Ұлы даланың Ұлы тұлғалары Әр халықтың еліне еңбегі сіңген тұлғалары болады. Орыстың Пушкині, ағылшындық Шекспир, қытайлық Конфуций италиандық Леонарда Да Винчи сынды әлемге әйгілі тұлғалар бүгінде өз елдерінің әлемдік сахнада орындарын алуға үлес қосып отыр. Ал біз, қазақ халқында мақтан тұтарлық хандарымыз, билеріміз, ақын жазушыларымз қаншама. Олардың еңбегі халқымыздың мәңгі есінде. Тарихымызда есімдері алтын әріппен жазылған «Ұлы тұлғалар» жетерлік. Ата - бабамыз дала бостандығын сүйе отырып, тарихтың қатал кезеңдерінде салт - дәстүр мен тіл, дінімізді жоғалтпай бізге сыйлады. Қазіргі тәуелсіз ел болуымыздың себепкері – Ұлы тұлғалар.Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Тарихқа сәл шегініс жасасақ, әр ғасырда қазақ ұлтының ертеңі үшін туған ұлы тұлғалар, жаужүрек батырлар, дана би-шешендер, ел бастаған көсемдер, ақын-жазушылар жетерлік. Биыл 1150 жылдығы аталып өтілетін ғалым, ойшыл Әбу-Насыр әл-Фараби, түрік қағанатының негізін қалаған Күлтегін, Тоныкөк, ұлы хандар Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Тәуке хан, Абылай хан, ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов, қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлы, Алаш зиялылары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Барлыбек Сыртанұлы сынды тұлғаларымызды тізбектей беруге болады. Олар халқының тәуелсіздігі үшін көп еңбек етті. Халқымызда тек ер адамдар ғана емес, әйел адамдардың ішінде де батырлар шыққан. Қазақ арулары сұлулығымен, ибасымен, ісмерлігімен ғана емес, ержүректігімен, батырлығымен де аты шыққан. Сақ патшайымы Томирис пен бертіндегі Әлия мен Мәншүк, одан да бері Ләззат пен Сәбираға дейін де талай батыр арулар болған. Тұмар (Томирис) (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас - талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. Осыдан ақ біз ата - бабаларымыздың жүрек жұтқан батыр, ержүрек, халқы үшін жанын беретінін білеміз. Қазақ елі ақын-жазушылардан да кем емес, «Кел балалар оқылық» деп, білімге шақырған Ыбырай Алтынсарин, шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылған Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлының еңбектері бүгінде оқырман арасында жоғары бағаланады. Қазақ поэзиясының биік шыңы Мұқағали Мақатаевтың туындылары уақыт өткен сайын өз құндылығын жойған емес. Уақыт өткен сайын нағыз тұлғалардың ел алдындағы мәртебесі де биіктей түспек. Сол арқылы игі жақсылардың еңбегі ұрпақ санасында қайта жаңғырады. Осы тұлғаларымыздың арқасында ғана біздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу. Халқымыздың тәуелсіз болуы үшін аянбай тер төккен "Желтоқсан құрбандарын" да ұмытуға болмайды. Жас болса да ерліктерін көрсетуге соғысқа өз еріктерімен сұранған батыр ағаларымыз бен аналарымыз қаншама. Олар ұрыс алаңында ақтық демі қалғанша жауға берілмей, өз ерліктерін көрсетті. Қазіргі заманда халқымызда ұлы тұлғалар жоқ деп айту қате деп ойлаймын. Халқымызда өзінің талантымен басқа елдерге Қазақстанды танытып жүрген жастарымыз қаншама. Халқы үшін барын беруге дайын азаматтармыз да бар. Әсіресе, жас буын белсене жұмыс жасауда. Олар әр салада өздерінің талантын ашуда. Ата - бабалардың осыншама қиыншылықпен алған тәуелсіздігі үшін әрбір қазақ халқының өркендеуі үшін азғана болсын өз үлестерін қосса деймін. Кейінгі ұрпағымыз да саналы болады деп қатты үміттенемін. Біз жас ұрпақ осы күнге дейін жасаған ата - бабаларымыздың еңбегін қастерлеу керекпіз. Келер ұрпағымызға халқымыздың қандай халық екенін айтып отыруымыз керек. Сонда ғана Қазақстан Республикасы өркендей түседі. Біз ата - бабаларымыздың тәуелсіздік үшін аққан әрбір тамшы қандарын ешқашан ұмытпаймыз!