«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
327
ОӘК 004.432.4
Н.А. ҚҰРЫМБЕКОВ, Л. ЖЕТКЕНБАЙ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ
ҚОЙЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ФОРМАЛДАУ
Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу – сауаттылықты арттырады әрі синтаксисті және
меңгеруге көмектеседі. Қазақ тілінің пунктуациялық жүйесі мен негіздері орыс тілінің
пунктуациялық үлгілерін басшылыққа алу арқылы қалыптасып келеді. Басқа түркі тілдері де
негізінде орыс тілінің пунктуациялық ережелерін басшылыққа алады
[1]. Қазіргі қазақ тілі
тыныс белгілерінің зерттелу тарихына көз жібергенде, біріншіден, тыныс белгілерінің
көптеген мәселелері әлі де зерттелмей жатқанын және кейбір мәселелердің даулы болып
жүргенін байқаймыз, сондықтан да пунктуацияның теориялық және практикалық
мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу аса зор еңбекті керек етеді. Пунктуация жүйесіндегі
белгілерді мағынаға қарай дұрыс қолданудың маңызы зор, себебі бір тыныс белгісінің
беретін бірнеше мағынасы болады. Тыныс белгілерін дұрыс қойылуын формалдау үшін
олардың әрқайсысының қызметін даралап, оларға берілетін ережелерді біріңғайластырып
предикаттар логикасы негізінде қарастырайық.
Кейінірек бұны, тұжырымлар логикасына қарағанда, әлде қайда мәнерлірек және орта
жайлы білімді өте ықшам түрде көрсетуге мүмкіндік беретін, предикаттар логикасы деп
атаймыз. Предикаттар логикасының мәнерлілігі, оның негізін құраушы идеяның нәтижесі.
Яғни, ортаның әрбір жалғыз нысанның, нысанның атымен белгіленетін жеке нысандық
тұрақтымен бірегей байланыстылығында. Ал қандайда бір қасиеттері бойынша бір типті
нысанар класы, мәні нысандық тұрақты болып табылатын нысандық айнымалымен бірегей
байланыстылығы[2].
Предикат – нысандық айнымалылар жиынында анықталған тұжырымды функциясын
айтады. Бұл функция ақиқаттық мән деп аталатын тек екі ғана мән қабылдауы мүмкін:
Ақиқат (А) немесе Жалған (Ж).
Ортада нысандардың қатнасы предикаттар логикасында, тұжырымдар логикасы
сияқты, нысандық тұрақтыны немесе айнымалыны, белгілі байланыстар мен жақшаларды
қолданатын белгілі сөйлем ретінде ұсынылады.
Предикаттар логикасын тереңірек қарастырайық.
Нысандық айнымалы немесе жай кіші әріптен басталып және курсивпен жазылатын
қатарлық символды белгілейтін айнымалы. Әр айнымалының анықталу облысы тұрақтылар
жиыны, жалпы жағдайда шексіздік. Бұл облыстың қалай сипатталатындығы кейін белгілі
болады.
Егер бір нысан басқа нысандар жиынына дәлме-дәл келетіндігінің нысандар
арасындағы қатнасын беру үшін функция қолданылады.
Нысандық тұрақты – егер бұл шатасуға алып келмейтін болса, оны біз жай тұрақты
дейміз. Ол түсіндіру үдерісі кезінде ортаның қандайда бір нысанымен бірегей сәйкестікту
болады. Тұрақты қатардың символын білдіреді және бас әріппен басталып, курсив бойынша
жазылады. Әдетте бұл атаулар нысандардың аттарымен сәйкес келеді.
Тұрақтылар; айнымалылар және функциялар терм болып табылады. Берілген орта
үшін тұрақты, айнымалы, функция таңдау, ол толықтай предикаттар логикасын
қолданғандықты сипаттайды. Аргументі жоқ терм, яғни аргументі жоқ тұрақты, айнымалы
және функцияны, элементар терм дейді.
Предикат арқылы нысандардың арасындағы қатнас беріледі. Мұндай қатнастар,
функция сияқты басталатын, бірінші әріпі басәріппен және курсив болып жазылатын
«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
328
қатарлық символ, тұжырымдармен беріледі. Бұл қатар символы – предикаттық символ.
Онан соң жақшаның ішінде атталған қатнаста болатын нысанға қатысты айнымалылардың
немесе тұрақтылардың жиынтығы болады.
Предикаттық_символ (терм, терм, ... терм) айтылуы атом деп аталады. Атом
предикатты ұсынады. Предикаттық символы теңдік белгісі, ал аргументтері екі терм болатын
атом өте қатты ерекшеленеді. Таңбасыз немесе теріс таңбалы атом литерал деп аталады.
Біз нысандармен жұмыс істегенде, бүтін нысандар жиынынан қандай да бір жалпы
қасиеттерін сипаттауға қажеттілік туындайды. Кванторлар осындай жағдайларда қажет
болады. Предикаттар логикасында мұндай кванторлар екеу: жалпыламалық кванторы және
бар болулық кванторы.
Нүкте (.)- жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Нүкте белгілі бір ойдың
аяқталуына байланысты қойылады. Нүкте дұрыс қойылмайтын болса, сөйлем түсініксіз
болып шығады, не нүктенің қойылмауынан екінші бір мағына туындауы мүмкін. Нүкте –
аяқталған ойды білдіретін шартты белгі [3].
Нүкте мынадай орындарда қойылады:
1.
Егер сөйлем аяқталған ойды білдіретін хабарлы сөйлем болса, онда нүкте қойылады.
(Жирен мұртты, аласа ақ сары жігіт басын көтерді. Ғ. М.).
2.
Егер сөйлем атаулы сөйлем болса, онда нүкте қойылады. Түн.
3.
Егер екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдер болса, онда нүкте қойылады.
Ренжімесең, осы айтқанымды орындашы.
Функция арқылы
сөйлем x айнымалы болсын,
нүкте – объект, айнымалы
f = соңынан_қойылады (x, нүкте)
x = Хабарлы сөйлем, онда соңынан_қойылады (x,нүкте)
x = Атау сөйлем, онда соңынан_қойылады (x,нүкте)
x = Бұйрықты сөйлем, онда соңынан_қойылады (x,нүкте)
Предикат арқылы
қойылады – предикаттық символ
x = Хабарлы сөйлем, тұрақты
x = Атау сөйлем, тұрақты
x = Бұйрықты сөйлем, тұрақты
сөйлем, нүкте – объект, айнымалы
соңынан_қойылады (x, нүкте) →А немесе Ж
Предикаттар логикасы
Келесі бізге белгілі табиғи тілдегі тұжырымдаманы бірінші ретті предикаттар тіліне
түрлендірейік:
Егер сөйлем аяқталған ойды білдіріп, нүкте қойылса – хабарлы сөйлем.
аяқталған ойды білдіреді (x) ٨ нүкте қойылады (x, нүкте) ﺩ x, хабарлы сөйлем
Егер сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір ғана атауыш сөзден немесе сөз тіркесінен
тұрып, нүкте қойылса – атау сөйлем.
аяқталған ойды білдіреді (x) ٨ бір ғана атауыш сөзден немесе сөз тіркесінен тұрып(x) ٨
нүкте қойылады (x, нүкте) ﺩ x, атау сөйлем
Егер сөйлем аяқталған ойды білдіріп, екпінсіз айтылған бұйрық мәнді сөйлем болып,
нүкте қойылса – бұйрықты сөйлем.
аяқталған ойды білдіреді (x) ٨ екпінсіз айтылған бұйрық мәнді сөйлем (x) ٨ нүкте
қойылады (x, нүкте) ﺩ x, бұйрықты сөйлем
4.
Егер басқы әріптерінен қысақарған кісі аттары, газет-журнал аттары болса,
тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып қойылған болса,
онда олардан соң нүкте қойылады. (Әуезов - қазақ халқының данышпан жазушысы. Ғ. М.).
Қазақстанда мынадай ұлттар тұрады: қазақ, орыс, украин, неміс, татар, ұйғыр т. б.
Функция арқылы
«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
329
x = қысақарған кісі аттары, газет-журнал аттары, тағысын тағы, тағы сондайлар,
тағы басқа , тұрақты
қысқарған сөз, нүкте – объект, айнымалы
f = қойылады (x)
x = қысақарған кісі аттары,газет-журнал аттары, тағысын тағы, тағы сондайлар,
тағы басқа онда қойылады (x) = нүкте
Предикат арқылы
қойылады – предикаттық символ
x = қысақарған кісі аттары, газет-журнал аттары, тағысын тағы, тағы сондайлар,
тағы басқа , тұрақты
қысқарған сөз, нүкте – объект, айнымалы
қойылады (x, нүкте) →А немесе Ж
Предикаттар логикасы
Егер басқы әріптерінен қысақарған кісі аттары, газет-журнал аттары болса, тағысын
тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып, олардан соң нүкте қойылса –
қысқарған сөз
Ξ[қысақарған кісі аттары (x)٧газет-журнал аттары (x) ٧тағысын тағы, тағы сондайлар,
тағы басқа (x)] ٨нүкте қойылады (x, нүкте) ﺩ x, қысқарған сөз
5.
Егер цифрлар арқылы таңбаланатын санамалы нөмірлер болса, онда
нөмірлерден кейін нүкте қойылады. Грамматика екі саладан тұрады: 1. Морфология. 2.
Синтаксис.
Функция арқылы
x = санамалы нөмір, тұрақты
сөйлем, нүкте – объект, айнымалы
f = соңынан_қойылады (x)
x = санамалы нөмір, онда соңынан_қойылады (x) = нүкте
Предикат арқылы
соңынан_қойылады – предикаттық символ
x = санамалы нөмір, тұрақты
сөйлем, нүкте – объект, айнымалы
соңынан_қойылады (x, нүкте) →А немесе Ж
Предикаттар логикасы
Егер цифр арқылы таңбаланса, нүкте қойылса – санамалы нөмір
цифр арқылы таңбаланса (x) ٨ нүкте қойылады (x, нүкте) ﺩ x, санамалы нөмір
Тыныс белгілерінің басқа түрлерінің де дұрыс қойылу ережелерін формалдауға болады.
Әдебиеттер
«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
330
1.
Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы – Алматы «Ана тілі», 1991 – 128 бет.
2.
Анисимов А. В. Компьютерная лингвистика для всех: Мифы. Алгоритмы. Язык. Киев:
Наук думка. 1991 – 208 с.
3.
Москва Издательство МГТУ имени Н.Э. Баумана 2001
4.
Девятков В.В. Системы искуственного интеллекта: Учеб. Пособие для вузов. – М. 2001.
– 352с.
5.
Гаврилов М.А., Девятков В.В., Пупырев Е.И. Логическое проектирование дискретных
автоматов. Языки, методы, алгоритмы. М. Наука, 1997
6.
Оралбаева Нұржамал, Аблақов Әбжаппар, Қазақ тілі, Алматы, 1992
Достарыңызбен бөлісу: |