиреотоксикалық криз.
Жұтқыншақ нервтерің травмасы.
Гипопаратиреоз.
Тиреотоксикоздың қалдық белгілері

199. Науқас 45 жаста, ірі буындарының ауырғанына шағымданады, әсіресе тізе буындарының, бұлшықеттің ауруы, әлсіздік. Бір ай бойы жүрек тұсында ауру сезімі мазалайды, екі ай бойы - оң жақ беттің ұюып, шаңшаған, басылғанына 1 апта болды. Анамнезінде: жиі тамағының ауруы (ангина). 10 жыл бойы ауылда тұрады, шикі сүт ішеді, орманға барады. 3 ай бұрын кене шағып алған. Медпункқа жүгініп, "кененің шағуна аллергиялық реакция" деген диагнозбен 2 апта емделген. Қарау барысында: буындар өзгеріссіз, жүрек дыбыстары тұйық, тахикардия. Болжамды диагноз:


Ревматизм.
Ревматоидты артрит жүйелі көріністермен.
Бруцеллез.
Лайм ауруы.
Хламидиоз.

200. Шылым шегетін, қатты қорылдайтын ер адамда ұйқы кезінде қысқа мерзімді (15 сек) құрысу ұстама пайда болып, тынысы тарылып, есінен таңған. ЭКГ -де Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасы анықталған. 2 дәрежелі семіздік белгілері. Болжамды диагноз:


Ұйықы кезінде апноэ.
Брадикардия.
Вазовагальды синдром.
Құрысу ұстамасы.
Жөтел талмасы

201. Ер адам 38 жаста, кеуде қуысының стенокардиялық ауру сезіміне шағымданады. Төстің сол жақ шеті бойымен систолалық шу естіледі. ЭКГ-да сол жақ қарыншасының гипертрофиясы, ST және Т спецификалық емес өзгерістері, сонымен қатар сол қарыншаның ұлғаюы. Эхо-КГ кезінде қарыншааралық қалқаның асимметриялы гипертрофиясы анықталған. Болжамды диагноз:


Нейроциркуляторлы дистония.
Дресслер синдромы.
Перикардит.
Диафрагманың тағымдық қуысының грыжасы.
Гипертрофиялық кардиомиопатия.

202. Ер адам 47 жаста, нервті-психологиялық кернеу салдарынан кеуде тұсының қатты ауру сезімі пайда болған, әлсіздік, беті аздап терлеген. Өз бетінше көлікпен ауруханаға жеткен. Қарау барысында бозарған, әлі де кеуде тұсының қатты ауырғанын жеткізді. ЭКГ-да - синустық тахикардия, PQ 0,14 с, жылжуы V1-V3 сегмент ST R ортасынан басталып Т биік тісшесіне өтеді. Болжамды диагноз:


кернеулік стенокардия .
тұрақты емес стенокардия.
Спонтанды стенокардия.
Миокардит.
миокард инфарктсы.

203. Ер адам 40 жаста, біртіндеп шаршағыштық, физикалық жүктеме кезінде жүрек қағысы мен ентікпе, іштің жоғарғы аймағының ауырлығы пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде дене температурасының 37,5 С дейін жоғарлайды. Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабықшаларының бозғылдығы, бауырдың шеті және қабырғалық доғадан 5-6 см ілгері шығып тұрған, тығыз көкбауыр пальпацияланады. Лабораториялық зерттеулер: НЬ 105 г/л, түстік көрсеткіш. 0,94, лейкоциттер 60х109/л, тромбоциттер 140х109/л, лейкоцитарлы формуланың промиелоцит, миелоцит және миелобласттарға дейін солға жылжуы, , ЭТЖ 70 мм/сағ. Болжамды диагноз:


Созылмалы миелолейкоз.
Лимфогранулематоз.
Жіті лейкоз.
Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура.
Тұқымқуалайтын микросфероцитоз.

204. ЖПД (ВОП) дәрігерінің қабылдауында 56 жасар ер адам 200 м қашықтыққа жүрген кезді және бір қабатқа жоғары көтерілген кезде төс арты басып, күйдіріп ауырсынулардың пайда болуына шағымданады, нитроглицирин қабылдаған кезде ауырсыну басылады. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, ырғақ дұрыс емес. ЭКГ-да синиустық аритмия, минутына 85-110 соққы, бір реттік қарыншалық экстрасистолалармен үзілісті. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Статин нитраттарын және антиагреганттарды қабалғаннан кейін 2 ай бойы стенокардия ұстамасы болған жоқ. Физикалық жүктемелерге толеранттылықты анықтау үшін ең ақпаратты зерттеу болып табылады:


Коронароангиография
Электрокардиография
Тредмил-тест
Сцинтиграфия
Эхокардиография

205. Миокард инфарктісі бар науқастарда қарыншалар фибрилляциялары сияқты асқынулар қай кезде болуы мүмкін?


ауру басталғаннан 1,5-2 сағаттан кейін
аурудың 2-3 тәулігіне қарай
аурудың 8-10 тәулігіне қарай
ауру басталғаннан 15 тәулігіне қарай
ауру басталғаннан 30 тәуліктен кейін

206. Электрокардиограммада инфарк миокарды кезінде Q үшін қандай өзгерістер тән:


STсегментінің жәнеТ тісшесінің депрессиясы
Q патологиялық тісшесі немесе QS типті комплекстер
STсегментінің жәнеТ тісшесінің жоғарлауы
Жиі қарыншалық экстрасистолалар
Атриовентрикулярлы өткізгіщтіктің баяулауы

207. Ер адам 33 жаста, жүктеме кезінде жоғарлайтын жалпы әлсіздікті, температураның жоғарлауы, әсіресе кешкі уақыттарда, шырышты-іріңді қақырықпен жөтел. Ахуалы 5 күн бұрын нашарлаған. 4 жыл бойы ауырады, күз-көктем мезгілдерінде өршейді. Объективті: орташа дәрежелі ауырлық. Тыныс қатты, екі жақтанда, құрғақ сырылдар бар. ТАЖ минутына 22. Ең болжамды диагноз:


ЖРА (ОРЗ)
Жіті бронхит
Созылмалы бронхит
ЖРВИ (ОРВИ).
Ауруханадан тыс пневмония
208. Ер адам 43 жаста, АГ мен есепте тұрады, қатты бастың ауруына, қатты бұлшықет әлсіздігіне және таңғы уақытта қайталанатын беттің ісінуіне шағымданады. Қарау кезінде: пульс -85 соққы минутына, АҚ -210-120 мм.с.б.б. ЭКГ да- сол жақ қарыншаның айқын гипертрофия белгілері. Қан анализінде: калий – 2,6 ммоль/л, натрий - 147 ммоль/л. Несеп анализінде: гипоизостенурия, несеп тұңбасы өзгеріссіз, несеп реакциясы - қышқылды. Ең болжамды диагноз:
Феохромоцитома
Кон синдромы
Созылмалы пиелонефрит
Созылмалы гломерулонефрит
Иценко - Кушинг синдромы

209. 57 жастаға әйел адамда соңғы 2 жыл ішінде тұрақты түрде АҚ жоғарлайды, диспансерлік есепте тұр, АПФ ингибиторлары мен Сартанам ем қабылдап жүр. Сол қарыншаның гипертрофиясын диагностикалау үшін ең ақпаратты зерттеуді атаңық:


Электрокардиография
Эхокардиография
Вентрикулография
Сцинтиграфия
Кеуде қуысының КТ.

210. Асқынбаған миокард инфарктісі кезінде ЭТЖ максимальді жоғарлауы пайда болуы мүмкін мерзімдер:


Ауру басталғаннан 1-2 сағат ішінде
Ауру басталғаннан 24 сағат ішінде
Ауру басталғаннан 48 сағат ішінде
Ауру басталғаннан кейін 8-12 тәулікте
Ауру басталғаннан кейін 15 тәулікте

211. Ер адам 47 жаста, жүрек тұсының сыздап ауратынына, қатты жүктемеден кейінгі ауытқу және жүрек қатып қалғандай сезімге шағымданады. Тұрақты түрде 250-300 гр арақ және сыра ішеді. Перкусия кезінде - жүрек шекаралары 2 см солға ығысқан. ЭКГ - синустық аритмия, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің (РQ-0,32) баяулауы, жиі жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолалар, кеуделік әкету ST сегментінің төмендеуі, V4- V6 - де екіфазалық Т тісшесі. Эхо-КГ да шығу фракциясы 37%. Болжамды диагноз:


Алкогольді кардиомиопатия
Жүректің ишемиялық ауруы
Жүректің митральді ақауы.
Неревматиялық миокардит
Идиопатиялық гипертрофиялық кардиомиопатия.

212. Мүмкін болатын стенокардия кезінде жүрек тұсының ауырсынуының пайда болуы уақыты:


Алғашқы жарты күнде
Ерте таңғы уақыттарда
Кешкі уақытта
ауырсыну сезімінің пайда болуы тәулік мерзіміне байланысты емес
тағам пайдаланумен байланысты
213. Кернеу стенокардиясы кезінде физикалық жүктемеден кейін ауырсыну сезімі орналасады:
Эпигастр аймағында
Төсарты аймағында
ұш түрткісі аймағында
төстен оң жақтан 3 қабырғаарасы аймағында
Мықын аймағында
214. Науқсас 48 жаста, тұмаудан 18 күннен кейін жүрек маңында қысып және сыздап ауырсынудың күшейе бастағанын байқаған. Объективті: t 37,4 С. Жүректің сол шекарас- бұғана ортасы линиясымен. Жүрек тондары тұйық, жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: AV -өткізгіштігінің 1 дәрежелі бұзылысы. Миокардта алмасу өзгерістері айқын. Төменвольтты ЭКГ. Болжамды диагноз:
Жіті ревматикалық құрысу
Неревматикалық миокардит
ЖИА (ИБС), өршулі стенокардия
Миокард инфарктісі
Гипертрофиялық кардиопатия.

215. 54 жастағы әйел адамның анамнезінде 2019 ж Q-миокард инфарктісі, АКШ өткізгеннен кейін 21 тәулікте тұрақты түрде кардиомагнил және клопидрогель қабылдаған, ентікпе мен аяқ-қолдарының ісінуі, жүрек өлшемдері күрт ұлғайған, рентгенологиялық зерттеуде доғаларының шеттері тегістелген. Қандай асқынуды болжауға болады:


Жабысқан (слипчивый) перикардит
Тромбоэмболиялық асқыну
Қайталанған миокард инфарктісі.
Экссудативті перикардит.
Постперикардитомды экссудативті перикардит.

216. 39 жастағы шахтер арқасына ауыр сайманын арқалап шахтаға түскен кезінде стенокардия ұстамасы дамыған, үйде ұстама қайталанбаған. Тредмил тестті өткізу кезінде физикалық жүктемеге жоғарғы толеранттылық анықталған. Болжамды диагноз:


ФК I1 тұрақты стенокардиясы
Q- жоқ миокард инфарктісі
ФК I тұрақты стенокардиясы
ФК III тұрақты стенокардиясы
Кенеттен пайда болған стенокардия.

217. Әйел адам 69 жаста, төс артының қатты ауырсыну сезіміне шағымданады. Объективті: гепатомегалия, мойын веналарының ұлғаюы, төстің төменгі ұшында патологиялық III тон, парадоксальды артериальді пульс, күрт гипотония. ЭКГ: QS V1- V3 R - V4. ЭхоКГ: оң қарынша қуысының кеңеюі, қарыншааралық қалқаның парадоксальді сол қарыншаға бағытталған қозғалысы. Аталған диагноздардың қайсысы дұрыс:


сол қарыншаның артқы қабырғасының Q- миокард инфарктісі
сол қарынша ұшы мен Q-миокард қалқасы инфарктісі
оң қарыншаның Q-инфарктісі
артқы-бүйірлің Q-миокард инфарктісі
артқы-базальды Q-миокард инфарктісі
218. ЖТД қабылдауына 58 жастағы әйел полиурияға, қынаптың қышуына, шөлдеуіне, әлсіздікке шағымданып келді. 7 жыл созылмалы панкреатитпен сырқаттанады. Дене салмағы 103 кг, бойы 160 см. Терісін қасып тастаған. Қанның қанты 7,7 ммоль/л, холестерині 8,2 ммоль/л. Сіз болжамдаған диагнозды атаңыз?
Қант диабеті
Метаболизмдік синдром
Глюкозаға толеранттылығы бұзылуы
Лимфогрануломатоз
Аллергиялық дерматит

219. 70 жасар әйел наркотикалық анальгетиктерге басылмайтын төс артындағы қатты ауыру сезімге шағымданады. Анамнезінде ұзақ уақыт артериальды гипертензиямен зардап шегеді. Соңғы аптада гипотензивті препараттарды үнемі қабылдағанына қарамастан АҚ көтерілу эпизодтары жиеленді. Объективті: жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, аортада систолалық шу. ЖСЖ-110 рет мин. АҚ 100/60 мм сб.б.


Берілген клиникалық жағдайда кеудедегі ауру сезімінің пайда болу себебі қандай?
Аорта аневризмасының сылынуы
Жұқпалы эндокардит
Вазоспастикалық стенокардия
Гастроэзофагальды рефлюксті ауру
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
1. 29 жасар әйелдің жүктілігінің қауіптілігі кезінде, дюфастон тағайындалды. Дюфастонды екі апта пайдаланғаннан кейін, теріде қышынулар, трансаминаз көрсеткішінің жоғарылауы (АЛТ – 885 ед/л, АСТ – 447 ед/л) препаратты қабылдауды доғарғаннан кейін байқалды. Босанғаннан кейін қандай контрацепцияның қолдануға ұсыныс бересіз?
Контрацепция левоноргистрел
Контрацепция мини-пили
Контрацепция дезагистрел


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет