Мұғалім-менің мамандығым



Дата30.03.2022
өлшемі14,51 Kb.
#29332
Байланысты:
ЭССЕ УСТАЗ


ЭССЕ


Мұғалім-менің мамандығым

Менің балалық кезімнен, мектеп қабырғасында оқып жүрген басты мақсатым - жүрек қалауымен ұстаз болу. Мектеп партасында отырғанда «кім боласың?» деген сұрақтарды жиі еститін едік. Қиялға батып,балалар әртүрлі мамандықтар таңдайтын, ал мен осы арманымды мектеп бітіргенше, жүректе жылытып келгем. Мамандық - бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Ізгі мамандықтардың бірі - мұғалімдік дер едім. «Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы» деп ғұламалар қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Ол - адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам - бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын.Менің шәкірттерім егемен елдің,Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қандай арман болсын. Міне, осындайда «Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.

Әрине, ұстаз болу жоғарғы оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін. Бұл менің сан жылдар мұғалім болып еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі.

Менің ұғымымда,біріншіден ,мұғалім міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала, қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу - біздердің, мұғалімдердің бұлжытпас борышымыз.

Екіншіден,ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек, мүмкіндіктеріне сену,ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.

Үшіншіден, балаға үнемі қолдау көрсету- үлкен мәнді ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру,оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.



Осы талаптарды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің көңіл-күйі әрдайым жоғары болады, оқушылары мұғалімге де,өздеріне де сеніп, бір- бірін қолдап, қызығушылық қабілеттері артып, үлкен нәтижеге қол жеткізе алады.

Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірт өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет