Механика пәнінен бақылау сұрақтары
1.Материалдық нүктенің және қатты дененің кинематикасы. Орын ауыстыру,
жылдамдық, үдеу. Үдеудің тангенциал және нормаль құраушыларын есептеу. Айналма
қозғалыстың бұрыштық жылдамдығы мен бұрыштық үдеуі. Бірқалыпты айнымалы
айналма қозғалыстың бұрылу бурышы мен бұрыштық жылдамдығы. Сызықтық және
бұрыштық шамалардың арасындағы байланыс.
2.Инерциялық
санақ
жүйелері.
Салыстырмалылық
принципі.
Галилейдің
координаталарды
және
жылдамдықтарды
түрлендіру
формулалары.
Галилей
түрлендірулерінің инварианттары.
3.Арнайы
салыстырмалық
теорияның
негізгі
постулаттары.
Сағаттарды
синхронизациялау. Лоренц түрлендірулері. Релятивистік жылдамдықтарды қосу
формулалары. Лоренц түрлендірулерінің салдарлары. Табиғаттағы негізгі әсерлер және
күштер. Ньютон заңдарының тұжырымдамалары және олардың қолданылу облыстары.
Материалдық нүктенің релятивистік қозғалыс теңдеуі. Релятивистік бөлшектің массасы
мен импульсі. Ұзындықтың релятивистік (Лоренцтік) қысқаруы. Сағат жүрісінің
релятивистік баяулауы. Релятивистік бөлшектің кинетикалық энергиясы. Релятивистік
бөлшектің толық энергиясы.
4. Материалдық нүктенің динамикасы. Материалдық нүктелер жүйесінің қозғалыс
теңдеуі. Күштер және өзара әсерлер. Ньютонның 1-2 заңдары. Масса-дененің инерттік
қасиетінің мөлшері. Ньютонның 3-заңы. Релятивистік масса. Массаның жылдамдыққа
тәуелділігі. Материалдық нүктенің инерция моменті, күш моменті. импульс моменті.
Материалдық нүктелер жүйесі, оның импульсі және импульс моменті. Материалдық
нүктелер жүйесіне әсер ететін күштердің моменті. Релятивистік емес қозғалыстар үшін
материалдық нүктелер жүйесінің массалық центрі. Материалдық нүктелер үшін және
материалдық нүктелер жүйесі үшін моменттер теңдеуі. Материалдық нүктелер жүйесі
үшін импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары.
5. Күш жұмысы. Потенциалдық энергия. Күш жұмысы және дененің кинетикалық
энергиясы. Релятивистік бөлшектің энергиясы мен импульсінің байланыстары.
6.Қатты дененің деформациясы және оның түрлері. Гук заңы. Юнг модулі. Серпімді
сығылу және созылу деформациялары.
7. Сақталу заңдары. Импульстің, импульс моментінің және энергияның релятивистік
емес жағдайлардағы сақталу заңдары.
8.Массасы айнымалы дененің қозғалысы. Мещерский теңдеуі және релятивистік емес
қозғалыс үшін Циолковский формуласы.
9.Соқтығыстар. Серпімді және серпімсіз соқтығыстарда энергияның алмасуы.
10.Қатты дененің динамикасының теңдеулері. Бекітілген оське қатысты қатты дененің
айналма қозғалысының теңдеуі. Қатты дененің инерция тензоры, оның компоненттері
және қасиеттері. Қатты дененің оське қатысты инерция моменті.
11.Қарапайым формалы денелердің (цилиндр, диск, жұқа сақина, шар, жіңішке
таяқшаның инерция моменттері. Гюйгенс-Штейнер теоремасы.
12.Бір нүктесі бекітілген қатты дененің қозғалысы үшін Эйлер теңдеулері. Еркін
айналу осьтері. Гироскоптың қолданылуы.
13.Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Кеплердің заңдары, 1,2,3-ші космостық
жылдамдықтар. Екі дене мәселесі.
14.Инерциялық емес санақ жүйелері. Жер бетінде байқалатын инерциялық күштер.
Салмақсыздық.
15.Гармониялық тербелістердің болу шарттары және гармониялық тербеліс теңдеуі.
Гармониялық осциллятордың қозғалысын сипаттайтын физикалық шамалар (амплитуда,
жиілік, период, фаза). Бағыттас және бір-біріне көлденең бағыттас тербелістерді қосу.
Өшетін тербелістер. Логарифмдік өшу декременті. Мәжбүр тербелістер. Резонанс
құбылысы, амплитуданың және тербеліс фазасының күш жиілігіне байланыстылығы.
Сапалылық.
16.Тұтас
ортадағы
толқындар.
Тұрғын
толқындар.
Қума толқындар. Толқын ұзындығы, таралу жылдамдығы, тербеліс периоды және
олардың байланысы.
17.Гидростатика заңдары. Идеал сұйықтың стационар ағысы. Үзіліссіздік теңдеуі.
Бернулли теңдеуі.
18.Тұтқыр сұйықтың ламинар және турбуленттік ағысы. Рейнольдс саны. Пуазейль
формуласын қорыту. Денелердің тұтқыр сұйық ішіндегі қозғалысы. Стокс заңы.
Денелердің маңдайлық кедергі күші және қанаттың көтеру күші.
Достарыңызбен бөлісу: |