Оғыз мемлекеті (9 – 11ғ)
Бұл мемлекет Сырдарияның төменгі Арал мен батыс Қазақстанға тоғысатын жерінде орналасқан. Оғыздар құрамына негізінен Арал Каспий далаларының түркіленген халқы кірді, және сонымен қоса Жетісу мен Сібірдің түркі көшпелі тайпалары мен рулары кірген. Оғыздардың негізгі орталығы Жетісуда қалыптасты, бірақ түркі империясының таралуынан кейін, батысқа қозғалу барысында Батыс Қазақстанның көшпелі тұрғындары есебінен толықты. Оғыздардың астанасы Янгикент, Сырдарияның бойындағы қала болды. Оғыздар өз мемлекетін түркі қағанатының қалдықтарында құрды. Олардың қуатының басталуы ІХ ғасырда болды. Олар түркі тайпаларының Арал, Каспийді мекендеген печегнег көшпелі тайпаларын алып соққыға жықты.
Арал бойында печенегтермен оғыздар арасындағы қақтығыстар жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оғыздардың және оның одақтасы Хазар қағанатының ығыстыруымен Еділ бойында және қазақстанның батысындағы печенегтер Қаратеңіз бойына қоныс аударды, сол жерде олар Х ғасырда Киев Русіне және Византияға басып кіруімен бүкіл елді дүр сілкіндірді.
Оғыздардың нақты өрлеуі Х ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни 965 жылы олар Киев князі Святославпен Хазар мемлекетін талқандады.
985 жылы Святославтың ұлы Владимир, қазіргі татар-чуваштардың ата бабалары – еділ бұлғарларына қарсы жорықта оғыздардың көмегісіз қимылдай алмады. Бұл оқиға Оғыз мемлекетін Алихан басқарып тұрған уақытқа тап келеді.
Оның ізбасары Шахмелик 1041 жылы Хорезмді жаулап алды, бірақ 2 жылдан соң салжықтар қолынан қаза тапты. Салжықтармен жүргізілген бірнеше соғыстар мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқты және қыпшақтардың тықсыруымен оғыз мемлекеті құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға кетті. Қалған бөлігі Қарахан билігі астына кірді. Қалғандары түркі тілдес тайпалар арасына қосылды.
М.Қашғаридің айтуына қарағанда олар 24 тайпадан тұрған және 2 топқа: бұзуқ және ұшык бөлінген. Әр топқа 12 тайпа кірген, олар басқа кіші топтарға бөлінген. Мемлекет басшысы – билеуші жабғы болған. Оның өзінің орынбасарлары кюль – еркіндері болған. Билік мұрагерлік болған. Жабғы жанында кеңес құрылған. Әскер қолбасшысы – сюбаши ерекше маңызды роль атқарған.
Мемлекетте басқару аппараты болған. Малға жеке меншік болған, себебі негізгі кәсіп – көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі ақсүйектер қатардағы қауымдастардан алым – салық жинаған. Көшпелі халықпен қатар Оғыз мемлекетінде жартылай көшпелі, отырықшы тұрғындарда болған. Олар Дженд, Сауран, Фараб, Сығанак, Карнак қалаларында қоныстанған. Негізгі кәсібі – егіншілік және қолөнер. Әскери тұтқындар қатарынан құлдар да болған. Алым – салықтың аса көп арттырылуы, халықтың наразылығын тудырып, мемлекетті әлсіретті, көптеген соғыстар, күштірек түркі тайпаларының қысымы – осының бәрі оғыздар мемлекетінің құлауына себеп болды.