Мұғалім ең мәртебелі мамандық «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – Тарихтағы ең ұлы істің бірі»



Дата31.08.2023
өлшемі22,61 Kb.
#105763
Байланысты:
эссе мұғалім туралы


Мұғалім ең мәртебелі мамандық

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен –


Тарихтағы ең ұлы істің бірі».
«Мұғалім – зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті».
К.Д.Ушинский

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз киелі де қасиетті ұғым екені барлығымызға мәлім. Жалпы мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамында ғылыми тұрғыда білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, жас ұрпақты арман жолына жетелеп, білімнің қия шыңына көтеріп жүреді. Әрбір шәкірттің білсем, үйренсем деген бала арманын орындауға ықпал ететін жандардың бірі болып табылады.
Ұстаз білгенін ғана үйретіп қоймайды, біздің асыл аналарымыз бен әкелеріміз секілді адам бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі деп айтсақ, артық етпейтіні сөзсіз. Сонау ата-бабаларымыздың ежелгі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын барлық жақсы қасиет атаулыларын бүгінгі жас ұрпақ ұстаздың өнегелі істері мен сөздері арқылы үйреніп келеді. Мұғалім өз кәсібін, шәкірттерін, өзі қызмет ететін білім ордасын шексіз сүйе білу керек. Өйткені, осындай бірнеше жауапкершілікті қатар алып жүру - әр мұғалімнің басты мақсаты деп білемін. Мұғалім қашанда үздіксіз ізденіс үстінде болып, шығармашылық жағынан өзін-өзі дамыта білу керек деп ойлаймын.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, шынайылылықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында деп ойлаймын. Өйткені әр ұстаздың мәдениетті сөйлей білуі, ортада өзін салмақты ұстай білуі, қарапайым да сыпайы киім киісі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті,терең білімі шәкіртке де, ата-анаға да, дүйім жұртшылыққа да өнеге болатыны сөзсіз.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.
Осы орайда мұғалімнің жан-жақты дамуы, заманына қарай ілгері жүруі - білім беру жүйесінде біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас ұрпақ - еліміздің келер күнгі келбеті. 
Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Себебі, сонау ұлы ғалымдар да, білікті дәрігерлер де, ұшқыштар да бәрі-бәрі ұстаз алдынан тәлім алады. Осылайша әр мамандық өз бағытымен жұмыс жасайды.
Мұғалімнің басты мақсаты - ізденімпаз, адамгершілігі мол салиқалы жас ұрпақ қалыптастыру болып табылады. Өскелең ұрпақты өз мақсаттарына жетелеуді, өн бойына адами құндылықтарды жинап дамыту- кез-келген білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру мұғалімге байланысты болмақ. Қашанда жақсы жаңалықтарымен шәкірттерін жаңашылдыққа үйретіп, үздіксіз ізденісте жүрген мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады деп ойлаймын. Осындай мұғалімнен тәлім алған әрбір шәкірт білімді болып шығары сөзсіз. Өз сөзімді тұңғыш елбасымыздың сөзімен аяқтағым келеді. Тұңғыш елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Әр мұғалім осы сөзге сай болып, жас ұрпақтың болашағына үлкен сеніммен қарай білуі үлкен жауапты іс болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет