Негізгі сұрақтар Қазақстанда әскери жасақтардың ірі шайқастарға қатысуы, партизан қозғалыстары және ерліктері Фашистердің «Түркістан»



Дата06.10.2023
өлшемі25,37 Kb.
#113012
Байланысты:
Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті


Негізгі сұрақтар
Қазақстанда әскери жасақтардың ірі шайқастарға қатысуы, партизан қозғалыстары және ерліктері
2. Фашистердің «Түркістан» легионын құру әрекеті және жекеленген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару
3.Соғыс жылдарындағы тылдағы еңбеккерлер. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.
1941 жылы 18 шілдеде БКП (б) ОК «Неміс əскерінің тылында күресті ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда ерекше айтылатын міндет герман жаулаушылары үшін адам төзгісіз жағдай жасау, олардың байланыстарын үзіп, əскери техникаларын істен шығару, барлық іс- шараларын жүзеге асыруға жол бермеу, басқыншылар мен оларды қолдаушылардың көзін жою, атты жəне жаяу əскер партизандық бөлімдерді, диверсиондық жəне атқыштар топтарын құруға барынша көмектесу, басып алынған территорияларда жауға қарсы барлық жұмыстарды басқару үшін большевиктік астыртын ұйымдардың желісін құру болды. Сонымен қатар онда жау тылындағы күресті барынша белсендендіру туралы айтылды, бұл істі ұйымдастыруды республикалық, облыстық, аудандық, партиялық жəне кеңестік ұйымдардың жетекшілеріне жүктеді. 1941 жылы 28 шілдеде кеңес халқын жау уақытша басып алған аудандарда, жекелеген жау əскері бөліктерімен күресу үшін партизандық отрядтар мен диверсиондық топтарды құруға шақырды.
Кеңес адамдарының асқан патриотизмінің көрінісі болып неміс-фашист басқыншыларының тылындағы бүкілхалықтық күресі болды. Тіптен басып алынған территориялардағы көпшілік кеңес азаматтары өлім қауіпін сепкен қатаң террор жағдайында да басқыншыларға мойынсұнбады, неміс билігінің экономикалық жəне саяси шараларын бұзу мен бүліктер ұйымдастыруға қатысты, олардың полицайларын жазалады. 1941 жылдың жаз-күзінде уақытша басып алынған аудандарда жасырын партизандық астыртын жұмыс жүргізушілер, комсомолдық ұйымдар жұмыс жасады. 1943 жылдың аяғында миллионнан астам кеңес халқы партизандық қозғалысқа белсенді қатысты.
Жау тылындағы кеңес адамдарының күресі басқыншыларға ауыр соққы тигізді жəне оларды талқандауға үлес қосты. Толық емес деректер бойынша, кеңестік партизандар мен астыртын жұмыс жүргізушілер жаудың əскери техникасы мен əскерлері бар поездардың 21 мыңнан астамының аударылуын ұйымдастырған, 1618 паровозды істен шығарған, 170,8 мың вагондарды, 12 мың темір жол жəне тас жол көпірлерін жарған жəне өртеген, 1,6 миллионнан астам гитлерлік солдат, офицерлер мен олардың қолдаушыларын тұтқынға алған жəне көзін жойған, Қызыл Əскердің басқармасына көптеген маңызды барлаушылық мəліметтер əкелген. 1943 жылдың көктемінен бастап партизандардың соғыс əрекеттері əдетте Қызыл Əскердің операцияларымен үйлестіріліп отырылды.
Аса ауыр қиыншылықтарды жеңіп, қатерлі қауіпке қарамай, партизандар жаудың қатынас жолдарын қиратты, темір жолдарын істен шығарумен болды. 1942–1943 жылдың қысында Қызыл Əскер Волгада, Кавказда, Орта жəне Жоғарғы Донда жау əскерін талқандап жатқан кезде халықтық кекшілдер жаудың майданға резервтерін тасып жеткізіп тұрған темір жолдарын соққының астына алды. 1943 жылдың ақпанында Брянск партизандары Брянск-Карачев, Брянск-Гомель бөліктерінде бірнеше темір жол көпірлерін, оның ішінде Деснадағы көпірді бұзды. Күн сайын осы көпір арқылы майданға қарай 25-тен 40-қа дейін эшелон өтетін, ал тамтығы қалмаған бөлімдер, техника жəне тоналған мүліктер тиелген соншама поездар кері қарай өтіп жататын.
Партизан қозғалысына белсене қатысушы Əди Шəріпов өзінің естелігінде былай деп жазады:
«Біз қасықтай қанымыз қалғанша Отан-ананың алдында сүттей таза, əскери антқа берік болуға серт бердік. Біз Белоруссияның орман-тоғайы, орыстың кең жазық даласында қан кешкен ұрыстарда жүрсек те туып-өскен Қазақстанды, сүйікті Отанымызды, қорғайтынымызды жақсы білдік. Қай- қайсымыз болмайық, біз совет азаматы екенімізді, біздің күшіміз — халықтар достығының бірлігінде, коммунистік партияның төңірегінде тығыз топтасуымызда екенін жақсы білдік».
М. Құсайынов «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты кітапшасында тек Белоруссияның партизан отрядтарында 800-ден астам қазақстандықтар, ал Украинаның территориясында 633 қазақ партизандары болғандығын жəне олардың кейбірін атап өтеді, олар: А. Айсаев, Г. Ахмедияров, Ф. Барабаш, Ж.Саин, Ə. Шəріпов, Қ.Қайсенов, С. Төлешов, Т. Жангелдин, И. Савельев, К. Еремеев, Ф. Озмитель, Н. Көшекбаев.
Герман фашизміне қарсы күресте асқан ерлік көрсеткен жүздеген қазақстандық партизандар болды. Олардың ішінде Ғалым Ахмедияров (Фрунзе атындағы партизандық бригаданың штаб бастығы), Əди Шəріпов (2-клетнян партизандық бригадасының комсомол жұмысы жөніндегі комиссардың орынбасары), Сатымбек Төлешев («Заря» отрядының командирі, соңынан партизандық құрамасының штаб бастығы), Василий Шарудо («Железняк» партизандық бригадасының командирі), Жұмағали Саин (партизандық ротаның политругі), Тоқтағали Жангелдин (комсомол жұмысы жөніндегі бригада командирінің орынбасары) жəне басқалары.
Соғыс тарихы бойынша, алдын ала берілген мəлімет бойынша (1946), Украинадағы 98,583 партизанның ішінде 633 қазақ болған, толық емес мəліметтерге қарағанда, Белоруссияның əр алуан аудандарында шайқасқан 28 партизан бригадасында, полктер мен бөлімдерінде 300-ге жуық қазақстандықтар болған. Ондағы көрсеткен ерліктері үшін 200-ден астам қазақстандықтар орден, медальдармен наградталған, ал екеуіне «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілген .
Сонымен қатар Черник атындағы партизандар бөлімінде рота командирі болған Алматы облысының тумасы А.Л. Манаенков, Е.П. Горелин, А.Ф. Маркова жəне басқаларының құрастыруымен жарық көрген «Партизанские формирования Белоруссии в годы Великой Отечественной войны (1941 июнь – 1944 июль)» атты еңбегінде Нұрым Сыдықовты, көкшетаулық Хамий Исмағұловты, ақмолалық М.Ф. Стрельниковтың соғыстағы ерліктері туралы айтып өтеді. Мысалы, Нұрым Сыдықов аталған партизандық бөлімнің барлық дерлік шайқастарына қатысқан, жаудың 3 эшелонын, 9 автокөлігін жаруға қатысып, 13 рет ашық ұрыста болған. Оның жеке əскери есебінде барлығы 65 өлтірілген жау солдаттары мен офицерлері бар.
Онда 1941 жылы Кеңес Одағының Батыры Лиза Чайкинаның бөліміндегі партизандық топтардың бірін бұрынғы мұғалім Нəумет Көшекбаевтың басқарғандығы жазылады. Ол Калининград облысын азат етуге қатысқан соң Қызыл Əскердің қатарында Украина, Польшаны азат етуге, Берлинге шабуылдауға қатысқан. Сонымен қатар партизандар Əди Шəріпов, Г. Омаров, Қ. Қайсенов, Ж. Саин.
«Боздақтар» топтамалық көлемді ғылыми еңбектің Қарағанды облысына қатысты жазылған жинағында да партизандар құрамасы туралы біршама жалпылаушы мəліметтер кезедеседі. Онда Белоруссия жеріндегі партизандар қатарында екі мыңға тарта қазақстандықтар болғанын, олардан: Қасым Қайсенов, Əди Шəріпов, Федор Озмитель, Дмитрий Сачаев, Петр Шленский, Ғалым Омаров, Жылбек Ақəділов, Сағымбек Төлешов, Тоқтағали Жангелдин тəрізді жігіттермен бірге Жамал Ақəділова, Нұрғаным Байсейітованы атап өтеді.
Партизандық қозғалыс үлкен саяси маңызға ие болды. Партизандық бөлімдер мен партиялық астыртын жұмыс жүргізушілер жергілікті тұрғындар арасында үлкен ауқымды жұмыстар жүргізді. Парақшалар, астыртын жұмыс газеттері арқылы, жеке əңгімелерінде олар басып алынған территорияларда тұрған кеңес адамдарына кеңес-герман майданындағы жағдай туралы шынайы ақпараттар берді, басқыншы биліктің жаласы мен өтірігін жоққа шығарды, фашистік езгіден азат болу жəне жаудың түпкілікті талқандалатындығына сенімді қолдады.
Шетелдегі Қарсыласу қозғалысына қатысқан қазақтар туралы біршама маңызды ақпараттар Қ. Исабайдың «Жаумен жат жерлерде жағаласқандар» атты мақаласында беріледі. Партизандардың естеліктеріне сүйене отырып, автор Еуропаның кейбір елдерін азат етуге қатысқан қазақтар туралы баяндайды. Мəселен, 1944 жылдың жазында Арден орманында шайқасқан Бельгия партизандары қатарында жау тұтқынынан қашып шыққан қазақтарды: Өтеген Абдуллин, Қашкен Жарбеков, Əмен Қанбаев, Жортуды Ыдырысов, Абдолла Бабановтарды атайды. Сонымен қатар 1944 жылдың күзіндегі Франция жерінде ірі операциялар жасап, фашистерден Саит, Аулуа, Фуа, Тулуза, Альба, Монтабан, Сант-Жерен жəне басқа қалаларды азат етуге қатысқан, Қадем Жұманиязов бастаған 90 адамдық партизан бөлімін ерекше айтады. Италияның «Гуйда Баскалье» партизандар бөлімі құрамында болған ақмолалық Кəрім Мұстафин өзімен бірге 70 шақты қазақ болғанын айтқан. 1943 жылдың күзінде Югославияның Словения аймағында 1 партизан отряды құрамында болған Бейсен Раисов 1945 жылы сəуірде Югославияның халық азаттық армиясы, 9 корпус, 18 бригада құрамында кеңес елінің жалпы алғанда 20 шақты ұлт өкілі болғанын атап көрсеткен. Олардың ішінде 130 орыс, 70 қазақ, 60 украин, 50 əзербайжан, 25 өзбек, 10 түркімен, 10 тəжік, 5 татар, 5 қырғыздың шайқасқанын айтып өткен.
Қорыта келе, неміс-фашист əскерлерімен басып алынған территориядағы кеңес адамдарының бүкілхалықтық күресі ауқымы, саяси жəне əскери нəтижесі бойынша фашизмді талқандаудың маңызды əскери саяси факторы мағынасына ие болды. Қазақстандықтар басқа да кеңес ұлт өкілдері қатарында соғыс жүріп жатқан аумақтың қай бөлігінде соғысса да, Отан алдындағы борышын абыроймен атқара білді. Партизандар қозғалысына қатысқан қазақстандықтар туралы мəселе əлі де талай тың зерттеулерді қажет етеді.
Кеңес одағына өз үстемдігін орнатып, бас салуға фашистік рейх мұхит дайындалды. Большевизмнен ұлтшыл социолистік Германияның ең басты дипломатиясы сонау отызыншы жылдардың аяқ шетінен бастап -ақ болашақ қарсылаасы жөнінде деректер жинай бастады. Сол себепті пактуранизм мен пантюркизмге қызығушылық таныту кездейсоқтық еместін, өйткені рейх большевиктерге уқарсы күресте КСРО – ға саны көп түрлі халықтар өкілдерін қатыстыруды көздеген болатын. Бұған қоса “Түркі картасын” жобалап, германия Туркияға қысым көрсетуді де ойластырған сыңайлы. 1941 жылы көктемде Германия сыртқы істер минстірлігі жанынан Ресей мәселесіне қатысты істер жөніндегі комитет құрылды. Ол совет – Герман басшыларымен шығыс министр восына өзгертііледі. Оны Альферд Розенберг басқарады. Қызметкерлер арасында белгілі лингивист -профессор, КСРО- ғы түркі халықтары жөніндегі маман Герхард фон Менде бар еді. Осылайшы, Совет -герман соғысы қарсаңында түркі халықтары мен пантюркизм жөніндегі ақпараттарды жинау дипломатиялық каналдар арқылы (баяндамалар мен Германияның Туркия мен КСРО- ғы елшілігінің хабарламалары) және Фон Менде тәрізді ??? ғалымдар мен түрік -татар эмигранттарының көсемдерін осы іске тарту арқылы екі бағытта жүргізілді.Осы орайда Мұстафа Шоқайдың зайыбы Мария Горина Шоқайдың естеліктеріндегі Германияның совет одағына тұтқиылдан соғыс ашу күні яғни, 22 маусымда М.Шоқайдың тұтқындалып, басқа да “кепілдікке алған құрметті зиялылармен” компьень қорғанына қамалғандығы туралы жазбаларының астарында жатқан саяси іс -әрекеттің мәні түсінікті болатындай. Дегенмен неміс рейхіне қолдау көрсету мәселесі жөніндегі пікірлердің бір орынға тоғыспай, екі айрылғанын атап өткен жөн тәрізді.М.Шоқай Мехмет Элин Ресульзаде, Гаяд Исаки, Ахмед – Зеки Велиди, Рашид Ризмати, Абдул -Гани Усман, Джафар Сейд Ахмед тәрізді “Прометей” лигасына біріккен басқа да, түркі халықтары ұлтының қозғалысының көрнекті қайраткерлерімен бірге Рейхтың сыртқы істер министрлігінің “қара тізіміне ” енгізіледі. Бірақ большевиктік идиологияға қаншама қаны қарайған өшпенділігі болғанымен, бұлар Гитлердің диктаторлық тәртібін қолдауға мүлде құлықты еместін.Бұдан әрі қарай өткен оқиғалар ужелісі төмендегідей 1941 жылы 25 шілдеше Германияның түркиядағы елшісі Франц Фон Папен өз елінің сыртқы істер министірлігінің назарын немістердің КСРО -ға қарсы соғыстағы жетістіктері автоматты түрде Пантурандық қозғалыстың кең қанат жайып, қарқын алуына жағдай жасайтындығына аударады.Осы жылдың бесінші наурызында ол алдыңғы материалдарға қосымша Туркиядан сыртқа істер министлігіне пантюркизм мен оның көсемдері туралы анықтама құжаттарын жібереді. Сана саналық көп адамадар тізімінің ішінде Нури патша есімі де аталады. Германия сыртқы істер министірлігіне Нури патша тұлғасы қызығушылық туғызып, қыркүйек айында, дәлірек айтсақ 11, 18, 25 күндері сыртқы істер министірлігінің мемлекеттік хатшысы эрнест Вермани онымен тиянақты түрде келіссөз жүргізеді. И. Гилязов атап өткендей, Герман дипломатиясының ??? шылығының ең үлкен қателігі. Туркиядағы пактюрдық қозғалыстың күш қуаты жөніндегі бағалауда ол тек нури патша тәрізді жекеленген саясаткерлер пікірене ғана арқа сүйеген еді. Түрік тілді және ислам дініндегі әскери тұтқындарды бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бері өмір сүріп отырған Вюнсдорфтағы лагерь үлгісіндегі жеке лагерьлерге бөлек орналастыру керек, бұл орындалса пан турандық ???? көрсетуші әскери құрылымдар ретінде пайдалану мүмкіндігін қарауға ұсынатын болады. Германия жаулап алған территорияларда түрік және мұсылман халықтарын басқару түріктердің өздерінің құзырына беріліп, сегіз парақтан тұратын сұхбатты толық жазбасында Нури патшалық паунтурандық идеалар мен пікірлердің маңызын жан жақты баяндап түрік үкіметінің КСРО мен Германияға қатысты ұстанып отырған сыртқы саяси бағыты туралы айтқан пайымдаулары да бар.1941жылы қазан айында елші Фон Поленнің қолдау және дәнекерлік көрсетуімен екі түрін генералы қырым жарты аралы ауданындағы совет -герман майдан даласына баруға әрекет жасайды. Бұлар Туркия әскери академиясының бастығы Ал -фуад эрден мен бұл кезде зейнеткер Хосию Эмир Менде еді. Олардың осы сапары , Герхард Фон Менде пікірінше, легионды құруға итермелеген соңғы іс -әрекет болғандай. Ал, түрік зерттеушісі Зехра Ондер шығыс легионын құру идеасының авторы Нури – патша екендігін көрсетеді.1941 жылы желтоқсан айында Альфред Розенберг Гитлерге түріктік легиондарды құру идеасын қолдайтындығы туралы есептік -анықтамалық құжат жолдайды. Гитлер бұл идеаны толық қуаттайды.1942 жылы қаңтарда сыртқы істер мианистірі Иоахим Фон Риббентрон пантурализмді белсенді түрде қолдау туралы нұсқау береді міне, сол кезден бастап қана вермахт легион құру туралы жоспарды тікелей іске асыру жоспарларына кірісе бастайды.Шығыс легиондарын әскери тұтқындардан ғана емес орыс, украин, кавказ және түрік татарлардан шыққан ұлт өкілдерінен де құрылды.Профессор П. Фон Мюлен көрсеткендей мұндай эмигранттардан түскен арыздың көп болғандығы сондай 1941 жылы 1 шілдеде бұл мәліметтерді тіркеу орталықтарын ашуға байланысты нұсқау ғана шығады. Өйткені, немістер жағы ақгвардияшыларды майданға қалу совет тұрғындарына кері әсер етіп, КСРО тарапынан көрсетілетін қорлықтың күшеюінен қорққан еді.Легионның алуғашқы құрылымдары жаулап алынған Польша территориясында құрылды әрі оың штаб пәтері де сонда орналасады.1942 жылы наурызда бұл құрылым жаулап алынған КСРО -ның территориялық аймақтарында да пайда бола бастады.Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістер түрік тектес және басқа халықтар есебінен түрлі шығыс легиондарын құрды. Соның бірі – “Түркістан легионы”. Легион қашан және қандай жағдайда деген сауалға жауап беруге ынта көрсеткен авторлардың ойы әр түрлі. Мысалы Ә. Байшуақұлы “1941 жылдың күзінде Гитлер Шығыс Пруссияға келген кезінде генерал Эркилеттің ұсынысын мақұлдап сол жылы 30 қарашады Түркістан легионын құруға шешім қабылдады Оны жалақтау 162- ші жаяу әскер дивизиясына тапсырылды”.Ал тарихшы ғалым Белан мынадай деректер келтіреді. 1941 жылы 18 шілдеде түрік бас штабы академиясының бастығы А.Ф. Эрден неміс елшісі папенмен сөйлескенде кавказда “жергілікті халықтардың федерациясын”, ал, каспийден шығысқа қарай “Тәуелсіз тұран” мемлекеттін құру туралы идеяны ұсынады. Берлиундегі түрік елшісі гереде осы пікірді сол қалпында сыртқы істер министірінің шенеунігі Вайцзеккерге жеткізген. 1941 жылдың қыркүйек айында пантүріктік бірден – бір идеолог нури -патша Папен арқылы рейх басшыларына ирандық Әзербайжан, Орта Азия, Қазақстан, Башқұртстан, Дағыстан, Қырым түбегін қамтитын советтік республикалар есебінен мұсылман пантүріктік мемлекеттік құрылымды ұйымдастырудың қажеттігін айтқан.Осы мәселені зерттеп жүрген ғалым Бақыт Садықовтың еңбегінде, 1941 жылдың желтоқсан айының басында Альфред Розенберг Гитлерге түріктік легиондарды құру идеясын қолдайтындығы туралы естелік анықтама құжат дайындайды (жолдайды) Фюрер идеаны толық қуаттайды. Осыған орай 1942 жылдың қаңтарында сыртқы істер министірі Иоахим фон Риббентроп пантуранизмді белсенді түрде қолдау жөнінде нұсқау береді. Міне, сол кезден бастап қана Бермахт легион құру туралы мәселені тікелей іске асыру жоспарын қолға алу керек.

Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.1942 жылы 450 мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті. Осы жылы Қазақстанда 6809 колхоз болды, оларда еңбек етуге жарамды 4912001 ерлер, 593407 әйелдер еңбектенді. Нәтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін жақсы шығып, республика бойынша 84,3 млн. пұт астық жиналды. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады. 1943 жылдан бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945 жылы 6039,9 гектарға кеміді. Себебі 1943 жылдан бастап жаудан азат етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, картоп, бау-бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда 18,2 млн пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс, 150 000 ц. мақта артық өткізді. Бұл жылдары республиканың барлық колхоздары мен совхоздары жоспарларын орындаумен шектелмей, асыра орындауға бар күштерін салды. Мысалы, Қарағанды облысының Осакаровка ауданы 1943 жылы 1944 жылмен салыстырғанда мемлекетке 2 млн. пұт астық артық тапсырды.Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру барысында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған әртүрлі жарыстарға қазақстандық малшылар да көптеп тартылды. Мысалы, 1942 жылы бүкілодақтық малшылар жарысынан қазақстандықтар бірінші орын алды. Сандық көрсеткіш бойынша 1942 жылдың соңында мал басы 1,5 млн. немесе 1942 жылдың басындағы көрсеткіштен 17%-артты. Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары алда болды.Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тәртіп тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап әрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар ауыл шарушылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тәртіптерінен жоғары тұрды. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет