Негізгі идеясы : теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси



Pdf көрінісі
Дата11.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42369


УАҚЫТЫ: бзд.551-бзд.479
ОЙШЫЛ : Конфуций — көне қытай ойшылы. Көне Қытай мәдениетіне,
сондай-ақ Корея, Вьетнам және Жапония мәдениеттеріне үлкен ықпал
еткен.
НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫ : теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси
тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал
бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген
атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен
басқару” теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін
құдіреттендіру идеясына сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты
әрі негіздеді. “Басқару – түзету деген сөз” деген қанатты сөзбен
тұжырымдалатын негізгі принцип “чжень мин” ілімінде көрініс тапқан.
Мұнда Конфуций қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін,
әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты (Конфуций
бойынша мемлекет – үлкен отбасы). Ол ел билеушілерін халықты
заңдар мен жазалаулар негізінде емес, ізгілік жасаушылар
жәрдемімен биік адамгершілік, имандылық қасиеттер танытатын
тәртіпті үлгі ету жолымен басқаруға үндеді. 
ЕҢБЕКТЕРІ : саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ,
ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен
кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда.


УАҚЫТЫ: б.з.б 384ж. – б.з.б 322ж.
ОЙШЫЛ: Аристотель ежелгі грек философы, Платонның
шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы,
«адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие тұлға.
НЕГІЗГІИДЕЯСЫ: этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және
метафизика 
сияқты мәселелерді толық қамтитын бір жүйе қалыптастыру.
Аристотелдік тәсілдер саясаттың адам табиғатына тән
болуын қамтамасыз етті, өйткені адамдар әлеуметтік немесе
«саяси» жануарлар болды, яғни олар өмір сүрді ».
Аристотель үшін риторика негізгі болды. Бұл сендіру өнері
деп саналудан басқа, бұл адамдар мен жануарлар
арасындағы айырмашылықтардың бірі болды. Аудиторияны
сендіру мақсатына жету үшін жүгінуге болады этос, дейін
пафос немесе логотиптер.
ЕҢБЕКТЕРІ : «Саясат», «Афин саясаты»


УАҚЫТЫ : 1986ж. – 1937ж.
ОЙШЫЛ : Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан—
қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері,
ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі,
Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы,
публицист, ғалым, аудармашы.
НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫ : 1911-14ж.ж «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық
деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді. 20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның
болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым,
екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші
ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық ойлы қазақ
зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық
күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.
ЕҢБЕКТЕРІ : Ол 1986 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы
Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды.
Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына
арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-
әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.


УАҚЫТЫ : 1845ж. – 1904ж.
ОЙШЫЛ : Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы — ұстаз, ақын,
ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің
негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси
қайраткер.
НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫ : Барлық қазақтарды ілімге, өмірге көз
ашуға көмек қолын созу. Өзінің шығармаларымен
тоқталып қалмай, өзге де жазушылардың,
философтардың еңбектерін аударып, қазақтарға үлесін
яғни септігін тигізген. Елді билеп, болыс болып емес,
оқу-білім арқылы ұлтты сауатты ете білді. Қара сөздер
кітап жинағын жазып, барлық өмірлік құндылықтарды
бір кітапқа жинақтай білген. 
ЕҢБЕКТЕРІ : «Қара сөздер», «Қансонарда», «Масғұт»,
«Ескендір» және т.б


Қолданған дереккөздер сайты
Wikipedia.com
kitaphana.kz
stud.kz
ulagat.com


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет