М. Қозыбаев атындағы СҚу тіл және әдебиет институтының



Дата05.03.2023
өлшемі14,06 Kb.
#71597
түріСабақ

М. Қозыбаев атындағы СҚУ
Тіл және әдебиет институтының
қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының 3 курс студенті
Азат Әселге

Мінездеме
Азат Әсел 2023 жылдың 23 қаңтар мен 04 наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия » КММ-де педагогикалық оқу тәжірибесінен өтті. Тәжірибе барысында әртүрлі тақырыпта 8 сабақ өткізіп, қазақ тілі пәнін жақсы меңгергендігін көрсетті. Әсел сабаққа мұқият дайындалып, оқу үдерісінде ақпараттық технологиялар пен көрнекі материалдарды қолданды. Тапсырмаларды орындау кезінде қызығушылық пен белсенділік танытып, қойылған талаптарды уақытылы және шебер орындай алды. Күнтізбелік сабақ жоспарымен танысты. Сабақ жоспарын пән жетекшісімен талқылап отырды. Азат Әсел өзін ұжымшыл, оқушылармен жылдам тіл табысуды білетін және өз бетінше шешім қабылдай алатын білікті маман ретінде көрсетті. Оның жұмсақ дауысы мен мейірімді интонациясы, сыныпта достық атмосфераны құруға әсер етті. Пән мұғалімі тәжірибеден өтушіні «жақсы» деген бағаға лайық деп санайды.
Баға: ______ балл
Пән мұғалімі: Амиржанова Н.С. қолы ________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет