«Ұлттық тәрбие- ұлт болашғы»



Дата16.05.2022
өлшемі13,72 Kb.
#34611
Байланысты:
Мақала Жумабекова А


«Ұлттық тәрбие- ұлт болашғы»

Ұлттық тәрбиемен тәрбиеленген бала, өз ұлтының ерекшелігі мен құндылығын бойына сіңіріп,тәрбиелі, білімді бала болып өседі. «Тәрбие тал бесіктен басталады», «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруді, отбасынан ,тал бесіктен бастау алғызып, әрі қарай балабақша табалдырығын аттағаннан бастап қолға алу керек. Балаларды Отанын сүйетін патриот, ұлтын сүйетін ұлтжанды, рухы биік азамат етіп тәрбиелеу, әр тәрбиешің, мұғалімнің қолында. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген халқымыз, сол себептен біздің балабақшада ұлттық тәрбие аясында іс-шаралар өткізілді. Солардың бірі, наурыз мейрамында ұлттық ойындар ойнатылып, салт –дәстүрлердің түрлері көрсетілді. Ерте жас тобында «Асық ату» ойыны өткізіліп, «Тұсау кесу» дәстүрі көрсетілді. Осындай көптеген іс-шараларды, ертеңгіліктерді өткізу арқылы өз еліміздің, кең байтақ жеріміздің ерекшелігін сақтап қалуымыз мүмкін, сонымен қатар бала бойына халықтық салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, мейірімді, қамқоршы, қайырымды болуға тәрбиелейміз. Мемлекет бойыша осындай ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында, аясында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы да қолға алынып, сол бағытта мемлекет аясында да көптеген жұмыстар жүргізілді. Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы дей отыра сонымен қатар бала тәрбиесінде ертегі, нақыл сөз, ырым-тыйымдардың да алар орны ерекше зор. Ата- бабамыз жылдар бойы қолданылған салт-дәстүрді,ырым-тыйымдарды , бар құндылықтарымызды оқу жүйесінде ұтымды, жиі қолданылсақ, жас ұрпаққа, келер ұрпаққа берер тәліміміз де тәрбиемізде мол болмақ, осы бағытта өз басым аянбастан жұмыс атқарамын, жас ұрпаққа сенемін, болашағымыз алда!


Жумабекова А. Н

«Ақбота» сәбилер бақшасының тәрбиешісі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет