90
11 - ДƏРІС
Мағжан Жұмабайұлы (1893-1938).
1.
Мағжанның
ақындығы.
2.
Шығармашылығы
.
1) Қазақ сөз өнерінің эстетикалық əлемін, поэтикалық
қуатын жаңа классикалық деңгейге көтерген Мағжан
Жұмабайұлы шығармашылығы əдебиетіміздегі ғажайып
құбылыс. Ақын ұлттық сөз өнерінде өзіндік стильдегі
қолтаңбасын қалдырып, əлемдік əдебиеттегі ағымдар мен
əдістердің
орнығыуында
дəстүр
арнасын
қалады.
Біріншіден,
қазақ
поэзиясындағы
символизи,
сентементализм ағымының шығармашылықпен игерілуі
Мағжан ақындығымен сабақтас. Бұл ретте ақынның
шығармашылық əлемін терең зеределеген Жүсіпбек
Аймауытұлының
«Мағжанның
алғашқы
кездегі
өлеңдерінде неше түрлі рух бар. Сыртқы түрінде орыстың
бейнешілдеріне (символист) еліктесе, ішкі рухында
күйректік, жылауықтық (сентемантализм) романтизм
болады. Сентементализм əсері, əсіресе əйел теңдігене
арнап жазған өлеңдерінде ұшырайды» деген пікірі Мағжан
жаңашылдығын танытады. Бұл ретте сентементализм
рухында жазылған өлеңдері «Домбыра», «Зарлы сұлу»,
«Жəмила», «Шын сорлы», «Алданған сұлу», «Тілегім».
Сөз жоқ, Мағжан қазақ поэзиясындағы символизм
ағымының бірегей өкілі. «Жазу жолында бейнешілдердің
негізгі əдісі – ишарамен, бейнемен түсін бояп, көлеңкелеп
жазу, олар төңіректегі деректі тұрмыстан өзге дүниеге, ана
дүниеге бір ұйқастық іздейді. Сөздің ішкі маңызында
көбінесе сыртқы ұйқасына, тізіліміне, ырғағына көбірек
назар салады. Олардың сөзі ақылдан гөрі жүрекке
артығырақ əсер беріп, сезімді билейді. Бүгінгі өмірді онша
керек қылмау, өзінен өзгені жақтамау, өнерді өте жақсы
91
көру,
əйелді
сүю,
махаббаты
жырлау
–
міне,
бейнешілдердің
тұтынған
жолы.
Сондықтан
бейнешілдердің өлеңі құлаққа жағымды, үнді, əуезді,
күйлі, зарлы келеді. Дыбыстардың құралуы сурет
туғызады. Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай
да іздеген. Абай да сөздің ішіні мəнерлі, тонын сұоу
қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жасауға, сөздің
сыртқы түрін əдемілеуге Мағжанға жеткен қазақ ақыны
жоқ» (Ж.Аймауытұлы). Мағжан – сыршыл ақын. Оның
лирикасы
сыршылдығымен,
суретшілдігімен,
сөзге
еркіндігімен, күшті де маржандай тізілген нəзік үнді
күйімен əрі шерлі, мұңды зарымен күшті. «Ақындық
жүзінде Абайдан соңғы əдебиетке жаңа түр кіргізіп,
соңына шəкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан»
(Ж.Аймауытұлы). Екіншіден, Мағжан қазақ əдебиетінде
романтизмді күшейтті. Ең бастысы ол нəзік сезімнің, тəтті
қиялдың ақыны. Мағжан – ұлт ақыны. Символизм ең
алғаш қазақ əдебиетінің классиктері Мағжан Жұмабаев
пен Бернияз Күлеевтің мұраларында көрініс тапты.
«Мағжан Жұмабаевтың басқа қаламдастарынан ерекшелігі
ақындық, азаматтық болмысындағы қиялшыл, асқақ, түпсіз
мұңға толы жаратылыс – бітімінде, өлең сөзінің келісті
саздылығы мен əсем айшығында» (Б.Майтанов). «Бір
қызығы, Еуропа символизмі жарты ғасырға жуық қом
жинаса, оның Ресейдегі жаңғырығы жүзжылдықтың
ширегіндей уақытқа созылыпты; ал қазақ поэзиясындағы
өткінші жаңбырдай бұл құбылыс қас-қағым сəтте маңайын
көкке малшындырып, тынысты тазалап, қат-қабат құнарын
қалдырып кетті. Қазақ символизмі аяғынан тік тұра
бастаған заматта, Еуропа мен орыс символизмі толысу,
тіпті тоқырау сатыларын өзегінен түгел өткеріп, “жасарын
жасап” үлгерген еді. Сондықтан Мағжан мен Бернияз өз
шығармашылықтарында атышулы əдеби ағымның кемелі
мен кемшінін, өміршеңі мен өтпелісін саралап-сұрыптап
92
пайдалану мүмкіндігін иеленді. Ең бастысы, қазақтың
мəдениет бақшасына символизмнің туын тіккенде, оны
ұлттық поэзияның ілгерідегі үздік үлгілерімен табиғи
будандастыру, терең байланыстыру міндетін мойынға
артты» (А.Шəріп). А.Блок, К.Бальмонт, В.Брюсов сынды
орыстың символист ақындар шығармаларымен терең
танысқан Мағжан символистік поэзияның көркемдік əдісін
қазақ өлеңінің табиғатына енгізді. «Жұмабаев өлеңнің
сыртқы түріне үлкен мəн берген мəдениеті жоғары ақын.
Ол символистік шығармаларына дейін-ақ романтикалық
шығармаларында
өлеңнің
түрі
саласында
бірқатар
ізденістер жүргізген, яғни ақынның бұл бағыттағы
суреткерлік тəжірибелері символизм тұсында кеңейіп,
мақсатты түрде жүзеге асырыла бастады. Символизм
Мағжанның осындай ізденістерін одан əрі күшейте түсті
деуге болады. Ал, символизмнің əдеби ағым ретіндегі
ерекшелігінің бірі форманың келістілігі мен кемелділігі.
Екіншіден, оның романтик ақын болуы да символизміне
əсер
етті.
Символизмнің
теориясы
мен
тарихын
зерттеушілер оның романтизммен байланысын атап
көрсетеді.
Тіпті
ХХ
ғасыр
басындағы
орыс
əдебиеттануында оны неоромантизм деп атағандар да бар.
Романтизм секілді символизмнің де негізінде дүниені
идеалистік
тұрғыдан
қабылдау,
бейнелеу
жатыр.
Субъективтік, дарашылыдық, өз дəуіріне көңілі толмай
уайымға салыну, трагедиялық күйлерге түсу романтизмге
қалай етене жақын болса, символизмге де жат бола
қоймайтын белгілерден саналады. Үшіншіден, Мағжанның
дүние дидарын трагедиялық кескінде қабылдау бейіміне –
оның жеке өміріне де үлкен ықпал жасады. Ақын
тағдырындағы ауыр оқиғалар, олардың ақын жүрегіне
салмақ түсіруі, лирикасындағы жан-жарасын бейнелейтін
сəттерді тереңдетіп жіберді. Кезінде Мағжанның
93
сыншылары
теріс
түсінікке
айналдырған
ақын
өлеңдеріндегі уайым, мұң, əсіресе, осы тұста қалыңдай
түсті. Ол суреткердің ойынан тапқан, қиялдан жасаған
əлемі емес - Мағжанның өмірінен өрілген шынайы
тебіреністері еді» (Е.Тілешов). Ақынның символизм
ағымында жазылған «Толқын», «Жалғыз жолда», «Сең»,
«Шолпы», «Қайың», «Қысқы жолда», «Мені де, өлім,
əлдиле», «Жан сөзі» өлеңдерінің көркемдік қуаты
жоғарыда пікірлерде көрсетілген ғылыми тұжырымдарды
дəлелдейді. Ақынның символға
құрылатын шығармаларының дені табиғат лирикасының
еншісінде.
2) Символистердің лирикасына тəн эгоцентристік
бастауларға негіз болған Ницшенің Заратустрасы. А.Белый
«Менсіз дүние – тұл» десе, К.Бальмонт «Менің жалғыз
Отаным – еркін жаным» – дейді. Ол Мағжан лирикасында
да айшықты ізін тапты. «Өзім - патша, өзім - қазы, өзім -
би, Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?» «Өзім- тəңірі,
табынамын өзіме, Сөзім – құран, бағынамын сөзіме - деген
жолдардан барлық символист ақындарға тəн асқақты пен
өрлікті
аңғарамыз.
Мағжантанушы
Ш.Елеукенов
М.Жұмабаевтың
символикалық
тəсілмен
жазылған
өлеңдерін бес топқа бөліп қарастырады: Бірінші, қоғамдық
күштерді белгілі символдармен бейнелеп, сол арқылы
оқырманына əсер ету. Оған мысал ретінде алмас қанатты
періште болып бейнеленетін Бостандық, Азаттықты сүйгіш
Гүн, Керітартпа Түн баласы бейнеленетін өлеңдерін атауға
болады; екінші топқа нақтылы өмірден тылсым дүниеге
ауытқу жайын, перілерді бейнелейтін өлеңдері жатады.
Үшінші топтағылары осыған жалғас сыршыл лирикалық
өлеңдері.
Оның
лирикасында
декаденттік
сарын
кездесетінін кезінде М.Əуезов те атап көрсеткен болатын.
Сары уайымға толы, күйректік сезімі басым өлеңдер ақын
шығармашылығының бір арнасын құрайды. Төртінші
94
топқа жататын бұ дүние мен о дүние арасындағы тылсым
байланысты, жұмбақ əлемнің рухымен тілдесуді жанымен
қалайтын шығармашыл тұлғаның түйсік əлемін арқау
еткен өлеңдері.
Мағжан шығармашылығын зерттеушілер ақын
поэзиясындағы махаббат, табиғат, көңіл-күй лирикасымен
қатар саяси-əлеуметтік лирикасындағы отаншылдық,
түркішілдік арнаны ерекше атап көрсетеді. Түркішілдік
рухтағы қуатты өлеңдерінен ақынның елі мен деріне деген
отаншылдық сезімдегі асқақ махаббаты толқындай еседі.
Ол, түптеп келгенде, көркемдік ойлау жүйесіндегі тарихи
ойлау жүйесіне қан жүгірту еді. Ұлттық «менді» ояту
арқылы еркін елдің кешегі тектілігін санада жаңғыру,
ұлттық мақтанышты басты орынға қою. «Бір күнде сенің
иең түрік еді...Ер түрік ең далаңа көрік еді. Отырса, көшсе,
қонса, ерік еді, Тұрғанда бақыт құсы бастарында Іргесі
жел-күн тимей берік еді» («Орал тауы»).
«Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта, Қайғыдан қан
жұтамыз, біздің ата
Лайық па құл боп тұру? Жүр кетелік Алтайға – ата мирас
алтын таққа» («Алыстағы бауырыма»). «Ертеде Оқыс,
Яқсарт-Жейхун, Сейхун – Түріктер бұл екеуін дария
дейтін. Киелі сол екі су жағасында Табасың қасиетті бабаң
бейітін. Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа Түріктен басқа
от болып жан туып па? Көп түрік енші алысып тарасқанда
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?» («Түркістан»).
«Алтайға жер жүзінде тау жоқ жеткен, Алтайға бетегедей
алтын біткен. Бейіштей алтын Алтай етегінде Ертеде Алаш
елі мекен еткен» («Қорқыт» поэмасы).
Ақынның ғашықтық жырлары сыршылдыққа, терең
сезімге
толы.
«Бұл
шығармаларында
сан
алуан
психологиялық күй-сезімдер мол, адам жанының неше
түрлі тылсым сырлары, лəззəтті минуттар, азапты түндер,
95
қоштасулар, тосулар, жыртылып айырылу, қайта табысу
сəттері, қуаныштың жасы,
қайғының қана, жүрек толқыны – міне үлкен ақын осының
бəрін алдыңа жайып салады» (Р.Нұрғали). Осы көркемдік-
эстетикалық,
поэтикалық
қуаттағы
лирикасында
«Жұлдызды – жүзік, айды алқа қылып берейін», «Көңіліңді
ашар», «Сəуле», «Гүлсім ханымға», «Гүлсімге», «Бұлбұл»,
«Құр қалыппын», «Хор сипатты қарындас», «Сен сұлу»,
«Шолпан», «Төгілген шашы», «Сүй, жан сəулем»,
«Сүйгенім анық», «Айрылдым сенен, жан сəулем»,
«Махаббат не?», «Жас сұлуға», «Сүйгеніме», «Р.-ға», «З.-
ға», «Ес кірген соң» атты өлеңдері ерекше сипатқа ие.
Өнер
өрінде
жұлдыздай
жарқыраған
ақынның
философиялық, трагедиялық өлеңдері де ұлттық сөз
өнеріне жаңа көркемдік сипат дарытқан оқшау дүниелер.
Бұл ретте «Ой», «Ауыру», «Жұлдыздарға», «Сағат», «Ж.-
ға», «Шылым», «Александр Блок», «Алдамшы өмір»,
«Сарғайдым», «Шын сорлы», «Батқан күн, атқан таңның
жыры», «Сүйемін» өлеңдері айқын дəлел. «Ақынның
күрделі
өмір
құбылыстарын,
тарихи
кезеңдерді
бейнелейтін, релистік сипаттарымен қоса, символдық,
мистикалық, фантастикалық сарындарға бой алдыратын
аса күрделі өлеңдері – «Тəңірі», «Жаралы жан»,
«Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Күз»
бір сала болса, «Бесік жыры», «Туған жер», «Туған жерім –
Сасықкөл», «Анама», «Жазды күні қалада», «Айда атыңды,
Сəрсенбай» шығармалары екінші арнаны құрайды»
(Р.Нұрғали).
«Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық
ашып, соны əсемдік арналарды негіздеп, əсіресе Европа,
орыс əдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық
топыраққа батыл да еркін енгізген Мағжан эпикалық
жанрда поэманың ықшам фолрмаларын қалыптастырды», -
96
деген Р.Нұрғали пікірі тұрғысынан алғанда Мағжан
Жұмайұлының
«Қорқыт»,
«Ертегі»,
«Оқжетпестің
қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян»,
«Жүсіп хан», «Өтірік ертек» атты поэмаларымен аңызға,
тарихи белгілі оқиғаларға жəне шығыс сюжетіне, мысал,
тұспалға
құралған
ғажайып
туындылар
тудырды.
«Оқжетпестің қиясында» - ұлттық ерлік пен өрлік,
қайсарлық пен ар-намыс символы Кенесары Қасымұлы
сынды алап тарихи тұлғаны аңсау мен ардақтаудан туған
классикалық поэма. «Арқада Бурабайдай жер болмайды,
Алашта Кенекемдей ер болмайды. Кене Арыстан мезгілсіз
мерт болды ғой, Алашқа бұдан да зор шер болмайды. Ел
азды, Арқа тозды, қай,ы басты, Күңіреніп біздей бейбақ
жыр толғайды, Құдай-ау, мəңгілікке қарғамасаң, Кенедей
неге енді ер тумайды?! Кене жоқ, ізін баса ін де жоқ,
Дариға, жүрегімді дерт улайды». Ал, «Батыр Баян»
поэмасы елдік жолындағы отаншылдық қасиеттерді
көркемдік танымда, тарихи жадымызда жаңғыртуымен
оқшау тұратын поэма. «Ерлерді ұтытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. Ел үшін жанын кешіп,
жауды қуған, Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас. Ел
жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан, Ерлерді ұтмытса
да ел, бел ұмытпас, Ел үшін теккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. Арқаның селі, желі,
шөлі, белі, Ерлерді ұмытса да, ел ұмытпас».
«Қорқыт» поэмасы-қазақ ауыз əдебиетіндегі белгілі
аңыздық кейіпкер-Қорқыт турасындағы туынды. Бұл
поэмада əлемдік əдебиеттегі каһармандық
ұлы тұлғалардың бірі, ұлы мақсат арқалап, адамзатты
өліммен арашалауға ұмтылған, өлімнен қашып, ажалмен
күрескен Қорқыт бейнесін сомдой отыра, ақын Қорқыт
образын өз рухымен ұштастыра береді. Поэманың
соңындағы мына жолдар осының айғағы.
97
«Енді менің жолдасым-жалғыз қобыз, Сарна қобыз, мұң-
зарлы шығар лебіз, Сен жыласаң, жылармын мен де бірге,
Жан жыласа жыламай қалама көз?! Өмірде арманым жоқ-
Қорқытқа ерсем, Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.
Жас
төгіп,
сұм
өмірде
зарлап-сорлап,
Құшақтап
қобызымды көрге кірсем!».
Мағжанның бұл сөздерін өмір мəнін, ондағы
тартысты күрес сырын толғаудан туған шешім деп
қабылдау керек. Бұл ақынның сол тұстағы өз өмірінде тап
болған қиындықтардың əсерінен жазылған поэма. Өлімнен
қашып, ажалмен күрескен Қорқыт – Мағжан үшін
мəңгілікке символ болар қаһармандық ейне, өлмес рух.
Оны жырлау - өмір үшін күресті жырлау. Тағдырдың
тақсіретін көп тартқанмен ақын о дүниені аңсайды деген
ой тумауы керек, ол-өмірін күреспен өткізіп, «Қорқыттай
қобызыммен көрге кірсем» деген ұлы арман иесі.
Мағжанның поэманы “Қорқыт” деп атауында үлкен
мəн-мағына, терең сыр жатыр. Ақынның өз поэмасына
арқау етіп, аңыздағы ажалмен алысқан Қорқыт бейнесін
алу себебі біріншіден, туған əдебиеттегі озық бейнелердің
болмысын жанымен түсініп, соны өзінше жырлауды
мақсат тұтқан ойдан туса, екіншіден, жалпы түрік елінің
өткеніннен өзінің тынымсыз ойына тиянақ тауып, баалар
рухына бас июді мақсат тұтқан ұрпақтың парыз көрінісі.
Мəңгілік өмір үшін күрескен Қорқыт Мағжан
поэмасында аңыздық бейне күйінде қалып қоймайды.
Қазақ санасына ой мəйегі тұнып қалған дана ойшылының,
өнерлі рух ұстазына айналған күй атасының романтикалық
құлшыныстан туып, көркемдік шындықтан жаралған
көркем образы жасалады. Ақынның ол туралы: «Өткен күн
ертегі ғой тамаша таң, Ойласаң өткен күнді жұбанар жан.
Байқасаң адамзатта болған ба ақын, Қорқыттай атасынан
бата алған», - деуі осыны танытса керек. Қорқыт-жанды
бейне. Рухы күшті ұлық ұстаз ажалмен күреске саналы
98
түрде барады. Мағжан “Қорқытты” белгісіздігі басым
аңыздың ішінен шығып, өмірлік болмыстан туған
ақықатты тұлғаға айналады. Ол ажалмен сенімсіз, тылсым
күштер арқылы емес, ұлы өнер күшінің құдіреті,
күңіренген күйдің сазы арқылы кездеседі. Мұны ақын
Қорқыттың ішкі əлемімен атастыра бейнелеп, биік
романтикалық
рухтың
табиғатын
ашып,
нанымды
суреттейді.
«Ертегі» поэмасында ақын өзіне тəн тəсілі-өз
жайынан белгі беруден бастайды. Тағы қайталап айтармыз
Мағжан қаламын жаралған əр туынды оның жанымен
жарасып, жүрегімен үндесіп кететіндігі. Бұл-Кенесары
жырына дайындық іспетті поэма. Ақынның поэма
жанрындағы алғашқы талпынысы ғана емес, «тіл
кісендеулі» заманда қиял, аңыз, ертегі тағы басқа атастыру
арқылы, түсінер жанның түйсігіне жетер терең ойды
сыналап беріп, санаға ендіру тəсілін игерудегі алғашқы
қадам.
Ертегінің бас қаһарманы – Кенесарының Көкжал
ұрпағы Сыздық. Бірақ бұл-Абылайдың арыстан заманы,
Кененің қабылан заманы өтіп, ел азып, ер арыған заман.
Мағжан поэманы неге «Ертегі» деп атады десек,
онда үлкен мəн бар. Айналасын өрт шалып, санасы түтінге
тұмшаланған ақынды құтқарушы – қиял сəулесі. Ол
ертегіден ем іздейді. Жапанда жалғыз жортқан Сыздық –
еркіндік символы.
Мағжан қазақ прозасына бір ғана «Шолпанның
күнəсі» əңгімесімен психологиялық тереңдік, лирикалық
иірімдегі соны стиль дарытты. Ал «Педагогика» еңбегі
ұлттық этнопедагогикада ерекше орын алады. Сонымен
қатар Ақан Сері, Базар жырау, Бернияз Күлейұлы туралы
əдеби мақалалары, əлем əдебиетінен жасаған (Əбу Фирас,
Ю.Лермонтов, Г.Гейне, И.Гете, М.Горький, Мамни
Сибиряк, Всев. Иванов) көркем аудармалары оның
99
шығармашылық тұлғасындағы сан қырлы қасиеттерді
көрсетеді.
Мағжан
Алаш
қозғалысының
басты
идеологтарының бірі жəне өнерге саяси үстемдік онатқан
большевиктік өктем билікке қарсы құрылған «Алқа» əдеби
үйірмесінің «Табалдырық» атты бағдарламасын түзуші.
Бағдарлама таптық сипаттан ада қазақ ұлттық əдебиетінің
тұтас
эстетикалық
мұраты
айқын
поэтикалық
концепциясын бекіткен көркемдік арна. «Қазақ ұлты
рухани парасаттың даму баспалдағын неғұрлым биіктеп
көтерген сайын, өзі үшін құрбан болған алаш ғұламаларын
соғұрлым құрметтеп, тағзым етуі тиіс. Өйткені ұлттың
рухани тəуелсіздігін сақтап қалғандар да, мəңгүрттіктен
құтқарып кеткендер де болашақтағы
тəуелсіздіктің
қасиетті ұлы жолын анықтап берген де солар» (Т.Жұртбай)
Дəріс бойынша сұрақтар:
1)
Мағжан – сыршыл ақын.
2)
Мағжан – ұлт ақыны.
3)
Мағжан шығармасын зерттеушілер.
4)
Ақынның ғашықтық жырлары.
5) Прозалық шығармасы.
100
Негізгі
əдебиеттер тізімі:
1. Елеукенов Ш. Мағжан Жұмабаев. – Алматы, 1995.
2. Бес арыс. - Алматы, 1992.
3. 20-30 жылдардағы қазақ əдебиеті. 1-кітап. – Алматы,
1997
4. Кəкішев Т. Мағжан - Сəкен. - Алматы, 1999.
Қосымша
əдебиеттер тізімі:
1. Алаш ақиықтары.: Мақалалар, деректі құжаттар,
аудармалар. – Алматы, 2006.
2. Жұмабаев М. Шығармалар. 3 томдық. - Алматы, 1996.
3. Жұртбаев Т. Талқы. - Алматы, 1997.
4. Тілешов Е. Суреткер жəне көркемдік əдіс. – Алматы,
2005
Достарыңызбен бөлісу: |