Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің қызметі



Pdf көрінісі
Дата01.05.2023
өлшемі33,95 Kb.
#88623


Көп компонентті құрмалас
сөйлемдердің қызметі


Көп компонентті құрмалас сөйлемдер ауқымды
күрделенген пікірді:
а) өзара байланысты оқиғаларды, 
ә) түрлі қарым-қатынаста көрінетін процестерді,
құбылыстарды білдіретін пікірді хабарлайды
Қарын ашады, бірақ қосқа баруға қорқам, оны маңайлап
қасқырлар жүрген сияқты.


Сөйлеуші ұсынысын, талабын салмақты етіп көрсету үшін
дәлел болатын оқиғаларды келтіріп, қосып, осыдан көп
компонентті құрмалас сөйлемдер туады. 
«Тағы көн» десе, көнбе, уақыт тығыз, әрі ауыл күтіп отыр. 


Көп компонентті құрмалас сөйлем мағыналық
шоғыр жасау үшін құрылады. 
Ой – омарта, сезім – сәуле, көңлім – кәусәр, атым –Ахмет,
Түркістан - туған елім.


Көп компонентті құрмалас сөйлемнің құрылысы
экспрессия тудыру үшін пайдаланылады. 
Тіпті қара жолға дейін қуалап, көктеп, дүркірей көк шықты.
Дала көңілді дидарының осы қалпына аса ықыласты сияқты.
Мал тойынған. Маң-маң күйсеп,күнге белін қыздырып сиыр
мәз, сиырдың арқасын шоқып сауысқан мәз, көктем көркіне
табынған ел мәз, жер аяғы кеңіп, ойынға өріс тапқан бала-
шаға мәз. Мәз болмағандар жоқ. (О.Бөкеев)


Пайдаланылған әдебиет: 
“Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесі”
Р.С.Әмір, Ж.Р.Әмірова 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет