Оқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі
әдістемесінің методологиялық негіздері қоғам өмірімен тығыз байланысты.
Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны
жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін
себептілікті, байланыстылықты, бір-біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты
ажырату үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.
Әрбір пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді. Мысалы,
әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, тарихты оқыту тарих ғылымына, ал
қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тіл біліміне тығыз байланысты
қарастырылады. Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір қалыпта қалып қоятын
мәңгілік ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді, дамиды. Сондай өзгеру мен дамуды
тілдің синтаксистік жүйесінен көруге болады.
Тілдің синтаксистік жүйесіндегі өзгеріс, даму, ең алдымен, сөздердің,
яғни сөз таптарының бір-бірінен тіркесімпаздық қасиетіндегі құбылыстардан,
синтаксистік элементтерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіретін амал-
тәсілдердегі, формалардағы құбылыстардан, грамматикалық формалардың
мағыналары мен функцияларындағы құбылыстардан байқалады. Мұндай
құбылыстардың нәтижесінде сөздердің бір кездегі грамматикалық топтарының
басқа бір топтағы сөздермен немесе өзді-өзімен синтаксистік байланысында
кездеспейтін жаңа тіркестер туып, қалыптасады. Мысалы, мейраммен құттықтау,
еңбек озаты, Жер серігі т.б. сөздер.
Тіл біліміндегі осындай өзгерістер қазақ тілін оқыту әдістемесінің
дамуына әсер тигізді. Осының нәтижесінде қазақ тілі бағдарламасы мен
оқулығына Сөз тіркесі, Лексика бөлімдері енгізілді. Мысалы, қазақ тілі
бағдарламасы мен оқулығындағы фонетика, грамматика жөніндегі материалдар,
қазір лексика, стилистика, орфография мәселелерімен тығыз байланыста
қарастырылады. Қазақ тілі курсындағы сөз таптары жөніндегі ережелер де
нақтыланып, сөз тудыру мәселесіне арнайы бағдарлама мен оқулықтан орын
беріліп отыр.
Педагогика ғылымы соңғы жылдары бірсыпыра табыстарға жетті. Әсіресе
адамның психикасының қоғамдық-тарихи даму табиғатын танып білуде, ой-
санасының жетілуін зерттеу проблемасының айналасында үлкен
ғылыми зерттеулер жүргізілуде
Психологияның жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруде алатын орны
ерекше. Мысалы, психология грамматикалық ережелерді оқушылардың қалай
меңгеретінін осы күнделікті практикада қалай жүзеге асыратынын зерттеп,
қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына ықпалын тигізіп отырады.
Оқу жоспарын жасағанда да , қазақ тілінің бағдарламасы мен
1Блонский П.П. Избрнные психологические произведения. М., 1964; Гальперин
П.Я. Основные результаты исследований по проблеме Формирование умственных
действий и понятий. Москва., 1965; Кудрявцев Т.В. Вопросы психологии и
дидактики обучения. М., 1967;
Оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеуде оқушылардың жас ерекшелігі мен
психологиялық ерекшеліетері ескеріліп отырады.
Әрбір сабақтың мазмұнына қарай әдістерді қолдануда оқушылардың
психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Әсіресе, оқушының
логикалық ойлау әрекеттерін дұрыс тәрбиелеудің маңызы зор. Демек, оқушы оқу
материалдарын терең түсініп, саналы меңгеру үшін, оның ішкі заңдылығы мен
өзара байланысын дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет.
Оқушы бірінші сынаптан бастап қазақ тілін оқу барысында тілдегі түрлі
қолданылатын атауларды, мысалы: әріп, сөз, сөз тіркестері, сөз бен сөзді
байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілерінің алуан түрлері – сызықша,
нүкте, үтір, леп белгісі, қос нүкте, жақша, түрлі грамматикалық ереже,
анықтамаларды оқып үйренеді. Қабілеті әртүрлі оқушы тілдің мұндай белгілері
мен атауларын түбірінен меңгеріп кетуі мүмкін емес, оның негізгілерін ғана,
басты анықтама, ережені сақтауы мүмкін.
Қазақ тілінде айтылу мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы,
бұйрық мәнін білдіреді, оларды айту арқылы бір сезім, тілек, өтініш,
қуаныш, бұйыру сияқты адамның әр түрлі психикалық көңіл-күйін сеземіз.
Ал оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде
өзінің ойын, көңіл-күйін, пікірін білдіріп қана қоймай, сонымен бірге
өзінің қатынасын, көзқарасын, ойын білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп
қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады.
Оқушы бір-бірімен сөйлесу барысында тілдің эмоциялық жағын, яғни
интонация ырғағын, ымдау, қол шараларын пайдаланады. Сондықтан психикалық
құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы, оқушы еліктеуіш,
одағай сөздерді айтуда, қолданудың тілдік эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-
ақ қазір тілге қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды
пайдалану, кестелер, диаграммалар мен диапозитивтер, магнитофон жазбаларын,
кинофильмнің фрагменттерін пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру
сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілеттерін арттыру дағдыға
айналып отыр. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі
ойлау әрекеттеріне бейімдейді, түсіндірілген материалдарды саналы меңгеруге
ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы
осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдеуден деп айтуға болады.
Оқу-тәрбие ісіндегі ең қажетті мәселе—мұғалімнің психологиялық
жағынан дайындығы. Әсіресе, қазақ тілін оқытуда, мынадай психологиялық
ерекшеліктерді меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі
ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгеру қабілеті ескерілуге
тиіс. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өз пәнінің ерекшелігіне қарай
психологияны жақсы білуі қажет.
Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың
әрі әсерлі, әрі қызықты өткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан
неғұрлым әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым терең түсінеді. Бұл –
мұғалімнің шеберлігіне де қатысты мәселе. Сабақты психологиялық жағынан өте
тартымды етіп құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы шарт: бірінші
жағдай—сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Оған қатысты
мәселелер шартты түрде: мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі қарым-
қатысы, мұғалімнің өзін-өзі ұстау мәнері, оның өнегелі өнегесі, сыртқы
келбет-пішіні, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатаң талап қоюмен бірге,
оларды сыйлай да білу, саналы адамгершілік пен парасаттылыққа баулу т.б.
Мұғалімнің сабақта жеке оқушыны өзіне қарата, зейінін аудара білуі сынып
ұжымын тегіс меңгере алуын қамтамасыз етеді. Сабақтың теориялық жағы
негізгі фактілермен дәлелденіп, оның ғылыми мәні көңілге қонымды болса, ол
оқушылардың логикалық ойлау ынтасын арттырады және сабақ оқушыларға әсерлі
болады. Үшінші жағдай – сабақтың әдістемелік жағынан тиімді болуы. Бұл
мұғалімнің материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере алуында,
дидактикалық заңды принциптерді орынды қолдануына, қажетті көрнекі құралдар
мен тәжірибе жұмыстарын тиісті кезінде көрсете білуіне байланысты