Мақсаты: программалау тілдерінің ерекшеліктерін қарастыру және талдау. Қазіргі бес қосымша мақсаттар жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері қолданудың ерекшеліктері техникалық мұмкіндіктер жан-жақты талдау. Міндеті



бет1/4
Дата07.06.2023
өлшемі1,4 Mb.
#99347
түріПрограмма
  1   2   3   4
Байланысты:
Елжас май


АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Ақпараттық жүйелер және информатика» кафедрасы
Өндірістік іс-тәжірибенің
ЕСЕБІ
Орындаған: Қибатолла Е.А

Көкшетау, 2023

Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты: программалау тілдерінің ерекшеліктерін қарастыру және талдау. Қазіргі бес қосымша мақсаттар жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері қолданудың ерекшеліктері техникалық мұмкіндіктер жан-жақты талдау.


Міндеті:

  1. Қазіргі бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктерін, танымалдылығын, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру және талдау.

  2. Объектіге бағытталған бағдарламалау моделінің сипаттамаларын талдау.

  3. Қазіргі заманғы интеграцияланған бағдарламалау ортасының және практикада қолданылатын жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктерін, ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау және зерттеу.

  4. Borland Delphi-мен графикалық пайдаланушы интерфейсі бар қосымшаны енгізу.

  5. Жасалған бағдарламалық жасақтаманың нәтижелері мен мүмкіндіктерін сипаттау.

Кіріспе
Мен Қибатолла Елжас 30.05-09.06. аралығында өзімнің іс-тәжіриемді жеке кәсіпкер «Кулибаба А.С» деген кәсіпорында өттім. Ең алдымен қауіпсіздік техникасымен таныстым. Барлық қауіпсіздік ережлерді барынша еске сақтап, соны орындауға тырыстым.
Бүгінгі таңда бағдарламалау тілдері адам қызметінің көптеген салаларында қолданылады деп есептеймін . Себебі бұл тақырыптың өзектілігі компьютерлік технологияның дамуы қазіргі программалау тілдерінің пайда болу процесін анықтағанымен байланысты болады. Менің зерттеу тақырыбыма сәйкес бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктерін қарастыру және талдау қажет деп білемін. Сондықтан қазіргі уақытта бағдарламалау тілдерін қолдану олардың икемділігі, қолданыстағы парадигмалардың интеграциясы және әртүрлі күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әдістерін ескере отырып, ақпараттық технологиялардың әртүрлі салаларында сұранысқа ие болады. Қазіргі заманғы бағдарламалау тілдері пайдаланушының графикалық интерфейсінің қосымшаларын жасау үшін жиі қолданылады.
Өндірістік іс-тәжіребиемнің алғашқы аптасынан , яғни 30.05.- 01.06 қазіргі бағдарламалау тілдерін қолдану мүмкіндіктері мен құралдарын зерттедім. Delphi-дің жоғары деңгейлі программалау тілдерінің бірінде графикалық қосымшаларды құру мүмкіндігін қарастырдым. Объектіге бағытталған бағдарламалау моделінің мәні мен ерекшелігі қарастырылып, объектіге бағытталған бағдарламалаудың негізгі принциптері анықталды: инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм болып табылады. Атап айтқанда, негізгі анықтамалар беріліп, қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерінің дамуы мен сұранысқа ие болу себептері талданды, қазіргі заманғы және ең танымал жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің оң және теріс жақтары деп қарастырылды.
Жұмыстың бірінші жартысында бағдарламалау тілінің негізгі ерекшеліктері қарастырылып,ұсынылды. Қолданыстағы бағдарламалау тілдері бойынша бірқатар әдеби көздерге талдау жасалады.
Екінші бөлімде қазіргі бағдарламалау тілдері бойынша бірқатар әдеби дереккөздер талданады. Бұл тарауда қазіргі жоғары деңгейлі объектілі-бағытталған бағдарламалау тілдерінің функционалдығы сипатталады. Бағдарламалық қамтамасыз етудің Netbeans, Microsoft Visual Studio интеграцияланған өңдеу орталары Java және Delphi тілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері сипатталған.
Жұмыстың үшінші бөлімінде қойма операцияларын есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылатын Borland Delphi ортасында графикалық қосымшаның даму ерекшеліктері сипатталған. MS Access ДҚБЖ қолданатын графикалық қолданбалы деректер қорының әзірленген моделінің нәтижелері берілген, сонымен қатар негізгі функционалдық формалар сипатталған, бағдарлама кодының қысқаша фрагменттері келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет