Нефротикалық синдром — күнделікті несеппен ақуыздың көп мөлшерінің жоғалтылуымен, бүйрек шумақшаларының қызметінің бұзылуы салдарынан организмде үшглицеридтер және холестерин деңгейінің жоғары болуымен сипатталатын жағдай.
Нефротикалық синдромға шалдыққа науқастарға беттің және қабақтың ісінуі тән. Алдымен қабақ, бет, бел аумағы мен жыныстық ағзалардың ісінуі пайда болды, одан кейін барлық тері астылық талшықтарға (тері астындағы май қабаты) тарайды, көбінесе, бүкіл дененің тері астылық талшығына тарайды. Дене қуысында сұйықтық жиналуының маңызды белгісі: · асцит (іш қуысында сұйықтық жиналуы); · гидроторакс (плевра қуысында – өкпе мен қабырға арасындағы кеңістікте сұйықтық жиналуы); · гидроперикард (перикард – жүрек орналасатын қоржында сұйықтық жиналуы).
Нефротикалық синдромды емдеу мақсаты – аурудың ауырлығын азайту және бүйректі зақымдауға апаруы мүмкін асқынуының алдын алу. Бұл кезде әдетте, ауруды туындатқан алғашқы себебін емдейді. Көбінесе, науқастарға өмір бойы емделуіне тура келеді. Ауруды емдеу әдістері: · бүйрек зақымдануы болмас үшін, артериалдық қысымды қалыпты деңгейде ұстау (130/80 мм рт. ст.) немесе одан төмен. Көбінесе, артериалдық қысымды азайту үшін ангиотензин-айналдырушы ферментті тежеушілер және ангиотензин-II рецепторларын басушылар қолданылады. · Науқасқа иммундық жауапты басатын және азайтатын гормондар (кортикостероидтар) және басқа препараттар тағайындалуы мүмкін. · Қандағы холестерин деңгейін азайту жүректе және жүрек тамырларында мәселелер пайда болу ықтималдығын азайтады. Кейбір науқастарға қандағы холестерин және үшглицеридтер деңгейін азайту үшін дәрі қабылдау қажет болады. · Тұзы аз емдәм қол-аяқтың ісінуін азайтуға көмектеседі. Несеп айдайтын құралдарды (диуретик) қабылдау да ісінуді азайтуға ықпал етеді. · Ақуыздың мөлшері аз емдәмді тұтыну да науқастың жағдайын жақсартуға ықпал етеді. · Науқасқа Д дәрумені тағайындалуы мүмкін, егер нефротикалық синдром ұзақ уақыт байқалса және емдеуге көнбейтін болса. · Тромбы түзілуінің алдын алу үшін науқасқа қан ұюына қарсы препараттар (антикоагулянттар) тағайындалуы мүмкін.