Мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілікті



Дата11.11.2022
өлшемі12,28 Kb.
#49480

Менің 20.10.2022 жылы жазған хатыма Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Директордың м.а.М.Андыбаева ханымның жауабына қанағатсызданғанып себеп шағым айтқым келеді.
Оған себеп М.Андыбаева ханым айтқандай «Білім туралы» Заңның 30-бабына сәйкес балалар мектепке дейінгі ұйымдарға 1 жастан бастап қабылданады, жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі білім беру қызметіне ата-аналардың қажеттіліктерін (мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілікті) ескере отырып, бөбекжай-бақшалар мен балабақшалар ашады.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы мемлекеттік саясат мектепке дейінгі білімге балалардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған (2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды 95%, 3-6 жастағы балаларды 100% қамту жоспарланған). – деп айта келе нақты сұраққа нақты жауап бермейді. Түркістан облысы Келес ауданында бала саны көптігіне байланысты балапан бағдарламасы аясында балабақшалар мен бөбекжай бақшалары жеткілікті ашылған, енді заңға сәйкес бар бақшаға балаларымыз бара алмай жатқанда қайдағы 2025 жылға қарай қамту жоспарланған дейді, сонда әлеуементтік жағдайды ескермей облыс әкімі қаулы еткеніме?. Кедейлік шектен облысымыз республика бойынша алғашқы орындардың бірінде екені мәлім. Халық кедейлік шектен құтылсақ екен деп жұмыс жасайын десе жан-жақтама қыспаққа алу жалпы дұрыспа?. Кезінде демаграфиямызды көтерейік деп ұрандатты, жағдай жасаймыз деп уаде берді, іс жүзінде орындалғанда жағдай жасаудың орнына «жоқ сен отыр бала қарап үйде» дегені ме бұл. Ел болам десең бесігіңді түзе деген атам қазақ. Халықты әлеуементті сақтандырып қойды, бірақ сақтана алмайсын, өйткені барған жерің дұрыс қарамаса, несі оның сақтандырылғаны. Жалақымыздан табыс салығын төлеп жатырмыз, сонда баламызды 2 жастан алсын деп талап қоя алмаймызба?. Сондықтан жауапты тиісті түрде нақты және нәтижелі беруді сұраймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет