Кристаллогидраттардың суда ерігіштігіне есептеулер
Кристаллогидраттар – құрамына су молекулалары кіретін кристалдар. Термодинамикалық жағдайға байланысты зат өзіне судың бірнеше молекуласын қосып алып кристалдануы мүмкін. кристалогидраттың құрамындағы суды кристаллогидраттық су деп атайды. Көптеген кристалогидраттардағы катион төңірегіне су молекулаларының белгілі бір саны жиналып, кешенді ион түзеді. Тотияйынды қыздырса, тор бұзылып кристалл түссіз ұнтақ мыс сульфатына айналады. Кристалогидратдың құрамына кіретін зат пен кристалдық су молекулаларының арасындағы байланыс әр түрлі. Олардың көпшілігі құрамындағы суды тез жоғалтып, ‘’ұнтаққа айналады’’. Кейбіреулерінің құрамындағы суды бөлу үшін қатты қыздыру керек. ‘’Кейбір газ’’ тәрізді заттардың судағы ерітінділерін белгілі бір температураға дейін суытқанда да кристаллогидрат түзіледі.