ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Күрделі бұзылыстары бар балалардың психофизикалық дамуы
СӨЖ
Көрмейтін+естімейтін+сөйлемейтін балалардың ойындарының түрлері
орындаған:олигофренопедагогика
Бейсен Айгул
Көрмейтін+естімейтін+сөйлемейтін балалардың ойындарының түрлері
Көрмейтін-сөйлемейтін естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінде үлкен рөлді ойындар алады. Бұл ойындар мекеме ішіндегі көрмейтін-сөйлемейтін естімейтін балалардың тұлғасының қалыптасуында, оның эмоционалдық және психикалық қалыптасуы кезінде маңызды. Мектептік кезеңде ойын арқылы қалыптаспаған жеткіншек, жасөспірімдік кезінде өзімен жасты балалармен қарым-қатынасқа түсуді қаламайды. Кейінгі уақытта оның тәрбиесінде қиындықтар туындайды және қиын ортада әлеуметтенуі де соғұрлым қиындай түседі. Көрмейтін-сөйлемейтін естімейтін балалардың бойында қалыптасып келе жатқан өрескел мінезіне (ашуланшақтық, қырсықтық, эгоизм, қызғаншақтық, жануарларға қатыгездік таныту) төзімділік таныту да маңызды рөл атқарады. Көрмейтін-сөйлемейтін естімейтін мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінде қатаңдық пен басымдық танытуға болмайды. Тәрбие берудің ең негізгі әдісі - көрмейтін-сөйлемейтін естімейтін балаларға түсінікті болып табылатын ойын әрекеттері мен іскерлік қарым-қатынас арқылы, өмірінде қолданыс тапқан іс-әрекеттері немесе оның тәжірибесіне таныс болып келетін жағдайлар арқылы ықпал ету болып табылады
Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін баланы әлеуметтендіру алғашқы сабақ өтуден -ақ басталады. Себебі осы кезде өзіндік психикалық сұрыптау басталады яғни балада «тәрбиеші мен тәрбиеленуші» ұғымы қалыптасады. Осы кезде бала адамдармен қатынасқа түсіп әлеуметтену процесі басталады. Ал ешқандай адаммен қарым-қатынас жасамаған бала ортаға бейімделе алмайды. Осы уақытта баламен жүргізілетін алғашқы ойын басталады. Алайда бала кемістігіне байланысты тәрбиешінің көрсеткен ойындарын қайталай алмайды сондықтан әр баланы ойын ойнауға үйретеді. Тәрбиеші әр бір ойынға өзі де қосыла ойнайды. Ойын түрлеріне үйрету өз-өзіне қызмет етуден басталады. Дене тәрбиесіне үйрету -еңбек тәрбиесімен эстетикалық тәрбиені байланыстыра жүргізіледі. Алғашқы мектепке келген сәтте дене тәрбиесіне үйрету басталады яғни тактильді үйретумен қатар жүргізіледі. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың ұнататын және қызығып ойнайтын ойындары «қызы мен мамасы», «Мектеп», «шаштараз», «дәрігер», «монша» және «автобуста» ойындары болып табылады. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларды сюжеттік-рольдік ойындарға үйрету маңызды болып табылады. Ол баланың айналаны тануына адам баласының көптеген іспен айналыса алатынын түсінуге және ондай адамдар мен қарым-қатынасқа түсуге үйретеді
Рөлдік ойынның тәрбиедегі келесі бір маңыздылыгы, бүрынғыны қайта жаңғыртуға өзіндік әсер беріне байланысты. Осы ретте тәрбиеші баланың қабылдаған рөлінің қалай тәрбиелейтіндігін ескере отыруы керек. Ойын - қиындық жағдайларына, тәрбиелік қарама-қайшылықтарға байланысты болып келеді. Бұл жағдайлар баланың қиын өмірінде эртүрлі оқиғаларына байланысты қабылдаған рөлдердің мағынасын қанық меңгеруге үйретеді.
Көрмейтін-сөйлемейтін естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінің мүмкіндіктері топтық қызмет көрсету, ортақ қажеттілікті өтеу барысында кеңейе түседі. Осы құбылыстардың барлығы бұл балалардағы топтық сезімді, қатынасқа түскен адамдарға көмектесу сынды, сонымен қатар еңбек барысындағы жауапкершілікті түсіне алу тәрізді іс-әрекеттерге итермелейді. Мектеп жасына дейінгі балалар ортасында олар мейірімділік қасиеттерін өзінің бойына сіңіре бастайды. Бұл қасиет өсіп келе жатқан бала үшін оны танып, дамыту өте маңызды. Содан соң тәрбиенің бұл бағыттарын ескере отырып, одан ары қарай дамыту қажет. Баланы тек тәрбиелеу объектісі ғана емес, сонымен қоса тәрбиеленуші субъект ретінде тану да оның өз-өзін тәрбиелеу, дамыта алушылық қасиетін жоғарылата түспек. Дегенімен, балалардың топтық қамтамасыз ету шаралары кейде баланың тәрбиесіне әсер ете алмауы мүмкін. Себебі, баланың тілдік қызметі дамымаған болып келеді. Осы орайда баланы тәрбиелеу тікелей тәрбиешінің өзінің жеке тәжірибесіне және баланың тәрбиеленіп жатқан жағдайына байланысты болып келеді.