«Көркем жазу, әдемі жазу» тақырыбындағы ғылыми жобаға ПІКІР
Жұмыста әртүрлі ақпарат көздерінен «Көркем жазу, әдемі жазу» туралы жинақталған құнды ақпараттары бар. Ал бұндай ақпараттар қазіргі таңда өте өзекті және оны оқушы білу үшін қажет.
Жұмыс өте тиянақты түрде жазылған, әрбір бөлімінде нақты мәліметтер мен мысалдар келтірілген.
Бұл жұмыс жоғары деңгейде дұрыс зерттелген. Жұмысқа дұрыс баға бере отырып, оны бұқаралық ақпарат көздері арқылы көпшілікке жеткізу керек деп есептеймін.
Себебі ондағы берілген мәліметтер көпшілік адамның қызығушылығын арттыратыны анық.
Шығармашылық – ізденіс жұмысты жазу барысында оқушы көркем жазу үшін әдістерді терең зерттеген. Зерттеу жұмысында тақырыпты жан-жақты зерттеп ашуға тырысқан.
Теория мен практикалық бөлімде көркем, әдемі жазу туралы салыстырмалы түрде зерттеу жүргізген. Қызықты тың деректер ұсынған. Судың сапасы мен қасиетіне тоқталған.
Оқушы бұл шығармашылық ізденіс жұмысты жазу барысында көп ізденгені байқалды. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыста баяндалған мәселелер әр тақырыпшаға сай іріктелген, мысалдары жеткілікті.
Жалпы алғанда жұмыс өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.