Морфология


 — сурет. Жаргақтық қапшықтардың iшкі бетіндегі сезімтал



Pdf көрінісі
бет1106/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1102   1103   1104   1105   1106   1107   1108   1109   ...   1132
214 — сурет. Жаргақтық қапшықтардың iшкі бетіндегі сезімтал 

"дактың" кұрылысы 

1 — тіректік эпителиоциттер, 2 — сезгіш түкті эпителиоциттер, 3 — сезгіш 

эпителиоциттердің түктері, 4 - іркілдек зат, 5 — отолиттер, 6 — жүйке 

талшықтары. 

 

Жартыдөңгелекше  өзектер  ампуласының  ішкі  бетіндегі  қыршалар 



эпителиоциттерінің  құрылысы  қапшықтар  дақтары  эпителиоциттерінің 

құрылысына  ұқсас.  Тек,  эпителий  қабатының  апикальды  бетін,  ұзындығы  1 

мм,  пішіні  кұмбезге  ұқсаған  желатин  тəрізді  зат  қаптап  тұрады.  Қыршалар 

эпителиоциттерінің  сезгіш  түктері  желатин  тəрізді  іркілдек  заттың  ішінде 

орналасады. 

Жануарлар 

басының 

кеңістіктегі 

қозғалысына 

сəйкес 


жазықтықта  орналасқан  жартыдөңгелекше  өзек  қуысындағы  эндолимфа 

жылжып,  қырша  бетіндегі  іркілдек  күмбезді  қозғайды  да,  сезгіш 

эпителиоциттер  түктеріне  əсер  етеді.  Жартыдөңгелекше  өзіктері  ампуласы 

қабырғасындағы  рецепторлар  бастың,  дененің  кеңістіктегі  бұрыштық 

қозғалыстарын қабылдап, соларға жауап береді. 

Тепетеңдік 

аппаратта 

қабылданған 

тітіркеністер, 

афферентті 

нейроциттер  дендриттерінің  жүйке  үштары  арқылы,  олардың  вестибулалы 

ганглийінде жатқан нейроциттер денелеріне, одан əрі олардың аксондарымен 

ми  жүйкелерінің  сегізінші  жүбы  —  есту-тепе-теңдік  жүйкесінің  құрамында 

мидың  көру  төмпегі  ядроларындағы  мультиполярлы  сезімтал  нейроциттерге 

өткізіледі. 

Аталған 


ядролар 

нейроциттерінің 

аксондарымен 

жүйке 


толқындары ми қыртысының самай аймағындағы тепетеңдік талдағышының 

қыртысты орталығына жеткізіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1102   1103   1104   1105   1106   1107   1108   1109   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет