Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы: “Ұлы даланың жеті қыры.”
Орындаған: МКМ 19-2А
Тексерген: филос.ғ.к., аға оқытушы Бияздыкова К.А.
Жоспар
:
I.
Кіріспе.
II.
Негізгі бөлім:
Ұлы даланың жеті қыры:
1. Атқа міну мәдениеті
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. Түркі әлемінің бесігі
6. Ұлы Жібек жолы
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың
отаны
III. Қорытынды.
Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі.
Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы
басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде,
немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз
жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл
тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп
жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны
орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ
италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл орынды мақтаныш.
Сол сияқты, ежелгі гот-тар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да
Германияның мол тарихи
мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі
Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып
келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады. Бұл –
тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды
білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін
шешуге мүмкіндік туады.
Ұ
лы
да
лан
ы
ң
ж
еті
қы
ры
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне
Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік
өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында
жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі
Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз
дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды.Жылқының
қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады.
Жылқы – қазақ халқының сенімді серігі, елтаңбамызда
қанатты тұлпар бейнеленуінің сыры осында.
Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде атакәсібіміз – жылқы
шаруашылығын дамыту қайтадан қолға алынып отыр.
Қазіргі таңда жылқыны ондап, жүздеп, мыңдап өсіретін
шаруалар, кәсіпкерлер қатары өсіп келеді. Ұлттық ат
ойындары: ат бәйгесі, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, аударыспақ,
жамбы ату, асауды үйрету, т.б. қолға алынып, қайта
жаңғыруда.
1. Атқа міну мәдениеті
Металл өндірудің амал-тәсілдерін
табу тарихтың жаңа кезеңіне жол
ашып, адамзат дамуының барысын
түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл
кендеріне бай қазақ жері –
металлургия пайда болған алғашқы
орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-
ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік
және Шығыс аймақтарында тау-кен
өндірісінің ошақтары пайда болып,
қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен
алтын қорытпалары алына бастады.
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас
бөлшегі санаған. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық
мәдениеті болды.
Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты
белгісі – «аң стилі» өнері.
Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін
тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.
Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын
көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс
пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі
әдістерін жақсы меңгерген.
3. Аң стилі
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол
ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық –
1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған,
өнертанушы
ғалымдар
арасында
«қазақстандық
Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».Біздің
бабаларымыз әлі
күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса
жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің
алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын
өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады.
Қорымдағы
сән-салтанатты
жасау-жабдықтар
ежелгі
бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар
береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің
бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия
аумағынан
бұрын-соңды
табылған
жазу атаулының
ішіндегі ең көнесі.
4. Алтын адам
Достарыңызбен бөлісу: |