Мемлекеттік
құрылым
Мемлекеттік құрылым -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни
мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының
құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік
органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің
аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі
бөлінісі. Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер
унитарлық
,
федеративтік
және
конфедеративтік
болып жіктеледі.
Унитарлық мемлекет
әкімшілік аймақтарға ғана
бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады.
Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де
автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін.
Федерация
- бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ
конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады.
Федерация
ұлттық, аумақтық
не аралас (ұлттық-аумақтық) негізде құрылады.
Конфедерация
- екі немесе одан да
көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы,
экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы.
Конфедерация
мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар.
[1]
Дереккөздер
ArystanbekBot
[8 жыл бұрын соңғы рет өңдеді]
«
https://kk.wikipedia.org/w/index.php?
title=Мемлекеттік_құрылым&oldid=2061156
»
бетінен алынған
Достарыңызбен бөлісу: |