«Нағарашы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2015 – 2016 оқу жылының
көктемгі демалыс кезінде 1 - 10 сынып оқушылармен өткен
іс - шараларға анықтама
Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында арнайы «Көктемгі демалыс» іс - шара жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар алдын - ала каникул күндеріне дейін жасалып, оқушылармен, ата-аналармен таныстырылды. Жоспар бойынша мынандай іс-шаралар атқарылды.
22.03.2016ж «Наурыз – жыл басы» мерекесі тойланды. Наурыз мерекесіне мектеп ұжымымен қатар ауыл белсенділері де атсалысты. Іс – шара барысында мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылып, Наурыз көже үлестірілді. Қазақтың салт – дәстүрлерінен көріністер көрсетілді.
23.03.2016ж «Достықты сүйеміз» тақырыбында 1 сыныптар арасында сынып жетекшілері А.Чоңқабаева мен Г.Арымбекованың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі ұйымдастыруымен әңгіме сағаты өтті.
24.03.2016ж «Салауатты өмірді қолдаймыз!» тақырыбында - Т.Амирова мен Г.Ибрагимова ұйымдастыруымен 2 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты жүргізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға салауатты өмір салты туррралы мәліметтер беріліп, тазалық сақтау жұмысының маңызы туралы айтылды.
25.03.2016ж - «Ең білімді кім?» тақырыбында 3 а - 3 б сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері Г.Табылдиева мен А.Қасымжанова ұйымдастыруымен интеллектуалды жарыс өтті. Жарыс нәтижесінде 3 б сынып оқушылары белсенділік танытып, жеңімпаз атанды.
26.03.2016ж - «Біз спортшы боламыз!» тақырыбында 4 сыныптар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы – Смағұлова Б. –бастауыш сынып мұғалімі. Жарыс жеңімпазы – 4 а сынып оқушылары. Іс – шара соңында қатысушылар грамоталар мен шағын сыйлықтармен марапатталды.
28.03.2016ж - «Театр деген не?» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатына жауапты 7 сынып жетекшісі Молдабековтың ҰБТ-дің дайындығында болғандықтан аталған тәрбие сағатын педагог ұйымдастырушы Беделбековаға әңгіме сағаты түрінде өткізді. Осы күні сонымен қатар 10 сынып жетекшісі Е.Байсеркеевтың ұйымдастыруымен «Менің отбасым» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Аталған шара барысында 10 сынып оқушылары өз отбасылары жайында әңгімелей отырып, болашақта өз отбасыларын қандай түрде көре алатындары туралы да ой бөлісті.
29.03.2016ж – «Не? Қайда? Қашан?» тақырыбында 8 сыныптар арасында өткен зияткерлік сайыс барысында 8 а сынып оқушылары жеңімпаз атанды.
30.03.2016ж – «Планета, өмір сүр!» деген атпен дебат ойындары өтті. Дебат ойындары барысында осы ғасырда орын алып жатқан ғаламдық проблемалар, оларды шешу жолдары, адамзаттың болашағы туралы күрделі ойлар айтылып, қызу сөз сайысы өтті.
31.03.2016ж – «Мейірімді оқушы кім?» деген тақырып аясында 5 сынып оқушыларынан іріктеліп алынған балалармен психологиялық әңгіме сабағы өтті.
31.03.2016ж – «Табиғат тамаша!» тақырыбы аясында 6 сынып оқушылары таза ауаға серуенге шығып, қозғалмалы ойындар ойнады
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сабырбекова И.О.
Достарыңызбен бөлісу: |