44
М.ТЫНЫШБАЕВ ЖӘНЕ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС
С.К.Тулбасиева –
т.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы
Өткен ұрпақтың жалпы ұлттық биік мұраттар жолында жүріп өткен
жолын, осы жолда жиған мол тәжірибесін, жеткен жетістіктері мен жіберіп
алған қателіктерін ой таразысынан өткізу-отандық тарихтану ғылымының
негізгі міндеттерінің бірі. Өмір сұранысына сай, жоғарғы ғылыми теориялық
және методологиялық түрғыдан жазылған тарихи зерттеу жұмыстарының
қоғамның тарихи санасы мен тағылымының қалыптасуына, мемлекеттік
идеологияға ықпалы зор болмақ.
Қазақстан
тұрғындарында
тарихи
сананы
қалыптастырудың
мемлекеттік концепциясында бұл мәселе кезек күттірмес маңызды мәселе
ретінде қойылды. «Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан
қоғамының қайта жаңғыруы» атты ғылыми сессияда да: «Үшінші
мыңжылдыққа аяқ басарда бізге өткен-кеткенімізді қайтадан сараптамасқа
жағдай жоқ. Өйткені, тарихи жадымызды қалпына келтіріп, тағдырымызды
қайта таразылау тәуелсіздігіміздің де мән-мағынасын ұғындыра түседі»
делінген [1,3 б.].
Отан тарихында еш уақытта өзектілігін жоймайтын тақырыптардың
бірі – ұлт-азатық күрес тарихы.
Кейінгі жылдар көлемінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихына
қалам тартқан ғалымдардың көптеген зерттеулері мен мақалалары баспасөз
бетінде жарық көруде. Бұл мақалаларда осы тақырыпқа алғашқы болып
қалам тартқан ғалымдар мен жазушылардың және мемлекет қайраткерлерінің
еңбектеріне оңды баға берілуде.
Мәселен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының
академигі Манаш Қозыбаевтың «1916 жыл: Ұлт-азаттық революция
тарихнамасының кейбір мәселелері» атты мақаласында «Қазақстан мен Орта
Азиядағы 1916 жыл көтерілісі» туралы кеңінен тоқталып өткен. Мәселені ең
алғаш зерттеудің әу басында тарихшылардың аға буын өкілдері
С.Аспендияров, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, С.Мендешов, Б.Алманов,
Б.Қаратаев, жазушы Ж.Аймауытовтар тұрды»- [2,
3 б
. ], деп көрсетті.
Осы есімі аталғандардың басым көпшілігінің 20-30 жылдары жарық
көрген еңбектері олардың авторлары жалған жаламен «халық жаулары»
ретінде айыпталғаннан кейін ғылыми айналымнан алынып тасталған
болатын. Солардың қатарында сол жылдардағы оқиғаларды өз көзімен
көрген, тіпті тікелей қатынасқан адамдардың бірі-саяси қайраткер, алаш
зиялысы Мұхаметжан Тынышбаев та болды.
Қазіргі кезде зиялы зерттеушілер ұлт-азаттық көтерілістерге жаңа
қырынан қарауда, оның өзіндік шын тарихын жаңа құнды дерктер негізінде
обьективті түрде зерттеуде. Осыған орай өмірлерін ұлттық мүдде үшін қиған
45
Мұхаметжан Тынышбаев сынды ғалымдардың қоғамдық көзқарастары мен
тарихи зерттеулері жаңа көзқарастар тұрғысында жаңадан бағалана
басталды.
Қазақ халқының 20-30 жылдардағы тарих ғылымында Мұхаметжан
тынышбаев зор роль атқарды. Өйткені Мұхаметжан тынышбаев өзінің
зерттеуін-зерттеушілік қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде
халқымыздың 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының тарихын зерттеуге
арнады.
Ғалым гимназист және студент бола жүріп, қазақ халқының
мұқтаждығын жақсы түсінді, орыс басқару органдары мен Жетісуды
мекендеген қазақ және қырғыз халықтары арасындағы өзара қарым-
қатынастарыды білуге ынталы болып, оларды жан-жақты зерттеуге
тырысты. Оның пайымдауынша, қырғыз-қазақ халықтары, әлбетте, Ресейден
орыс қоныс аударушыларының осы өлкеге қоныс аударуына аса қарсылық
көрсетпей, олардың жаңа жерде өздерінің жағдайын жақсартуға ұмтылған
әрекеттеріне әуелде түсіністікпен қарады. Олар қоныс аударушыларды
өлкеде қарсылықсыз қарсы алды. «Тіпті елдің ақсүйек ру басылары орыс
отрядтарын елге өздері бастап келіп, қоян қолтық араласты. Алайда олардың
келуінің немен аяқталатыны белгісіз болды…» [3] дей келіп, М.Тынышбаев
жергілікті халықтың мүддесіне сай қандай саясатты ұстанғандығын, қандай
заңсыздықтардың жүзеге асқандығын көрсететеді.
1906-1914
жылдар
аралығында
Верный
облысын
басқарған
С.Н.Велецкий кезіндегізаңсыздықтардың ашық түрде жүзеге асқандығын
бұлтартпайтын деректермен дәлелдеген М.Тынышбаев 1916 жылғы
көтерілістің басты себебі патшаның жергілікті халықтың ер-азаматтарын
майданның қара жұмысына алу туралы 25-маусымдағы жарлығы емес,
әлеуметтік және ұлттық езгінің бірінші дүниежүзілік соғыс барысында
барынша күшейгендігі болғандығын баса көрсетеді. Осыған орай
М.Тынышбаев өз зерттеулерінде Верный уезін 8 жыл басқарған
С.Н.Велецкий кезінде Переселен басқармасының қазақ пен қырғыздардың
жерін тартып алған заңсыздық әрекеттерінен мәліметтер келтіреді [3].
1916 жылғы патшаның маусым жарлығы көтерілістің басталуына
түрткі ғана болғанын айтады. Бұл туралы ол Түркістан генерал-
губернаторының
атына
жазған
түсініктемесінде
ашық
көрсетті.
Түсініктеменің бір тұсында ол: «Құнарлы жерлерді тартып алған соң мал
шаруашылығы құлдырады, жер өңдеу қысқартылды. 1907-1914 жыл
арасындағы жеті жылда облыс қатты өзгеріске түсті… [3], десе екінші бір
жерінде «барлық жауапкершілік қазақтардың мойнында болды: егер орыс
шаруасының малы немесе басқа бір мүлкі жоғалса, жергілікті жер
болыстығына оны тез арада табу басталды. (Лепсі уезінде 3-5 күндік мерзім
ішінде)»,-деп ел ішіндегі заңсыздықтардың ашық түрде қандай жолдармен
жүзеге асқандығын бір қырынан көрсетеді.
«Мен, дейді ол,-1910 жылы Жетісу облысы үстінен өтіп бара жатып
46
Қарабалтадан Пішкекке дейін, одан әрі Константиновкаға дейінгі шамамен
75 шақырым аралығында пошта станцияларының өзара тұтас дерлік
қоныстанушылардың поселкелермен жалғасқанын көрдім. Пішкек уезін
түгелдей поселкелер басқан және алыстағы Чернигов, Орлов және басқа
губерния мұжықтары армандаған Пішкек жері туралы айта келіп, даудың
басы Патшалық Ресейдің жер мәселесіне қатысты жүргізген отарлық саясаты
ұлт-азаттық қозғалыстың туындауының басты себебі болды» деген
қорытынды жасайды [3].
М.Тынышбаевтың Түркістан генерал-губернаторының атына жазған
түсініктемесінде 1916 жылғы көтеріліс тарихын зерттеуге үлес қосуға мол
мүмкіндік беретін мәліметтер келтірген.
Мәліметтерді қарастыра отырып, ел қоныстарын қозғамай-ақ бос
жатқан қазақ даласын игеру патшалық өкімет үшін тиімсіз болғанына көз
жеткіземіз.
Мұхаметжан Тынышбаевтың бұл пікірі оның замандасы Ахмет
Байтұрсыновтың «Көшпелі һәм отырықшы норма» атты мақаласында қолдау
тапқан [4].
Осылардың бәрін көріп, біліп, сезініп өскен, көкірегі ояу, көзі ашық
А.байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Ж.Аймауытов
сынды зиялы азаматтар намысы тапталған, қорланған, мүсәпір болған
халқына қол ұшын беруді өздерінің парызы санады.
Бұл ретте аталмыш қазақ зиялыларының 1916 жылғы патшаның
маусым жарлығына байланысты көзқарасы туралы мәселе туындайды.
Олардың сол жылдары осы мәселеге байланысты қандай күй кешкенін
Мыржақып Дулатовтың «Он алтының ойраны»атты мақаласынан көруге
болады. «Бір күні төбеден түскен жайдың оғындай июнь жарлығы сарт ете
түсті. Бұл жарлықтың бізге жайдың оғындай көрінуі-қалың қазақ еліне оның
әсері қандай болатындығын сезгендігімізден еді. Бұл жарлықтың қазақ
арасына қалай тарайтыны, қазақ елі не күйге ұшырайтыны көз алдымызға
елестей қалды. өз өмірімізде басымызға тумаған ұлы дағдарысқа ұшырадық.
Қайтпек керек? Не істейміз? Елге не айтамыз? Біздің басшылығымыз қандай
болмақ? Елдің ризалықпен көнгісі келмейтіні, балаларын бергісі келмейтіні
«соғыс», «солдат» деген сөздерден өлердей қорқатыны, патша өкіметіне
сенімі жоқтығы белгілі. «Көнбе, берме» дейміз бе? Оның түбі не болады?
Немізге сеніп, «Көнбе» дейміз? Көнбейтін күшіміз қайда?» деп көрсетсе [5,
?
], Мұхаметжан Тынышбаев болса: «Жағдай өте қолайсыз қалыптасты және
санаулы қырғыз (қазақ) интеллигенциясыекі оттың ортасында қалды» [3],-
деп көрсетті.
Сол
кездегі
қазақ
зиялыларының
жетекшісі
Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов ешбір қарсылықсыз патшажарлығын орындау
керек деп санады. Бұлай епеген жағдайда деді олар, патша үкіметі елді
жазалаушы қарулы жасақтар шығарып, елді қан-төгіске душар етеді. Олар
1916 жылғы «Қазақ» газетінің 192-ші санында «Алаштың азаматы» деген
47
мақала-хат жариялап, онда қан-төгіс болдырмау халықты патша жарлығын
орындауға шақырды [6]. Кеңес өкіметі жылдарында осы қайраткерлердің осы
іс әрекеттері халыққа сатқындық жасағандық деп бағаланып, оларды «халық
жаулары» деп айыптауға негіз болған факторлардың біріне айналды.
1916 жылдың шілде-тамыз айларында Жетісу облысында басталған
көтеріліс көп кешікпей Қазақстанның барлық аймақтарын түгелге дейін
қамтыды.ол алғашқы кезде түземдік әкімшілікке тізім жасатпаудан басталып,
соңынан қарулықақтығысқа ұласып, патшалық өкіметтің жазалаушы
отрядтары мен бұқара халық жасақтары арасындағы қақтығысқа әкеледі.
Бұл көтеріліс тек қана Қазақстанды қамтып қойған жоқ, сонымен қатар
империяның шығыстағы отарлық аймағы болған Орта Азияға түгел тарады.
Бір сөзбен айтқанда, 1916 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы көтеріліс осы
ұлан-ғайыр жерді мекендеген жергілікті халықтардың көптен бері орын алған
ұлт-азаттық күрестерінің заңды жалғасы әрі шырқау шыңы болды. Соғыстың,
ауыртпалықтары, жергілікті халықтан зорлықпен жердің тартып алынуы,
шаруашылықтың күйзелісі, патша жендеттері тарапынан тонаудың күшеюі,
орыстандырудың қарқынмен жүзеге асуы-халық шыдамын шегіне жеткізді.
Ал жарлық пен соғысқа әскер қатарына өз ұлдарын шақырмай, бұратана
халық деп кемсітіп, қара жұмысқа 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарды
алу шегіне жеткен шыдамды отқа май құйғандай өршітіп жіберді.
Бұл тарихи кезеңде қазақ халқын бір жолата құртып жіберу қаупі туды.
Жоңғарлармен күрес дәуіріндегідей тарих мәселені тағы да төтесінен қойды:
қазақ халқы өмір сүруін тоқтата ма, әлде ұлт ретінде өзін-өзі сақтап қала ала
ма? [2].
Отарлық басқарушылар өз қол астындағы бұратана халық санасының
оянуына жол бермеуді көздеп, көтерілісті өз мүддесіне сай кері сипаттауға
тырысты. Ал ұлт зиялыларының көтерілісті шынайы ақиқат тұрғысынан
жазуға ұмтылуы олардың саяси құрбан болуына әкелді. Осындай тағдыр
тәлкегіне түсетінін біле тұрса да олар өз принциптерінен бас тартпады.
Халық санасының оянуына қозғаушы күші болған ұлт азаттық қозғалыстар
ұлттық рухты сілкіндірді.
Ұлт-азаттық көтеріліс тарихын ақиқат тұрғысында жазып, оған
обьективті баға беруде М.Тынышбаевтан қалған мұраның тарихнамада
алатын орны ерекше. Ол бұл мәселеге арнап мақалалар жазып, саяси
мәліметтер жасады. Оларды көтерілістің барысы мен салдары жөнінде құнды
деректер бар.
Онда тарихшы жекелеген облыстардағы көтеріліс барысын сипаттап,
жергілікті көтерілісті патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы
бағытталған бұқаралық қозғалыс екендігін, көтеріліске басты себеп болған-
патша өкіметінің жергілікті халықтың жерін отарлаудағы қоныстандыру
саясаты, оның арандату саясатын туғызғандығын дұрыс көрсете білді.
Қазақ елінің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы инженер-тарихшының
қоғамдық қызметі мен шығармашылық еңбектерінде ерекше орын алғандығы
48
жайында сол жылдары Орынборда А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтардың
редакторлығымен жарық көріп тұрған «Қазақ» газетінде былай делінді:
«М.Тынышбаев ІІ-Мемлекеттік Думаның ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік
халыққа таза жолымен қашаннан қызмет етіп жүрген алдыңғы қатарлы зиялы
азамат. Жетісуда бүліншілік болғаннан бері Мұхаметжан көзге көрінерлік
көп пайда келтіріп жүр.Былтыр Түркістан уалаятында Куропаткинге генерал-
губернаторболғандығын (1916 ж. 10 тамыз), мәселенің бәрі Жетісу қазақ-
қырғызында емес, жергілікті хәкімдердің жауыздығынан болғандығын
Куропаткинге жете түсіндіруші Мұхаметжан Түркістан уалаятындағы қазақ-
қырғыздардың жерін Жетісу переселендік мекемесінің зиянды саясаты
бойынша мұжыққа алынғандығын жергілікті халықтардың тау мен тасқа
қамалып қалғандығын һәм мұнан былай да жер алынатын болса, қазақ пен
қырғыз
аса
таршылықта
қалатындығын
дәлелдеп
доклад
жазған
Мұхаметжан» [7].
Ұлт-азаттық қозғалыстан соң патшалық отарлаушылар көтерілістің
негізгі себептерін бүркемелеп халықты патша жарлығына қарсы көтерген
түрік пен неміс агенттері деп түсіндіруге тырысты. Мұндай пайымдаулардың
астарын жақсы түсінгенМ.Тынышбаев көтерілістің негізгі себептерін генерал
–губернаторға
(4.ҮІ.1924
жылы)
берген
хатында
ашық
жазды:
«Түркістандағы орыс тұрғындарының 90%-ы жетісу жеріндегі толқулардың
себебін көп ойланып жатпай-ақ, түркі және герман үгіттеуінен көру дұрыс
емес, шындығында оның себептері қырғыз, қазақтарды ата қонысынан,
жерінен айырған-отарлау саясаты мен патша жендеттерінің жасаған түрлі
зорлықтары және де үлкен көтерілістерді ұйымдастырар үгітшісінің жоқтығы
еді» [3].
1916 жылғы дүрбелең кезінде қатарында М.Тынышбаев бар зиялылар
«Қазақ» газеті арқылы оқығандарға үндеу тастап, оларды өз ауылдарынан
майданның қара жұмысына алынғандардың қатарына қосылып, майдан
шебіне баруға, оларға рухани көмек беруге, өзге ұлттарға басындырмауға,
офицерлерге қорлатпауға шақырды.
Әлихан Бөкейханов бас болып, қара жұмысқа алынғандар шоғырланған
жерлерді
аралауға
аттанды.
Оларды
азық-түлікпен,
киім-кешекпен
қамтамасыз етуге, дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады. Ал 1917
жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі жұмысқа шақырылған
қандастарымыз елге қайтару ісінің басы-қасында болды. Мәселен, М.Дулатов
Петроград пен Мәскеудің вокзалдарына түнеп, елге қайтушыжігіттерге
теміржол билеттерін алыпберіп, басқа да көмектер көрсетті. Бұл жөнінде
жазушы әрі тарихшы Ғалым Ахметов арнайы мақала жазып, нақтылы
деректер келтірді. М.Тынышбаев 1916 жылғы көтерілісті патша жендеттері
аяусыз басып жаншылағанда шет елдерге босып кеткен қандастарымыз өз
отанына қайтару ісімен айналысты. Босқындарды қазақ еліне қайтару үшін
Ахмет Байтұрсынов пен Мыржақып Дулатов Шәуешекке, Мұстафа Шоқай
Өзбекстанға, Мұхаметжан Құлжаға аттанды [2].
49
Осылайша азаттық күресі стихиялы түрде дамыған халықтың
қозғалыстан кейінгі күйі ауыртпалығын да зиялы қауым көтерді.
М.Тынышбаев 1917 жылғы көктемде Ташкентте құрылған Уақытша
үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі ретінде, одан соң Жетісу
облысындағы Уақытша үкіметтің комиссары боып жүріп,шет елге босып
кеткен қазақтарды елге (негізінен Жетісуға) қайтарып, оларды жерге
орналастыруда үлкен рөл атқарды [8, 12б].
Түркістан
комитетінің
қырғыздардың
(қазақтардың)
жермен
қамтамасыз етілуі жөнінде ерекше көңіл бөлінгендігі жөнінде комитеттің
1917 жылдың 19 сәуіріндегі мәжілісінде оның мүшесі М.Тынышбаевтың
«Қытай өңірінен келген қырғыздардың қоныстандырылуы жөніндегі
баяндамасы» дәлелдейді (Доклад члена комитета М.Т.Тынышпаева о местах
поселения киргиз, возврашаяющихся из пределов Китая) [8,133б]. Міне
осындай жігерлі істер М.Тынышбаевтың елі үшін аянбай жасаған
еңбектерінің бір қыры болып табылды.
М.Тынышбаевтың «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 24-ші маусымындағы
санында жарияланған мақаласында « Қытай жеріне кеткен (Құлжа һәм
Қашқар өлкелеріне) босқын қырғыз, қазақтардың саны 164 мың адам екен.
Содан үстіміздегі жылдың (1917) июльдің 1-не дейін қырылғаны 83 мың,
жеріне қайтқаны 69 мың, Қытай жерінде қалғаны 12 мың адам» [9] деп
мәлімет берген.
Бұл тұрғыда зерттеуші-ғалым М.Қойгелдиев: «Біз бұрын қырғынға
ұшыраған жалғыз қырғыз деуші едік, Мұхаметжанның айтуынша Жаркент
уезіндегі албандардың (ұлы жүз) опат болған босқындар саны қырғыздардан
кем емес» екендігін айта келіп, осы мәселені анықтаудағы М.Тынышбаевтың
саяси-қоғамдық және зерттеушілік қызметіне жоғары баға береді.
«Қазақ» газетінің беттерінде М.Тынышбаев Жетісудағы қырғыз бен
қазақ елінің басына түскен қасіреттердің шын ауқымын көрсететін деректік
материалдар жариялайды. Мысалы; 1917 жылдың 254-ші санында Жетісу
облысындағы қазақ және қырғыз уезіндегі болыстардан Қытай асқан
адамдардың саны анықтайтын кесте беріп, «44 болыс жерінде барлығы 47
мың 759 түтін бар, содан қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95 мың 200
жан болды» [10], деп көрсетеді. Бұл есепке қарағанда босқындардың жартыға
таяу адамдары қырылған.
Ұлт зиялылары 1916 жылғы тыл жұмысына адам алу нәтижесінде жас
шамасын жасыратын, мал санағының, жер мөлшерін есептеуден бастарын
алып қашатын болып алған халыққа егер бұл есептер дұрыс берілмесе
қазақтың есесі кететіндігін түсіндіруді және осы сияқты көптеген кезек
күттірмес мәселелерді шешуді өздеріне борыш санады. Сонымен қатар,
өлкеде қалыптасқан жағдай қазақ ұлты қайраткерлерінің алдына елде орын
алған ашаршылықпен күресу, мұжық-орыс пен қазақ және казак-орыс пен
қазақ араларындағы дау- жанжалдарға араласу, жергілікті жерлерде құрылып
жатқан уақытша билік орындарына өз өкілдерін өткізу тәрізді сан қилы
50
проблемалар жиынтығын көлденең тартты.
1. Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан қоғамының
қайта жаңғыруы: Халық бірлігі және ұлттық тарих жылына арналған
ғылыми сессияның материалдары. - Алматы, 1999. 3-б.
2. «Қазақ әдебиеті». 1992 жылдың жинағы.
3. Тынышбаев М. Ақтабан шұбырынды. – Алматы, 1992.-102-
112бб.
4. Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы, 1991. - 233б.
5. Жұлдыз.- 1991.- №6. - 104-105бб.
6. Нұрпеісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы, 1995. - 64-б.
7. Қазақ газеті. – 1917. - №237.
8. ӨРОМА. 1044-қор, 1-тізім, 1-іс, 12-39бб; 17-қор, 1-тізім, 1-іс,
133бб.
9. Қазақ газеті. – 1917.- 24-ші маусым.
10. Қазақ газеті. – 1917. - № 254.
Резюме
В статье проведен иcториографический обзор исторических и научных
трудов М.Тынышпаева, касающихся истории национально-свободительного
движения 1916 года.
Summary
The article gives a historiographical overview of historical and scientific
works of M. Tynyshpayev concerning the history of the national liberation
movement in 1916.
Достарыңызбен бөлісу: |