Мәдени мұра және оның әлемдік мәдениеттегі маңызы



Pdf көрінісі
Дата02.12.2023
өлшемі57,79 Kb.
#132361
түріБағдарламасы


Орындаған Дəулетбек Рахат
Мəдени мұра" жəне оның əлемдік мəдениеттегі маңызы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1."Мəдени мұра" Мемлекеттік Бағдарламасының қазақстандық мəдени саясатты
2.Қазақ халқының мəдени-этникалық жадысын сақтаудағы мұражайлардың рөлі жəне
маңызы
3.Бекет-Ата мəдени объектісі, Ақсу Жабағлы, Көржалғын, Тамғалы мəдени рəміздер
жəне қазақ халқының мəдени бірегейлегінің құраушысы
«Мəдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты.
Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мəдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы
тұлғаларымен, əлемдік мəдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен
мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мəдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»
Н. Ə. Назарбаев
«Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына
Жолдауында Қазақстанның үлкен мəдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы
білім қорын, тарихи-мəдени жəне сəулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық
əдебиет пен жазудағы көпғасырлы тəжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе
қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын жəне екі жылға есептелген.
Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін жəне 2009 жылдан 2011
жылға дейін.
“Мəдени Мұра”Мемлекеттік бағдарламасы мəдениетке деген мемлекеттік қозғалысын
анықтаған рухани жəне білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат,
стратегиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД
елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мəдени мұраның» мақсаты – тарих пен мəдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық
мəдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мəдени ескерткіштерді
консервациялау, қалпына келтіру жəне қайта жасау; мəдени мұраның, оның ішінде
ауыз əдебиетін, дəстүрлер мен əдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау;
əлемдік ғылыми ой-сананың, мəдениет пен əдебиеттің үздік жетістіктері базасында
гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау, шет елде
Қазақстанның мəдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша іске асады:


- ұлттық мəдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мəдени жəне сəулет ескерткіштерін
қалпына келтіру;
- археологиялық зерттеулер;
- қазақ халқының мəдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
- ұлттық əдебиет пен жазулар тəжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне жəне жұмыс
қатарларын құру.
2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен
мəдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%)
– 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
2004-2005 жылдары бұл бағдарламаның жүзеге асуына республикалық бюджет
қаражатынан 1 391, 0 млн. жұмсалды, соның ішінде 2004 жылы 641,6 млн. жəне 2005
жылы 749,4 млн. Бағдарламаның 2007 жылғы іс-шараларына респ. Бюджеттен 1 873,6
млн.тенге бөлініп, толық игерілді. Оның ішінде тарих жəне мəдениет ескерткіштерін
қайта жаңғыртуға 1 381,1 млн. тенге, археологиялық зерттеулерге 106,0 млн. Тенге,
қолданбалы ғылыми зерттеулерге 123,3 млн. тенге, кітап серияларын шығаруға 262,9
млн. тенге қарастырылған. Берел обасынан табылған алтын бұйымдардың ұсақ
бөліктерін жинау, тазалау жəне олардың паспорттарын құрастыру жұмыстары
жүргізілді. Табылған 75 дана археологиялық бұйымдар жаңғыртылды. Олар ат
əбзелдерінің бөліктері жəне Берел көсемінің табытына арналған ағашының кесіндісі.
Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мəлімет беретін ғылымды мыңдаған
артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу
жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы
қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар
əлемге əйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.). Осы бағдарлама аясында 2008 жылы екі
қорық-мұражай («Есік» жəне «Берел») жаңадан құрылды. «Берел» қорық-мұражайының
тек қана құрылысына 190 млн.тенге бөлініп, 1 əкімшілік ғимараты, 2 тұрмыс үйлер жəне
1 гараж салынып 2013 жылы бұл жұмыстар түгелдей аяқталды. Ғимарат аумағы
қоршалды, ендігі қорымдар орналасқан аумақты түгелдей қоршау бойынша жұмыстар
атқарылуда. Болашақта № 11 қорғанды мүзейлендіріп, аспан асты мұражайына
айналдыру жоспарда бар. Мұражай құрылғаннан бастап, əлеуметтік қорғау
ұйымдарымен, туристік ұйымдармен, мұражайлар, кітапханалармен, мемлекеттік емес
ұйымдармен, білім беру мекемелерімен байланыстар жасалып, бірлескен жұмыстар
атқарылуда.
Қазіргі жаһандану үдерісінің даму кезеңінде білім ордаларының негізгі қызметі жас
ұрпаққа оқу мен кəсіби білім ғана беріп қоймай, жан-жақты жетілген, эстетикалық
талғамы биік, рухани-адамгершілік мəдениеті жоғары, əлемдік мəдениеттен хабары
бар, ұлттық құндылықтарды қадірлей білетін, отаншылдық рухтағы тұлға етіп
қалыптастыру. Осыған байланысты оқу-тəрбие үдерісінде жастарды отансүйгіштікке,
ерлікке, адалдыққа, елін, жерін құрметтеуге үйрету, шыншылдыққа тəрбиелеу қазіргі
қоғамның басты мəселелерінің бірі.Бұл бағытта өзінің зор мүмкіндігімен мектеп
мұражайларының атқаратын ролі жоғары деуге болады.


Қазіргі əлеуметтік-мəдени кеңістікте мұражайлардың ролі олардың білім беру
қызметінің кең көлемде таралуымен жəне тереңдігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ сан
ғасырлық тарихы бар рухани-мəдени игіліктерді оқу-тəрбие үрдісінде лайықты
пайдалану жалпыадамдық құндылықтарды терең түсінуге де ықпал етеді. Қоғамның
сұранысына сай мұражайлардың ақпараттық əлеуеті, олардың рухани жəне
материалдық құндылықтардың түпнұсқасын сақтаумен жəне оны келешек ұрпаққа
жеткізуі кəсіби қызметімен сəйкес келеді. Мұражайдың білім беру үдерісіндегі негізгі
мақсаты – тұлғаның сол кезеңдегі тарихи-мəдени кеңістіктегі танымын арттыру.
Мұражай қойылымдарындағы көрнекіліктер ұлттық мұра-мұрағаттарды халыққа
насихаттау арқылы рухани құндылықтарды қадірлеу, отансүйгіштік, адамгершілік деген
сияқты баға жетпес құндылықтарды қалыптастыру мақсатында қызмет етеді. Бұл күнде
мұражайлар типі ғылыми-зерттеу, ғылыми-ағарту, жəне оқу мұражайлары болып
бөлінеді. Мəдени – білім беру жəне ағарту бағытында ғылыми-ағарту мұражайлары кең
ауқымда көпшілікке қолжетімді болып келеді. Білім беру мекемелеріндегі оқу
мұражайлары туған жерді терең, жан-жақты тани түсуге көмекші құрал болып
табылады. Қазіргі жаҺандану заманында білім беру мекемелерінде адамзаттың рухани
құндылығын сақтауға өз ықпалын тигізетін мектеп мұражайларының рөлі маңызды.
Осы себепті елімізде мектептерде əр түрлі типтегі мұражайларды ашу жолға қойылуда.
Бұл мұражайлар əр типте боғанымен ортақ мақсатта қызмет етеді. Яғни, жас ұрпақты
рухани тұрғыда бай мұрамен қаруландыру.
Бекет ата — Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер
асты ғимараттарының ортақ атауы.
Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы
(1750- 1813) - əулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сəулетші. Туып, өскен
жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның
білімдарлық, батырлық, əділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дəуірінде
ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, əулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына
айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін,
əулиелігін ықыласпен əңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.
Тамғалы петроглифтері немесе Таңбалы — петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне
ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Əлемдік мұра
нысандары тізіміне енген.
Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде
Қазақстанның тұңғыш кəсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен
Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих жəне археология институтының
Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан.
Петроглифтер кездейсоқта табылғанмен, бұл жаңалықтың мəні төмендегідей болды,
Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның
дүниежүзілік мəдени мұрасының тізіміне енді.
Петроглифтер Тамғалы шатқалының аса маңызды жəне көптүрлі ескерткіштерінің бірі
болып табылады. Тастағы суреттердің бəрі пикетаж техникасында, кейде ғана темір


аспаптың немесе тастың көмегімен ойып жасалатын, бояумен жасалғандары
кездеспеген. Тастағы суреттер галереясын арғы ата бабаларымыз орта қола, кеш қола,
өтпелі дəуір (ертедегі сақ), ертедегі темір дəуір (сақ жəне үйсін), ортағасыр (ертедегі
түрік) жəне жаңа заман (жоңғар жəне қазақ) сияқты əртүрлі тарихи дəуірде құрған.
Тамғалы тастағы суреттердің көне жəне ең əсерлі сериясын құрайтын, орта қола
дəуірдің петроглифтары эстетикалық жəне мəдени құндылықтарға ие. Сол кездегі
тастағы бейнелеу өнерінің шеберлерін солярий құдіреті («күнбастылар»),
«маскарадшылар», шоқпарұстаушылар, қасқыр маскасындағы садақшы, қару ұстаған
жауынгерлер, малдар мен адамдарды құрбандыққа шалу көріністері, эротикалық
көріністер, жас босанған əйелдер, арбалар, түрлі белгілер, символдар, сондай-ақ
бұқаларды, құландарды, аттарды, түйелерді, қабандарды, қасқырлар мен бұғыларды
бірнеше рет бейнелеу сияқты ойларының кеңдігі ерекшелендіріп тұрған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет