Microsoft Word Лекция docx



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата13.11.2022
өлшемі191,79 Kb.
#49680
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


6 дәріс. Операторларды асыра жүктеу. 
 
Дәрістің мақсаты: студенттерде операторларды асыра жүктеудің қызметі мен синтаксисі 
туралы түсініктерін көрсету қабілетін қалыптастыру.
Осы дәрісті меңгеру нәтижесінде студенттер келесі қабілеттерге ие болады:
• Арифметикалық операторларды асыра жүктеу ерекшеліктері бойынша түсініктерін 
көрсету; 
• Логикалық операторларды асыра жүктеу ерекшеліктері бойынша түсініктерін 
көрсету; 
• Типтерді келтіру операторларын асыра жүктеу ерекшеліктері бойынша түсініктерін 
көрсету. 
 
 
 
C# тілінде құрылатын класқа байланысты оператордың атқаратын жұмысын анықтауға болады. 
Бұл процесс операторларды асыра жүктеу деп аталады. Асыра жүктеуге орай кластағы 
оператордың қолданылу аймағы кеңейтіледі. Мұнда оператордың атқаратын жұмысы толық 
бақыланады да, оның істейтін қосымша жұмысы нақты класқа байланысты өзгеруі мүмкін. Мысалы, 
+
операторы бір класта объектіні бір байланысқан тізімдерге енгізуі мүмкін, ал басқа класта ол басқа 
бір әрекет орындауы мүмкін.
Оператор асыра жүктелген кезде оның бұрынғы атқарып отырған жұмыстары жалғаса береді, 
ол нақты объектіге байланысты тағы бір жаңа операция орындайтын болады. Сондықтан 
+
операторын тізімдерді өңдеуге байланысты асыра жүктеу, мысалы, оның бұрынғы бүтін сандармен 
орындайтын жұмысын (оларды қосуды) өзгертпейді.
Операторларды асыра жүктеу үшін операторлық әдісті анықтайтын operator түйінді сөзін қол-
данамыз, ал ол, өз кезегінде, қолданылатын класына байланысты оператор жұмысын анықтайды. 
Операторлық әдістің (
operator
) екі формасы бар: олардың бірі – унарлық операторлар үшін 
болса, екіншісі – бинарлық операторлар үшін қолданылады. Төменде осы әдістердің әрқайсысының 
жазылу формасы көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет