Мәдениеттану [1] — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті.
Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністеріндің бірі оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылу. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджеланың мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу денелерсіз, өнер әлемінсіз қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шыныныда да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейінгі қарастырылған анықтымалардан бір қорытынды жасасақ, мәдениет – адам әлемі.