Microsoft Word лаб жумыстар doc



бет1/10
Дата16.10.2023
өлшемі62,78 Kb.
#115902
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Органикалық химия 1-бөлім Лабораториялық жұмыстар(2)


«Органикалық химия. 1-бөлім» пәні бойынша лабораторилық жұмыстар


ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ


Қауіпсіздік техникасы
«Органикалық химия» практикумында жұмыс істеудің негізгі ережелері. Күйдіргіш (қышқылдар, сілтілер) мен әсері күшті улы заттармен жұмыс істеу ережелері. Өрт қаупі бар және қопарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелері. Практикум лабораториясындағы қауіпсіздік техникасын бақылау. Лабораториялық журналды жүргізу және рәсімдеу ережелері. Қауіпсіздік техникасы. Лабораториядағы ыдыстар мен қондырғылар.
Органикалық заттарды бөлу мен идентификациялау әдістері
Таза органикалық заттардың физикалық константаларын анықтау: қайнау және балқу температуралары, сыну көрсеткіші. Жай айдау, бөлшектеп айдау. Бөлшектеп айдау. Дефлегматорлар.
Кристалды заттарды тазарту: қайта кристалдау және тікелей айдау. Еріткіш таңдау.
Хроматография. Органикалық қосылыстарды идентификациялау мен бөлудің хроматографиялық әдістері. Хроматографиялық бөлу техникасы. Бағаналы, жұқа қабатты және қағаздағы таралу хроматографиясы.
Алифатты көмірсутектерді алу және олардың қасиеттері Метан, этилен және ацетиленді алу және олардың қасиеттері. Қаныққан көміртек атомындағы нуклеофилді орын басу
Органикалық қосылыс молекуласына галоидты енгізу әдістері: йодты метил, бромды этил, бромды бутил, бромды изоамил, хлорлы аллил, 2-йодпропанд синтезі.
Ароматты көмірсутектер қатарындағы электрофилді орын басу
Бензол мен нафталиннің нитро- және сульфотуындыларының синтезі. Тиімді нитрлеуші және сульфирлеуші агенттерді таңдау.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Толуол және алкилбензол туындыларының тотығуы. Карбонилді қосылыстарды Кижнер-Вольф бойынша тотықсыздандыру – алифатты көмірсутектерді синтездеу әдісі ретінде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет