Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
«Математика сабағына оқушылардың қызығушылығын арттыру»
15-өсөж
Дайындаған:Ақбота Айым
Математика пәні- күрделі пән, сол себептен оны қызықты ету мүмкіндігінен айырылып қалмау керек.
Паскаль.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес , Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс –әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Себебі қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі қазіргі заман талабына сай болуы баршаның мақсаты болып отыр.
Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағытта пәндерді игеруі- математикадан басталады. Математика пәнін дұрыс игермеген оқушы осы бағыттағы қай салаға да маман болып барса да шеберлік шыңына жетуі қиынға соғады. Сондықтан ғылымның негізі болып табылатын математика пәнін оқушы сапалы түрде игеруі тиіс.
А.Постниковтың «Мен адамның математикаға қабілеті жоқ дегенге сенбеймін» тұжырымдамасын негіз ретінде алсақ, онда әрбір балада математикаға қабілеті бар деген ойға келеміз. Яғни сол қабілетін оятып, әрі қарай дамытып осы салада жетістіктерге жеткізу мұғалімге байланысты екені белгілі болады.
Қазіргі заманның оқушысына оқуға, білім алуға не кедергі? Оқуға қызығушылықтың жоқтығы десем қателеспеймін.
Қазір оқушыны жан-жақтан, қоршаған ортадан алаңдататын көптеген қызықты, қолжетімді «объектіліер» көп. Олар - теледидар, компьютер, интернет желісі, т.б. құрылғылар.Осындай ортадан оқушының назарын оқуға, білімге тарту оңайға түспейтіні белгілі. Бірақ қай заманда болсын ұстаздың шеберлігі сонымен сомдалады, түрлі кедергілерді жеңе біліп, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыта отырып, білімді шәкірт тәрбиелеу.
Мұғалімнің шеберлігінің кілті оның сабақ технологиясын меңгеруі, әдістемелік тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра білуі болып табылады.
Осындай тиімді де, нәтижелі әдістердің бірі - ойындар деп есептеймін.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ынталана әрі сапалы орындайтын болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты да зор.
Ал математикалық ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
Ойын-екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |