Менің
досым
Тақырыбы:
«Менің досым»
Мақсаты:
Білімділік: Менің досым, достық, туралы білімдерін толықтыру, етістіктің
шақтарын қайталау.
Дамытушылық:Танымдық білімдерін дамыту, оқушылардың сөйлеу қабілетін арттыру,
сөздік қорын байыту; дұрыс сөйлем құруға ынталандыру, сауатты жазу мәдениетін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, адал достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:
Түсіндіру,сұрақ-жауап, электрондық оқулықпен жұмыс.
Көрнекілігі: Интербелсенді
тақта, электронды оқулықтағы түрлі суреттер, компьютер.
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: кезекшімен бүгінгі күн, тазалық, ауа райы туралы сұхбаттасу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Айтылым. Оқулықтағы «Достастыру» мәтінінің мазмұнын қысқаша баяндау.
Достық туралы өлеңді жатқа айту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі- «Дос жолында құрбан болу емес, нағыз досты табу қиын».Дос
деген – өзіңмен мақсат-мүддесі, арман тілегі бір адам. Одан жасырар сырың жоқ. Ол да
сенен ештеңе жасырмайды. Егер осындай досың болса, сен оны ренжітпе. Оған жәрдем
беруге әзір бол. Достарың мен жолдастарыңның болғаны қандай жақсы! Олармен бірге
жүргенде өзіңе-өзің сенімді боласың! Достарың көп болғаны жақсы, өйткені бірде-бір
жан жалғыз өмір сүре алмайды.
Электрондық оқулықпен жұмыс. І. Сөздік
Тыңдалым. Жаңа сөздерді тыңдаймыз
Достық, сыйластық, ұқсастық, жасырмау, нағыз, жәрдемдесу, ойлау, сабақ әзірлеу,
ренжітпеу.
Оқылым. Диктордан кейін қайталап оқы.
Достық, сыйластық, ұқсастық, жасырмау, нағыз, жәрдемдесу, ойлау, сабақ әзірлеу,
ренжітпеу.
Жазылым. Әріптерді дұрыс орналастыр
,
,
Оқылым
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
Достық дегеніміз не?
Арман екеуің қашаннан доссыңдар?
Халықта қандай қанатты сөз бар?
Арман қандай бала?
Сен нені мақтан етесің?
Тілдесім. Қарапайым жағдаят. «Менің досым» оның мінезі мен жақсы қасиеттерін
сипаттап беру.
ІV. Пысықтау
1.Схема бойынша «Менің досым» тақырыбында әңгімеле.
2.Достық туралы мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тап: орысша баламасы
интербелсенді тақтада беріледі.
-Жаман жолдастан таяғым артық
-Күлме досыңа –келер басыңа
-Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
-Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
-Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа.
Жазылым. Достық туралы мақалдарды толықтыр
1) … … жау алмас,
Ақылы көпті дау алмас.
2) … жолдас жауға бермес.
3) Жүз сомның болғанша, …
4) Адам … мықты,
Ағаш тамырымен мықты
5) Адал дос … қымбат
6) Жаманда . . . жоқ,
Жалқауда ар жоқ.
V. Нәтижені тексеру. Лексика-грамматикалық тест (25 сұрақ). Компьютерде орындау.
VI. Үйге тапсырма. «Менің досым »тақырыбында шағын эссе жазып келу.
VII. Бағалау