УДК 612.42:596.012.
МИКРОГРАВИТАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ
ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ КҤРЕТАМЫРЫНЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛУ
АКТИВТІЛІГІ
А. Мухамадиева, Ш.М. Жумадина, С.К. Калиева
Семей мемлекеттік педагогикалық институты,
Павлодар мемлекеттік университеті
Семей қ., Павлодар қ.
Ағзаның салмақсыздыққа бейімделуі жүрек пен тамыр жүйесінің және оның
реттеуші реакциясымен тікелей байланысты екені белгілі. Омыртқалы жануарлардың
судан құрлыққа шығуы, ағзаның түбегейлі өзгеріске ұшырағанымен көптеген
әдебиеттерден белгілі. Ұзақ мерзімді салмақсыздық түрінде жаңа талаптардың пайда
болуынан адам және жануарлар ағзасының бейімделу қажеттілігі туындайды. Л.А.
Орбели: «Ағза қызметінің механизмдерін тусіну үшін, онтогенезді меңгеру, эволюциялық
физиология мен клиникалық материалдарды пайдалану және арнайы эксперименттік
тәсілдерді білу қажет» - деген. [1]. Төменгі сатыдағы омыртқалы жануарларды зерттеу
барысында алынған мәліметтер сүтқоректілерге, оның ішінде адамға да қолдануға
жарамды [2, 3]. Адамда салмақсыздық әсерінен қимыл-қозғалыс апаратына түсетін
салмақ күшінің болмауынан, ағзаның мүшелері мен ұлпаларының, сұйық ортаның орын
ауысуынан, қан дененің жоғарғы бөлігінде таралуынан, қызыл түйіршікті қан
айналымының
бәсеңдігінен,
гемолиздің
күшеюімен
сипатталатын
ағзаның
функционалдық және құрылымдық өзгерістеріне ұшырайды. Лимфа жүйесіндегі тимус
пен көкбауыр салмағының және тимоциттер санының төмендеуі байқалады [4].
Ғарышкерлердің ұзақ уақыт ұшу барысында локальді перифериялық қан айналымының
өзгерісі, тахикардия және дене салмағының жоғалуы байқалады [5]. Жер бетінде
салмақсыздықтың
физиологиялық
моделін
жасау
үшін
кеңістікте
дененің
антиортостатикалық бағытта орналасуын қолданады. Иттерде қысқа мерзімді
антиортостаз күйінде, яғни дененің 30 минут ішінде - 8° және - 70° бұрышта ұстау, кеуде
жолындағы лимфа ағысының төмендеуі, мойын аймағындағы веналық және лимфалық
қысымының жоғарлауы байқалады [6].
Микрогравитация әсерінен кейін егеуқұйрықтыларда лимфа түйіндерінің
қысқартылу белсенділігінің қысым көрсетуі және олардың тасымалдаушы қызметінің
төмендеуі байқалады, сонымен қатар мойын аймағындағы вена тамырының қалыпындағы
артық сұйықтықтың азаюуына бағытталған вазоактивті заттарға әсер ететін рецепторлар
түйіндерінің реактивтілігінің төмендеуімен сипатталады. Төменгі сатыдағы омыртқалы
жануарлардың салмақсыздық жағдайында зерттелуі бірен-саран, мысалы геккон
кесірткелердің аяқ-қол сүйектерінде ұшу жағдайында остеопения белгілері табылмаған.
Филогенезде дамудың әр түрлі дәрежесіндегі жануарлардың салмақсыздыққа бейімделуі
жүйелі сипат алып, бүкіл мүшелер мен ұлпаларды қозғайды [6].Салмақсыздық эффектісін
моделдеу кезінде ағзаның қан және лимфа айналым жүйе қызметінің мәселесі
зерттелмеген.
Жер бетіндегі салмақсыздықтың физиологиялық эффектілерін моделдеу кезіндегі
төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар - көл бақалары(Rana Ridibunda) алынып,
эксперименттік зерттеу күретамыр қызметінің жағдайын бақылау үшін алынған.
Жұмыстың зерттеу мәліметтері мен әдістері
Зерттеуге күз уақытында (қазан мен қараша айлары) алынған салмағы 80-100 грамм
болатын көл бақалары (Rana Ridibunda)зерттелді. Бірінші топ (15) – бақылау топ бақалары
әдеттегі вивария жағдайларында ұсталынса, екінші топ бақалары (25) – тәжиребелі топ.
Микрогравитацияны моделдеу барысында арналған арнайы қондырғыда бақаларды 3
тәулік бойы басын 30-45° (±5°) бұрышта төмен қарату барысында артқы аяқтарына
түскен салмақты толығымен алып тастадық. Эксперимент күретамырының айналмалы
препараттарында жүргізілді. Ұзындығы 10 мм және диаметрі 1,5 - 3 мм жолақтарды
бөлдік.Төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың күретамырынан ені 1-2 мм
сақыналарды кестік. Қан тамырларының бойлай бөліктерінің бір шетін тік түріндегі
камера түбіне немесе көлдеңен түріндегі камера қабырғасына және екінші шетін датчикке
(6МХ1Б, 6МХ2Б және 6МХ1Смеханотроны) бекіттік. Тамырдан өткізілген сым темір
ілмегі арқылы айналмалы препараттарды бекіттік.
Ажыратылған қан тамырларының қоректік ерітіндісі ретінде құрамында мынадай
ерітінділер қолданылды: NaCl – 100; NaHCO3 – 30; MgCl2 – 3; CaCl2 – 3; KCl – 2; глюкоза
– 5,6 мМ/литр, температурасы 22
о
С рН –7,5 [ 7]. Тамыр рецепторларының тітіргендіргіші
ретінде
физиологиялық
активті
заттар
қолданылды:
адреналин-гидрохлорид,
ацетилхолин-хлорид, гистамин-дигидрохлорид (1х10
-9
– 1х10
-3
М). Қысқартылу
активтілігі спонтандық фазасы тіркелген препараттардан басқа, жоғарыда көрсетілген әр
препараттарға қисық мөлшерлі эффектісін құрастырдық[7].
Тамыр рецепторларының жаратылысын білу үшін мынадай фармакологиялық
блокаторлар қолданылды: обзидан – антагонист β- адренорецепторлары,
дигидроэрготомин – антагонист α- адренорецепторлары, атропин – антагонист М-
холинорецепторлары, димедрол – антагонист Н1- гистаминорецепторларыжәне
циметидин – антагонист Н2 - гистаминорецепторлары, олардың мөлшері тиісті бөлімдерде
белгіленген. Ажыратылған тамыр препараттардың спонтандық қысқартылу активтілігі
КСП-4 - потенциометр қағаз лентасында тіркелді. Әр тәжірибеде ажыратылған
препараттардың тіршілік режимін сақтау, агенттердің енгізуі интервалы мен заттардың
шайылып кету реті сақталды. Тәжірибе нәтижелерін электронды түрінде Стъюдент
критериі - tвариациялық статистика әдісі қолданылды. Нәтиженің дұрыстығы р<0,01,
р<0,05 тексеріліп шығарылды.
Зерттеу нәтижелері:
Бақылау тобындағы бақалардың күретамырынан ажыратылған препараттардың
спонтандық қысқартылу активтілігі төмен болды. Бақалардың күретамырындағы
препараттардың қысқартылу сипаты әртүрлі болды. Қысқартылулар тұрақтыдан
тұрақсызға ауысып отырды. Бірнеше жағдайда бәсеңдетілген тұрақты толқындар фонында
бірқалыпты тербеліс көрінді. Бақалардағы спонтандық қысқартылу жиілігі 3,82 ± 0,1
қысқ/мин., ал олардың амплитудасы 0,28±0,08 мг көрсетті. Микрогравитация
жағдайындағы күретамырынан ажыратылған препараттардың спонтандық қысқартылу
активтілігі 25 % төмендеген, яғни күре тамырының қысқартылу жиілігі 1,0-1,2 0±0,1
қысқ/мин, амплитуда 0,11 ± 0,02 мг көрсеткіштері көрсетілген. Үш тәулік бойы
микрогравитация жағдайына ұшыраған тәжірибе тобындағы бақалардың күретамырына
вазоактивті заттарды: адреналин, ацетилхолин және гистамин (1х10
-9
– 1х10
-3
М) енгізу
барысында қысқартылу реакциясы 40-50 % төмендетілген.
Микрогравитация әсерінен кейін бақаларда күретамырынан ажыратылған
препараттарына адреналинді (1х10
-6
М)енгізу барысында қысқартылу 24 % болса, ал
амплитудасы 51,0±0,6 % төмендетілді. Ацетилхолин (1 х 10
-6
М ) түйіндердің
қысқартылудың жиілігі мен амплитудасының 20 и 50 % төмендегені байқалды.
Гистаминді (1 х 10
-5
М)енгізу барысында ұқсас эффектісін байқадық, яғни 29 % жиілік
мен 50 %-ға амплитуда төмендетілгені байқалды.
Алдында бақаларға жүргізілген эксперименттерде антиортостаз кезінде бақаларда
артерия қысымы мен күретамырындағы тамыр қысымының жоғарлауы, лимфа көлемінің
азаюы, артқы лимфа жүрекше жиілігінің қысқартылуы, қан көрсеткіштерінің
морфологиялық өзгеруі белгеленген.
Авторалардың пікірі бойынша [6] мұндай реакция жануарлардың микрогравитацияға
бейімделу жалпы заңдарын көрсетеді.
Біздің бұл зерттеу жұмысымыздан қан және лимфа жүйесінен микрогравитация
жағдайына бейімделуі ағзаның компенсаторлық қызмет атқаратынын көрсетті.
Список использованных источников:
1.
В.Н.Черниговский.
Проблемы космической биологии .- М.: Изд. Наука.-1971.- Т
XVII .- 324 c.
2.
Burggren W.W.Cardiac design of lower vertebrates: what can phylogeny reveal about
ontogeny // Am J Physiol.- 1993.-V. 265, P. 1734-1743.
3.
Smietanowski, M, Zebrowskj J. Linear and nonlinear dynamics of the different
sympathetic activity // XXXIII International congress of physiological sciences, S.-
Peterburg, 1997.- L.070.04.
4.
Серова Л.В. Невесомость и онтогенез млекопитающих.// Тр. Института меди ко-
биологических проблем. М.: 2002. С.84- 89.
5.
Григорьев А.И. и др. Основные механизмы невесомости //В кн.: Космическая
биология и медицина. М.1987. С.49- 59.
6.
Булекбаева Л.Э., Демченко Г.А., Вовк Е.В. Особенности лимфодинамики при
антиортостатическом положении различной продолжительности // В кн.: Венозное
кровообращение и лимфообращение. Алма- Ата, Наука Каз.ССР., 1989. С.61.-62.
7.
Ильин Е.А. Биология в полетах беспилотных космических аппаратов."Проблемы
космической биологии", М.: изд-во АН СССР, 2007, т. 1, с. 26).