«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының



Дата07.10.2022
өлшемі14,64 Kb.
#41735
Байланысты:
эссе


Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі
010100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының
220кб тобының студенті Жанаева Диана
«Баланың мектептегі алғашқы күні»

Эссе
Өмірде барлығы ең алғашқы рет болуы тиіс. Ол жағдайдың бірі балабақша баспанасында бапталып шыққан бүлдіршіндердің алтын ұя мектепке ең алғашқы, ең бірінші қадам басуы болып жатыр. Шынымен де ата- аналардың толғанатын күні.
Себебі 1 қыркүйек - білім күні. Бұл күн барашамызға аян. Бұл күн бүлдіршіндерге тым бөлек, тым ерекше. Ол енді балабақшадағы тірлікпен, ойынның шегіне жетпеген ойыншықтарымен қош айтысты. Бейне бір үлкен өмір жолына аяқ басқандай өздерін үлкен адамдарша көрсетуге тырысады. Бірақ сырттай бақылаған көзге бәрі айдан анық көрініп тұр. Бәрібір баланың аты бала, балалықтың базарынан алыстай алмай, сол жаққа ауып- ауып барып келетінін аңғарасың.
Тәжірибе жинау барысында А. Байтурсынұлы атындағы мектеп лицей BINOM SCHOOL 1 «Л» сыныбы бөлінді, Кучер Наталья Сергеевна бізді жылы жүзбен қарсы алды. Бірінші іс-тәжірибенің есігін балалардың мектепке алғаш келуімен бірге аштым.
Нағыз педагог бүкіл жақсыны бойына жинаған үлгілі абзал жан. Біз де солай 1 қыркүйектен бастап жас балдырғандармен мектеп табалдырығын аттап, 14 қыркүйекке дейін тәжірибе жұмыстарын жүргіздік. Екі апта аралықта балалармен тіл табыса білдім және бауыр басып қалыппын. Тәжірибе кезінде мен балалардың болашағынан педагог ретінде зор үміт күттім.


Машықкер: Жанаева.Д.К
Іс-тәжірбие әдіскері: Муталипова.Н.Б

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет