Нургелова Айнур Мұғалім портфолиосы А бөлімі
ПҚМК 1 деңгей курсы «Педагогикалық қоғамдастықтағы
Тараз қаласы мұғалім көшбасшылығы» 2022 жыл
Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жоспарына өзгерістер енгізу туралы рефлексивті есеп. Қазіргі заманғы ұйымдар кәсіби қоғамдастықтың білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін айта отырып, білім алушылар қоғамдастықтарына тартылған мектептердің тәжірибесінің негізінде жасалған 2004 жылғы есебінде мынандай қорытынды жасалған: «Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін өзара көтере алатындығын және балаларды барынша табысты оқытуға ықпал ететінін дәләлдеді. Мұғалімдер мен мектептерге ынтымақтастық жасау қажет және осы үшін кәсіби қоғамдастықтар күшті ұйымдастырушылық болып табылады.Оқытуға бағытталған мектепаралық кәсіби қауымдастықтар білімге негізделген және оқыту тәжірибеге енгізілген нақты өзгерістердің негізі болып табылады». Білім алушылар қоғамдастықтары іздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп есептелінеді.
Мектептегі іс-тәжірибе кезеңіндегі алты аптаның ішінде мен оқыту мен оқу процесіне елеулі өзгеріс енгізе алмасам да, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруда өзгерістің қажет екендігін, осы жаңа әдіс – тәсілдер арқылы оны қалай жүзеге асыруға болатындығын әріптестеріме көрсете аламын, қарым –қатынас орнату мен білімді тарату көшбасшылықтың басты міндеті болып табылады. Көшбасшылықты дамыту үшін бірлесіп басқару және өкілеттіктерді беру арқылы жаңа мүмкіндіктер пайда болады.
Кәсіби қоғамдастықты басқаруда мен көшбасшылықтың демократиялық стилін таңдаймын. Себебі, мен жоспарлап отырған кәсіби қоғамдастықтың мүшелері қарым- қатынас деңгейі жоғары және жұмыс деңгейі төмен, сондықтан мен көшбасшы ретінде жалпыға ортақ шешім қабылдауға тырысамын.
Қоғамдастықтың жұмыс жоспарына сәйкес қазан айының екінші аптасында «Қоғамдастық-педагогикалық орта құрудың тиімді жолдары» тақырыбында әріптестермен кеңес өткіздім. Кеңес барысында мектептің даму бағдарламасының тақырып, мақсат, міндеттері таныстырылды. Мұғалімдердің қажеттілігін анықтау мақсатында мен кәсіби қоғамдастықты құру үшін, алдымен, мінез- құлық моделін құрамын одан кейін сауал жүргізуден бастадым. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардағы мына сұрақтарға жауап беруден бастадым: Мұғалімдер әдістер мен педагогикалық стратегияларды жеткілікті меңгерген бе, сондай-ақ оларды біріктіріп қолдану қабілеті, тиімді және орынды пайдалану жөнінде жеткілікті білімі бар ма? мұғалімдер басқа мұғалімдермен, басқа білім беру ұйымдарының, кәсіби қоғамдастықтардың мұғалімдерімен және мұғалімдер тәлімгерлігін қамтитын басқа да қарым-қатынастарда бірлесіп жұмыс істей ала ма?; т.б. Осы сұрақтарды ой елегінен өткізе отырып, мектебімдегі оқыту мен оқу процесінің түйінді мәселелерін шешуде қандай өзгерістер енгізуге болатынын жоспарладым. Менің ойымша, мектебімдегі түйінді проблема – «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер».
Түйінді мәселелерді шешудің жолдары менің мектебімде қаншалықты жолға қойылғанын анықтау үшін мен мектептің бастапқы жағдайын білу мақсатында мектеп әкімшілігімен кәсіби әңгімелесу жүргіздім. Мектептің стратегиялық жоспарымен танысып, ондағы оқыту мен оқу процесіне қатысты проблемаларды табу мен қатар, мұғалімдерден қажеттілігін анықтау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша сабақта сындарлы оқыту технологиясы, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер бойынша әдістемелік көмек қажет екендігі анықталды. Мектеп көшбасшыларымен көмегімен кәсіби қоғамдастықтың жоспарын, сауалнама қорытындысын талқылап, осы кездесуде кәсіби қоғамдастықтың атауын, мақсатын, міндетін, мақсатқа сәйкес күтілетін нәтижені анықтап алдым Фуллан (2004) пікірінше, көшбасшылықтың бірлескен шараларын жүргізіп,тәжірибе алмасудың жаңа тәсілін мұғалімдер мен оқушыларды оқыту үшін мақсат қою және оны тұжырымдау көшбасшылық үдерісін жүзеге асыру құралдарының бірі болып табылады. Қоғамдастықты басқаруды ұйымдастыру маңызды фактор болғандықтан, кәсіби қоғамдастықтың бірінші отырысында қоғамдастықтың басқарушы және зерттеуші топтарының мүшелерін анықтап алып, кәсіби қоғамдастықтың іс-шаралар жоспарын жасамақшымын. Басқарушы топтың құрамына мектеп әкімшілігінен бір мұғалім; әр пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» және «Үшінші деңгейлі» бағдарламаларын оқыған пән мұғалімдерін; ал зерттеуші топ құрамына қандай да бір проблеманы шешудің жолын табуға ынталы, сол проблеманың деңгейінде жиналған әр бірлестіктен пән мұғалімдерін тартуды көздеп отырмын. Кәсіби қоғамдастық барлық мұғалімдердің ортақ проблемасы аясында мұғалімдердің қажеттілігіне лайықты түрде құрылатын болса және осы проблемаларға негізделген қызықты, тартымды іс-шаралар ұйымдастырылса қоғамдастық әрі қарай дами алады.
Тәлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлім алушы арасында сенімді қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәліптің педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарынының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі.Тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.
Мен мектептегі тәжірибе кезеңінде тәлімгерлік процесін жүргізу үшін тәлім алушы етіп қазақ тілі пәні мұғалімі, жас маман, санаты жоқ, еңбек өтілі 1 жыл Суюнова Клараны тәліп етіп алдым. Тәлімгерлік үдерісті жүргізу үшін мен алдымен, мұғалімнің кәсіби дамуын қажет ететін бағытын анықтау керек деп есептеймін. Тәлім алушымның жағдайын анықтау үшін алдымен сауалнама алып, сауалнаманың нәтижесі негізінде «Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды шешу жолдары» тақырыбында сұхбаттасу түрінде кәсіби әңгіме, кеңес жүргіздім. Аталған іс-әрекеттер арқылы тәлім алушы өзінің кәсіби дамуын қажет ететін бағытын айқындайды. Анықталған бағыттарға қарай тәлім алушымен бірге мақсат, күтілетін нәтижені айқындап алдым. Мақсаты: Әріптестің оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдермен тәжірибесін жетілдіру. Күтілетін нәтиже: Әріптестің өз тәжірибесін жетілдіруге деген қызығушылығын ояту. Оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгереді, қолдана алады. Жаңа оқыту тәсілін қолданып, тәжірибесін арттырады.
Біз үшін оқушылардың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру өзекті проблема болғандықтан, тәлімгерлік жүргізуде тәлім алушым үшін оқушылардың жақсы оқуын ынталандырудың тиімді әдістерін үйренуді мақсат етіп қойған дұрыс болар деп ойлаймын. Тәлімгерліктің нәтижесінде тәлім алушым оқуды ынталандырудың тиімді әдістерін оқыту процесіне енгізе алады деп ойлаймын.
Тәлім алушының сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау үшін тәлім алушымен бірге қазақ тілі пәнінен 9 «А»сыныбында «Бұқар жырау.Тілек толғауы» тақырыбындағы сабағын жоспарлап, оны талқыладық. Тәлім алушының жоспарына бастапқы және кері байланыс беру арқылы жоспар туралы кәсіби әңгіме жүргізу оған әдістердің тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетуге мүмкіндік береді деп есептеймін. Аталған әрекеттер арқылы сабаққа өзгеріс енгізу жоспарланады. Сабағына қатысу арқылы мұғалімнің қолданған әдіс–тәсілі оқушыларға қаншалықты қолжетімді болғанын анықтаймын. Нәтижесінде қолданылған әдістердің тиімді және тиімсіз жақтары айқындалады. Сабақты бақылаған соң қолданған әдіс-тәсілдер оқушылардың алға жылжуын қамтамасыз етуі туралы бақылаудан кейінгі кәсіби әңгіме жүргізуді жоспарлаудамын. Болған оқиға қаншалықты ұтымды болғаны, келесі сабақты қалай жақсартуға болатындығы туралы кері және бастапқы байланыс беремін. Тәлім алушы өзінің осыған дейінгі қолданып жүрген әдістері мен ұсынылған әдістерді салыстырады және оқыту процесін қалай жақсарту керектігі туралы жаңа пікір қалыптасады деп ойлаймын. Оқушылардың оқу ынтасын жақсартуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер туралы ақпарат көздерін беруді жоспарлаудамын. Осы аптада мұғалімнің сабақта қолданған әдістері туралы оқушы үнін тыңдаймын. Тәлім алушы оқушы үні арқылы өзіне кері байланыс алады. Әрі қарай кәсіби біліктілігін арттыру жоспарын бірге талқылаймын. Себебі, тәлім алушы өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешімін өзінше табуға тырысады. Тәлімгерлік процесі аяқталған соң, тәлім алушы оқушылардың жақсы оқуын ынталандырудың тиімді әдістерін үйреніп, оларды оқыту процесіне енгізе алады және тәлім алушыда рефлексия жасау дағдысы қалыптасады деп ойлаймын.
Мектептегі әріптестеріме «Lesson study» зерттеу әдістерін қолдану тақырыбында ақпараттық сессия өткіземін. Сессия барысында «Lesson study» зерттеуі мақсат, міндеттері, ұйымдастырылуы мен өткізілуі, талаптары жайлы ақпарат беремін. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Lesson study ұйымдастыру үшін алдымен сыни тұрғысынан ойлауға проблемалық сұрақтарды қарастыру мақсатымен сұрақтарды тереңдетіп қоюға, дұрыс қолдануға үйрету, түсіндіріп беру; нәтижелерін бағалау үшін білімдерді қолдану, олардың ақиқаттығын анықтау; дәлелдеу, оларға баға беру " сияқты актуалды мақсаттарды негізге аламыз. Зерттеу жобасының тақырыбында дұрыс таңдай білу қажет. Зерртеуге қатысатын мұғалімдермен ақылдаса бірігіп жұмыс жұмыс жоспарын бекіту маңызды. Lesson study зерттеу тобында жұмыс жасайтын мұғалімдер бірігіп сабақтың тақырыптарын анықтап болғаннан кейін бірінші сабақ жоспары құрылады, сабақ жоспарын құру барысында сыни тұрғысынан ойлауға арналған, өмірмен байланысы бар тапсырмаларды қарастыру ұсынылады. Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып қадағалайды және талдайды. Мектеп көшбасшысы Бесбаева Ұлжанның тобындағы «Lesson study» зерттеу сабағына қатысамын деп жоспарлап отырмын.
«Сабақтағы кері байланыс» тақырыбында коучинг өткіземін. Мақсаты: Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасаймын.Оқушылардың көңіл- күйіне, сабақтағы іс -әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастырамын. Нәтижесінде: Коучинг сабағынан соң мұғалімдер сабақтағы кері байланыстың мақсатын, бағытын түсінеді, кері байланыс ұйымдастырады.
«Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулін қолдана отырып тізбектелген сабақтар өткіземін.
Жұмыс нәтижесін қорытындылау, кәсіби қоғамдастықтың тиімділігін анықтау мақсатында мұғалімдермен кездесіп, пікірлерін тыңдап кері байланыс сауалнама аламын.