Microsoft Word Ананын арашасы doc



Pdf көрінісі
Дата26.10.2022
өлшемі198,7 Kb.
#45477
Байланысты:
arshsi



Ғабит Мүсірепов 
Ананың арашасы 
Салпы етек, жылауық күз емес, гуілдеген желді күз еді. Түндік 
біткен шаңырақты сабалап, қараша үйлер тозығы жеткендігін айтып, 
зар қақсап, сықыр-сықыр етеді. Бұрқырап түсе бастаған күзгі сары 
ала жапырақ ауыл қотанында жындай ойнақтайды. Қартайған, 
ескірген, күні өткеннің бәрі де зікір салып тұрғандай. Қызыл майдан 
бұл ауылдардың үстіне енді ғана жақындап келе жатқан кезі. Үш 
күннен бері гүрілі естіле бастаған зеңбірек үніне ел құлағы әлі 
үйренген де жоқ. Зеңбірек үні оқта-текте оқыс гүр етіп қалғанда, төр 
алдында томаршадай болып, шарт жүгініп отырған кәрі молда: 
- Алла деңіз...— деп қояды. 
Жер дүңкілінен тұла бойының түгел берекесі кете бастаған үй 
иесі Жұман бай: 
- Жүрегім ауызға тығылып, ас батпай қойды,— деп, жастықтай 
қампайған ішін басады. Жүрегім деп отырғаны кәдуілгі асқазаны 
екенін аңғармайды да. Ол қазанның олқы тұрмайтынын да ұмытқан. 
Кең көйлектің етегі арт жағынан жел үрген тауықтай түріліп кеткен 
Жәніш бәйбіше үйге кіре беріп: 
Басталды ғой тағы да!.. Бұл неменесі еді тынбайтын! Тарқамайды 
екен құмары! - деп, есік жақта тамақ ішіп отырған Жапардың 
тұмсығын қамзолының етегімен жайқай өтіп, төрге қарай беттеді. 
Жапардың дәл алдына шығып алып, екі тебініп, екі кебісін екі жаққа 
ұшырып жіберді де: 
- Жапармысың, әлі тоймай отырған? Өзіңдей Оразалы жүр ғой 
таң сәріден бері отын тасып!— деп, теріс айналды. Жапардың 
алдында тұрған айранның бетін қыл-қыбыр, жүн-жұрқа, шаң-тозаңға 
толтыра кеткенін байқамаған да сияқты. Кебіс табанынан ұшып келіп, 
айран бетіне шаншыла түскен тезек сынығы кұйрығын шошайтып, 
Жәніш бәйбішені нұсқағандай болады. Мың қорлыққа шыдаса да, 
мың біріншіге шыдай алмай кеткен Жапар атып тұра беріп, 
алдындағы айранды аяғымен ақтара салды да, шығып жүре берді. 
Киіз есік сарт етіп босағаны соққанда, ұйтқыған түтін келіп 
Жұманның жүзіне соқты. Үйде отырғандар үн шығарған жоқ. 
- Бұл да бір кезек дүние шығар. Жина!— деді Жұман әйеліне 
көзімен ақтарылып жатқан айранды нұсқап. Бұл жайды жайып-
шуатын адам өзі ғана екенін білетін кәрі молда: 


