📌📌📌 Қатысушылар:
Жас Әуезов
Үлкен Әуезов
Қайым Мұхамедханов ( ол тек тыңдаушы)
Валя
10жасар қыз
Тергеуші
Ахмет Байтұрсынов
2 полиция
2 сотталушы (камерадағы 4адамды толықтыру үшін)
📌қажетті заттар: үстел, 2орындық, газет, 2 бокал,
Бірінші көрініс:
📌бөлме іші
Үлкен М. Әуезов пен Қайым Мұхамедханов үстел басында отырады.. Әйелі Валентина екі шыны шай және газет қойылған разноспен кіреді..
-М. Ә: рақмет Валя.. газет бүгінгі ме?
-Валя: да, сегодняшний (сосын шығып кетеді)
-М. Ә (өткенді еске алып әңгімесін бастап кетеді): Телғара деп романымды бастап, дендеп кіріскен бір күнімде, осылай елеусіз келген бір газет өмірімді быт-шыт қылды..
1930 жылы "Советская степь" газетінде Ахаң екеумізді саясатта да, әдебиетте де буржуазияшыл ұлтшыл қазақ байларының идеологы деп күстаналаған үлкен мақала шықты.. Көп ұзамай Алашордаға қатысы болды деген 43 адам тұтқындалды..
1930,28 қырк. Алматы
(жас Мұхтарды үйінде газет оқып отырған жерінен 2 полиция алып кетеді.. Артынан 10-12 жасар қызы, әйелі (жас) қолында нәрестесімен жылап қалады..) (әлгі әңгімесін айтып жатқанда осы көрініс ойнала береді..)
Екінші көрініс:
📌түрме іші (енді сахнада тергеуші, жас Әуезов екі ғана адам қалады)
Үстелде шам, Әуезов отыр.. Тергеуші ары-бері жүріп..
- Тергеуші: Жолдас Әуезов.. Байтұрсынов, Аймауытов, Жұмабаев секілді қандыкөйлек достарыңыз осында тергеуде.. Білесіз бе неге?
-М. Ә: Білмеймін
-Тергеуші: Мүләйімсімеңіз. Білесіз.. Бәрінің маңдайында Алашорданың құйыршығы деген таңба бар.
-М. Ә: Қателесесіз.. Мен Алашорданың мүшесі болған емеспін.
-Тергеуші: Сізге Сақтаған Байышев деген фамилия таныс па?
-М. Ә: Иә..
-Тергеуші: қайдан білесіз?
-М. Ә: Газеттен.. Ташкентте институтта бірге оқығанбыз
-Тергеуші (ақ парақты ұсынып): онда мынаны оқыңыз
-М. Ә (оқиды): 1923ж күзде ташкентке қайта келіп оқу ағарту институтында оқытушы болдым. Сол кезде ұлтшыл контрреволюциялық астыртын ұйымға мүше болдым. Оның жаңа құрамында М. Әуезов пен М.Жұмабаев болды..
.. Бұл жала! (айғайлап жібереді)
Тергеуші: Бұл әріптесіңіздің өз жазғаны. Міне қолы да тұр. Бұдан басқа дәлелдеріміз де жеткілікті. Жалтарып кетем деп ойлама!(қатқыл, өкьем үнмен қаһарланып айтады)
Автор: арадан күндер өтеді..
-Тергеуші: 1923ж қазақ даласын ашаршылық жайлады. Сіз солай ойлайсыз ғой?
- М. Ә: Иә оны көзіммен көрдім.
-Тергеуші: Аштарға кқмек көрсету ұйымын құруға белсене араластыңыз солай ма?
Ол ұйым партияның жанынан, рұқсатымен құрылды. Аштарға көмек көрсету қылмыс демексіз бе сонда?
(кәрі Әуезов сахна сыртынан сөйлейді…бұл уақытта тергеуші алдында отырған жас Әуезовті 2 полиция соққыға жығып,азаптап жатады)
М.Ә: Екі жылдық тергеу ісі осылай басталған. Мені жалғыз адамдық камерада ұстады. Тергеу түнде жүреді. Басқа уақытта өзіңмен бетпе-бет қаласың. Уақыт жылжымайды.. Ондай уақытта бір ғана көмек ойыңа келген сөзді айтып отыру.. Сондай уақытта шіркін қағаз қалам болса дейсің.. Түрме адамды қамағанымен, ойын қамай алмайды..
📌( Енді жас Әуезовті 2 полиция жетектеп, камераға қамай бастайды)
(сахна сыртынан кәрі Әуезовтың дауысы жалғаса береді): —32 ші жылы көктемге салым, мені көпшілік камераға ауыстырды. Мені ауыстырған 4 адамдық камерада үлкен қуанышты қауышу күтіп тұр екен. Мұнда А.Байтұрсынұлы отырдым..(құшақтасып көріседі)
📌(Түн ішінде) А. Байтұрсынұлы: -Мұхтар ояумысың... Тілімді алсаң саған айтар ақылым бар. Сендер жассыңдар. Келешектерің бар. Ұлт тәрбиесі бар. Керексіңдер. Ал Мағжанды босата қоймас. Ал енді біз халықты жаздық, жаңылдық деп тура жолдан жаңылдыра алмаймыз.
Сен қателестім деп хат жаз! Қайтсең де аман қалатын бол!
Автор: (хатты оқып жатады сахна сыртынан, бұл уақытта сахнада Мұхтардың еркіндікке шығып жатқаны, ойланып тұрғаны көрініс болуы керек)
Хат: Мен өзімнің бұрын өткен ізімнен қайтып, соны қатты айыптайтынымды білдірмекпін. Өзге бұрынғы Алашордашылар басындағы жазушылар сияқты, мен де бұрынғы ауылбай мен рубасылардың мұңын жоқтайтын салт санамы болдым. Маркс Лениннің даусыз айырып айтқан дұрыс жолы бойынша, әдебиет барлық мемлекет құрылысы мен саясатына ежелден бағынатын нәрсе екенін ескермедім. Қабылдамадым.
-А. Байтұрсынұлы (сыртынан қарап тұрады):— Жөн істедің. Уақыт тоқтамайды. Заман ауыспалы. Бір байламға қақиып Қазаққа сенің қаламың керек Мұхтаржан. Қапаланба.
Достарыңызбен бөлісу: |