№1 Сабаққа келген 1аптада ауа райы әр түрлі болады. 1-ші күні 16 градус, 2-ші күні 20 градус, 3-ші күні 16 градус, 4-ші күні 22 градус, 5-ші күні 25 градус болады. Ең жылы болған қай күн? Берілген мәлеметтер бойынша сызықты диаграмма сал. №2 Сынып оқушыларының 25 пайызы математика үйірмесіне, 50 пайызы спорт үйірмесіне, ал қалғын оқушылар әр түрлі үйірмеге қатысты. Егер сыныпта барлығы 28оқушы болса, әр түрлі үйірмеге қанша оқушы қатысты? Берілген градустық өлшемдерді дөңгелек диаграммаға сал. №3 Ербол ұзындыққа ең көп секірген бала. Дене шынықтыру сабағында Азамат 1,5метр, Асқар 1метр, Ербол 2,5метр, ал Санжар 2метрге секірді. Ерболдың ең көп секіргенін бағанды диаграммаға салып көрсет. №4 Нұралы аудандық мектебінде 2 тоқсан қорытындысы бойынша озат оқушы саны -89, оқу екріндісі -180, ал орташа оқитындар -163. Берілген қорытындыны дөңгелек диаграммаға сал. №5 Қайрат көлікпен Семейден Алматыға дейінгі 1 420 км қашықтықты 3 күнде жүріп өтті. Диаграммада оның бірінші күні 30% және үшінші күні 29% жол жүрген. Қайраттың екінші күні жүрген жолын табыңыз. №6 Диаграммада үш оқушының математика пәнінен олимпиадаға қатысып, берілген он есептің нешеуін шығарғаны көрсетілген. Кем дегенде үш оқушы бірдей неше есепті шығарғанын табыңыз.
№7 Кітапханада оқулықтар -30%, әдеби кітаптар -60% және әртүрлі кітаптар -10% бар. Кітапханада 120 оқулық бар болса, әртүрлі кітапсанын тап. Берілген мәлеметті дөңгелек диаграммаға сал.