- Алла деңіз...— деп, көзін бір жұмып қайта ашты да:—халайық, 
бұлт жоқта күннің күркірей беруі ешуақытта болған емес. Мұның 
аржағында бір хикмат барлығы бір алланың өзіне аян боларға 
керек,— деді. 
Жел ойнаған қараша үйлерінен жылы үйге келіп біраз отырып 
кетуге келген ағайын үндеген жоқ. Мұның аржағында «тағы да бір 
рет құрмалдық беру керек қой» деген сөз тұрғанын білетін жұрт 
ешнәрсе аңғармағандай пішін көрсетіп, елеусіз қалдырды. 
- Халықта бейіл жоқ,— деп молла-екең тағы бір басып өтіп еді, 
Жұман жүзін ағайынға бұрып: 
Е, бұзылып болды ғой бұл жұрт,— деп, ағайынға қашаннан бергі 
қалыптың шайқалып бара жатқанын аңғартқысы келді. Бірақ кезегін 
күтуде жүрген жұрт бұл ыңғайдан да ығысқан жоқ: 
Бейіл деген ең әуелі бар адамдарда болу керек қой... 
- Кедей несімен бейілді болады? Көн тулақты күнде қаққанмен, 
шаңынан басқа несі бар шығатын?-десіп, бейілдік бетін Жұманның 
өзіне қарай бір аударып тастап: 
- Біреудің түзелген беті біреуге бұзылғандай көрінеді. Оған жұрт 
айыпты болмайтын шығар!—деп, ызғар шетін көрсетіп қойды. 
- Хикмат бар, хикмат!— дейді кәрі молда, басқа ешнәрсе таба 
алмай. 
Хикмат бар дегеніңіз дұрыс болар. Бірақ кімнің оң жағынан, 
кімнің сол жағынан келерін кім білсін... Келе жатқанын іш сезеді,— 
деп, отырғандар өзара жымиысады. Бұл шаққа дейін ашса — 
алақанында, жұмса - жұдырығында болып келген ағайынның осы бір 
сөздерінде зіл жатқанын сезген Жұман да үндей алмай қалды. 
Күркіреу үдей түсіп келеді. Ертеңгі шуақ күннің алдындағы кәрлі 
дауылдың түйілген қабағындай, сағат сайын ызғар қосылып барады. 
Желді күз дауылға айналып келеді. Аунап тұрар, қайта жасарар ел 
көзін сол дауылға тігіп еді. Ақ пен алаштың жазагер отряды тап осы 
кезде келіп, осы ауылдарға орнады. 
- Ал, кімнің оң жағынан, кімнің сол жағынан келген хикмат 
екенін көріңдер көздеріңмен!— деп, Жұман құлпырып қалды. 
Бар хикмат осы бола қоймас!—деп, жұрт та сіресті. 
Жазагер отрядының бастығы офицер Антоновтың жүрген жері 
жылан жайлағандай болып қалатын. Ол жүріп өткен жердің 
жапырағы бір түнде қуарып, шаңдағы бір-ақ бұрқ етіп қалатын. 
Антоновты елдің итіне дейін күндік жерден таниды, керек болса 
елден бұрын иттер таниды. Антонов келе жатқанда оқ пен қылышқа 


ілікпей қалған ит тұқымы болса, ағаш арасынан тұмсығын көрсеткен 
емес.
Антонов келіп қалғанда бұрын араз ағайын бірінің үйіне бірі 
қалай кіріп кеткенін де білмей қалады. Үрейі ұшқан жұрт намазын да 
кез келген жерде оқып, кез келген жерінен аяқтай салады. Антонов 
аттанғанша, сенделген жұрттың есі жиналған емес. Сондықтан 
Антоновты жұрт «Ақтопалаң» деп атап кетіп еді. 
Ауыл үстінде тынбай ойнақтайтын сөздер — сиыр, есек, ит, 
шошқа болып басталады да, аяқ жағы баяғы бір ана сорлының атын 
былғап барып бітеді. 
- Сугінә бит, сугінә қаһәр соққыр! Ничік, тоқтами сугінәргә кирәк 
соң?— деп, кәрі молда ғана таңданады. Ол үшін бар ауыртпалық 
осында ғана сияқты. 
Майдан жақындап қалған елге Антонов әдейі келген. Ондағы ойы 
майдан алдынан шығып, тым болмаса, қарғаша болу емес, ертең 
қызыл жалау астына жиналатын жұртты бір күн болса да қызыл жон 
қыла тұру еді. Бұл елдердің «теріс» ойлы азаматы түгелімен осы 
Антоновтың қолынан өтіп, түрмеде жатыр. Сондықтан ол қай үйдің 
түтіні қалай қарап ұшатынын да жақсы біледі. Қызылдар жайындағы 
дәл анық хабар елге жіңішкелеп қана келетін еді де, екінші бүйірден 
қосыла кететін «ұзын құлақ» ісіріп-кептіріп, өңін айналдырып 
әкететін. Антонов ашу үстінде сол хабардың шындығын ашып алды: 
- Айлалы көздеріңді жұмбаңдар өтірік! Анау келе жатқан 
қызылдарды әкеңдей күтіп отырсыңдар. Бірақ біз де «қоштаспай» 
кетпейміз сендермен!— деген сөздерінен, жалпақ ел ақтардың 
біржола ауатындығын да аңдап қалды. Антоновтың бұдан арғы 
сөздері адам ұятын қанша былғап жатса да, ел оған құлақ асқан жоқ. 
Күнасыз ел күзгі сонаның шағуы ащы болатын деген үлкен 
қорытынды жасады да, сол жорамалын тас түйіне шыдаммен күтті. 
Антонов қашанғы әдеті бойынша, әр үйдің адамын түгел далаға айдап 
тастап, барлық үйді өз қарамағына қаратып алды. Содан соң өз 
қорасына бара жатқандай-ақ, алшаңдай басып, қотандағы қойға кірді. 
Әр қотанда үркердей үйме-жүйме боп, әр ауылдың аз ғана қойы тұр 
да, ішінде ондаған ақ әскер жүр. Мұның аяғы немен тынарын тек 
қойлар ғана ұғына алмай тұрған сияқты. Есік алдына Нағима 
шешейдің көк қошқары да келіп қалды. Бір әскер жетелеп, енді біреуі 
артынан итермелеп келеді. Арба астына ықтырма жасап жатқан 
Нағима бері бұрылды да: Қошқарды қоя беріңдер. Орнына қой әкеп 
берейін. Қошқар еті жеуге жақсы болмайды,— деді. 


- Немене? 
Қой берейін, қошқарды жіберіңдер!— деді Нағима жақындай 
беріп. 
- Ә... жібер деймісің... жарайды. Жіберейік... Қошқарды жетелеп 
келе жатқан солдат: 
- Әрине, кемпір дұрыс айтады. Қошқар еті сасық болады,— деп, 
қошқарды босата бергенде, артта келе жатқан офицердің қылышы да 
бата берген күн көзіне шағылысып, қып-қызыл болып жарқ ете түсті:
қошқардың басы жерге бірден топ ете түсті де, денесі бір-екі рет 
орғып барып құлады. Офицердің бұл шеберлігіне қасындағы солдаты 
да қызыққан жоқ. 
- Аршыт, салдыр қазанға! 
Жұманның үйінің алдында тұрып, офицер Антонов қана қарқ-
қарқ күлді: 
- Жарайсың, Рудаков! 
Ыза болған Нағима шешей қазанға қошқардың аталық мүшелерін 
де түгел тастап жіберді: 
Жегің келгені осы болса, жей ғой! Қошқардың бүйрегіне тісің 
өтпей жүрсе, өз обалың өзіңе! 
Ертеңіне қылмысына мәз болған жазагерлер қорғансыз ауылды 
қалай 
қорлағандарына 
қарқ-қарқ 
күлісіп, 
түс 
ауа 
аттанып 
кетті.Каңғырып, қаусап қараша ауыл да қала берді. 
- Антоновты ерегестіретін осы елдің өзі ғой.
Әйтпесе бізге неге тимейді? Бұл өзі ессіз жігіт емес!— деп, 
Жұман бай ағайынға көңіл айтып отыр.— Е, мал орны толар, жан 
аман қалғанын айт...— деп қояды. 
Антонов бұл жолы он алты-ақ ат әкетті. Жарлының жалғыз атын 
тартып алып жатқанда, Жұман бай жанашыр сөзге де барып қалған: 

Әттең, 
жылқының 
жайлауда 
болғанын 
көрдің 
бе... 
Әйтпегенде,— деп барып, «өзім-ақ беріп жіберетін едім» дегенді айта 
алған жоқ-ты. Оның ендігі көңіл айтқаны да ешкімнің құлағына енген 
жоқ.
Жазагер Антонов бір бел асып түсе бергенде-ақ, ауылға барлауда 
жүрген қызыл әскерлер келді. Бұл ауыл бұларды бүгін ғана көріп 
тұрса да, олар ауылды талай көрген еді. Сондықтан «ұзын құлақтың» 
бөріктіріп әкеліп жүрген мың өсегінің біреуі аныққа шықпай қалды. 
- Лұқсат па, азамат? Біздің аз ғана айналыс жасағымыз келіп еді 
осы ауылға,— деді былғары киімді, ұзын бойлы, қырма сақалды жігіт 
есік алдында тұрған Жапарға. Қарулы адамдардың лұқсат сұрағанын 


ауыл бірінші рет естіп тұр. Азамат деген сөз тіпті жаңа! Жапар нанар, 
нанбасын да, дұрыс естігенін де, қате естігенін де анық айыра алмай 
аз ғана аңырып қалып еді, жаңағы жігіт жымиып күліп: 
- Жолдас,— деді, аз ғана бұза сөйлеп,— жолдас, біз жаңағы 
отрядты көрдік. Бассыздық ізі ауыл айналасында әлі сайрап жатыр... 
біз аз ғана аялдап, аттанатын жұмысымыз бар. Лұқсат қой, жолдас? 
Жапар «лұқсат» деудің орнына: 
- Иә, жолдас, жолдас!— деді. 
Екінші бір қызыл әскер аттан түсе қалып, Нағимаға келіп: 
- Шеше!— деді.— Шеше, суыңыз бар ма? 
Сол кезде ауыл сыртында мылтық бір шаңқ етіп қалды. Антонов 
мына барлаушыларды көріп қалды ма, әлде ауылда қалған тағы бір 
арманы болып қайта оралды ма, әйтеуір жалаң қылыштар жалт-жұлт 
жалақтап, ауылға қарай қайта құлай берген екен. Әуелі ұбақ-шұбақ, 
опыр-топыр келе жатқан атты әскер, жақындай келе ауылды екі 
жағынан орап алатын ыңғай көрсетті. Аз ғана абайлап алды да, қызыл 
барлаушылар да аттарына мініп, шоқ ағашты беттеріне ұстай, шауып 
жөнелді. Ауылға ең алғаш келген бес қызыл жауынгерден төрт әдемі 
сөз қалды: 
- Лұқсат па?.. 
- Жолдас... 
- Азамат... 
- Шеше!. 
Бұл қара түндікті қазақ даласының бірінші рет өз құлағымен 
естіген теңдік, ауырмалдық сөздері еді. Ағашты жаңғырта, ашық 
аспанды найзағайдай тіліп, оқтар ағып барады. Шоқ ағашқа жете 
бергенде бес қызыл әскердің біреуі аттан ұшып кетті. Ұзын тобылғы 
торы ат иесінен айырылып, төртеуінің артынан салып барады. 
Қуғыншы қолы екі жақтан орап, төрт қызыл әскерді түгел ортаға 
алуға байлаған сияқты. Құлаған кызыл әскер басын бір көтеріп алды 
да, қайта құлады. Енді ақырындап ағашқа қарай жылжып барады. 
Ұш, Жапар! Жоқ, ағаш пана бола ала ма, байғұс балаға, қалыңға 
апарып жасыр. «Үйшікке, үйшікке!»— деді Нағима, есік алдынан 
көріп тұрып. Жапар да екі айтқызған жоқ... Даралау шоқтан бір бүйір 
мұнартқан «үйшік» деп аталатын қалың орманға көзін бір аударды да, 
артында тұрған ақсақ биесіне міне жөнелді. Қашқандар да, қуғандар 
да қара үзіп, көрінбей кетті. Анда-санда бір шаңқ еткен мылтық 
даусы да әлсіреп қана келеді. Жұман есік алдына шығып: 


- Әй, әй, қатын! Байыңның түрмеде жатқаны аз болып жүр ме 
саған? Ендігі арманың балаң екеуің бірге кету ме еді түрмеге? Нең 
бар еді сенің пәлеге соқтығып? Есіңде болсын, өз мойныңмен 
көтересің!— деді Нағимаға. 
Нағима ана ешнәрсені естімегендей, Жұманға бұрылып қараған 
да жоқ. Тек қана баласының әрбір адымын санап тұрғандай, көзі шоқ 
ағашқа қадалып калыпты. 
- Орыс пен орыстың арасына осы елден сен ара түсетін болғаның 
да!— деді де, Жұман үйіне кіріп кетті. Ондағы ойы ешнәрсеге куә 
болмау еді. Баласына да, өзіне де қауіп төнерін Нағима ана буалдыр 
ғана сезінетін сияқты. Бұл сезім әлдеқай жерін қытықтап та қояды. 
Бірақ ана әлдеқайдан жарық көріп, кос өкпесін қолына алып, соған 
қарай ұмтылған адамдай, ешнәрсені елемейді де. Неге де болса белді 
берік байлаған ер пішінде, үнсіз сазарып, есік алдында тұр. Жаулық 
астынан шығып кеткен бір топ буырыл шашын жел ұйтқытып, иегін 
сабалайды. Күн еңкейіп, орман баурайы буалдыр тартқан сайын, 
талған көзін қолымен көлеңкелеп, Нағима ана тесіле қарайды. Күн де 
батып барады. Жаралы әскерді арқалап алған Жапар да орманның 
қалың көлеңкесіне ілегіп, көрінбей кетті. Нағима ана сонда ғана 
қуғыншылар жаққа бір қарап еді, Антонов отряды кейін оралған екен. 
Ұзамай Антонов ауылды қайта тапты. 
- Қызылдың солдаты қайда?—деген сұрау да ұзамай Нағима 
ананы тапты. Бұл сұрау ауылды кезіп, көп айналып жүрген жоқ: 
Жұманның үйіне бір кірді де, қайта шығып турадан-тура Нағима 
шешейге келді. Қазықтай аяғын қаздаңдата басып, Нағимаға қарай 
Антонов келе жатыр еді. Екі көз бір-бір қадалысып, екі от бір-бір 
шарпысып қалғанда, ана кірпігінің бір талы да селт еткен жоқ. 
Антонов ыза болып кетті. Қызыл қайда? Балаң қайда? Екеуі де 
құтылды сендерден! 
...Ана арқасына қайыс қамшы жыландай жүйткіп жүр... Арашаға 
жарай алмаған ауыл ұятына тұншыққандай тым-тырыс. Тек отыз өрім 
қамшы ғана әйел арқасында жыландай ысылдайды. Анада үн жоқ. 
Асыл жігер мен құр өктем күш кездесіп қалып, біріне-бірі тізе бүгер 
емес. Қара көк жапырақты ақ қөйлек қызылға айналып, арқа жағы 
тілім-тілім болып кетті. Қанға боялған қамшы ана денесінің ашылған 
жерлерін иіскеп табатындай, жанға батар жеріне дәл-дәл тиеді. 
Қамшы сарт етіп қалғанда, ана көзінен от ұшқыны да жалт етіп 
қалады. Сіресіп қалғандай табан аудармай кек кернеген ана тұр да, 
мың сұрауына бір жауап ала алмай ызаға булығып Антонов тұр. Ана 


тістері тіл қақпасын тарс бекітіп тастапты, қарысып қалған жақтары 
тісті тіске айқастыра түседі. Ашуға булығып, қамшыны үсті-үстіне 
жаудырып тұрған ызалы Антоновтың өзі болдыруға айналды. Оған 
ерекше батып бара жатқан солдаттар көзіне көрініп қалған өз әлсіздігі 
еді. Енді тоқтатпаса, екі айналмай өз ұятын ашып алатыны есіне түсіп 
кеткендей, қамшыны өзіне таяу тұрған солдаттың алдына тастай 
берді: 
- Ал қамшыны! 
Ол қамшыны қолына алып, мұныжжң не нәрсе екенін өмірінде 
бірінші рет көріп түрғандай, айналдырып бір қарады да, 
жеркенгендей жүз көрсетіп, өзіне таяу тұрған солдаттың алдына 
тастады... 
кінші солдат қамшыны қолына алмастан, аяғымен әрі қарай 
ысыра беріп: 
- Рақмет... ала алмаймын...— Сүйтті де, қамшыға тиген етігінің 
тұмсығын от басында жатқан киізге бір-екі сүйкеп алды. 
Аяқтан-аяққа көшіп, тепкі жеген қамшы солдаттарды түгел 
айналып, Антоновтың өз алдына келіп түсті. Енді Антоновтың өзі де 
қамшыны оп-оңай ала алар емес қолына. Оның орнына оң қолы 
жамбасындағы тапаншаға қарай кетіп барады. Ызамен жымия 
бастаған еріндері тағы бір кәрлі сөзді бұрқ еттіруге ыңғайланып 
келеді. Алыста күн күркірейді... Хикмат үні кешкі ыныстаған ауамен 
айқын естіле, жақын сезіле бастады. Ана қорлығын жасырғысы 
келгендей, күн мен түннің шекарасы іңір түсе қалды. Бірақ көк түтін 
серпіліп, солдат жүздерін айқындап, солдат көздері ашу отын шаша 
бастап еді.Антоновтың да шатынаған көздерінен ұшқан от ұшқыны 
жылан тіліндей жылт-жылт етеді. Барлық қаны басына құйылып бара 
жатқандай, бет-аузы түнеріп, еріндері дір-дір етеді. Қалшылдаған 
қолы апаншаның ілгегін әрең ағытты. Жә, ол қазір тапаншаны 
суырып та алады. Сонан соң? Оны әлі өзі де байқаған жоқ. Оның ең 
алдымен үнсіз бағындырып алуға иісті жандары өз солдаттары. 
Офицер дағдысы соны айтып, соған жетелеп тұр. 
- Қатарлан!— деді Антонов ысылдаған, тіс
арасын әрең бұзып өткен үнмен. Солдаттар үнсіз қатарлана 
қалды. 
- Алып шығыңдар, мына әйелді! 
Екі солдат орнынан әрең қозғалған ананы қолтығынан демей 
далаға алып шықты, оның артынан басқа солдаттар, ең артында 
Антонов шықты. Нағима шешейдің үйінде не болып жатқанын үн 


шығармай, тыныс тоқтатып тыңдап отырған ауыл бәрін сезіп 
отырған. Енді ауылдың шіміркеніп күткені қараңғы тыныш түнде 
шаңқ еткен оқ даусы еді. Оның орнына үзіліп-үзіліп шыққан ана 
даусы келеді:
- Бәріңнің де шешелерің бар шығар... Тек біреуіңнің де шешең 
мынадай ақтопалаңның қолына түсекөрмесін деп тілеп өлем. Мен үш 
ауыз құрметті сөз естіп өлгелі тұрмын: Ана... Азамат... Жолдас... бұл 
сөздер үшін өкінбей-ақ өлуге болады. Алыста күн күркірей түседі... 
Қешкі тынық ауа зеңбірек үнін айқын әкеліп тұр. Оқ даусын күткен 
караша ауыл тым-тырыс. Бір кезде қараңғы түнде жасылдана жарқ 
еткен қылыш бір-ақ жалт етіп қалды: кесілген бас топ етіп жерге түсті 
де, басынан айырылған дене сөлекет ербелеңдеп барып шалқасынан 
құлады... 
Солдаттар даусы Жұман үйінің сыртына қарай ауысты. Талас, 
жанжал, керіс басталған сияқты. Адуын сөздер әр ауыздан-ақ 
батпандап шығады. 
- һаман сугінәлер...— дейді кәрі молда бұрышта бұғып отырып. 
От басында қастарын қиғаштай құбылтып Жәніш бәйбіше отыр. 
Жұманда үн жоқ, үрей де жоқ... Іс аяғы тынғасын, із аяғы аяңдап 
осында келерін қатты сезінеді. Екі солдат қолтықтай демеп, Нағима 
ананы үйіне алып келеді. Кесілген бас Антоновтікі екен. Жасыл 
қылыштың жарқ еткеніне дейін бар қайратын бойына жиып, буыны 
бір дір етпеген ана енді аяғын әрең сүйреп келеді. Ана жүрегінің 
әлдеқай жерінен бұрқ ете түскен алғыс жалыны бар қуатын ала 
кеткен сияқты. Қуаныш жалқыны кеудесіне сыймай, ойға сыймасты 
тілі де айта алмай қалыпты. Адам - азамат атанса, әйел - ана атанса, 
адам баласы біріне - бірі жолдас атанса, ана біткеннің содан басқа 
іздегені бар ма?
- Бақыт дүниесі келе жатқанда, ең соңғы бақытсыз мен 
болмақпын ба? Көргім келеді сол дүниеші Мәніне көз жеткен соң, 
сәнін келтіретін біз болармыз, дейді қуанышты ана. Бұл сөздер ана 
аузынан дұғадай естіледі. 
Антонов отряды түн ішінде екіге бөлініп, екі жаққа қарай 
аттанды. Ауыл сыртында керісіп-керісіп ақ солдаттардың екіге 
жарылған тобы біріне-бірі: 
- Сақтаныңдар! 
- Аяс болмайды енді!—деседі. 
Қызылдарға қосылуға аттанған топқа Нағима ана жаралы қызыл 
әскер мен өз баласы Жапарды қосып беріп: 


- Жолдарың болсын, балаларым!—деді. 
Күн қып-қызыл шоқтай болып шығып келеді. Ұзай берген әскер 
тобына қарап, үйге сүйеніп Нағима ана тұр. Барлық қараша үйдің 
әйелдері ентіге басып, көз жастарын жеңдерімен сүрте, Нағимаға 
қарай жүгіріп келеді. 
Кешегі күнге дейін өздеріндей көп көнбістінің бірі көрінетін 
Нағима ананың жүзінде бүгін жаңа бір нұр, жаңа бір күш жалыны 
бар. Ол - көп тілеген, ұзақ күткен, енді, міне, орнағалы келе жатқан 
үміт толқыны еді... 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет