Машина жасау технологиясының теориялық негіздері орындаған: жұмағалиев Т. Н

Дата14.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#74180
Байланысты:
Машина жасау технологиясы

МАШИНА ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Орындаған: жұмағалиев Т. Н

Тобы: ссм-301

Тексерген: Турмуканова Ж. Қ

Бұйым және оның бөліктері

Бұйым және оның бөліктері. Бұйым дегеніміз – кәсіпорында дайындалатын өндіріс өнімі. Берілген өндірістің соңғы сатысына байланысты бұйымға дайындалған (жөнделген) машиналар ғана емес, сонымен бірге жиналған машинаның жеке бөлшектері де жатады. Мысалы, экскаватор зауыты үшін бұйым ретінде экскаватор, мотор жасау зауыты үшін – қозғалтқыш, поршень зауыты үшін – поршень болып табылады.

Бұйымдардың мынадай түрлері болады: детальдар, жинақ бірліктері,

кешендер, жиынтықтар.

Деталь – жинақтау операциясын қолданбастан біртекті материалдан дайындалған бұйым.

Деталь – жинақтау операциясын қолданбастан біртекті материалдан дайындалған бұйым.

Жинақ бірліктері – құрамдас бөліктері дайындаушы-кәсіпорында бір-бірімен өзара жинақтау операцияларымен (пісіру, бұрау және т.б.) біріктірілген бұйым. Техникалық әдебиетте «жинақ бірліктері» мағынасын білдіретін «торап» термині қолданылады. Техникалық тұрғыдан алғанда торап – басқа жинақтау бірліктерінен немесе бұйымнан бөлек жинауға болатын және бұйымда құрамдас бөліктерімен бірігіп қана жеке функцияны атқаратын жинақтау бірлігі, мысалы, тісті дөңгелектерімен бірігіп жиналған білік.

Кешен – дайындаушы-кәсіпорында жинау операцияларымен біріктірілмеген, бірақ өзара байланысқан пайдалану функцияларын орындауға арналған екі және одан да көп бұйым, мысалы, цех-автомат, бұрғылау қондырғысы және т.б.

Жиынтық – жалпы пайдалануға арналған көмекші сипаттағы

бұйымдар топтамасы.

Бұйымды функционалды белгісі бойынша құрамдас бөлікке

жіктеудің басқа да түрі бар. Мысалы, оған қозғалтқыштың газ тарату

механизмін, майлау немесе салқындату жүйесін және т.б. жатқызуға

болады. Технологиялық тұрғыдан қарағанда бұйымның бұл құрамдас

бөліктері жинақтаушы болып табылмайды, себебі оларды көбінесе

бұйымның басқа бөліктерімен бөлек толығымен жинауға болмайды.

Өндірістік және технологиялық үдерістер

Өндірістік және технологиялық үдерістер. Машина жасау (маши-

на жөндеу) кәсіпорындарында бұйымды шығаруға (жөндеуге) байланысты әртүрлі үдерістер орындалады.

Берілген кәсіпорында бұйымды дайындау (жөндеу) үшін қажетті

адамдар іс-әрекеті мен өндіріс құралдарының өзара байланыстағы

жиынтығын өндірістік үдеріс деп атайды.

Өндіріс құралын өзгертіп және оның одан кейінгі жағдайын анықтау бойынша іс-әрекеттен тұратын өндірістік үдерістің бір бөлігін технологиялық үдеріс деп атайды.

Машина жасау технологиясында зерттеу және жасау нысандарына

Машина жасау технологиясында зерттеу және жасау нысандарына

төмендегілер жатады:

– өңдеу түрлері, дайындамалар таңдау, өңделетін бет сапасы, өңдеу

дәлдігі мен олардың припускілері, дайындамаларды базалау;

– беттерді (жазық, цилиндрлік, күрделі профильді және т.б.)

механикалық өңдеу тәсілдері;

– типтік детальдарды (тұрқылар, біліктер, тісті дөңгелектер және

т.б.) дайындау әдістері;

– жинау үдерістері (детальдар мен тораптарды біріктіру сипаты, жи-

нау жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру);

– жабдықтарды құрылымдау.

Бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық үдерістің аяқталған бөлігі технологиялық операция деп аталады. Технологиялық операцияның негізгі элементтері мемлекеттік стандартпен анықталады

Бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық үдерістің аяқталған бөлігі технологиялық операция деп аталады. Технологиялық операцияның негізгі элементтері мемлекеттік стандартпен анықталады

Қоюшы кәсіпорындағы қосымша өңдеуді немесе жинауды қажет ететін бұйым шикізат деп аталады. Технологиялық үдерістердің түрлері: механикалық, термиялық өңдеудің, жинаудың технологиялық үдерістері және т.б.

Жұмыстық жүріс – нәтижесінде дайындаманың формасы, өлшемдері, беттік кедір-бұдырлығы немесе қасиеттері өзгеріске ұшырайтын, аспаптың дайындамаға қатысты алғанда бір рет қана жылжу түріндегі технологиялық өтпенің аяқталған бөлігі. Әрбір жұмыстық жүріс барысында өңдеу режимін өзгертпестен материалдың берілген тереңдіктегі бір қабаты ғана алынады.

Шығару бағдарламасы – жоспарланған период ішінде бұйымның

Шығару бағдарламасы – жоспарланған период ішінде бұйымның

әрбір атауы бойынша шығару көлемі көрсетілген дайындалатын немесе

жөнделетін бұйымдардың берілген кәсіпорын үшін бекітілген тізімі.

Дайындау-аяқтау уақыты бойынша бірдей операциялар кезінде

белгілі бір уақыт интервалында өңдеуге жіберілетін бір бағыттағы

еңбек құралдары мен типтік өлшемдері өндірістік партияны құрайды.

Технологиялық жабдықтар мен технологиялық құрал-саймандарды

технологиялық операцияларды орындауға дайындау баптау (наладка)

деп аталады. Баптауға жабдықты станокқа, кесу аспаптары жиынтығын

өлшемге орнату т.с.с. жатады.

Технологиялық құрал-саймандарға технологиялық үдерісті жүзеге

асыруға қажетті өндіріс құралдарының жиынтығы жатады.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет