Лингвомәдениеттану саласының зерттелуі



Дата31.12.2021
өлшемі21,42 Kb.
#21279

.Лингвомәдениеттану саласының зерттелуі

Тіл - халықтың тарихы мен мәдениетін өз бойында сақтаушы, жеткізуші байлық. Ұлт болмысын, дүниетанымын,этносы мен мәдениетін тану тіл білімінің жаңа саласы -лингвомәдениттану еншісіне тиіп отыр. Тіл мәдениетпен бір бүтін тұтастық құрып,ажырамас бірлікте өмір сүреді. Ол мәдениеттің өң бойында қалыптасып, оның дамуындағы алғышарттардың міндетті түрдегі басқышы.Осылайша қайсы бір уақытта қандай да бір жерде өмір сүретін этнос мәдениетінің маңызды бөлігін құрайды. Мәдениеттің басқа салаларына қарағанда тілдің өз ортасы бар. Белгілі бір тілде сөйлейтін кез келген этнос өздерін өзге топтардан сыртқы физиологиялық айырмашылықтарымен ерекшелеп тұратын адамзат қауымының белгілі бір нәсіліне жататыны анық.Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, яғни біздің өмір сүру образымыздан хабар беретін тәжірибелігіміз бен идеяларымызға тәуелді.Қазіргі қазақ қоғамындағы ерекше маңызды сипатқа ие болған ұлттық мүдделі мақсаттың бірі халық рухын, оның өзегі - мәдениетті жаңғырту.Мәдениет ұғымының қоғамда сан түрлі анықтамалары бар екені белгілі.

Көрнекті мәдениеттанушы ғалымдардың пікірінше, мәдениет-адамның ақыл-ойы мен еңбегі жемісінің тізбектері, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар жүйесі (Э.Тэйлор); мәдениет-дүниенің бөлшектері болып саналатын рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, өнер, дін және т.б. негізде құрылатын семиотикалық жүйе (Ю.Лотман).

Мәдениет - әлеуметтік тұрғыдан табиғаттан және индивидтің биологиялық, физиологиялық қасиеттерінен тыс, бірақ қарым-қатынас біріктірген адамдар тобына тән құбылыс (В.Освальт), когнитивтік тұрғыдан танымдық әрекеттер мен білім қордалау үрдістеріне қатысты құбылыс (В.Гудинаф), семиотикалық тұрғыдан алдымен әлемнің репрезентациясын жасайтын, содан кейін қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланылатын таңбалар жүйесі (К.Леви-Стросс) деп анықтама береді. Ғылыми мектептерінің ағымына, ғылыми тұжырымдарындағы айырмашылықтарға қарамастан, мәдениеттанушы ғалымдардың қай-қайсысы болмасын бұл күрделі құбылыстың құрылымындағы тілдің орнын, маңызды рөлін мойындайды.

Лингвомәдениеттану – тілдің корреспонденциясы мен мәдениетінің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі [5]- деп сипаттайды.

Лингвистика тарихында тіл мәселелерін,сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрыпымен байланыстыра зерттеу жөнінде алғашқы пікір XVII ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Гердердің поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде В.Гумбольдт еңбегінде кездеседі. Бірақ тіл мәселесін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оған тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау ХХ ғасырдың 20-30 жылдарда белең ала бастады.B.Гумбольдт дүниені тану, білу процесінде тілдің атқаратын рөлін түсіндіре келе, тілге былай түсініктеме беріп кеткен:Язык и духовная сила народа развиваются не отдельно друг от друга и не последовательно одни за другим, а составляют исключительно не раздельно одно и тоже действие интеллектуальной способности. Хотя мы разграничиваем интеллектуальную деятельность и язык, в действительности такого разделения не существует.

Орыс ғалымы М.К.Азадовский өзінің еңбектерінде фольклорлық, этнографиялық және тарихи-мәдени мәліметтерді пайдалану тіл үшін нәтижелер беретінін дәлелдеп береді. Ол бір еңбегінде тіл мен мифологияның байланысы мен өзіндік ерекшеліктеріне мынадай анықтама берген:… язык это основной слой народности, мифология народная словестность в которой и выражена вся совокупность верований, преданий нравов и обычаев народа.

B.Воробьев лингвомәдениеттануға мынандай ғылыми анықтама берген: Лингвокультурология - это комплексная научная дисциплина синтизирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единицу в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления ( система норм и общечеловеческих ценностей ).

Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пәніне қатысты деректер Ш.Уәлиханов, М.Әуезов еңбектерінен бастап, Ә.Марғұлан, I.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жұбанов, E.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, А.Жылқыбаева, Қ.Рысбергенова, Р.Шойбеков т.б. ғалымдар еңбектерінде көрсетіледі.

Тіл мен мәдениетті сабақтас зерттейтін ғалымдар соның ішінде қазақ ғалымдары Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева,Г.Смағұлова т.б. мәдениетті тілден бөліп алып қарамай, тіл - мәдениеттің бір көрінісі, ол екеуінің арақатынасы ерекше де маңызды деп санайды.Себебі, кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнелеп көрінетіні,ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні белгілі.Себебі, кез келген мәдениеттің түрлері,атаулары тіл арқылы бейнелеп көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні белгілі. Осы тектес тұжырымдардың қалыптасуында, тілді зерттеудің барысында ұлттық мәдениеттің, дәстүрлердің ерекшеліктері ескеріледі. Әсіресе, ұлттық рухымыз жаңғырып, салт-дәстүрлеріміз қайта жанданып келе жатқан қазіргі қазақ қоғамындағы рухани-әлеуметтік құбылысты дұрыс бағалап, негізін түсіну үшін осындай тілдің дамуының ішкі формасынан туындайтын жалпы заңдылықтарды адам рухымен байланысты түсіне білудің маңызы зор. Себебі, дәстүр әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес, ол халықтың әлеуметтік-психологиялық, мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасқан – жалпыхалықтық құбылыс.

Екіншіден, дәстүрдің тағы бір сипаты -оның тұрақтылығы. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, тіл арқылы ол ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сол арқылы ұлт өмірінің желісі үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі.

Осыған дәлел ретінде Ә.Қайдардың мәдениет туралы мына пікірін айта кеткеніміз жөн: мәдениет ұғымын жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті,ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым, әр этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс деп санайды. Осыған байланысты мәдениеттің таңбалық негізі тіл. Тіл әлеуметтік мәдени, танымдық мәні бар құрал.

Лингвомәдениеттанудың өркениетте қоғамдық ғылымдармен қатар дамуын тілдік тұрғыда сөз ету пәннің зерттеу объектісін нақтылай түседі.

Лингвомәдениеттану - ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік,танымдық, этникалық, эстетикалық, саяси,адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалармен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімнің негізгі бағыты.



Лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көріністерін, тіл фактілері мен халықтық танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деген қорытындыға келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет