Максималды Ток релесі Жоспар: Ток релесі және оның қолданылу мақсаты
Ток релесінің конструкциясы
Ток релесінің классификациясы
Индукциялық реле
Электромагниттік реле
Электрондық реле
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ток релесі және оның қолданылу мақсаты Ток релесі – бұл түскен электр тогы шамасының күрт өзгергенде қорек көзін тұтынушыдан немесе барлық электр көзінен өшіріп тастайтын құрал. Оның жұмыс істеу принципі сыртқы электр сигналдары мен олардың аспаптың жұмыс істеу параметрлерімен сәйкес келмеуін өзара салыстыруға негізделген. Бұл құралмен көбінесе электрқозғалтқыштары, күштік трансформаторлар және тағы да басқа өндірістік құралдар жабдықталынады.
Бұл құрылғы желінің белгілі бір бөлігінде ток мөлшерін бақылауға арналған. Егер белгіленген мән асып кетсе, PMT қосқышқа сигнал бере отырып, схеманы ажыратады немесе сигнализация панелін қосады.
1-сурет. Электрқозғалтқышын максималды ток релесінің көмегімен қорғау сұлбасы.
Әрбір элемент: релелік қорғаныс, стартер, контроллерлер, қозғалтқыштар, электр желісіндегі трансформаторлар барынша рұқсат етілген токқа ие. Электр сөндіргіштердің немесе сақтандырғыштардың орнына максималды ток релесінің қолданылуы селективтілігіне байланысты. Бұл жағдайда тізбектің белгілі бір бөлігін басқасына әсер етпестен ажыратуға болады.
2-сурет. Ток релесі.
2.Ток релесінің конструкциясы Ток релесі келесі элементтерден тұрады: байланыс бұрандалары, серіппе, көпір контактісі, блок-контакт, магнитөткізгіш, катушка, бекітетін бұранда және трубка.
3-сурет. Ток релесінің конструкциясы.
3.Ток релесінің классификациясы Өз кезегінде, құрылғы бірнеше өлшеу түрлеріне бөлінеді: бастапқы(первичное) және екінші(вторичное). Бірінші түрі құрылғыға тікелей шығу арқылы қосылады. Бұл байланыс 1000 вольтке дейінгі желілерде кең таралған.
Екінші түрі PMT. Ол бастапқы токка тура пропорционал екінші(вторичный) токты өлшей отырып, ток трансформаторы арқылы қосылады. Құрылғының бұл типі жоғары вольтті желелерде қолданылады.
4-сурет. Максималды ток релесі.
Өз кезегінде екінші ток релесі индукциялық, электромагниттік, дифференциальдық және электрондық болып бөлінеді. Дифференциалдық реленің жұмыс істеу принципі ток ағынын тұтынушыға дейін және одан кейінгі салыстыру болып табылады. Қалыпты жағдайда бұл мән бірдей болуы керек. Параметрлер әртүрлі болса (мысалы, қысқа тұйықталу жағдайында), PMT контактілерді жауып, ақаулы желі желіден ажыратылады.