Математика сабағында сабақтан тыс жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар Математика сабағында сабақтан тыс жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталу керек. Яғни, оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне сай бағытталған жұмыстар қарапайымнан күрделіге қарай жоспарланып, оқушының ғылыми – зерттеу жұмыстарын жасауына дейін қамтығаны дұрыс.
Ол үшін әр сыныптан тыс жұмыс, ол- факультатив, эликтивті курс немесе үйірме жұмысы болса да өз алдына мақсат – міндет қоя білгені дұрыс.
Математикадан сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты – оқушының пәнне деген қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа, ізденіске баулу.
Міндеттері:
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, пәнге деген ынтасын қалыптастыру;
Математикалық білімдерін көрсетуге жағадай жасау;
Математикалық білімдерін тереңдету;
Дүниеге ғылыми көзқараспен қарауға беймдеу;
Мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жеімпаз болуға ықпал ету.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: математикалық үйірме, математикалық апталық, математикалық кеш, математикалық сайыс, викториналар, конкурстар, математикалық олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: математикалық үйірме, математикалық апталық, математикалық кеш, математикалық сайыс, викториналар, конкурстар, математикалық олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады.
Осы шараларды оңтайлы балаға пайдалы етіп жоспарлап өткізсек, оның пәнге деген қызығушылығы артып, өздері – ақ қатысуға ынат білдіреді.
Жалпы математикадан жүргізілетін сабақтан тыс жұмысты екі бағытқа бөлуге болады.
Мектептегі оқу бағадарламасына сай қиындық тудырған оқу мақсаттарын игерту;
Математикаға деген қызығушылығы бар ерекше қабілетті оқушылармен жұмыс.
Бірінші бағытта әр түрлі себептермен оқушыға қиындық тудырған оқу мақсаттарын әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы меңгерту арқылы жіберілген кемшіліктерді жою.
Екінші бағытта оқушының пәнге деген қызығушылығын одан әрі арттырып, білімін кеңейту, шығармашылыққа баулу, зерттекшілікке жетелеу, жеке өзіндік ой қалыптастыруға баулу.
Осы орайда мектепте өтетін математикалық айлық не апталықтың рөлі зор. Осы аралықта оқушыларды жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар, математика тарихынан хабарлар, ұлы математиктердің өмірі мен қызметі, қызықты, логикалық және тарихи есептерді шығару, қиынырақ есептер шығару (стандарт емес есептер), қолданбалы есептер қарастыру, математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу, оқушыларды математика жөніндегі жаңа әдебиеттермен таныстыру жұмыстары жүргізілгені дұрыс.
Математикалық апталықтың мазмұны барынша мектеп оқушыларын көп жұмылдыратындай түрлі–түрлі болуы керек. Бұл олардың ынталығы мен қызығушылығын жетілдіруге себеп бола алады.
Мәселен, қабырға газетін шығару, қолжазба журнал шығару, стенділер даярлау, көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастыру жұмыстарын тапсырма ретінде беруге болады. Әдетте, математикалық апталық альбомдар, қабырға газеттерінің сайысынан басталып, математикалық ойындар, жарыстар мен олимпиадалар өткізумен аяқталады. Жеңімпаздар арнайы атап өтіліп, оларға жүлде тапсырылады.
Ал, математикалық олимпиадалар – дайындығы неғұрлым жоғары оқушылармен жүргізілетін жарыс. Мұнда белгілі табыстарға жету үшін алдын ала даярлық жұмысын жүргізгені дұрыс.
Бүгінгі таңда математиканың факультативтік сабақтары орта мектептерде арнаулы сыныптарға енгізіліп, оқушылардың жалпы математикалық даярлығын арттыруда ерекше орын алады. Факультативтік курс математикаға ынталы, пәнге ықыласы мол, өзінің математикалық мәдениетін көтеруге, білімін тереңдетуге, ой — өрісін кеңейтуге ынталы оқушыларға арналған. Факультативтік сабақтарды оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдағанда, алдымен курстың мазмұнын, оқушылардың дайындық деңгейін, олардың бағдарламалық материалдарға ынта – ықыласын ескеру керек. Сонымен бірге олардың ой — өрісі мен дербестігіне де назар аударған дұрыс. Әдетте факультативтік курстардың дәріс, әңгімелеу, практикалық жұмыстар, қосымша әдебиет бойынша тапсырмаларды талқылау, оқушылардың баяндама жасауы, реферат жазу, экскурсия үйымдастыру сияқты формалары мен әдістері кең пайдаланылады.