Мектепке дейінгі балалық шақта (3-7 жасқа дейін) ағзаның қарқынды жетілуі жалғаса түседі, бойы, салмағы, көлемі ұлғаяды, сүйек-бұлшықет жүйесі қатаяды, тежеу процестері күшейеді. Ми салмағы 1110-1350 грамға өседі



Дата24.12.2022
өлшемі14,5 Kb.
#59401

Мектепке дейінгі балалық шақта (3-7 жасқа дейін) ағзаның қарқынды жетілуі жалғаса түседі, бойы, салмағы, көлемі ұлғаяды, сүйек-бұлшықет жүйесі қатаяды, тежеу процестері күшейеді. Ми салмағы 1110-1350 грамға өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы арта түседі, әсіресе екінші сигналдық жүйесі қарқынды дамиды.
Д.Б.Элькониннің айтуы бойынша алғашқы даму кезеңінің соңында бала әлеуметтік ортамен тығыз байланысқа түседі, негізінде үлкендермен қарым-қатынас жасау шарты іштей қалыптасады. Алғашқы мектепке дейіңгі кезеңде баланың үлкендермен қарым-қатынасы біріккен іс-әрекет деңгейінен шығады.Үлкендерден бөлініп өз бетінше даму басқа сипатқа не болады. Бала үлкендердің бар екенін сезінеді, және оның алдында үлкендердің күрделі өмірі пайда болады. Осыған дейін бала үлкендермен бірігіп өмір сүруге үйренген. Мектепке дейінгі кезеңің елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым қатнасының пайда болуы. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс әрекеттері мен өзара қарым қатнасына ерекше қызығуымен сипатталады. *Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік жағдаят ерекшеліктері оған тән іс әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік рөлдік ойындардан көрініп отырады. Рөлдік немесе шығармашылық ойын, мектепке дейінгі кезеңде пайда болады. Бұл әрекетте балалар үлкендердің рөлін ойнап, ойын барысында олардың қарым-қатнасын және әрекеттерін жаңғыртады. Бала белгілі бір рөлді таңдап, оны орындайды: ана, дәрігер, жүргізуші, қарақшы және олардың әрекеттерінің үлгісін келтіріп, сол образға кіреді. Ойынның образдық жоспары өте маңызды, онсыз ойын мүлдем болмайды. Бірақ ойын қойылым түрінде өтеді, ол эмоңияға бай және бала үшін оның шын мәнді өміріне айналады.
Алдынғы тарауда айтып өткендей, ойын сәбилік кезеңнің соңында заттық-манипулярлық әрекеттен туындайды. Алғашында бала затқа және оның қызметіне қызығушылық танытады. Заттық әрекеттердің керекті деңгейде дамуымен қатар, ойынның пайда болуы үшін бала мен үлкендер арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгеруі керек. 3 жас шамасында бала әлдеқайда дербес бола бастайды және оның жақын адамдарымен бірлескен әрекетті әлсірей бастайды. Балаға әртүрлі ойыншықтар, сонымен қатар, белгілі бір жүйесі жок, яғни бала оларды басқа нәрселер үшін де қолдана алатын заттар болуы керек.
Д.Б.Эльконин: «Бала үйге алып келген, анасының көз қарасы бойынша, керек емес қоқыстарды тастауға болмайды. Оған арнайы бір бұрышқа қорап қойып қойыңыз, бала қызықты ойнап, өз қиялын дамытуға үлкен мүмкіншілік алады,» - дейді.Сонымен, мектепке дейінгі кезеңнің бастапқы кезінде бала ойынының алғашқы түрлері пайда бола бастайды. Бұл – бізге белгілі режиссерлық ойын. Сонымен қатар, образдық рөлдік ойын пайда болады. Бұл кезде бала өзін әлде кімге немесе қандайда бір нәрсеге ұқсатып және соған байланысты әрекет етеді.Бірақ мұндай ойынның негізгі қозғаушы - әсерлі көрініс, ішкі толғаныс: баланы өзі көрген сурет таңқалдырады және ол ойын әрекеттерінде оның эмоңиясын туғызған образды жаңғыртады.Жан Пиаже образдық - рөлдік ойынға байланысты бірнеше мысалдар келтіреді. Оның демалыс кезінде ауылдағы қоңыраулар орнатылған үйді қызықтаған қызы қоңыраулы дыбысты естіп, алған әсерінен көпке дейін айыға алмай жүреді. Ол әкесінің үстелінің жанына жақындап қимылдамай тұрып, естіген шу үнін ауызбен келтірмек болады. «Сен маған кедергі жасап тұрсың, көріп тұрсың ғой, мен жұмыс істен отырмын»,- деген әкесіне қызы, «Менімен сөйлеспе», «Мен шіркеумін» деп жауап береді.Тағы бір жолы Ж.Пиаженің қызы асханаға кіріп, үстелдің үстінде қауырсыны жұлынған үйректі көріп, үлкен әсер алды. Кешке қызды өз төсегінен табады. Ол қимылдамайды, сөйле-

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет