Қоғам ретiнде өз уставын қабылдады



Дата16.12.2023
өлшемі11,12 Kb.
#140129

Қазақстанды зерттеу қоғамы Орынбор ғылыми архив комиссиясы және Орынбор орыс географиялық қоғамы бөлiмшесiнiң және де Қырвоенкомат штабы тарихи-статистикасы бөлiмiнiң мұрагерi болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы 1920 жылы 15 қазанда ҚазССР Халық-ағарту комиссариятының ғылыми комиссиясында ұйымдастырылып хаттамамен бекiтiлген. Ал оның жұмысы 1920 жылы 1 қарашадан бастап ресми тiркелген. 1925 жылы Қазақ халық-ағарту комиссариатының ғылыми бөлiмнен өз алдына жеке бөлiмше болып Қазақстанда зерттеу қоғамы бөлiнiп шықты. Қоғамды құруға бастамашы болғандар-тарихшы-өлкетанушы А.П.Чулошников,Орынбор өлкесiн алғашқы зерттеушi, бұрынғы Орынбор архив комиссиясының құрметтi мүшесi А.П. ГРА, тарихшы-этнографтарА.А.Диваев, С.М.Петров,А.Л.Мелков,И.В.Мелкова,А.А.Четыркина,И.М.Расторгуев, Н.А.Чулошникова, жер қыртысын зерттеушi биологтар Л.П. Лошкарев, М.И.Рожанец, К.К.Саховский, В.Е.Тележников және басқалар Құрылтайшы-мүшелерi арасында ҚазЦИК-тiң төрағасы С.Меңдешов, Қазвоенкоматтың штаб бастығы А.Н. Турский болды.

Қоғам ретiнде өз уставын қабылдады.


-республика туралы жергiлiктi архивтер, кiтапханалар, жекелеген кiсiлердегi мәлiметтердi iздестiрiп, жүйеге келтiрiп, оның ғылыми маңызын бағалап, өңдейдi.

-тұрғылықты жерде ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастырып, өлкенi зерттеу үшiн экспедиция жабдықтайды.

-өлкеге ғылыми мақсатпен келген кiсiлерге көмек көрсетедi және де осы өлкенi зерттеушiлердi көптеп тарту, олардың бiлiмi мен тәжiрибесiн қоғамға пайдалану басқа да ғылыми қоғамдермен байланыс орнату.

-ғылыми материалдарды, кiтаптар, қолжазбалар, актілер, карталар басқа да басылымдарды, өнер туындыларын жинау мен сақтау өлкетану музейі құруға жан-жақты ат салысу.

Қазақстанды зерттеу қоғамының жұмысын алғашқы он екi жылын сипаты бойынша үш кезеңге болуге болады:Орынборлық 1920-1925,Қызыл-Ордалық-1925-1929 және Алматылық 1929 жылдан бастап.

Қазақстанды зерттеу қоғамының мақсаты мен мiндеттерi, сол кездегi елдегi жаппай бастаған өлкетану қозғалысының мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес келдi.


Қазақстанды зерттеу қоғамы көп кешiкпей өз бөлiмшелерiн Оралда, Қостанайда Ордада, Көкшетауда ашты. 1922 жылы ҚазАССР-нiң Орталық атқару комитетi ауылдық жерге Қызыл керуен жiбердi, қоғамды белсендi құрушылардың бiрi этнограф А.А. Четыркина Торғай, Ақмола, Семей облыстарының елдi мекендерiнде өлең, ертегi аңыз, қазақ ою, өрнектерiн жинаумен болды. Ал қоғамның келесi мүшесi А.Л.Мелков 1923-24 жж. қазақ ауылдарын аралай жүрiп көптеген фольклорлық материалдар мен халық қолөнерi бұйымдарын жинады. Оның жинаған экспонаттары 1925 жыл сәуiрде Парижде өткен бүкiл дүниежүзiлiк көркем-қол өнер көрмесiнде көрсетiлдi.

1923 жылы Қоғам Москвада бүкiлодақтық ауыл шаруашылық көрмесiне қатысып, Қазақстан халықтары тұрмысын суреттейтiн бөлiмдi дайындады. Политехника музейінде конкурс-концерт өткiзiлiп, әсем қазақ әндерiн тыңдаушыларға жеткiзу сәттi аяқтайды.

Қоғамда ғылыми кiтапхана құрылды. Оған бұрынғы орыс географиялық қоғамының бай кiтап қоры және Орынбор ғылыми архив комиссиясының қоры кiрдi. 1923 жылы кiтапхана қоры 40 мың болды.
Қазақстанды зерттеу қоғамының тұңғыш төрағасы А.П. Чулошников қазақ халқының шығу тегiн зерттеуде жемiстi еңбек еттi. Қазақтың тарихи аңыздары мен басқа белгiсiз деректерге сүйене отырып жаңа мәлiметтердi ендiрдi. Оның «Қазақ-қырғыз халқының басқа түркi тайпаларымен байланысы очеркi» алға жылдыған қадам болды.

А.Ф.Рязановтың «Қазақ халқының тәуелсiздiк үшiн 40-жылғы күресi» (1797-1838) және «Исатай Таймановтың көтерiлiсi» еңбектерi тарих ғылымында елеулi үлес қосты. Iрi ғалым, фольклоршы, этнограф, тiл маманы Абубәкир Ахметжанұлы Диваевтың еңбегi Қазақстандаы зерттеумен тығыз байланысты. 1920-22 жылы Түркiстан түпкi тұрғылықты халықтарын зерттеу үшiн ол этнографиялық экспедицияға басшылық жасады. Ол экспедиция сегiз айдың iшiнде ұланғайыр материалдар жинап (3500 парақ). Соның негiзiнде этнографиялық карта құрастырылды. Қоғам мүшесi, белгiлi композитор А.В. Затаевич 1920 жылы қазақ ауылдарын аралап жүрiп қазақ өлеңдерi мен әуендерiн жазып алды. Затаевич 1000 қазақ әндерiн жинады. Бұл еңбек Ромэн Роллан, М.Горькийдiң жоғарғы бағасын алды. Бұл музыка-этнография саласындағы үлкен мәдени жеңiс болды. сол еңбегi үшiн 1923 жылы Затаевичке Қазақ Республикасының халық артiсi атағы берiлдi.

Екiншi - Қызыл-Орда кезеңi ендi өркендеп келе жатқан өлкетану қозғалысы үшiн оңайға түскен жоқ. Қырғыз өлкесiн зерттеу қоғамының қызметi 1924 жылға дейiн Орынбор, Орал, Торғай территориясы шеңберiнен шыға қоймады. 1925 жылдан бастап оңтүстiк өлкелер Қаз АССР территориясына бiрiккен соң, ол Қазақстанды зерттеу қоғамы деп атала бастады..

Қызыл-Ордада болған кезеңде қоғам өз еңбектерiнiң 4 томын шығарды онда өндiрiстiк қуат, Қазақстан халық шаруашылығының, физико-географиялық ортасы қазiргi кезге дейiнгi түйе шаруашылығы туралы П.В.Иванованың жұмысы өз маңыздылығын жойған жоқ.


1927 жылы Қазақстанда жұмыс iстеп тұрған 9 мұражай, 6 ғылыми қоғам, 5 қорық, 5 ғылыми кiтапхана, кiтап палатасы, 2 кiтап сақтау орны. Бiрақ олардың барлығы материалдық жақсартуды қажет еттi. КАССР халық комиссарлар кеңесi 1927ж. 13 қарашада арнайы қаулы қабылдап, Халық-ағарту комиссариатына, мәдени-экономикалық құрылысқа байланысты өлкетану жұмысын өркендетуге, мектеп өлкетануының белсендiлiгiн арттыруға, уездер, болыстар, кәсiпорындарда өлкетану жұмысын жетiлдiру қолға алынды.

Қазақстанды зерттеу қоғамы жұмысын Санжар Жаппарұлы Аспендияров (1889-1937) та көп үлес қысты.Профессор С.Д. Асфендияров Қазақстан тарихы туралы көптеген ғылыми мақалалар, монография, оқу құралдары мен құжатты жинақтардың авторы. Мәскеуден 1928-1930 жылы оралған ол Қазақстанды зерттеу қоғамымен тығыз байланыста болды. Өлкетану съездерi мен кеңестерiнде бiрнеше рет мақала оқыды.



1930 жылы сәуiрде Асфендияров Қазақстанды зерттеу қоғамы кеңесiнiң төрағасы, кейiнiрек Қазақстан Өлкетануының орталық бюросының төрағасының төрағасы болды. Казақстанды зерттеу қоғамының бөлiмшелерi Оралда, Семейде,Алматыда,Ақмолада, Құстанайда, Шымкенте, Өскеменде т.б. қалаларда табысты жұмыс iстей бастады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет