Ұлы даланың ұлы есімдері



Дата13.04.2023
өлшемі14,71 Kb.
#82490

Ұлы даланың ұлы есімдері


«Өткенін мақтан тұтып,бүгінін нақты
бағалай білу және болашаққа оң
көзқарас таныту – еліміздің табысты
болуының кепілі»
(Н.Ә.Назарбаев)
Ұлы даланың ұлы есімдері... Иә,қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылған ұлы тұлғаларымыз жетерлік... Қазіргі тәуелсіз ел болуымыздың себепкері – ұлы тұлғалар.Есімдері алтын әріппен қашалып жазылған «Әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және тағыда басқада» көптеген ұлы тұлғалар шоғыры дүниеге келді.Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам дамуына айтарлықтай үлес қосатын, бүкіл әлемге пайдасын тигізетін әйгілі адамдар.Қазақ топырағынан шыққан көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарымыз бүкіл араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде мұра етіп қалдырды.
Ислам өркениеті мен мәдениетін жасауда өзіндік үлес қосқан адамдардың арасында қазақ жерінен шыққан дана тұлғаларда болды... Иә,ол әрине бүкіл елге мәлім Отырар қаласында дүние есігін ашып,күндіз бағбандықпен,кешке ғылыммен шұғылданып,бар тапқанын кітапқа жұмсап күллі түркі жұртын өркениетке танытқан Әбу-Насыр Әл-Фараби.Ол – «екінші ұстаз», араб және Еуропа ғалымдары мойындаған ұлы даланың ұлық тұлғасы.Ғұлама,ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады.Біріншіден,Платон мен Аристотельдің еңбектерін шығыс,араб-мұсылман әлеміне таратқан үлкен ғұлама.Әл-Фараби ислам өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы ойшыл.Шын мәнінде,Әл-Фараби ислам руханиятындағы атаулы тұлға болған,философиялық көзқарасы өте күрделі ғұлама.
Әлемді бағындырған дана да, дара ойшылдарымыздың «Білімді болу деген-жаңалық ашуға қабілетті болу» деген нақыл сөзін бекер қалдырмаса керек.Ол кісінің ашқан жаңалықтарын бір эссеге сыйғызу жоқтан бар жасаған іспеттес десем қате болмас.Ойшылдың ашқан ең үлкен жаңалығы – антикалық мұра мен исламды біріктіретін мәдениет жасауында.Араб елінде аты шығып, «Шығыстың Аристотельі» аталып,артында өшпестей мол мұра қалдырған. Осы күллі түркі жұртының бас ойшылы,түрлі жаңалықтардың,түрлі еңбектердің авторы Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150жылдығы ЮНЕСКО көлнмінде тойланды.Қазақ халқы үшін бұл мерейтойды тойлау үлкен мәртебе,зор қуаныш.Оның еңбектері, жаңалықтары еуропаның өрлеуіне үлкен ықпал етті. Әбу-Насыр Әл-Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарады.
Ұлы даланың ұлы тұлғасы туралы көптеген ғалымдар өздерінің ойларын керемет шеберлікпен жеткізген.Өз ізденісімді көрсету мақсатында зерттеушілер ойларын айта кетейін.Шығыс зерттеушісі Н.И.Конрад «Ортағасырлық ғылым тарихында өзінің ауқымды ғылыми жұмыстары, терең әрі жан-жақты энциклопедиялық білімі жөнінен Әл-Фарабимен теңдесе алатын ғалымды табу қиын» - деп ойшылдың сол бір қасиетін,қабілетін, дарындылығын керемет шеберлікпен жеткізді.Сондай-ақ немістің шығыс зерттеушісі А.Мюллерде осы бір сөздерімен жеткізе білді. «...сол белгісіз болып келген ойшыл – Шығыс философиясының атасы Әл-Фараби еді» - деп сипаттайды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті,елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта ««Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек» деп өз тұжырымын айтты.Яғни,бұл дегеніміз осы Әл-Фараби сынды шоғыры биік тұлғалардың еңбегін ескеру деп түсінемін,қолдаймын.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ғалымның хаты,жазушының сөзі өлмейді» дегендей ел үшін ерең еңбек еткен ұлы,кемеңгер тұлғаларымыздың асыл мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу біз үшін үлкен міндет және абырой.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет