Мырзалы Аида 9'а'сынып .
Отбасы-деген сөз алты әріптен тұрғанымен оның мағынасы өте зор . Отбасы әр адам үшін шағын ғана мемлекет . Сол мемлекет ішінде отбасы мүшесі үлкен бақытқа бөленеді. Әр бірге өткізген уақыт смартфонға сақталмағанымен , әр адамның өзінің жеке есінде сақталып естелік болып қалады . Әрине осы кіттәй мемлекет ішінде әрқашан бақыт пен қуаныш болмайды . Кейде кедергілер де болады . Әсіресе ондай жағдай үйдегі бала 12-15жасқа толған уақытта болады . Отбасындағы бала өсіп келе жатқан уақытта өте көп ата-ананың қолдауына қажет болады . Бірақ уақыт өте келе бұл ұмытылады .
Осы айтылған шағын мемлекет менде де бар . Сабақтан шығып үйге барғанда ең бірінші айтатын сөзім «мама қайда» . Анам үйде бар шығар оны қарамай есікті өзі ашпаса бірден осы сұрақты қоямын . Қандайда бір уақыт болмасын анамды қолдауға тырысамын . Себебі анама қаншалықты жалғыз өзі отбасыны асырау қиындыққа түсетінін сеземін . Оның бәрін біле тұра мен де кейде бауырларыммен ұрысып , анаммен сөзге келмей қалатын кездер бар . Бірақ кейін осы істеген заттар үшін қатты өкінемін . Күнде ас үстінде анам бізді қолдап , сабақты жақсы оқуымызды сұрайды . Осы сөздерді естіп мен әрқашан алға қарай жылжуға тырысамын . Дәл қазірде мектептен қалмай оқуға тырысып жүргенім тек анамды қуанту үшін . Апамыз екеуміздің қарым қатынасымыз өте тығыз . Бірге күліп , бірге жүріп көп нәрсе жасаймыз . Әңгіме айтып жүріп үй жинаймыз , тамақ дайындаймыз . Мен апамды қаншалықты жақсы көретінімді көрсетпесем де , апам ол туралы біледі деп ойлаймын . Ал інім мен жасаған тамақты сүйіп жейді . Қолым бос кезде әрқашан тәттілерді жасап беруімді сұрайды . Бірақ уақыт сабақ оқуға келгенде менің оған түсіндіргенімді мүлдем қаламайды . Себебі мен оның сабағына келгенде оған өте қатал қараймын.
Осындай менің де шағын мемлекетім бар . Әр мүшені мен ерекше жақсы көремін . Оларға деген махаббатым шексіз . Екі күн оларды көрмесем , тек олардың тез келгенін қалап , көргім келіп отырады . Мен оларды қатты жақсы көремін . Болашақта оларсыз қалай өмір сүретінімді де білмеймін . Оларсыз менің ойымша менің өмірім мәнсіз болады деп ойлаймын . Ерекше заттар , сәттер барлығы менің есімде сақтаулы . Саларды мен ешқашан ұмытпаспын деген ойдамын . Олар менің жүрегімде көп орын алады . Мен отбасымды жақсы көремін!