Муратов Темирлан, 4 курс, Тарих-Дінтану, 403 топ ҚР сыртқы саясат тарихы Эссе



Дата26.04.2022
өлшемі15,76 Kb.
#32278
түріҚұрамы

Муратов Темирлан, 4 курс, Тарих-Дінтану, 403 топ

ҚР сыртқы саясат тарихы

Эссе

ҚР мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның түбегейлі шешілуі

Қара қытай қаптаса — сары орысты «әке» дерсің... (Мақал)

Біздің еліміздің аумағы әлемдегі екі үлкен алпауыт державалардың – Қытай мен Ресейдің ортасында жатыр. Ресеймен КСРО құрамында болғанымыз белгілі. Ал көршілес Қытай елімен қарым-қатынасымыз тек қана тәуелсіздік алған кезден бастап қана жүзеге асты десек, қатты қателесеміз. Өйткені қазақ-қытай қарым-қатынастарының тамыры тереңнен бастау алады.

Ең алдымен біз тарихымыздан ата-бабаларымыз ғұндардың Қытай елімен алғаш рет байланыс орната бастағанын білеміз. Мөде қаған кезінде Қытайдың Хан империясымен көшпелі ғұндардың арасы нашарлап, ғұндар қытай жерлеріне оқтын-оқтын шабуылдар жасап, елін ойрандап, халқының мазасын қашырған. Көршісін тыныштандыру үшін Хан императоры Гао-цзу б.з.б. 197 жылы Көшпелі Хунну державасымен «Достық және туыстық келісімшартын» жасап, ол бойынша император қызын шаньюйге әйелдікке беріп, жыл бағалы сыйлықтармен салық төлеп отырған. Ғұндардан кейінгі түркілердің саяси бытыраңқылығына байланысты, Қытайдың Солтүстік Вэй (Тоба Вэй, табғаштар) әулеті күшейіп, 630 жылы Шығыс Түрік қағанатын басып алған. Бұл туралы «Күлтегін» жырында былай деп баяндалады:

Бектерінің, халқының ымырасыздығынан,

Табғаш халқының алдауына сенгендігінен,

Арбауына көнгендігінен,

Інілі-ағаның дауласқандығынан,

Бекті — халқының жауласқандығынан,

Түркі халқы елдігін жойды.

Түркі халқы табғаштардан кейін Тан империясының езгісіне түседі. Тан империясының ықпал ету аймағы — Жетісу жері болды. Тан империясының гегомониясына тосқауыл қойған 751 жылғы Атлах (Талас) шайқасы болды. Бұл шайқаста арабтар қарлұқтармен бірігіп, қытай әскерін талқандады. Аймақта ислам діні таралып, қытайлардың ықпалы әлсіреді. Қытайлардың Орта Азия жеріне келесі толқыны XII ғасырдың 30-жылдарындағы Елюй Дашидың Жетісу жерін жаулап, Батыс Ляо мемлекетін құруына сәйкес келді. Бұл мемлекет тұрғандары – қидандарды түркі мұсылман жұртшылығы «қарақытай» деп атады. Ал қазақ халқы қалыптасқаннан кейін қазақ-қытай қарым-қатынастары Қытайдың Цин империясымен орнады. Байланыс XVIII ғасырдың 50 жылдарының ортасынан кейін, Жоңғар жерін Қытай басып алғаннан кейін басталды. Бұқар жырау жырларынан көптеген тарихи оқиғалардың ізін көруге болады. Жоңғар мемлекетін жойғаннан кейін Цинь империясы ендігі шекарасын қазақ жеріне сұғына кіріп кеңейтпекші болады. Осы мақсатта Цинь императоры Чжао Хой мен Фу Де генералдар басқарған 90 мың әскер қытай шеріктерін қазақ жеріне жылжытқан. Мұндай шабуылдар жиілеп басқыншылық саясат толастамайды. Осы кезде Абылай хан Бөгембай батырды бас етіп, Қытай әскеріне қарсы шабуылға шығады. Бөгембайдың қолы Цинь әскерін талқандап Турфанға дейін ығыстырады. Осы тарихи оқиғаны Бұқар:



Сүйеуге арқа жарайды,

Мынау көрші орысың.

Сәтсіздеу боп тынып тұр,

Боғдыханмен соғысың.

Турфанды шапты Бөгембай,

Жаратамын сол ісін.

Батыр аңғырт десек те,

Көрсеткендей ел күшін, - деп сүйсіне жырлайды.

XX ғасыр басталысымен Қытай өз басынан көптеген нәубетті бастан кешіріп, Қазақ жерімен байланыс тек КСРО-ҚХР қарым-қатынасы арқылы жүзеге асты. Бірақ 1969 жылы Жалаңашкөл маңындағы шекарадағы даудан кейін байланыс мүлдем тоқтайды. Ол қарым-қатынас КСРО ыдырағаннан кейін, 1992 жылы қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанмен жалғасын табады. Қытай мен Қазақстан арасындағы қайшылықтардың басты себебі — аумақтық таластар. Елбасымыз екі ел арасындағы даулы мәселелерді шешіп, даулы территорияларды ҚХР-на қайтарады. Қазіргы таңда Қытай Халық Республикасы Қазақстан Республикасының көптеген салаларда үлкег серіптесі болып табылады. Соған қарамастан елде синофобиялық көзқарастар сақталған. Бұл Қытай елінен келетін ассимиляция қауіпі байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет