«Ұлттық әдебиеттанудың теориялық негіздері» пәнінен емтихан сұрақтары І деңгей



бет1/2
Дата14.03.2022
өлшемі64,85 Kb.
#27875
  1   2

«Ұлттық әдебиеттанудың теориялық негіздері» пәнінен емтихан сұрақтары

І деңгей


  1. Сөз өнері туралы түсінік. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігін айтыңыз. Әдебиет» деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққан, «сөз, асыл сөз» деген мағынасы бар. Әдебиет – өнер, көп өнердің ішінде сөз өнері. Мүсіншінің құралы – саз-балшық, суретшінің құралы – бояу, әншінің құралы – үн, бишінің құралы – қимыл болса, әдебиетшінің құралы – тіл.Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын: сөз – бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей және бірден түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өз тілі бар және әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл жағдай – көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне біраз бөгеу, тіпті тұсау екені рас. Бірақ, есесіне, әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері затты, нақты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін - бар өнердің басы, өнер атаулының ең қиыны және күрделісі, ең жоғары түрі деуге болады.Суреткер болу үшін адамға тума қабілет, табиғи дарын қажет. Суреткер сипатын оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен бастаған жөн. Тума көркемдік қабілет кез келген кісіде бар. Олай болмаса, кез келген кісі өнерді де, көркем әдебиетті де жан-жүрегімен қабылдап, сезіне, түсіне алмас еді. Дегенмен материалистік эстетика нағыз суреткерге тән бірнеше ерекшеліктерді тізіп, талдап, сол арқылы талант табиғатын сипаттайды.

Біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден әрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нәзік түйсіну, сезінген-түйсінген шындығына бейтарап қала алмай, тербеле тебірену – бәрінен бұрын ақынға тән қасиет. Ал суреткер, - ең алдымен- ақын.

Бұл ерекшелікті «Гетенің қазасына» деген өлеңінде Баратынский дәл суреттеген:

Жасыл шөптің тілін ұғып кезінде Жапырақтың сәл дірілін сезінген,

Жұлдыздармен жымындасқан, ымдасқан, Жал толқынмен ақылдасқан, мұңдасқан. Жаратылыс-табиғатпен бір туған

Жан еді ол кеудесіне нұр тұнған, Одан бүгін қалған адам сыры жоқ!

Екіншіден, бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген, дәл бақылаумен ұштасып жатады.

Үшіншіден, қиял. Шығармашылық фантазия. Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске шығаратын қанатты шығармашылық қиял – таланттың серігі. Мұның өзі ойдан шығара білушілік. Ал ойдан шығару жоқ жерде жалпы әдеби шығарма болуы мүмкін емес.

Төртіншіден, интуиция. Өлең – ішкі терең, табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Өлең жазуда белгілі ереже, амал, тәсіл жоқ.

Бесіншіден, өмірбаян. Тәжірибе молдығы. Тіршілікте көрген-білгені, ұққан-түйгені көп адамның таланты да күшті, мықты. «Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды» болатынын Ибсен біліп айтқан.

Алтыншыдан, парасат. Сананың саралығы. Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек.

Жетіншіден, шеберлік. Нағыз маман суреткерге тән кәсіби шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық – еңбек сүйгіштік. Өнердегі шын шеберлікке апарар жол – шыдамды еңбек, дилетанттыққа – шыдамсыз шалағайлық. Шын шебер шеберленген сайын қинала, терлей түсуге тиіс. Ал шеберлік шексіз.

Сегізіншіден, шабыт. Шабытсыздық – қабілетсіздік, қабілетсіздік – дарынсыздық, дарынсыздық – талантсыздық. Суреткердің шабыты кең көлемдегі халық мүддесіне негізделуге, ақиқат өмірге тамыр тартуға тиіс. Сонда өнер өзінің биік мағынасын табады.



  1. Әдебиеттің қоғамдық мәні және танымдық, тәрбиелік, эстетикалық қасиеттерін айтыңыз. Әдебиеттің қоғамдық мәні-көркем әдебиеттің халық өміріндегі атқаратын міндеті,танымдық,тәрбиелік,көркемдік маңыздылығы.Танымдық сипат жағынан алсақ,әдебиет бұрын-сонғы тарихтан ұшан-теңіз ақпарат беріп,қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың ой-қиялын,арманын,сана-сезімін танытады.Әр адамның басқан қадамы,атқарар ісі қоғамдық жағдайға байланысты соның көрінісі.Әдебиет адамдардың осы қалып,болмысын көркемдік әдіспен бейнелейді.Осының бәрі көркемдік ойлау тәсілімен,шебер суреткерлік,биік эстетикалық талғаммен ұштасып жатады.Бұл әдеьиеттің айрықша көркемдік мәнділігін танытады.Адамның арман-тілегін,әділдік,адамгершілік ,еркіндікке ұмтылуын уағыздай отырып,әдебиет үлкен өнегелік,тәрбиелік міндет атқарады.

Эстетика-адамның шындыққа эстетикалық қарым-қатынасының жалпы даму жаңдылығын,әсіресе қоғамдық сананың өзгеше түрі ретіндегі өнерді зерттейтін ғылыми пән.Көркем әдебиеттің эстетикалық байлығы әдебишығарманың көркемдігі арқылы ғана жасалады.Гегель «Эстетика» трактатында эстетиканың пәні адамның көркемдік саладағы әрекеті,яғни адам қолынан туған өнер,өнердегі әсемдік деп түсіндіреді.

  1. Әдебиеттану ғылымының салалары және олардың өзара бірлігі мен ерекшелігін еске түсіріңіз. Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. әдебиет туралы ғылым мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.

Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен олардың түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып-білуге болады.

Әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың психологиясы мен спецификасына қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер береді.

Әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатысын білу, әдебиеттің өсіп өрбуіндегі заңдылықты ұғу, керек десеңіз, бүкіл ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатын тану мүмкін емес.

Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең талдау, байыптау нәтижесінде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар.

Әдебиет тарихы жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Қай халықтың қай болсын, атамзамандағы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан іргелей келе жазба әдебиеті туып, дамығаны мәлім. Әр халықтың осындай көркемдік даму сапарын саралайтын да, сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқаларыболсын, жеке жазушалыр шығармашылығы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамуындағы өзіне лайық орныналуы мүмкін емес.

Әдебиет теориясының толғамдары әдебиеттің тарихын негізге алумен бірге, әдебиеттің сынымен тығыз байланысып жатады.

Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып,нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ – ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы – қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі.

Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы өзара тығыз бірлікте болатыны, әдебиеттің теориясын нәзік түснбей тұрып, тарихы жайлы әңгіме қозғау; тарихын білмей тұрып, сынын өрбіту мүмкін емес. Шын мәніндегі әдебиет сыншысы немесе әдебиет зерттеушісі әдебиеттанудың үш саласына да жетік, білімдар әдебиетші болуы шарт. Мұндай әдебиетшіліктің озық үлгісін орыстың ұлы революционер-демократ ойшылдары В.Г.Белинский, Н.Г.Чершышевский, Н.А.Добролюбов көрсетті.

Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда сөз болған негізгі салаларынан басқа жанама тараулары бар. Олар – текстология, историография және библиография.

Текстология - әдеби туындылардың мәтінін зерттеп, танудың принциптері мен методикасын жинақтайтын арнаулы ғылыми пән. Текстология көркем шығарманың тұрақты түп нұсқасын белгілейді, оның автор қолымен жасалған ақтақ редакциясын анықтайды, әр алуан вариантын өзара салыстырады, әр басылымын автогарфпен салыстырады, текстің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді, түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Бұл ретте, «текстологияның ең негізгі, өзекті мәселесі екеу: бірі – ғылыми мақсатпен, екіншісі – практикалық мақсатпен байланысты».

Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы. Мұның өзі, көбіне, бірыңғай ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиеттің теориясына, тарихына, не сынына қатысты қандай арнаулы мәселе болсын, оны зерттеудің көлемі мен тереңі, мәні мен маңызы сол мәселенің историографиялық материалының мөлшері мен мазмұнына қарап белгіленеді.

Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да, көбіне, ғылыми мақсат үшін керек. әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың – текстер мен тексерулердің, сын мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиографиялық көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып, пайдалануға болады.

4. Қазақ әдебиеттану ғылымының бастаулары туралы айтыңыз.

5.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы ғылыми пайымдауларды айтыңыз.

6. Көркем шығармадағы тақырып пен идея туралы айтыңыз. Тақырып - өнер туындысының іргетасы. Жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейді.Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.Тақырыптан идея, идеядан тақырып туады.

Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын іргетасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады,— дейді Валентин Катаев,— пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді”.Жазушыны өмірде болатын кез келген құбылыс жаппай қызықтыра бермейді. Ол өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем шығармаға негіз болатын да сол — суреткер қызыққан құбылыс. Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы жатады. Өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр жазушының әр шығармасының идеясы туады. Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.

Тақырып пен идеяның бірлігі туралы сан ғасыр бойы суреткерлер мен ойшылдар айтқан аса кемел пікірлер көп. Мәселен, ХІХ ғасырда Белинский көркем шығарманың идеясын “оның өн бойында желі тартып жатқан ой мен сезімнің мығым бірлігі” деп белгілесе, Ғамзатов шығарма идеясын оның такырыбына тамаша тапқырлықпен нұсқалы әрі ұтымды көшіріп әкетеді: “Ой мен сезім — кұс десек, тақырып — аспан; ой мен сезім — бұғы десек, тақырып орман; ой мен сезім — елік десек, тақырып — тау; ой мен сезім — жол десек, тақырып — сол жол алып баратын шаһар”. Суреткердің шығарма жазар тұстағы творчестволық толғаныстарының түпкі түйіні — ой өзегі (замысел). Ой өзегінде жазушының тақырып тауып, идея туғызудағы түбегейлі мақсаты, яки творчестволық концепциясы жатады. “Ой өзегі — шығарманың негізгі арқауы” (А. Толстой).

7. Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы туралы ойларды айтыңыз. Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады. Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады. Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.

Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.

Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.

Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.

Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.

Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.

Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.

Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.

Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.


8. Көркем образ және оның түрлерін еске түсіріңіз. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы халық Образы, Абай Образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория.Әдебиеттегі образдың да бір түрі болмайды. Оның өзіне тәні мағынасына,қ ұрамына қарай бірнеше түрі бар. Олар: әдістік, тектік, тәсілдік. Бұлардың түр емес фактор деп те алуға болады

Көркемдік әдіс тұрғысынан:

Романтикалық образ — әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлеренің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның “әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры” боп табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр.
Реалистік образ — әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында ; бұл – кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын – соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Дұрысында, образ атаулының айырықша мағыналы, мәнді түрі де осы – реалистік образ. Өйткені бұл образдың эстетикалық идеалы – романтикалық образдағыдай бұлыңғыр емес, анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ, алыс емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын нәрсе. Сондықтан реалистік образдың эстетикалық – тәрбиелік мәні де, қоғамдық — өзгертушілік күші де айырықша үлкен.

Әдеби тектер (эпос, лирика, драма) тұрғысынан анықтағандағы образдың үш түрі:

Эпикалық образ – кескін – кейпін, мінез – құлқы, іс — әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Мүсіндеу мен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп – көп амал – тәсілдері әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр – түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан – жақты танытуға мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де, құшағы да еркін жетіп жатыр.

Лирикалық образ – сыршыл, өлең – жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образдағыдай ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан – жақты ашылған адамның сыртқы кескін – кейпі де, қым – қуыт шиеленісіп жатқан тағдыры немесе іс — әрекеті мен қимыл – харекеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін. Оның есесіне адамның аса терең әрі нәзік ашылатын ішкі сыры, мінез – құлқы, жан – тынысы айырықша әсем айшық табады.

Драмалық образ – бұл образдың ерекшлігі, эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетіне түскен қоспасы бар дүние емес. Бұл образдың ерекшелігі шынайы. Өмірдің өзінен алынған образы. Тіршіліктің ортасында қайнап жүрген тұрмыстың нағыз өз бейнесі. Мысалға, Антигона мөн Отелло, Тартюф пен Хлестяков, Сатин мен Яровая, Қарабай мен Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле — бәрі де драмалық образдар.
Драмалық образдарды берушілер көбінесе актерлар мен актрисалар. Олардың сомдауындағы протоиптер яғни ойнаушы образдары өмірдегі шынайы бір бейне. Ол бейнені қайта жұртпен табыстыру ол ендігі жерде өнердің шеберлігі болып кетеді.
Драмалық образдың жасалу тәсілдері де өзінше бөлек. Эпикалық образ кең құлашты баяндаулар мен суреттеулер арқылы, лирикалық образ түрліше көңіл күйлері мен шабытты толғаныстар арқылы жасалса, драмалық образ шиеленіскен тартыстар мен қым-қиғаш қимыл-әрекеттер арқылы жасалады. Әрине, бұл — сахнада психологиялық ой образын жасауға болмайды деген байлау емес. Қандай да болмасын, парасат пен ойсыз, сыр мен сезімсіз образ жасау мүмкін емес. Бірақ, бұл сахнадағы шешуші нәрсе қимыл-әрекет, тартыс пен қақтығыс екенін де жоққа шығармаса керек. Қаншама ойшыл адамның драмалық образын жасамақ болсаңыз да, бәрі бір, оны сахнаға жетелеп әкеліп, үш сағат бойы үн-түнсіз, қимыл-қозғалыссыз ойлантып қоя алмайсыз. Ондай жым-жырт «ойшылға» театр көруші жұрт үш сағат түгіл үш минут та шыдап отырмайды. Демек, драмалық образ оймен қатар іске, сезіммен бірге қимылға құрылады.

Образдың жасалу тәсіліне байланысты түрлері

Юморлық образ – күлкілі кейіпкер ; юмор — өмірдегі кісі күлерлі құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкіні әншейін жеңіл – желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады.

Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс – керексіз, кесір құбылыс. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына – көрініске шығарады, қағып – сілкіейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.

Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқаұқсас арманында бедерленген бейне ; әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі.

Трагедиялық образ да әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңы, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асыңқы, адам жаңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер жинақтаудан туады.

Геройлық образ – ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.

9. Образ және образдылық туралы түсінік. Образдың жасалу жолдары мен тәсілдері туралы айтыңыз. Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы халық Образы, Абай Образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-творчестволық бастау өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан творчеств. тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді. Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Образдың мақсаты кез келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу (Мысалы, Күлімсіреп аспан тұр, Абай). Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге: эпикалық; лирикалық; драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық, т.б. болып бөлінеді. Көркемдегіш сөздер (эпитет, теңеу, метафора, т.б.) ауыз әдебиеті шығармаларында мол кездеседі. Образ - әр дәуірге, әр әдебиетке сай үнемі дамып, жаңарып отыратын категория.[1] Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан. Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ, реалистік образ.

10. Көркем бейне және авторлық дүниетаным, идеал туралы айтыңыз.

11. Тип және типтендіру проблемасы. Жинақтау мен даралау. Тип және прототип туралы айтыңыз.

12. Көркем әдебиет тілі. Поэтикалық тіл, ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар туралы айтыңыз. Көркем әдебиет тілі —
1) көркем шығармалардын тілі, кейбір коғамда ол күнделікті практикалыктілден ерекше болып келеді, бұл мағынада Көркем әдебиет тілі тіл тарихы мен әдеби тіл тарихынын пәні болып табылады;

2) проза мен өлендегі көркем мәтіндердін, олардын жасалуы мен окылуынын негізіне жаткан поэтикалыктіл, ережелер жүйесі. Бұл ережелер лексика, грамматика, фонетикада бірынғай болғаннын өзінде кашанда күнделікті тілдін ережелерінен ерекше болып келеді.

Бұл мағынада Көркем әдебиет тілі ұлттык тілдін эстетикалык көрінісі ретінде поэтиканын, оның ішінде тарихи поэтиканың, әдеби семиотиканың пәні болып табылады. Поэтикалық тіл (орыс. поэтический язык)[1] — поэтикалық, көркемдік, эстетикалық қызмет аткаратын тіл. Поэтикалық тіл ұғымы алғашында поэзия тіліне қатысты болғанымен, кейін жалпы көркем әдебиет тілінін ерекше сапасын білдіру мәнінде "Көркем тіл" тұрғысында жұмсала бастады. Поэтикалық тіл әрі өнертану, поэтика, әдебиет теориясымен, әрі тіл білімінін стилистика, лингвистикалык поэтика салаларымен байланысты. Тілдін әсемдік. поэтикалык касиеттеріне көне антикалық дәуір ойшылдары (Горгий, Аристотель т.б.) көніл аударған. Тіл білімінде онын зерттеле бастауы 19 ғасырдың аяғында эстетикалық бағыт өкілдерінін (Б. Кроме, К. Фосслер, А. А. Потебня т. б.) есімдерімен байланысты. Поэтикалық тіл мәселесі көрнекті орыс ғалымдары Г. О. Винокур, В. В. Виноградов, Л. В. Щерба,Б. А. Ларин енбектерінде жана арнада зерттелді. Казак филологиясында Поэтикалық тіл теориясынын негіздері Мұхтар Омарханұлы Әуезов, К- Жұмалиев енбектерінде талданған.
Күнделікті карым-катынас диалектілерде іске асырылатын, жалпы әдеби тілі жоқ қоғамдарда Көркем әдебиет тілі сөйлеудің "диалектіден жоғары" түрі ретінде кызмет аткарады. Өте көне үнді еуропа поэзиясынын тілі, көне түркі ескергкіштерінің тілі жөнінде осындай пікір бар. Көне Грециядағы Гомердін "Илиада" және "Одиссея" поэмаларынын тілі бірде-бір жергілікті диалектімен сәйкеспейді, ол тек көркемөнердін, эпостын тілі.

13. Әдеби тілді ажарлау тәсілдері. Дыбыс қайталаулар, эпитет және теңеулерге тоқталыңыз.

14. Троп, оның түрлері, жасалу жолдары, көркемдік қызметі туралы айтыңыз. Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.
Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Риторика мен стилистикада троп түрлері ежелден қарастырылып келеді. Квинтилиан оның 7 түрін атап көрсетсе, М.В. Ломоносов 11 үлгісін ұсынған, ал А.А. Потебня 3 түрі бар екенін айтады. А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:
көріктеу,

меңзеу,


әсерлеу дейді.

Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты келеді. Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола, литота, кейіптеу, ирония). Троп көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми-техникалық мәтіндерде, ресми іс қағаздарында қолданылмайды. Көркем мәтінде троптың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).

15.Фигура туралы түсінік. Фигура түрлері. Фигураның әдеби тілді айшықтаудағы қызметін айтыңыз. Айшықтау дегеніміз - сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу - сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту. Сөз айшықтары - сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнін күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал - тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, паралеллизм, риторикалық сұрақ - жауап, дауыс ырғағы т.б жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.
Айшықтаудың бір түрі - риторикалық айшықтар. Мұнда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті, өзінен-өзі анықталады. Мысалы, "Қыз Жібек" жырындағы Жібектің зары:
Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы,

Жылқысын көптігінен баға алмайды.

Өлгені Төлегеннің рас болса,

Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?!

Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшық-тай білген жөн. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де әжептәуір қажет тәсіл — а й ш ы қ т а у, яки ф и г у р а (латынша $іёига —келбет, бейне)—с ө з т і р к е с т е р і н д а ғ д ы л ы с и н-т а к с и с- т і к қ а л ы п т а н г ө р і ө з г е ш е л е у о р а м м е н, а й р ы қ ш а а йш ы қ п е н қ ұ р у. Мұндағы мақсат біреу-ақ — сөздерге ерекше леп, екпін, .тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту.
Айшықтаудың түрлері көп, біз солардың бірнешеуін ғана үлгі ретінде ұсынамыз.
Айталық, а р н а у — жазушының, көбіне көп а қ ы н ы ң ө з і н е н е ө з г е г е, к е й д е т і п т і ж а л п ы ж ұ р т қ а а р н а й ы т і л қ а т у ы, к ө п ш і л і к к е қ а й ы р ы л а с ө й л е у і, о л а р м е н і ш-е й к е ң е с у і. Арнауды профессор Қ. Жұмалиев үш түрге бөледі: ж а р л а й а р н а у, с ұ р а й а р н а у және з а р л а й а р н а у*. Осыны біз де кұптаймыз.
Қалың, елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың…
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың..
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.
(Абай.)
Бұл — жарлай арнаудың үлгісі: ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа қайырыла сөйлеп, жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен.
Өн бойымды күш қысып, Көзім неге жайнайды?
Қаным неге қайнайды Ақ қағазды қаралап,
Ащы тілі ашынып, Қалам неге ойнайды?
Неменеге сайрайды? Ақын неге қайғырып,
Жас іркіліп мөлтілдеп, Терең ойға бойлайды?
(Ә. Есмэмбетов.)
Шырағым-ау, шашың неге ағарды?
Әлде біреу кемітті ме бағаңды?
Сенің қара тұлымыңнан сипаған,
Сарғайдың ба ойлап мендей ағаңды’
—Тентегім-ау, мұртың неге қыраулы?
Көрдің бе әлде көп бейнетті, сынауды?..
(Қ. Бекхожин.)
Бұлар — сұрай арнаудың үлгілері: ақын немесе ақын жырға қосып отырған адам өз ойын өзгеге арнап сан-сапа сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді. Бұл— бір. Енді мына шумақтарды оқыңыз:

Желкілдеп жалау қолында, Таңдандыра тарихт


Ән шырқаған шыңнан кім? Таңыен бірге туган кім?’
Маршын ойнап бақыттың, Күннің көркін көктегі
Шыңнан дабыл ұрған кім? Күлкісімен жуған кім?
(А. Жұмағалиев )
Бұлар да — сұрай арнаудың үлгілері; бірақ мұндағы өзгешелік — арнауда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар еш-қандай жауапсыз-ақ түсінікті, арнаудың өн бойында өзінен-өзі анық-талып жатыр. Сұрай арнаудың мұндай түрлерін шешендік, яки ри-. торикалық (грекше гһеіог — ділмар) айшық деп атайды.

Айшықтаудың ‘бір түрі — қайталау — сөз әсе р і н к ү ш е й т е о т -ы р ы п, о қ ы р м а н н а з а р ы н а й р ы қ ш а а у д а р ғ ы с ы к е л –г е н н ә р с е н і н е қ ұ б ы л ы с т ы б і р н е ш е м ә р т е б е қ а й –т а л а п, а й т а р о й д ы, ұ қ т ы р а р д ы ұ ғ ы м ғ а м ұ қ и я т с і ң — ір е т ү с у. Мұның да бірнеше түрі бар.

Жай қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау, (анофора), кезекті қайталау (эпифора), шендестіру, дамыту(градация), инверсия,эллипсис, параллелизм,

Осы айтылғандардың бәрі көркем әдебиеттің тілі — бір немесе бірер адам ғана емес, күллі қауымның, демек, бүкіл қоғамның тілі, яки аса күрделі синтетикалық тіл екенін аңғартса керек.


Жазушының халықтық тіл мәдениетін дамытудағы ролі мен үлесі осы тұрғыдан байыпталуға тиіс.

16. Өлең және оның жанрлық ерекшелігі.Өлең жүйелері туралы айтыңыз.

17. Өлең өлшемдері. Ұйқас, ырғақ, буын, бунақ, шумақ, тармақ туралы қазіргі пайымдауларды еске түсіріңіз. Өлең өлшемі – біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Ұйқас — өлең тармақтарындағы аяққы сөздердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады.Ырғақ, яғни ритм – қимылдың, құбылыстың, үннің, жүйе­­лі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы.

Адамның қимыл-қозғалысы, жүрек соғысы… – бәрі ырғақ. Ырғақ өнерге де қатысты, көркемөнердегі бейнелі, су­ретті, эмоциональды ұғымдар көңіл-күй­ден туындайды, олай болса көркем про­за ырғақтан тыс болмауы тиіс.Бунақ дегеніміз – өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқы­нының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде *буын* болады”Шумақ – өлең сөзде бірнеше тармақтың белгілі ретпен топтасуы. Өлең-жырларда бір Шумақ екі жолдан, яғни тармақтан басталады. Мағынасы, ішкі құрылысы жағынан жекеленген екі тармақ (екі жол өлең) Шумақтың қарапайым, ықшам түрі. Бұл Шумақ, әсіресе, мақал-мәтел, нақыл сөздерде мол қолданылады. Көлемді өлең-жырларда ең көп кездесетіні төрт тармақты Шумақ. Сонымен қатар поэзияда алты, сегіз тармақты Шумақтар да қолданыла береді.Тармақ* дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше *бунақ* болады.

18. Ежелгі грек, рим ойшылдарының әдебиетті текке, түрге бөлу жүйесін еске түсіріңіз.

19. Әдебиеттегі тек пен түр. Әдеби жанр мәселесі туралы айтыңыз.



20. Әдебиеттің эпика тегі. Эпика жанрының түрлерін айтыңыз. Эпос – жан-жақты жанр: эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, адамдар арасындағы қарымқатынастар әр қырынан, айқын көрсетіледі. Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: шағын көлемді эпикалық түр; орта көлемді эпикалық түр; кең көлемді эпикалық түр. Шағын көлемді эпикалық түрге жататын көркем туынды — миф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері — аңыз, ертегі, мысал, новелла. Миф — табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян. Ертегілердің тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан. Осы ертегілерден, оның ішінде хайуанат жайындағы ертегілерден туындап шығып, шағын эпостың өзгеше бір түріне айналған нәрсе — мысал (басня). Мысал — эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанмен, идеясы астарсыз ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді. Феодализм мен капитализм тұсында шағын эпоста жаңадан туған түрдің бірі — новелла (итальяншажаңалық, соны сөз) — «бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды әңгіме». Новелланың алғашқы белгілері грек әдебиетінде біздің дәуіріміздің басында көріне бастағанымен, ол шағын эпикалық түр ретінде Европадағы Қайта өрлеу дәуірінде туып қалыптасты. Новелла біздің дәуірімізде көркем әңгімемен ұласып, екеуінің ара жіктері жойылып бара жатыр. Әңгіме новелладан кейінірек туған, ұғым болғанымен, екеуінің табиғаты бір. Әңгімеқиын жанр. Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі — очерк. Бұл да қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс. Бірақ очерктің әңгімеден бірнеше өзгешілігі бар. Повесть — орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Повестің жанрлық ерекшелігі көлемінде емес, мазмұн тереңінде жатады. Орта көлемді эпостың повестен басқа тағы бір түрі — поэма (грекше роіета — туынды) — өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлең мен суреттеу.Поэмаларда жасалатын адам образдары да әр алуан: эпикалық, образ да, лирикалық образ да, романтикалық образ да, реалистік образ да болады. Жанрдың үшінші саласы — кең көлемді эпикалық түр. Эпостың бұл түрінде жазылған шығармалар шындықтың жекелеген эпизодтарын суреттеумен тынбайды, әдеби шығармаға арнау болған адам мен қоғам тіршілігін мейлінше кең қамтып, алуан-алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйелеп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында жан-жақты жинақтайды. Эпостың осы түрін көбіне роман деп атап жүр.

21. Лирикалық тек. Лирикалық бейнелеу тәсілінің ерекшеліктерін айтыңыз.

.Әдебиеттің ежелгі тегінің бірі – лирика. Лирикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі. Лириканың субьективті сипаты. Лирика туралы сыншы, ғалымдар толғамдары. Лирикалық жанрлар (ода, элегия, ән өлеңі, арнау, соннет т.б. табиғаты.

Лирика көлемі жөнінен, эпосқа қарағанда, әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сюжет сол сезім маңына, философиялық ой маңына жинақталады.

Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйі бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді. Ақын оқшау образ жасап, оқырманға «содан үйрен, не жирен» деген тенденциямен ғана тынбайды, оған тура өз басындағы сезім мен сырды тұп-тұтас көшіре салады. Сонда ақын көкірегіндегі сезім – оқырман сезімі, ақын көңіліндегі сыр – оқырман сыры болады да шығады.

Лириканың күші –  әсерлілінде; әсерлілік – айтайын деген ойды сырлы суретке айналдыру, яғни лириканың күші – баяндауда емес, суреттеуде жатыр. Ал лириканың суреттейтін шындығы ұланғайыр, шындықты қамту құлашы кең; шын мәніндегі шебер лирик ақынды не жалаң қайғының, не бірыңғай қуаныштың ақыны, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге болмайды; талантты лириктің өлеңдерінде соның бәрі түгел, тұтас жатады; оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі, оқыған жанның сана-сезімін түгел баурап, көңіл-күйін түгел тербетіп, барлық пердені бірден басып, барлық шекті бірден сөйлеткендей сайрап кетеді.

Сондықтан шын мәніндегі шынайы лирика сырдаңдық атаулыдан әрқашан аулақ тұрады. Мұндай лириканың үлгілерін Гете мен Пушкин, Абай мен Шевченко, Блок пен Мағжан, Элюар мен Хикмет секілді әлемдік әдебиеттің әйгілі классиктерінің бәрінен табуға болады.

22. Драма тегінің табиғаты. Драма жанрының түрлері. Эпос пен лирика жанрынан айырмашылығын анықтаңыз.

23. Қаламгер және стиль мәселесі. Көркемдік әдіс туралы түсінік айтыңыз. Жазушының шығармашылығы оның ғұмырнамасымен тығыз байланысты. Жазушының творчестосы оның адамдық болмысымен, азаматтық бітімімен, өзгеден ерек өз өмір тәжірибесімен, білімімен, мәдениетімен, дүниетанымымен ұласып, бірігіп, біте қайнасып жатады.Өз көзімен көрмеген немесе сезіп-білмеген шындықты жазушы жаза алмайды. Әрбір әдеби шығарма оқырманға оны жазған автордың шығармашылық ерекшелігін танытады. Оны тілден де, тақырып пен идеядан да, образ жасау тәсілінен де аңғаруға болады.Әр жазушының қаламынан туған бар шығармада идеялық бірлік болады. Өйткені жазушы өзінің шығармасында әр түрлі өмірлік проблема қояды да, оны шешуге бір ғана тұрғыдан – өзінің тұрақты дүниетанымы тұрғысынан келеді.Жазушы қандай шындықты жете білсе, шығармасына соны тақырып етеді. Бұл – тақырып ерекшелігі.Әр жазушының шығармашылығында мінез бірлігі деген болады. Он образ – он түрлі мінездің адамы болса да, он мінездің де жасалу тәсілдері бір- біріне ұқсап тұрады. Мысалы, бір жазушы адам мінезін қимыл-әрекет үстінде танытуға бейім болса, екіншісі оның көңіл-күйін, сезім-сырын, ой-арманың, әр алуан психологиялық иірімдерін суреттеу арқылы ашуға шебер болады.Мінез бірлігімен қатар, әр жазушының творчествосынан тек өзіне ғана тән тіл ерекшелігін аңғарамыз. Тіл ерекшелігі – шешуші ерекшелік. Әржазушының тіл ерекшелігіне қарап, оның бір шығармасы емес, бүкіл суреткерлік бітімін бір қырынан байқап қалуға болады.

Стиль – әр суреткерге тән осындай творчестволық ерекшелік.

Стиль деген ұғым ғылым мен өнер атаулының бәріне қатысты және олардың әр саласындағы сипаты бөлек.Творчестволық ерекшеліктің қалыптасыунда, Гетенің айтуына қарағанда, үш кезең бар: 1) өзінен бұрынғы үлгіге жалаң еліктеумен жүрген шақ; 2) өзгеден бөлегірек азын-шоғын мәнер, машық тапқан тұс; 3) өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын өзгеше стиль белгіленген кез.Қ. Жұмалиев: «Дарын жоқта – стиль жоқ».

24. Шеберлік дегеніміз не? Оған қойылатын талаптарды айтыңыз. Жазушының шеберлік жолындағы ізденістерінің айқын іздерін сөз қылғанда, нені айтты дегеннен көрі, қалай жеткізді деген мәселе көбірек назар аудартады. Жазушы жасампаздығы – көркемдік дейтін шетсіз-шексіз әлемге тартқан миқанатты сапар. Басқан жол ұзарған сайын – шеберлік жолы да күрделене, түрлене түседі. Өйткені, шеберліктің даңғыл, бұзылмас жолы жоқ. Көзге көрінбес адам жанының мың құпялы тереңіне тартқан нәзік жолдың ешқашан қағидалы үлгісі болмайтындығы және белгілі. Оның үстіне сондайлық белгісз әлемді табу, ашу жолындағы қаламгердің ғұмыр бойлық жанкешті сапары ауырлаған сайын биіктеп көрнектілене түседі. Сонда, жазушының осыншама азапты жолдағы ізденісінің түпкі тірелері сөзсіз.

Әлбетте, тұпқазық нысана – айтарын бедерлі бейнемен, соны образ, жаңа жолмен жария ету. Әрі жазушы өз көкірегіндегі лықсыған сезім мен сырды көптің көңіліне мейілінше әсерлі жеткізу жолында көркемдіктің сан алуан жолын іздейді, тынымсыз еңбектенеді. Бұл үшін жазушы көркемдік дейтін алып ғимараттың әр бөлшегін құрайтын әрбір деталь, түйіннің бәрі-бәріне де көңіл аударып, шеберлік жолындағы ең ұтымды жолын қарастырады, табады. Соның ең бастысы – тіл образдылығы, ой дәлдігі және қысқалық. Жазушы шеберлігін айқындап, стиль ерекшелігін даралай түсетін де осылар. Дүние әдебиетіндегі классик жазушылардың қай-қайсысының да ең көп айтатын, жасампаздығында іске асыруға барынша тырсатын маңызды буын да осы үшеуінен бастау алады. Жазушының көркем прозадағы ізденістерінен жазушының ерекшелігін, шеберлік жолындағы бір қыдыру соны сипатын, айшықты ізін (қолтаңбасын) байқадық, таптық. Жазушы ерекшелігі демекші, әдетте, жазушы ерекшелігі – тұлғаның жеке басының қасиет, мінезіне емес, шығармашылық психологясына, көркем ойларын жеткізудегі өзгеге ұқсатпай салған соқпағы мен стильдік бөгенай-таңбасына қаратылады. Жазушының айқын қолтаңбасын, даралығын танытатын қажетты шарт яғни хас белгі – суреткер парасатының ұшандығы, дарын қуатының молдығы. Содан туатын – жазушының жасампаздық стилі, ерекшелігі. Өзіндік келбет, ерекшелік жоқ жерде – жазушы да жоқ. Бұл – таланытсыз көп жазарман мен шын суреткерді айырып көрсететін өлшем, таразы.

Осы пікірдің ақиқатына жету үшін, біз алдымен жазушының прозадағы алғашқы қадамы саналатын әңгімелерінен бастап талдап көрелік. Жазушы қаламынан туған көркем әңгіме көп емес, бар-жоғы бесеу-ақ. Осы аз дүниесінде аз болмаған көркем ойларын шеберлікпен жеткізіп, суреткерлік парасат-қуатын танытып кетті. Жазушының көркем жасампаздыққа әкелген яғни, өз шығармаларында қолданған түрлі шеберлік әдістері – кейіпкер тұлғасын, автор көзқарасын тереңдете түсетін психологиялық сараптаулар, деталь шындығы, өмір құбылысын суреттеудегі ықшамдылық, жинақылық, шешендік бәрі-бәрі ұштаса келіп жазушы шеберлігін, өзіне тән ерекшеліктерін танытатын белгілерге, фактылерге айналады. Өзіндік қолтаңбасы айқындалып, қалыптасқан таланытты суреткердің шығармаларында соны, тың идеялық-көркемдік ізденістерінде әрдайым жаңа сипатқа толы ерекшеліктердің көрініс табатыны сөзсіз. Мұндағы айтып отырған мәселе – жазушының көтерген тақырыбын бейнелеп жеткізудегі жалқы факторды ғана қамтымайды. Ол – жазушының өзі қанық өмір құбылыстарын терең танып, жанды детальға айналдыра білудегі көп қырлы шеберліктері мен лексикалық құрылымдарды стильдік мақсатқа сай түрлендіріп жұмсай білуінен де көрінбек. Әрі оқиғаны, детальды, кейіпкерді типтеп, сұрыптап қолдану, сюжет пен композиция бірлігін үйлесімді шешу секілді жазушы ерекшелігіне саятын түйіндердің барлығы да жазушының жаңалығын, өзіне тән ерекшеліктерін танытады. Бұл ерекшелік – уақыт сынынан өте келе, сол жазушының әдебиетте қалдырған ізі, стилі болып тұрақтанып, кейінгі буынның үлгі етер дара жолына, дәстүріне айналады. Мағаз Разданұлы да, көркем прозада өз қолтаңбасын қалтырғанға дейін, қазақ әдебиетіндегі классиктер жасаған жақсы дастүр, жарқын үлгілерден нәр қабылдай отырып, өз соқпағын салды. Сол игі дастүрдің ізімен көркем дүниелерді дүниеге әкелді.

25. Әдеби даму және дәстүр жалғастығы. Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі туралы айтыңыз.

26. Қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүрлер. Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесін айтыңыз. Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады.

Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шы¬ғып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер.
Дәстүр мен жаңашылдық - диалектикалық бірлестікте бо¬лып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс - материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді.
Қазақ поэзиясына Абай Құнанбайұлы енгізген жаңашыл үлкен дәстүр болып қалыптасты. Абай қазақ поэзиясын әсіре шешендікпен, әсіре бояудан құтқарып, терең ойлылықты арттырды. Ол ақын орнын, оның қоғамдық, әлеуметтік мәнін танып, көркем сөзді жоғары сатыға көтерді, ауыз әдебиетінің дәстүрінде келе жатқан поэзияны түрлендірін, жаңа арнаға салады. Мысалы, "Көлеңке басын үзартып" өлеңінде; "Адасқан күшік секілді, ұлып жұртқа қайтқан ой" дегенде тынымсыз, мазасыз ойды, жабырқау көңілдің суретін "адасқан күшікке" балайды.
Әдебиет пен көркем өнердегі ұлттық дәстүрлер ұрпақтың дүниені көркем оймен тану жолындағы озат тәжірибелерінен жасалғаны мәлім. Дәстүр — болмысты көркем образға айналдырудың ғасырлар бойы машықталған тәсілдерінен және айналамызды қоршаған қоғамдық орта мен табиғатты ой таразысына сала отырып бейнелеудің ұрпақтардан ұрпақтарға мирас боп келе жатқан қағидаларынан құралады. Дәстүр тұлғасы — тарих талқысынан өткен, халықтың ой-сезіміне етене болған, халықтың эстетикалық талғамына төтеп бере алатын бейнелеу нақыштары мен күллі ұлттық тіл байлығы арқылы айқын көрінеді.э

27. Әдеби дамудың формалары – әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп туралы еске түсіріңіз.

28. Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалог туралы айтыңыз

29. Әдеби процесс туралы түсінік. Әдебиет дамуының заңдылықтары

30. Сынның әдеби-эстетикалық қызметі, міндеті, жанрлары туралы айтыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет