Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық дамуына арт терапияның ЫҚпалы



жүктеу 175.4 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.02.2017
өлшемі175.4 Kb.

   

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА АРТ-

ТЕРАПИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫ 

Рахманова М.А. 

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ 

«Психология» мамандығы 4 курс студенті 

Ғылыми жетекші: Молдахметова Г.М. 

 

Қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер жағдайында жүріп жатқан жаңару 



үрдістері  ықпалынан  қоғамда  эмоциялық  атмосфера  тұрақтанбай  келеді.  Елімізде 

нарықтық  қатынастардың  күшеюінен  тәлім-тәрбие  бағдары  болып  табылатын  жоғары 

сезімдер, идеал, адамгершілік құндылықтар маңыздылығы айтарлықтай еленбей келеді.  

Бүгінгі  күнде  қарыштап  дамып  жатқан  технология,  түрлі  бұқаралық  ақпараттар 

құралдары,  соның  ішінде  ғаламтор  желілеріндегі  агрессиялық  сипаттағы  алуан  түрлі 

компьютерлік  ойындар,  бейне  фильмдер,  мультфильмдер  балаларда  эмоциялық-мінез-

құлықтық  бұзылыстардың  дамуына  септігін  тигізуде.  Бұл  бұзылыстар  балада  тұрақсыз 

кӛңіл-күй (қызбалы немесе депрессивті), мінез ерекшеліктері  (ашушаң, ызақор, күйгелек 

немесе  тым  жағымпаз,  жарамсақ),  кейбір  жағдайларда  әлеуметтік  қолайсыз  күйлер 

(агрессия, қорқыныш, фобия т.б.) түрінде кӛрінеді. Сондықтан, балада кездесетін осындай 

эмоциялық  бұзылыстарға  дер  кезінде  диагностика  жүргізіп,  оларды  түзету  бала 

денсаулығы және оның келешек ӛмірі, отбасы мен біртұтас қоғам үшін аса маңызды.  

Эмоция  балада  негізгі  іс-әрекет  түрлеріне  деген  түрткілердің,  анағұрлым  жоғары 

деңгейдегі танымдық, альтруистік, еңбек және т.б. түрткілерінің қалыптасуында маңызды 

рӛл атқарады. Балалар сезімдері мен эмоциялары мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің 

тұлғалық мәдениетінің негізін қалайды.  

Бала  сезімдерін  қалыптастыру  -  психологиялық-педагогикалық  мәселе.  Әсіресе, 

ересек 


мектепке 

дейінгі 


жаста 

балалар 


қарым-қатынасында 

мейірімділікті, 

кішіпейілділікті  дамытуға,  бір-біріне  кӛмек  кӛрсету,  қамқор  болу,  жаман  қылықтарға 

қарсы тұру сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыруға баса мән берілу қажет.  

Мектепке дейінгі кезеңде эмоциялық сфераны дамыту – баланың үлкендермен және 

құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынасы  сипатына  байланысты.  Белгілі  психолог  және 

педагогтар Запорожец А.В., Кошелев А.Д., Симонов В.П., Флерина Е.А., Чумичева Р.М., 

Выготский  Л.С.  және  т.б.  пікірінше,  бала  нормалар  мен  талаптардың  шын  мәнін  түсінуі 

үшін,  оларды  эмоциялық  тұрғыда  бағалауы  үшін  үлкендер  мен  тәрбиешілердің 

түсіндірмелері мен нұсқаулары жеткіліксіз. Бұл түсіндірмелер баланың жеке практикалық 

тәжірибесінде, оның іс-әрекетінде, жүріс-тұрысында бекітілуі қажет [1]. 

Қазіргі  мектеп  жасына  дейінгі  бүлдіршін  күнделікті  ана  қамқорлығындағы 

қатынастан  басқа  ӛзіндік  ерекшеліктері  бар  күрделі  әлемге  енеді.  Баланың  балабақшаға 

баруы,  қоғамдық  ережелер,  нормалармен  жүру  міндеттері,  коммуникативтік  дағдыларды 

игеру  эмоционалдық  депривацияға  итермелейді.  Ӛз  тілегі  мен  эмоциясын  реттей  және 

бақылай  алмау  салдарынан  балаларда  әртүрлі  қиындықтар,  тұйықталу,  агрессия, 

ашушаңдық т.б. мінез-құлық пайда болады. 

Балалар  ӛз  эмоцияларын  түсініп,  оларды  қадағалауға  қабілетті  бола  бермейді,  бұл 

дегеніміз  мінез-құлық  ырықсыздығына  әкеледі.  Оның  үстіне  балаларда  жоғары 

психикалық 

қызметтер, 

эмоциялық-тұлғалық 

ӛрісі: 

эмоциялық 



күйлер 

дифференциациясы,  ӛзін-ӛзі  басқару,  реттеу,  ым-ишара  тәсілдері  (бет  бұлшықеттері 

қимылдарының  мәнерлігі)  және  пантомимикалық    тәсілдер  (барлық  дененің  мәнерлі 

қимылдары,  артикуляция,  ұсақ  моторика)  жеткілікті  дамымаған,  мұның  барлығы 

балалардың коммуникативті мүмкіндіктерін тӛмендетеді.  

Аталған  мәселелерді  балабақшадағы  жұмыс  тәжірибемізде  байқау  –  балалардың 

эмоциялық  ӛрісін  дамытудың,  психикалық  денсаулығын  жақсартудың  тиімді  әдіс-

тәсілдерін  іздестіру  туралы  сауалдар  тудырды.  Бұл  ізденісіміз  мектепке  дейінгі  жастағы 



балалармен  жұмыс  жасауда  үлкен  нәтижелілігімен  ерекшеленетін  арт-терапия  әдісін 

таңдауға мүмкіндік берді.  

Арт-терапия  –  әлеуметтік,  психологиялық,  педагогикалық  жұмыстарда  кӛркемдік 

шығармашылық  сабақтары  арқылы  адам  психикасын  үйлесімді  дамыту  құралы  әрі 

ӛнермен  арқылы  психологиялық  ықпал  ету  ретінде  қарастырылады.  Ӛнер  –  білім  беру 

жүйесінде  кӛптеген  жылдар  бойы  балаларды  эстетикалық  дамыту  және  қалыптастыру 

құралы ретінде қарастырылып келді.   

Қазіргі  уақытта  ӛнерді  тұлғаны  дамыту  және  қалыптастыру  факторы  ғана  емес, 

сонымен  қатар  бұзылыстардың  алдын  алу  және  түзетудің,  балалар  денсаулығын 

сақтаудың,  бала  психикасын  қоршаған  ортаның  агрессивті  ықпалдарынан  қорғаудың 

тиімді құралы ретінде қарастыру қажеттігі туындайды.  

Зерттеуші  ғалымдар  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  эмоциялық  ӛрісінің 

дамуына  табиғат,  ӛнер,  музыка,  кӛркемдік  әдебиет,  бейнелеу  іс-әрекеті  сияқты 

факторлардың  тиімді  ықпал  ететіндігін  анықтаған.  Мәселен,  оқыту  үрдісінің  мазмұнын 

бейнелеу  шығармашылығымен  жаңарту  мүмкіндігін  қарастыруда  педагогикалық  арт-

терапия феномені зерттелген, оның теориялық негіздері Л.А. Аметова, Е.Л. Зеленина, Л.Д 

Лебедева  еңбектерінде  тұжырымдалған.  Бейнелеу  іс-әрекетінің  мектеп  жасына  дейінгі 

балалармен  жұмыс  жасауда  психотерапиялық  түзету  құралы  бола  алатындығы  Казакова 

Т.Г.,  Сакулина  Н.П.,  Таджибаева  Л.М.,  Копытин  А.И.  т.б.  еңбектерінде  қарастырылған. 

Шығармашылықтың тұлғаның эмоциялық, адамгершілік дамуына психотерапевтік әсерін 

А.И.  Аржанова.,  И.П.  Воропаева.,  В.Г.  Нечаева,  Р.В.  Овчарова  терең  зерделеген.  Дж. 

Аллан.,  М.  Бурно.,  Л.Д.  Лебедева.,  В.Ловенфельд.,  Е.Г.  Макарова  еңбектерінде  арт-

терапия  әдістері  баланың  жеке  басын  ізгілікпен  қолдауға,  олардың  ӛзін-ӛзі  тану 

қабілеттерін дамытуға мол мүмкіндік береді. 

Арт-терапия  –  сурет  салу,  ойын,  ертегі,  музыка  арқылы  ішкі  дүние 

қолайсыздығынан,  күшті  эмоциядан  шығуға,  ӛз  сезімдерін,  толғаныстарын  түсінуге 

кӛмектеседі.  Бейнелеу  ӛнері  баланың  әртүрлі  күйлерді,  сезімдерді  тікелей  сезініп, 

түйсінуіне мол мүмкіндік береді.  

Бейнелеу  іс-әрекеті  -  қол  жеткізген  жетістіктеріне  қуану,  шабыттану,  құрбы-

құрдастарын  қолдау,  ӛз  жұмысының  нәтижелеріне  қанағаттану  немесе  қанағаттанбау 

сияқты эмоциялық әсерленулердің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.  

Арт-терапия  мақсаты  –  баланы  сурет  салуға  үйрету  емес,  сурет  салдыру  арқылы 

шектен  тыс  эмоцияларды  (кӛбіне  сӛйлей  алмайды)  тудыратын  проблемаларды  жеңуге, 

шығармашылық энергияның шығуына кӛмектеседі. Бала болашақта эмоциялық күштенуді 

жеңілдететін, ӛзіне қолайлы әрі ұнамды тәсілді меңгереді.  

Бейнелеу  тәсілдері  бала  іс-әрекетін  түрткілендіреді,  оның  зейінін  бағыттап, 

тұрақтандырады,  сондай-ақ  бала  айрықша  тәжірибе  алады.  Бейнелеу  іс-әрекетінде  бала 

ӛзін  еркін  кӛрсете  алады.  Бала  үшін  бастысы  нәтиже  емес,  сурет  салу  үрдісі  маңызды. 

Сондықтан,  арт-терапия  балалармен  жұмыс  жасауда  осындай  нәтижелерімен  тиімді  әрі 

пайдалы.  

Шығыс  даналығы  бойынша  «сурет  мың  сӛзбен  жеткізе  алмайтынды  жеткізеді». 

В.С.Мухина және басқа да зерттеушілердің айтуынша сурет бала үшін ӛнер емес, сӛйлеу 

болып табылады. Суреттің әрбір сызығының, әрбір түсінің ӛзіндік сипаты, ӛзіндік кӛңіл-

күйі  бар.  Олардың  кӛмегімен  бала  ӛзінің  ішкі  әлемінде  болып  жатқан  барлық  дүниені 

жеткізеді. Мұның барлығы арт-терапияның баланың эмоциялық ӛрісінің дамуымен тығыз 

байланысты екендігін дәлелдейді. Бала сурет сала отырып, қуанышқа, ӛзара түсіністікке, 

табыстарға толы ғажайып ертегі әлеміне түседі [2,3].  

Психолог  Эдит  Крамердің  айтуынша  арт-терапия  –  бұл  адамның  шығармашылық 

потенциалын ашумен және ӛзінің ішкі әлемін танумен байланысты әдіс [4].  

Копытин  А.И.  және  Свистовская  Е.Е  пікірінше,  «...кӛп  жағдайда  арт-терапияның 

психопрофилактикалық,  әлеуметтендіруші  және  дамытушы  бағыттылығы  басым, 


сондықтан  оны  білім  беру  мекемелері  іс-әрекетінде,  реабилитациялық  жобаларда  және 

әлеуметтік жұмыста қолданудың маңызы зор» [5]. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  эмоциялық  дамытудың  тиімді  құралы  ретінде  

кӛркемдік  шығарма  психологияда  арт-терапия  терминімен  белгіленеді.  Ӛнерді 

қолданудың  тиімділігі  сол,  баланың  сезімдеріне  тәжірибе  жүргізуге,  сонымен  қатар 

психологиялық  кӛңіл-күйін  арттыруға негізделген. Мұның объективтілігі Л.Д. Лебедева 

мен  М.В.  Киселеваның  зерттеулерінде  дәлелденеді.  Ғалымдар  ӛз  зерттеулерінде  арт-

терапияның  баланың  жалпы  психикалық  күйінің  жақсаруына  ғана  емес,  сондай-ақ 

ұнамсыз эмоциялардан, жағымсыз сезімдерден арылуға зор ықпал ететіндігін кӛрсеткен.  

Қазіргі  таңда  шетелдік  және  отандық  мамандардың  арт-терапияны  балалармен, 

соның  ішінде  мектепке  дейінгі  жастағы  балалармен  жұмыс  жасауда  қолдану  тәжірибесі 

жетіп  артылады.  Алайда,  біз  отандық  білім  беру  жүйесінде,  мектепке  дейінгі  білім  беру 

мекемелерінде арт-терапияны қолдану тәжірибесі туралы зерттеу нәтижелерінің, ғылыми 

жарияланымдардың жеткіліксіздігін байқадық.  

Зерттеу  тақырыбымыздың  ӛзектілігі  отандық  мектепке  дейінгі  психология  және 

педагогика  теориясы  мен  практикасында  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың 

эмоциялық-мінез-құлықтық  даму  мәселелері  мен  оны  түзету  әзірлемелерінің 

жеткіліксіздігімен,  сонымен  қатар  соңғы  уақытта  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасқа 

түсуді  қиындататын,  танымдық  іс-әрекеттің  қалыптасуына  жағымсыз  ықпалын  тигізіп, 

болашақта  мектеп  бағдарламасын  меңгеруге  кедергі  келтіретін  эмоциялық-мінез-

құлықтық бұзылыстары бар балалардың тым кӛбеюімен байланысты.  

Елімізде  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  арт-терапияны  енгізу  деңгейі 

тӛмен  болғандықтан,  оның  мүмкіндіктерін  толыққанды  жүзеге  асыруға  жағдай 

тудырмайды.  

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде педагогтар кӛбіне балалардың танымдық 

ӛрісін  дамытуға  баса  назар  аударады.  Бұл  жағдайда  арт-терапияны  қолдану  – 

интеллектуалды  дамудың  артуына  септігін  тигізеді.  Арт-терапия  әдістері  білім  беру 

жүйесінде айрықша денсаулық сақтау потенциалы бар әдіс болып табылады. Сондықтан, 

мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  эмоциялық  ӛрісін  дамытуға  жағдай  тудырып,  тиімді 

психологиялық жұмыс жасау практикалық психологияның міндеті деп білеміз. 

 

Әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Урунтаева  Г.А.  Дошкольная  психология:  Учебное  пособие  –  5-е  изд.,  –  М.: 

Издательский центр «Академия», 2001. – 336 с. 

2.

 

Сидоренко  М.Н.  Возможности  арт-терапии  в  развитии  и  коррекции  эмоционально-



поведенческой 

сферы 


детей 

дошкольного 

возраста 

//Интернет 

ресурс: 

http://sibac.info/index.php

. Социальная сеть работников образования nsportal.ru 

3.

 



Алиева  С.А.  Арт-терапия  в  коррекции  эмоциональных  проблем  дошкольников.  // 

Интернет-журнал «Талантливый педагог» № 4 (2013) 

4.

 

Эдит Крамер. Арт-терапия с детьми. Издательство: «



Генезис

», 2013. – 320 с.  

5.

 

Копытин  А.И.,  Свистовская  Е.Е.  Арт-терапия  детей  и  подростков.  –  М.:  «Когито-



Центр», 2007. – 197 с. 

 

 



Каталог: files -> education -> material konf -> Liqnosti
Liqnosti -> Мұражай педагогикасының жоо білім беру жүйесіндегі орны
Liqnosti -> Қазіргі жастар арасындағы виртуалды қарым-қатынастың маңыздылығы мен мотивациясы
Liqnosti -> 1 Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама
education -> Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін
material konf -> Алтыбаева Ақжан Бақытжанқызы КӨптілді ортада қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
material konf -> Жалмагамбетова К. К. Жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми −зерттеу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет