Модуль 1. Пайдалы қазбалар және пайдалы қазба кенорындары
1-тақырып. Түсініктемелер: Пайдалы қазбалар, кенорындары.
Пайдалы қазба - кенорындары туралы ілім, геологиялық ғылымдар тобына кіретін қолданбалы пән болып табылады. Ол кенорындарды геологиялық құбылыс ретінде зерттейді. Еліміздің экономикалық дамуына минералдық шикізат базасының нығаюы мен үлғаюы айрықша үлес қосады. Осыған байланысты бұл ілімнің негізгі мәселелеріне пайдалы қазба кенорындарының жаралу жағдайлары және олардың жер қыртысында таралу зандылықтарын зерттеу кіреді.
Бұл мәселелер өзінің, сипаты бойынша теориялық болғанымен, үлкен практикалық мәнге ие. Өйткені кенорындардың генезисімен олардың мынадай негізгі геологиялық-өнеркәсіптік сипаттамалары: пайдалы қазбалардың жатыс жағдайлары, денелердің пішіндері мен өлшемдері, заттық құрамы мен құрылымдық-бітімдік ерекшеліктері байланысты. Аталған параметрлер өз кезегінде іздеу-барлау мен өндіріс жұмыстарының ұтымды бағыттарын және тиімділігін, өндірілген минералдық шикізатты өңдеу сұлбасын анықтайды.
Пайдалы қазба кенорындары туралы ілім геологияның бір саласы болгандықтан, ол басқа геологиялық ғылымдармен де тығыз байланысты. Мысалы, петрография кенорындардың өзін де, олар орналасқан тау жыныстар массивтерін де зерттейді, өйткені кенорындар осы массивтердің бөлігі болып табылады; минералогия мен геохимияны білу, пайдалы қазбалардың құрамын, белгілі бір жағдайларда кенорындар жаралуға немесе олардың қирауына өкелетін компоненттердің шашырау және шоғырлану заңдылықтарын зерттеу үшін қажет.
Кенорындардың қалыптасуы әрдайым жалпы геологиялық үрдістер аясында жүреді. Бұл үрдістер жер қыртысының құрылысымен және дамуының өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын жекелеген бөлімшелері ауқымында өтеді. Пайдалы қазба кенорындары туралы ілім динамикалық және қүрылымдық геология, геотектоника сияқты геологиялық ғылымдармен тығыз байланысты. Сонымен қатар, кенорындардың геологиялық жағдайын толық танып білу түбегейлі гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайларды зерттеусіз мүмкін емес.
Бейгеологиялық гылымдардан пайдалы қазба кенорындары туралы іліммен физикалық химия тығыз бай- ланысты. Оның заңдары көбінесе минералжаралу үдерістерінін, табиғатын таңдаған кезде пайдаланылады. Математика саласындагы білім, атап айтқанда оның ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика сияқ- ты тараулары геологиялық барлау деректерін өңдеу және алынған нәтижелерді тиянақты пайымдау үшін қажет. Пайдалы қазбалар туралы ілім геологиялық-экономика- лық ғылым болып табылады. Өйткені, эр кенорын іздеу мен барлаудан өндіріске дейінгі игерудің барлық сатыларында өзінің мәні туралы анық экономикалық багасын алу керек.
Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік дамуының қазіргі кезеңі геология саласына еліміздік минералдық- шикізат базасын үлғайту мен нығайту туралы мәселе қойылды. Бүл мәселені шешу пайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудың озық әдістерін енгізу, кенорындарды болжау мен геологиялық-экономикалық бағалаудың ғылыми негізделгендік деңгейін көтеру, геофизикалық және геохимиялық зерттеу әдістерін, жер беті мен оның қойнауларын зерттеу үшін аэрогарыштық қүралдарды тиімді пайдалану негізінде іске асырылуы мүмкін.
Осы айтылғандарга байланысты кен-өндіріс өнеркәсібінде, жер қойнауын және жалпы табиғатты қорғау мен тиімді пайдалануға қатысты гылыми-техникалық ілгерілеуде геологияның мәні айрықша екені көрінеді. Геологиялық білім кенорындар мен кеніштердің қазіргі кен-геологиялық ахуалының үдайы күрделенуі кезінде, жер қойнауын игерудің мәселелерін нәтижелі шешуге қабілетті мамандар даярлаудың ең маңызды элементі болып табылады.
Қазақстан - пайдалы қазбалардың эр түрлілігі мен қоры бойынша өте бай аймак;. Ол әлемде уран мен хром кенінің қоры және мыс, қорғасын, мырыш, марганец, вольфрам бойынша әлемде жетекші орындардың біріне ие болса, көмірсутектердің қоры бойынша элем елдері арасында алғашқы ондыққа кіреді. Бізде барланған қоры шамамен 60 млрд. тонна болатын тас және қоңыр кәмірдің 300-ден астам кенорындары белгілі. Республикада темір, ванадий, молибден, алтын, техникалық алмас, кен-техникалық (вермикулит, асбест, волластонит, бентонит, т.б.) және кен-химиялық (фосфорит, барит, флюорит, күкірт, т.б.) шикізаттардың ірі қоры шогырланған. Астүз- дың, калий мен магний түздарының, натрий сульфаты- ның, боридтердің едәуір ресурстары бар. Қаптама жоне әшекейтастардың, қүрылыс материалдарының, минералды және термалық сулардың қоры орасан.
Қазақстан экономикасыныңқүрылымында минералдық-шикізат кешені жетекші жағдайға ие. Пайдалы қазбалардың барланған қоры базасында ондаған мүнай- газ өндіретін және кендік кәсіпорындар жүмыс істейді, олар 70-тен аса эр түрлі минералдық шикізат әндіреді және өңдейді.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың 2270-тен аса кенорындары ашылған және барланған. Олардың ішіндегі бірегейлері мен ірілері: Қашаған, Теңіз, Өзен, Қарашы- ғанақ (мүнай, газ, конденсат); Қараганды, Екібастүз, Майкәбен, Торғай алаптары (көмір); Соколов, Сарыбай, Қашар, Аят, Лисаковск (темір); Батые Қаражал, Үшқа- тын III, Қатай (Ақтай), Жезді (марганец); Кемпірсай кенорындар тобы (хромит); Баласауысқандық, Қорамсақ, Жабагылы (ванадий); Обухов, Шоқаш, Қараөткел (титан); Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Октябрьдің 60 жылдығы атындагы (Коктау), Ор маңы (мыс); кенді-ал- тайлық - Риддер-Сокол, Николаев, Зырянов, Тишин, Новолениногорск, т.б.; атасулық - Жайрем, Үшқатын, т.б. және қаратаулық - Ащысай, Шалқия полиметалл кенорындары (қорғасын, мырыш, барий); Новоборан, Ангренсор, Бөгеткөл, Шырпақайың (никель, кобальт); Краснооктябрь, Белинское, Шығыс Аят, Көктал, Науыр- зым (боксит); Акшатау, Солтүстік Қатпар, Қараоба, Жо- ғарғы Қайрақты, Бөгеті, Көктінкәл (вольфрам, молибден); Сырымбет, Донецк (қалайы); Бакенді, Белогорск (тантал); Жолымбет, Бестөбе, Бақыршық, Юбилейное, Ақба- қай, Васильков (алтын); Мыңқүдық, Инкай, Буденнов, Уанас, Төртқүдық, Мойынқүм, Иіркөл, Қарамүрын, Қара- сан, Маныбай, Қосаша, Заозерное, Грачев, Семізбай, Меловое (Борлы) (уран); Қаратау мен Ақтөбе алаптары (фосфорит); Ансай, Шығанақ (борид); Ауыртас (барит-целестин); Тасқайнар, Қүланкетпес (флюорит); Алтынтас (вермикулит); Күлет (слюда-мусковит); Жітіғара, Бөгетсай, Үшбүлақ (асбест); Босаға, Сюрприз (волластонит); Алексеев, Елтай, Союзное (каолин); Дарбаза, Алабота (бентонит); Суханов, Берлин (оттөзімді саз); Шанқанай, Тайжүз- ген тобы (цеолит); Қүмдыкөл (техникалық алмас); Семіз-бүғы (түрпі-корунд); Аңтас, Кент, Надырбай, Қызыл-Бел- деу (оптикальщ материалдар); Сарыкөлболды, Итмүрынды, Ақмамедбүлақ, Пстан, Қаратау және т.б. (асыл және әшекей тастар); Күбірексай, Черногорск, Жайсан, Бело- каменое және т.б. (минералдық бояулар); Индер, Саты- мола, Жылан (борат, магний және калий түздары); Сары-агаш, Қапал-Арасан, Белогорск, Ералы, Алматы-Арасан, Жеменей, Қосалы және т.б. (минералды сулар).
Қазақстанда сонымен қатар эр түрлі күрылыс мате- риалдардың (қаптама тастар, цемент, керамзит, тас қүю шикізаты, гипсит, ангидрит, т.б.) орасан мол қоры бар.
Геология кен өндіру өнеркәсібі орналасқан табиғи ортаны жан-жақты зерттейді. Жер қойнауы минералдық ресурстарын игеруді пайдалы қазба кенорындарының табиғи жағдайларын білмей және ескермей жүргізу мүмкін емес.
Оқулықта пайдалы қазбалар туралы жалпы мәлімет- тер, оларды игеруді анықтайтын кен-геологиялық жағ- дайлар мен факторлар қарастырылған. Кенорындарды жүйелеудің бірыңғайланған генетикалық және өнер- кәсіптік жіктелімі берілген. Эр түрлі қатты металл, бей- металл және жангыш қазбалардың табиғи жағдайы мен шикізат базасы ретінде пайдалану мәселелері келтіріл- ген. Пайдалы қазба кенорындарын барлау мен геология- лық-экономикалық бағалу туралы мәліметтер бар