Ұлы Жібек жолы



бет1/2
Дата14.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#49955
  1   2
Байланысты:
11 апта Мухаммедова Уғлай АСМП

Ұлы Жібек жолы

  • Кафедра: Мәдениеттану
  • Кафедра меңгерушісі:Сапарова Назым
  • Факультет: ТФП
  • Курс:1
  • Группа : 22_026
  • Студент: Мухаммедова Уғлай

Ұлы Жібек жолы

«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») —Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған

1-ші ғасырдағы Жібек Жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін.

Тарихы

  • Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан жәнеБалқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстыңаралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
  • «Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны,Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады.
  • Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы:ЖемсарыІле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта АзияғаБатыс АзияғаЕуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, ИіңпандыКүшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.
  • Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі ҚұмылТұрпанЖемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шаньтауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, ҚарашәрКүшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.
  • 7 ғасыры кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасыры дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыры басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:
  • Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.
  • Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет